Материалдар / Ғылыми зерттеу жұмысы ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ өлкесіндегі қоныстандыру саясаты
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ғылыми зерттеу жұмысы ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ өлкесіндегі қоныстандыру саясаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Oтaн тapихындaғы aқтaңдaқ мәсeлeлep әлі күнгe дeйін зepттeулep мeн тoлықтыpулapды қaжeт eтeді. Өйткeні oсы күнгe дeйін жapық көpгeн ғылыми eңбeктep oтaндық тapих ғылымы үшін бapлық өзeкті мәсeлeлepдің зepттeліп біткeндігін білдіpмeйді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Сәуір 2021
430
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Ғылыми зерттеу жұмысы Тақырыбы: ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ өлкесіндегі Ресей империясының қ

1 слайд
Ғылыми зерттеу жұмысы Тақырыбы: ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ өлкесіндегі Ресей империясының қоныстандыру саясаты мен жер қатынастарын мемлекеттік реттеу       Орындаған Нурмаканова А.Е.                 

МАЗМҰНЫ  КІРІСПЕ

2 слайд
МАЗМҰНЫ  КІРІСПЕ  1. ХІХ ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫ МЕН ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӨЛКЕСІ  1.1 Өлкенің халқы және әкімшілік-территориалдық құрылымы  1.2. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы ауыл шаруашылығының дамуы мен өлкенің экономикалық жағдайы  1.3 ХІХ ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басындағы далалық өлкедегі мал шаруашылығының құлдырауы    2. ХІХ ҒАСЫРДЫҢ 60-ЖЫЛДАРЫ МЕН ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ҚОНЫСТАНДЫРУ САЯСАТЫНЫҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӨЛКЕДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ    2. 1 XIX ғ. 60 - 70 жж . Ресей империясының қоныстандыру саясаты  2.2 XIX ғ. 80-90-шы жж. үкіметтің қоныс аудару саясатының жаңа бағыттары  2.3 Столыпиннің аграрлық реформасы және жер қатынастарын мемлекеттік реттеу  ҚОРЫТЫНДЫ  ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Oтaн тapихындaғы aқтaңдaқ мәсeлeлep әлі күнгe дeйін зepттeулep мeн тoлықтыpулapды қaжeт

3 слайд
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Oтaн тapихындaғы aқтaңдaқ мәсeлeлep әлі күнгe дeйін зepттeулep мeн тoлықтыpулapды қaжeт eтeді. Өйткeні oсы күнгe дeйін жapық көpгeн ғылыми eңбeктep oтaндық тapих ғылымы үшін бapлық өзeкті мәсeлeлepдің зepттeліп біткeндігін білдіpмeйді. Әлі дe бoлсa ғaлымдap нaзapынaн тыс нeмeсe бүгінгі күннің тaлaптapынa сaй, шынaйылыққa бapыншa жaқындaту үшін өз зepттeушісін күтіп тұpғaн мәсeлeлep жeтepлік. Oсындaй мaңызды мәсeлeлep қaтapындa біздің диплoм жұмысымызғa apқaу бoлғaн – ХІХ ғaсыpдың eкінші жapтысы мeн ХХ ғaсыpдың бaсындaғы қaзaқ өлкeсіндeгі Peсeй импepиясының қoныстaндыpу сaясaты мeн жep қaтынaстapын мeмлeкeттік peттeу тaқыpыбы бoлып тaбылaды.

Зepттeу жұмысының мaқсaты. Диплoм жұмысының тaқыpыбын зepттeудің нeгізгі мaқсaты – ХІХ ғaсыpдың eкінші жapтысы мe

4 слайд
Зepттeу жұмысының мaқсaты. Диплoм жұмысының тaқыpыбын зepттeудің нeгізгі мaқсaты – ХІХ ғaсыpдың eкінші жapтысы мeн XX ғaсыpдың бaсындaғы Қaзaқстaнғa қoныс aудapу қoзғaлысының нeгізгі кeзeңдepін, жep қaтынaстapын peттeудeгі зaңнaмaлық нeгіздepін сapaлaп, зepдeлeудeн жәнe oлapдың тapихи pөлін кeшeнді тaлдaудaн тұpaды. Зepттeу жұмысының міндeттepі. Қoйылғaн мaқсaтқa жeту үшін төмeндeгідeй зepттeу міндeттepін шeшу қaжeт: - XIX ғaсыpдың eкінші жapтысы мeн XX ғaсыpдың бaсындa өлкe хaлқы жәнe экoнoмикaлық-әлeумeттік жaғдaйлapды көpсeту; - Қoныс aудapу қoзғaлысының қaзaқ қoғaмының дaмуынa ықпaлынa тoқтaлу; - Peсeй импepиясының қoныстaндыpу сaясaтының зaңнaмaлық нeгіздepін, oның мәнін, жүзeгe aсыpу тәсілдepі мeн әдістepін aшу.

Зepттeудің ғылыми жaңaлығы зepттeу жұмысы бapысындa тaқыpыпқa қaтысты жapық көpгeн ғылыми-зepттeу жұмыстapы мeн мұp

5 слайд
Зepттeудің ғылыми жaңaлығы зepттeу жұмысы бapысындa тaқыpыпқa қaтысты жapық көpгeн ғылыми-зepттeу жұмыстapы мeн мұpaғaт құжaттapын сapaлaй кeлe қoныстaндыpу сaясaты мeн жep қaтынaстapы бoйыншa жүpгізілгeн peфopмaлapғa шынaйы бaғa бepіліп, oтapлық сипaты бaсым бoлғaн үрдіс eкeндігі дәлeлдeніп, тұжыpымдaлды. Зepттeу жұмысының тeopиялық жәнe пpaктикaлық мaңызы. Диплoм жұмысының нeгізгі мaзмұны, жaсaлғaн тұжыpымдap мeн қopытындылapы ХІХ ғaсыpдың aяғы мeн ХХ ғaсыpдың бaсындaғы Peсeй импepиясының қaзaқ дaлaсындa жүpгізгeн oтapлық сaясaты тapихы бoйыншa apнaйы куpстap құpaстыpу мeн дәpістep oқу бapысындa пaйдaлaнуғa бoлaды. Зepттeу жұмысының тәжіpибeлік мaңызы – біpқaтap дepeктep мeн тapихнaмaлық мaтepиaлдap нeгізіндe aлынғaн нәтижeлep мeн ғылыми тұжыpымдap apқылы қapaстыpып oтыpғaн мәсeлe туpaлы шынaйы көзқapaстың қaлыптaсуынa көмeктeсeді.

Ресей империясы Сібірді, Қазақстанның солтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс аймақтарын отарлау арқылы Ресейдің ішкі губерн

6 слайд
Ресей империясы Сібірді, Қазақстанның солтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс аймақтарын отарлау арқылы Ресейдің ішкі губерниялары мен Украинадан шаруаларды көшіріп, олар арқылы Оралдан арғы шет аймақта әлеуметтік тірек жасауды ойластырып, жүзеге асырмақ болды.

1889 ж. "Ауыл тұрғындары мен мещандарды қазыналық жерлерге қоныстандыру туралы" заң қабылданды, ал 1891-1892 жылда

7 слайд
1889 ж. "Ауыл тұрғындары мен мещандарды қазыналық жерлерге қоныстандыру туралы" заң қабылданды, ал 1891-1892 жылдарда бұл ереже Торғай, Орал облыстарында жүзеге асырылды. Осы заң бойынша қоныс аудару қозғалысын үкімет толығымен өз қолында ұстады және жеке отарлауға елеулі шек қойылған болатын. Осы заңнан кейін жер үлестерін алу үшін арнайы рұқсат талап етілді. Бірақ та, Петербург өкімет орындарының миграция үрдісінің бұрынғы стихиялық сипатын қалайда бір жүйеге келтіріп, реттеу әрекеті жүзеге асқан.

1867 ж. 11 шілдеде ІІ Александр патша "Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша ережені", 1868 жылғ

8 слайд
1867 ж. 11 шілдеде ІІ Александр патша "Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша ережені", 1868 жылғы 21 қазанда "Орынбор және Батыс Сібір генерал губернаторлығындағы Дала облыстарын басқару туралы уақытша ережені" бекітеді, осы ережелерді бекітудің нәтижесінде бүкіл қазақ жері үш генерал-губернаторлыққа бөлінді: Түркістан, Орынбор және Батыс Сібір Генерал-губернаторлықтар жеке облыстарға жіктелді. Орал және Торғай облыстары – Орынбор генерал-губернаторлығына; Жетісу, Сырдария облыстары – Түркістан генерал-губернаторлығына; Ақмола және Семей облыстары – Батыс Сібір генерал- губернаторлығына біріктірілген еді.

1860 ж. Ақмола облысында егіншілікпен тек 175 қазақ шаруашылығы айналысса, ал 1896-1901 жж. 20 949 қазақ шаруашы

9 слайд
1860 ж. Ақмола облысында егіншілікпен тек 175 қазақ шаруашылығы айналысса, ал 1896-1901 жж. 20 949 қазақ шаруашылығы 42 582 десятина жерін иемденген жер шаруашылығымен айналысады. Ақмола облысында 1896-1901 жж. шаруашылықтың 34 пайызы егіншілікпен айналысса, ол көрсеткіш 1907-1909 жж. 41 пайызға жетіп, егістік жердің көлемі 51 716 десятинаға жетті.

XX ғ. ең ірі деген өндіріс орындарының қатарына Орал-Ембі мұнай өңдеу кәсіпорындары, Қазақ өлкесінің шығыс және

10 слайд
XX ғ. ең ірі деген өндіріс орындарының қатарына Орал-Ембі мұнай өңдеу кәсіпорындары, Қазақ өлкесінің шығыс және орталық аудандарындағы түсті металлургия, Қарағанды көмір шахталары кірді.

Көптеген жағдайларды ескере отырып, Қазақстанның Ресей империясының құрамына қосылуының нәтижесінде өлкенің экономика

11 слайд
Көптеген жағдайларды ескере отырып, Қазақстанның Ресей империясының құрамына қосылуының нәтижесінде өлкенің экономикалық өмірінде түбегейлі өзгерістер жүзеге асты:  өлке жалпыресейлік еңбек бөлінісі мен жалпыресейлік және дүниежүзілік нарыққа тартылды;  жалпы салмақ, өлшем-бірлік, ақша түрлері жүйесі орнады;  шаруашылық түрлерінің тауарлық салалары өсті;  тау-кен ісі және өңдеу өнеркәсібі дамиды;  Қазақ өлкесінде капитализмнің алдыңғы қатарлы белгілері алғаш пайда болып дами бастайды;  Көптеген қалалар және темір жолдар салынған;  тауар-ақша қатынастары дамып, жүзеге асырылады ;  шаруашылықтың көшпелі түрінен шаруашылықтың жартылай көшпелі және отырықшы түрлеріне а ламаса бастады;  қоғамда әлеуметтік жіктеліс тереңдейді және жаңа әлеуметтік топтар пайда болды (жұмысшылар, батырақтар, жатақтар және т. б.).

Бірақ та Қазақстанға капиталистік қатынастар өте баяу енді, мұнда біраз уақытқа дейін экономиканың артта қалған түр

12 слайд
Бірақ та Қазақстанға капиталистік қатынастар өте баяу енді, мұнда біраз уақытқа дейін экономиканың артта қалған түрлі салалары үстем болды. Сол кезден-ақ Қазақстан шаруашылықтың тек шикізат көзі тұрғысынан ғана қарастырылып, игерілді және ресейлік өнеркәсіп орындары шығарған тауарларды өткізетін нарық ретінде болды.

ХХ ғ.басындағы мал шаруашылығының құлдырауы қазақ жерлерін қарқынды түрде тартып алу кезеңдерімен тұспа-тұс келді. Осыла

13 слайд
ХХ ғ.басындағы мал шаруашылығының құлдырауы қазақ жерлерін қарқынды түрде тартып алу кезеңдерімен тұспа-тұс келді. Осылайша, мал шаруашылығының дамуы патшалықтың аграрлық-отарлық бағытына тікелей тәуелді болды. Ұзақ уақыт тарих ғылымында көшпелі мал шаруашылығының құлдырауының негізгі себебі жұттар болды деп саналды. Біздің ойымызша, мал шаруашылығы дағдарысының себептері ауыл шаруашылығының қазіргі феодалдық құрылысында және өлкені отарлық пайдалану жүйесінде болып табылады. Патшалық қоныс аудару саясаты, өлкенің өндірістік күштерінің дамуын басынан кешіре отырып, қазақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етіп қана қоймай, қазақ халқына өте үлкен зиян келтірді. Бұл саясаттың салдары қазақ қоғамының барлық салаларында өзінің ауыртпалығы болды.

Қоныс аудару қозғалысы әр түрлі кезеңдерде әр түрлі бағаланды: оң құбылыс ретінде, қалаусыз процесс, амалсыз қаже

14 слайд
Қоныс аудару қозғалысы әр түрлі кезеңдерде әр түрлі бағаланды: оң құбылыс ретінде, қалаусыз процесс, амалсыз қажеттілік және қажетті құбылыс ретінде. Бұл Орта Азиялық аумақтарды игеру жаңа көші-қон саясатын талап ететінін дәлелдейді, оған патшалық империя көбінесе алдын ала дайын болмаған. Қоныс аударушыларшылардың тез қарқын алып, дамуы патшалықтың аграрлық саясатын реттеп, жетілдіруді үнемі талап етіп отырды, өйткені қоныс аударушылар мен жергілікті тұрғындар арасында жер иеліктері үшін қақтығыстар, шиелінстер және т.б. жағдайлар орын алып отырды.

Патшалық Ресейдің қоныстандыру саясаты мен оның заңнамалық базасы іс жүзінде Ресейдің аграрлық мәселесін толығымен

15 слайд
Патшалық Ресейдің қоныстандыру саясаты мен оның заңнамалық базасы іс жүзінде Ресейдің аграрлық мәселесін толығымен шешкен жоқ деп пайымдауға болады. Ресей империясының шеткі аймақтарына халықты жаппай қоныстандыру процесін үкімет жоспарлы және экономикалық тұрғыда эффективті түрде жүргізген жоқ. Ауылдарда қалыптасқан қиын жағдайды тез арада шешу үшін патшалық шаруалардың ең күйзелген және тұрақсыз бөлігін қоныстандыруды ұйғарды, олар жаңа жерлерге көшу алдында өздерінің тұрып жатқан жер бөліктерін өте төмен бағаға сатуға мәжбүр болды. Ал бұл өз кезегінде шаруалардың жаппай өз еркімен көшуіне әкелді. Үкіметтің қоныстандыру процесін реттеу талпыныстары, тіпті Столыпин реформалары да толығымен реттей алмады. Нәтижесінде қоныс аударушылардың санының ұлғаюы жергілікті халықтың дәстүрлі шаруашылығының құлдырауына әкелді. Қазақтар тек жерлерінен ғана айырылып қана қоймай өз жерлерін иелік етіп алған қоныс аударған шаруаларға жалдануға да мәжбүр болған. Бір қызығы жалдамалы жұмысшылардың күйін кешкен қазақтар сол заманның тұрғысынан келгенде еңбегіне тиісті жалақы да ала алмады. Демек қазақтардың басым бөлігі тек арзан жұмыс қолы ретінде пайдаланып отырған. Ал иелігінде малы бар қазақтар өзі мекендеп келген жерлерін шаруаларға беріп қана қоймай, сол жерлерді ақы төлеп жалға алып отырды.

 Қоныс аудару саясатының нәтижесінде көптеген жаңа елді мекендердің пайда болып, аймақтың инфрақұрылысының қарқынды

16 слайд
 Қоныс аудару саясатының нәтижесінде көптеген жаңа елді мекендердің пайда болып, аймақтың инфрақұрылысының қарқынды дамуына, жергілікті халықтың тұрмысы мен шаруашылығының өзгеруіне әкелді. Бірақ қазақ халқының мал шаруашылығына орны толмас нұқсан келтірді.

Сонымен, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Қазақстан Ресейдің ұлттық шеткі аймағы бола отырып, негізінен

17 слайд
Сонымен, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Қазақстан Ресейдің ұлттық шеткі аймағы бола отырып, негізінен шикізат көзі ретінде Ресей және Батыс капиталынан қызығушылық тудырды. Қазақ жеріндегі патшалық саясаты ашық отарлық сипатқа ие болды. Қазақ жеріне билік ете отырып, қазақ халқының ғасырлық көшпелі дәстүрлерін бұза отырып, Ресей үкіметі сол арқылы көшпенді халықты орасан экономикалық қиындықтардың алдына қойды. Территориалдық реформа және әкімшілік реформамен қатар, патшалық қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымына үлкен өзгерістер енгізді. Рулық ақсүйектердің негізгі бөлігі патша еркінің мойынсұнушы орындаушыларына айналды және қазақ жерінде отарлау процесінің күшеюіне ықпал етті. Көптеген халық массалары қолдайтын рулық ақсүйектің басқа бөлігі ұлттық тәуелсіздік үшін күрес жолына түсті және қазақ халқының саяси сана-сезімінің тез өсуіне және экономикалық және саяси жағдайдың жақсаруына қарсы күреске дайындығына ықпал етті.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ [1] Назарбаев Н.Ә. Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен кенен ғылымда. // Егемен Қазақстан. –

18 слайд
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ   [1] Назарбаев Н.Ә. Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен кенен ғылымда. // Егемен Қазақстан. – 13 қазан, 2004. - 3 б. [ 2 ] Бекмаханов Е.Б. Присоединение Казахстана к России. Издательство академии наук Казахской ССР. – 1957. – 335 с. [3] Қозыбаев М. Қазақстан Ресейге өз еркімен қосылды ма? // Ақиқат. 1998. № 7. – 21 б. [4] Бекмаханов Е.Б. Социально-экономические отношения в Казахстане в период империализма. – А., 1957. - 169 с. [5] Сапаргалиев Г. Карательная политика царизма в Казахстане. – А., 1966. – 280 с. [6] Зайончковский П.А. Военные реформы 1860-1870 гг. в России. – М., 1952. - 256 с. [7] Жренчин К.А. Реформы управления 60 гг. ХІХ в. в Казахстане и их политические и правовые последствия: автореф. дис. канд. ист. наук. – А., 1979. - 38 с. [8] Абдразаков Т. Экономические последствия присоединения Казахстана к России. – Караганда, 1992. - 97 с. [9] Әбдіразақов Т. Қазақстанның Ресейге қосылуының ауыр зардаптары. // Қазақ тарихы. – 1995. № 2. – 124 б. [10] Қойгелдиев М. Қ. Жетісудағы Ресей билігі (ХІХ ғ. – 1917 ж.). – Алматы, 2004. – 217 б. [11] Нурпейсов К. Н. Восстановление территориальной целостности Казахстана в ХІХ веке. // Казахстан и мировое сообщество. 1996, № 4. – 132 с. [ 12 ] Завалишшин И. Описание Западной Сибири. - М., 1867, ч. 3, 3-с. [ 13 ] ЦГА РК, ф. 78, оп. 2,д. 28, л. 11 об. [ 14 ] ЦГА РК, ф. 374, оп, 1, д. 2582, л. 41 об. [ 15 ] Бекмаханова Н. Б. Формирование население Новолинейного района Казахстана в пер. пол. XIX века / Проблемы исторической демографии СССР. Томск, 1980, 217-б.

Назарларыңызға рахмет!

19 слайд
Назарларыңызға рахмет!