Хақназар хан

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Хақназар хан

Материал туралы қысқаша түсінік
6 сыныпқа арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы
img_page_1
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Слайдтың жеке беттері

#1 слайд

1 слайд

Сабақтың тақырыбы: Хақназар хан кезіндегі Қазақ хандығының сыртқы саясаты Оқу мақсаттары: • қазақ хандарының мемлекетті нығай

#2 слайд
Сабақтың тақырыбы: Хақназар хан кезіндегі Қазақ хандығының сыртқы саясаты Оқу мақсаттары: • қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау; • қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау

2 слайд

#3 слайд

3 слайд

Хақназар хан — (1538—1580) билік құрған. Қасым ханның баласы Хақназар (Ақназар) хан тұсында қазақ хандығы қайта бірігіп дами

#4 слайд
Хақназар хан — (1538—1580) билік құрған. Қасым ханның баласы Хақназар (Ақназар) хан тұсында қазақ хандығы қайта бірігіп дами түсті. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару, қиын-қыстау, әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Хақназар хан туралы

4 слайд

#5 слайд

5 слайд

Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы

#6 слайд
Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы Тахир хан және Бұйдаш хан тұсында бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді.1523—1524 жылдары жарыққа шыққан қазақ-қырғыз одағын үздіксіз нығайтты, тіпті сол заманның тарихи деректерінде Хақназар хан «қазақтар мен қырғыздардың патшасы» деп аталды. Билігі

6 слайд

Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Моғолстан хандарының Жетісу мен Ыстықкөл алабын жаулап алу әрекетіне тойтарыс бер

#7 слайд
Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Моғолстан хандарының Жетісу мен Ыстықкөл алабын жаулап алу әрекетіне тойтарыс берді. Хақназар хандық құрған дәуірде қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар орын алды. Бұл кезде батыста күшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай ірге кеңейтіп 1552 жылы Қазан хандығын, 1556 жылы Астрахан хандығын басып алды. Осы жағдайға байланысты, Еділ мен Жайық арасында ұлан-байтақ өңірді мекендеген Ноғай ордасы ыдырай бастады.

7 слайд

#8 слайд

8 слайд

Ноғай ордасының ыдырауы, оған қарасты қазақ тайпалары мен олардың мекендеген жерлерінің қазақ хандығына қосылуы хандықтың баты

#9 слайд
Ноғай ордасының ыдырауы, оған қарасты қазақ тайпалары мен олардың мекендеген жерлерінің қазақ хандығына қосылуы хандықтың батыс, солтүстік және оңтүстік жағындағы жағдайда өзгеріс тудырды. Орыс мемлекеті мен қазақ хандығы арасындағы кең өңірді алып жатқан Ноғай одағының ыдырауы, оның бір бөлігінің қазақ хандығына қосылып, енді бір бөлігінің орыс патшасына бағынуы, шығысқа қарай кеңейіп келе жатқан орыс мемлекетінің шекарасын қазақ хандығына жақындата түсті. 1563 жылы Сібір хандығының билігін тартып алған Көшім хан ендігі жерде қазақ хандығына дұшпандық позиция ұстады. Өзгерістер

9 слайд

Оның үстіне моңғол билеушілері мен қазақ хандары арасында да қақтығыстар болып отырды. Осындай күрделі жағдайлармен есептеск

#10 слайд
Оның үстіне моңғол билеушілері мен қазақ хандары арасында да қақтығыстар болып отырды. Осындай күрделі жағдайлармен есептескен Хақназар хан Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертті. Өзінен бұрынғы қазақ хандары үнемі жауласып келген Мауараннахрдағы Шайбани әулетімен одақтастық байланыс орнатуға ұмтылды. Орта Азияның ең ірі қалаларының бірі Ташкентті басып алуға бағытталған әскери қимылдарын тоқтатты. Сөйтіп, шайбани әулетінен шыққан Бұхара ханы Абдолла ІІ-мен қазақ ханы Хақназар «қастаспай дос болып, өзара көмектесу» жөнінде «анттастық шарт» жасасты.

10 слайд

#11 слайд

11 слайд

Хақназар ханның бұл дипломатиялық шарасы оңды болды. XVI ғасырдың 60- жылдарының соңы мен 70-жылдарының басында соғыс қимы

#12 слайд
Хақназар ханның бұл дипломатиялық шарасы оңды болды. XVI ғасырдың 60- жылдарының соңы мен 70-жылдарының басында соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады, қазақтардың Орта Азия халқымен сауда-саттық қарым- қатынасы, экономикалық байланысы одан әрі өрістеді. Мұның өзі қазақ хандығының ішкі жағдайын жақсартуға, халқының шаруашылық өмірінің оңалуына тиімді болды. Сонымен қатар қазақ хандығын да нығайта түсті.

12 слайд

#13 слайд

13 слайд

• Бұхара ханы Абдолла ІІ (1557—1598) тұсында Ташкент маңын Норозахмет (Барақ) ханның баласы Баба сұлтан биледі. Ол Бұхараға ба

#14 слайд
• Бұхара ханы Абдолла ІІ (1557—1598) тұсында Ташкент маңын Норозахмет (Барақ) ханның баласы Баба сұлтан биледі. Ол Бұхараға бағынбай өз алдына тұрды. Үнемі Абдолла ханмен соғысты. Сөйтіп, Баба сұлтан Бұхара хандығынан бөлініп шығуға әрекет етті. Қазақ ханы Хақназар өзбек хандарының өзара қырқысына араласып, біресе Абдолла ханды, біресе Баба сұлтанды қолдап екеуін де әлсіретуге, осы арқылы өздеріне үлкен пайда түсіруге тырысып бақты. 1579 жылы Абдолла хан екінші шеру тартып Баба сұлтанға қарсы жорық жасады. Қазақ ханы Хақназар оның Баба сұлтанға қарсы күресін қолдады. Бұхара хандығы

14 слайд

Қазақ хандығы осының бодауына Абдолла ханнан Түркістан аймағындағы бірнеше қаланы қайтарып алды. Бұдан кейін Ташкент билеуші

#15 слайд
Қазақ хандығы осының бодауына Абдолла ханнан Түркістан аймағындағы бірнеше қаланы қайтарып алды. Бұдан кейін Ташкент билеушісі Баба сұлтан қазақ хандығына Түркістан, Сауран қалаларын бергенде, қазақ сұлтандары бір мезгіл Баба сұлтанды қолдады. 1579 жылдың екінші жартысында қазақ сұлтандары әскерлерімен Ташкентке келді. Олар қайтадан Абдолла жаққа шықпақ болып, Ташкент билеушісі Баба сұлтанға қарсы астыртын әрекет істеді. Бірақ бұл астыртын әрекетті сезген Баба сұлтан қазақ сұлтаны Жалымды, оның екі ұлын, Хақназар ханның екі ұлын өлтірді. Іле-шала оның астыртын жіберген адамы 1580 жылы Хақназар ханды өлтірді.

15 слайд

#16 слайд

16 слайд

#17 слайд

17 слайд

#18 слайд

18 слайд

Үй тапсырмасы: §44 оқып мазмұндау, ашық және жабық тест тапсырмаларын орындау

#19 слайд
Үй тапсырмасы: §44 оқып мазмұндау, ашық және жабық тест тапсырмаларын орындау

19 слайд

Үй тапсырмасы: §44 оқып мазмұндау, ашық және жабық тест тапсырмаларын орындау

Файл форматы:
pptx
20.05.2020
1276
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі