Материалдар / Жаңартылған бағдарламаның ҰБТ-ға дайындауда тарих сабағындағы кедергі және оны шешу жолдары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жаңартылған бағдарламаның ҰБТ-ға дайындауда тарих сабағындағы кедергі және оны шешу жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарих пәні бойынша ҰБТ-ға дайындауда кедергілерді анықтау және оны шешудің жолдары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Мамыр 2021
483
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Адам байлығының ең тамашасы – білім. Барлығы с

1 слайд
Адам байлығының ең тамашасы – білім. Барлығы соған ұмтылады, бірақ ол өзі келмейді» Әбу Райхан әл-Бируни Тақырыбы: Жаңартылған бағдарламаның ҰБТ-ға дайындаудағы тарих сабағындағы кедергі және оны шешу жолдары Алматы облысы, Талдықорған қаласы Ш.Уәлиханов атындағы № 10 орта мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі : Калдыбаева Алмагүл

Жаңартылған оқу бағдарламасының мақсаты – пән бойынша оқу бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау

2 слайд
Жаңартылған оқу бағдарламасының мақсаты – пән бойынша оқу бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау шеберлігін жетілдіру. Ал жаңартылған білім берудің  маңыздылығы – оқушыны сыни ойлауға, әртүрлі зерттеу жұмыстарын тәжірибе жасау арқылы іске асыруға жекелей, жұппен, топтық жұмыс жасай білуге үйретеді. Бұл жаңартылған бағдарлама  оқушылардың  жаңа білімді меңгеруіне де, сондай-ақ алған білімін әрі қарай дамытуына да мүмкіндік береді .  Осыған байланысты мұғалімдер алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.

• Жаңартылған білім мазмұнына сәйкес « Қазақстан тарихы » пәні бойынша 10-11 сыныпта тұлғаның танымдық белсенділігін , шы

3 слайд
• Жаңартылған білім мазмұнына сәйкес « Қазақстан тарихы » пәні бойынша 10-11 сыныпта тұлғаның танымдық белсенділігін , шығармашылық , жобалық - зерттеушілік қабілеттерін дамыту үшін білім алушыларды зерттеу жұмысына тарту қарастырылған . Әр тақырыптық бөлімнің білім алушылардың зерттеу жұмысымен аяқталуы оқу бағдарламасының бірден - бір ерекшелігі болып табылады . Осындай тақырыптардың басым бөлігі « Туған жер » тарихын зерделеуге арналған . • Мысалы : « Әлемдік өркениет тарихындағы Ұлы Дала »; « Мәдениет және Дәстүр – ұлттың генетикалық коды »; « Қазақстан этностары : тарихы мен тағдыры »; « Мәңгілік Ел » идеясының біріктіруші құндылықтарының маңыздылығы » және т . б . • Қазақстан тарихы және туған жер тарихына қатысты материалдар хронологиялық және тарихи даму заңдылық байланыстары ескеріле отырып берілуі қажет . Туған жер компонентін Қазақстан тарихының жалпы курсымен кіріктіріп оқыту білім алушылардың Қазақстан тарихы аясында туған жердің тарихи даму ерекшеліктерін анықтау , өткенді саралау , бүгінгі күнді сипаттау және болашақты бағдарлау қабілеттерін қалыптастыруда маңызы зор .

• Яғни, Ұлттық Біріңғай Тесттілеуге дайындық барысында тарих сабағында тарихи материалдар хронологиялық және тарихи даму заң

4 слайд
• Яғни, Ұлттық Біріңғай Тесттілеуге дайындық барысында тарих сабағында тарихи материалдар хронологиялық және тарихи даму заңдылық байланыстары ескеріле отырып берілуі қажет . Және ҰБТ-да келетін тест сұрақтары бойынша тақырыптар берілсе. Кейбір тақырыптар мысалы, көшпелі малшаруашылығы бойынша , Қазақстанның экономикалық даму кезеңдері, ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының қоғамдық-саяси көзқарастары, Қазақстан Республикасының этносаралық қатынастар саласындағы саясаты, Қоғамдық-саяси ойдың бастауы және дамуы мәселелеріне көп көңіл бөлінген. Осы тақырыптарды қарастыру барысында 11 -сынып оқушыларында ҰБТ-де осы тақырыптардан тест қаншалықты беріледі деген сұрақтар туындап отыр. Себебі, жылда ҰБТ сұрақтары на өзгерістер енгізіледі. • Сондай-ақ ҰБТ-ға дайындық барысында барлық оқушыларда кездесетін мәселе тарихи оқиғалардың хронологиялық шеңберін, датасын, орналасқан аумағын есте сақтау бойынша қиындықтар кездеседі .

5 слайд

ҰБТ Оқушы Ата-анаҰжым Мұғалім

6 слайд
ҰБТ Оқушы Ата-анаҰжым Мұғалім

ҰБТ-ға дайындаудың басты тұлғасы - оқытушы Мұғалімге қойылатын талаптар : - Оқушыларға бағыт-бағдар беру, пәнге

7 слайд
ҰБТ-ға дайындаудың басты тұлғасы - оқытушы Мұғалімге қойылатын талаптар : - Оқушыларға бағыт-бағдар беру, пәнге қызығушылығын арттыру, сапалы білім беру; - Пәндік оқытуды ұйымдастыру; - Тиімді технологияларды қолдану. Жұмыс түрлері - Жылдық жүмыс жоспарын жасау; - Тест жұмыстарын жинақтау, тақырыптар бойынша бақылау тестілері; - Бірнеше жауабы бар тест сұрақтарын талдау; - Сұрақтармен жұмыс істеуде тиімді тәсілдерді қолдану; - Күрделі тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырмалар; - Логикалық сұрақтарды талдау; - Топтық және жеке дайындық; - Мониторинг.

Мақсаттар: 1. Оқушыларды сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету; 2. ҰБТ-ға сапалы дайындық ұйымдастыру; 3. Оқушы

8 слайд
Мақсаттар: 1. Оқушыларды сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету; 2. ҰБТ-ға сапалы дайындық ұйымдастыру; 3. Оқушыларды 100 пайыз оқу үлгеріміне талаптандыру; 4. ҰБТ-ның сапасын және орташа ұпайын жоғарылату. Мұғалім ҰБТ-ға дайындалуда қандай мақсат қоюға тиіс?

Кемшілігі: - Тест қорытындысында кемшіліктер анықталады; - Тестік бақылауда оқушылардың шыға

9 слайд
Кемшілігі: - Тест қорытындысында кемшіліктер анықталады; - Тестік бақылауда оқушылардың шығармашылық қабілетін бағалай алмаймыз; - Уақыттың аздығына байланысты кемшілік болады; - Жауап беру кезінде кездейсоқтық болуы әбден мүмкін; Артықшылығы: - Стандартты түрде жалпы бірдей білім шкаласының қолданылуы; -Әділетті, оқушыларға бірдей жағдайға қойылады, тікелей сабақ беретін мұғалім қатыспайды, оқушының мектебі тұратын орны ешқандай ерекшелік белгісін алмайды; -Тестік бақылау кең көлемді оқу материалын қамтиды; -Бағалауы нақты; -Экономикалық жағынан тиімді (тексеретін адамдар саны ,уақыты); -Оқушыларды есте сақтау, қайталау, белгілі уақытқа оқып, үлгіру қасиеттеріне тәрбиелейді. ҰБТ-ға дайындаудың басты ерекшеліктері

ҰБТ-н ы ң пайдалы жақтары 1.Оқушылар бағдарламаны толық қамтып дайындалуға талпынады 2.Қосымша сабақтар алады

10 слайд
ҰБТ-н ы ң пайдалы жақтары       1.Оқушылар бағдарламаны толық қамтып дайындалуға талпынады      2.Қосымша сабақтар алады      3.Ата- аналардың баланы оқытып-тәрбиелеуде жауапкершілігі артады      4.Тестілеу арқылы өз білімдерінің деңгейін біліп, білмейтіндерін меңгереді      5. Мұғалімдердің, мектеп басшыларының оқушылармен жұмысы артады      6.Мұғалімдер өз білімдерін жан-жақты көтереді      7.Жалпы жұртшылықтың білімге деген көзқарасы өзгеріп, назарға алынады.      8.Мұғалім, ата-ана, оқушы арасында байланыс артады      9.Оқушылардың біліміне әділ баға қойылады      10.Мұғалімдердің де еңбегі әділ бағаланады.

Сұрақтармен жұмыс істеуде тиімді тәсілдерді қолдану Сұрақтармен жұмыс жасағанда, ең бірінші ескеру керек нәрсе оқушын

11 слайд
Сұрақтармен жұмыс істеуде тиімді тәсілдерді қолдану Сұрақтармен жұмыс жасағанда, ең бірінші ескеру керек нәрсе оқушының қызығушылығын ескеруіміз керек. Сұрақтарды баланы жалықтырмау үшін түрлендіріп отырған дұрыс. Сұрақтың мазмұнын ғана емес, берілу түрінде түрлі үлгіде жасаған дұрыс. Сынама тест жұмыстарын жинақтаудың тиімділігі 1) Мұғалімнің тест жұмыстарының қоры көбейеді. 2) Мұғалім оқушыдан бұрын тесттерді қарап шығып, жауаптарын дайындайды, қиындық келтіретін сұрақтарға талдау жасайды. 3) Кейін осы тесттеді оқушыларға таратып, талдау жасайды.

Әдіс - тәсілдерАшық, жабық тесттер Сөзжұмбақ – пен жұмыс Электронды оқулықпен жұмыс Карта, сызба, кестелермен жұмыс Сәйкестенд

12 слайд
Әдіс - тәсілдерАшық, жабық тесттер Сөзжұмбақ – пен жұмыс Электронды оқулықпен жұмыс Карта, сызба, кестелермен жұмыс Сәйкестендіру тестісі Хронологиялық тест Тұлғаны танып біл Қатемен жұмысТолықтыруды қажет ететін тест Тарихи терминдермен жұмыс Тест тәсілдері оқушыны ынталандыратындай, қызықтыратындай, ойландыратындай болуы керек. Енді осы тәсілдерге тоқталсам, ол төмендегідей;

Тарихи тұлғаларды таны

13 слайд
Тарихи тұлғаларды таны

Тапсырма . Ұлыстар жер аумағының сәйкестігін тап Жошы Төле Үгедей Шағатай Оңтүстік пен Оңтүстік-шығыс Қазақстан, бүкіл

14 слайд
Тапсырма . Ұлыстар жер аумағының сәйкестігін тап Жошы Төле Үгедей Шағатай Оңтүстік пен Оңтүстік-шығыс Қазақстан, бүкіл орталық Азия Ертістен батыста Еділге дейінгі, Әмудария мен Сырдарияның төменгі ағыстары Монғолия жері Қазақстан аумағынан Жетісудың солтүстік –шығыс бөлігі Дескриптор: Ұлыстар жер аумағының сәйкестігін табады.

1-тапсырма. Өзіңді тексер! Жошы Төле Үгедей Шағатай Оңтүстік пен Оңтүстік-шығыс Қазақстан, бүкіл орталық Азия Ертістен б

15 слайд
1-тапсырма. Өзіңді тексер! Жошы Төле Үгедей Шағатай Оңтүстік пен Оңтүстік-шығыс Қазақстан, бүкіл орталық Азия Ертістен батыста Еділге дейінгі, Әмудария мен Сырдарияның төменгі ағыстары Монғолия жері Қазақстан аумағынан Жетісудың солтүстік –шығыс бөлігі

тапсырма. Ақиқат/Жалған Тапсырма Ақиқат Жалған Шыңғысанның ұлдарына үлестірген жерлері ұлыстар деп аталды. Қазақстан аума

16 слайд
тапсырма. Ақиқат/Жалған Тапсырма Ақиқат Жалған Шыңғысанның ұлдарына үлестірген жерлері ұлыстар деп аталды. Қазақстан аумағы 4 ұлысқа бөлінді. Жошы қайтыс болғаннан кейін Бату хан мұрагері атанды. Шағатай Монғолияға иелік етті. Жетісудың солтүстік –шығыс бөлігі Жошының ұлысына өтті. Морко Поло Шыңғысхан туралы дерек жазды. Жетісуда үш монғол ұлысының шекаралары түйісті. Дескриптор: Берілген мәліметтердің ақиқат немесе жалған екендігін анықтайды.

17 слайд

• Тарихи сана – бұл тарихты білу , тарихи тәжірибе мен оның сабақтарын ұғынып түсіну , әлеуметтік болжау ( бүгінгі күн ж

18 слайд
• Тарихи сана – бұл тарихты білу , тарихи тәжірибе мен оның сабақтарын ұғынып түсіну , әлеуметтік болжау ( бүгінгі күн жағдайының мәнін , өткеннің инварианттылығы мен болашақтың баламалығын түсінуден ), өз іс - әрекеті үшін тарихи жауапкершілікті түсіну . Оған қоса оқу - тәрбиелік процесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын тарихи білім тұлғаның , азамат пен патриоттың қалыптасуына жәрдемдесуі тиіс . • Сондықтан да « Қазақстан тарихы » пәні білім алушыларды тарихи оқиғалармен таныстырып қана қоймай , оған қоса ғасырлар бойы Ұла Дала кеңістігінде қалыптасқан ұлттық құндылықтарды түсінуге жетелейді . Пән мазмұны ата - бабаларымыздың бірегей мәдениетін , әлем тарихындағы Қазақстанның алатын орны мен рөлін , оның жалпыәлемдік өркениеттің дамуына қосқан үлесін туған жер компонентімен кіріктіре түсінуге мүмкіндік береді . •  

Сөзімді халқымыздың ардақты ұлдарының бірі М.Дулатұлының сөзімен аяқтайын: «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда, теңдікке жет

19 слайд
Сөзімді халқымыздың ардақты ұлдарының бірі М.Дулатұлының сөзімен аяқтайын:  «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда, теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқу- білімнің арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні – қараң, келешегі - тұман» . Яғни ұлтымызды дәріптейтін, рухымызды биіктетіп, ұлттық сенімімізді жігерлендіретін саналы тәрбие мен сапалы білімді ұрпақ - адамзат дамуының күші болып табылады.