Материалдар / Жоба "Ерекше оқытуды қажет ететін оқушымен жұмыс"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жоба "Ерекше оқытуды қажет ететін оқушымен жұмыс"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жоба
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
517
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ «ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ФИЛИАЛЫ Ш

1 слайд
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ «ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ФИЛИАЛЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ ЖОБА ТАҚЫРЫБЫ: И НКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ЗИЯТКЕРЛІК АҚАУЫ БАР БАЛАЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ

Жобаның өзектілігі • И Б Б психологиялық қызметті дұрыс ұйымдастыру,жүйеге келтіру- күн тәртібінде тұрған көкейтесті мәсел

2 слайд
Жобаның өзектілігі • И Б Б психологиялық қызметті дұрыс ұйымдастыру,жүйеге келтіру- күн тәртібінде тұрған көкейтесті мәселелердің бірі болып отыр.

Жоба мақсаты: «Инклюзивті білім беруді ұйымдастырудағы зияткерлік ақауы бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдаудың

3 слайд
Жоба мақсаты: «Инклюзивті білім беруді ұйымдастырудағы зияткерлік ақауы бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдаудың маңыздылыңын ашу» Жоба міндеттері: 1 . Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытуда, тәрбиелеуде, дамытуда және әлеуметтік бейімдеуде психологиялық-педагогикалық қолдау ерекшеліктерін теориялық тұрғыдан зерттеу. 2 . Жалпы әлемдік тәжірибедегі инклюзивті білім беру, білім беруге ерекше қажеттіліктері бар адамдарды оқыту мен тәрбиелеуде озық елдердің тәжірибесін қарастыру,салыстыру. 3 . Инклюзивті білім беру жағдайындағы ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау бағыттарын айқындау. Жоба әдістері: зерделеу,зерттеу,салыстыру,ізденіс әдістері . Болжам: Осы жоба аясында алынған мәліметтерді басшылыққа ала отырып, осы салады жұмыс жасайтын мамандардың сауаттылығы артады деп болжамдаймыз.

Жоспар І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім 2.1 Психология-педагогикалық «қолдау» түсінігінің мазмұнын ашу

4 слайд
Жоспар І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім 2.1 Психология-педагогикалық «қолдау» түсінігінің мазмұнын ашу 2.2. Жалпы әлемдік тәжірибедегі инклюзивті білім беру, білім беруге ерекше қажеттіліктері бар адамдарды оқыту мен тәрбиелеуде озық елдердің тәжірибесін зерттеу,салыстыру. 2.3.Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытуда, тәрбиелеуде, дамытуда және әлеуметтік бейімдеуде психологиялық-педагогикалық қолдау ерекшеліктері. ІІІ.Қорытынды І V .Пайдаланған әдебиеттер тізімі

• «...мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс – бұ

5 слайд
• «...мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз» Н.Ә.Назарбаев

І. Кіріспе бөлім: Психологиялық- педагогикалық қолдау (ППҚ) көрсету қызметінің әр маманы өз бағыттары бойынша жұмыс істейді.

6 слайд
І. Кіріспе бөлім: Психологиялық- педагогикалық қолдау (ППҚ) көрсету қызметінің әр маманы өз бағыттары бойынша жұмыс істейді. Бұл біріккен ППҚ қызметінің басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету. Баланы психологиялық -педагогикалық қолдау – инклюзивті білім беру жүйесінде баланың тәрбиесіне, оқу процесіне, жан- жақты дамуына, әлеуметтенуіне, бейімделуіне жағдай жасауға бағытталған кәсіби белсенді жүйе. ППҚ қызметіндегі мұғалім-дефектолог баланы психологиялық- педагогикалық қолдауда тек білім мазмұнына ғана өзгерістер енгізіп қоймай, баланың танымдық қабілеттерін дамыту мен жалпы баланың өмірін ұйымдастыруды көздейді.

ІІ. Негізгі бөлім: 2.1 Психология-педагогикалық «қолдау» түсінігінің мазмұны. Орыс тілінің түсіндірме сөздігіне сәй

7 слайд
ІІ. Негізгі бөлім: 2.1 Психология-педагогикалық «қолдау» түсінігінің мазмұны. Орыс тілінің түсіндірме сөздігіне сәйкес бұл термин қандай да бір құбылыспен бірге жүретін әрекетті білдіреді [1]. М.Р. Битянова қолдауды «баланың эмоционалдық қолайлылығы, оның табысты дамуы мен оқуына бағытталған психологтың білім беру ортасындағы кәсіби әрекеттерінің жүйесі» ретінде анықтайды [1]. Н.Б. Крылова педагогикалық қолдауды оқушының жанында бола алу, соңынан еру, оның жеке білім беру маршрутында, оқудағы жеке қозғалыстарында бірге жүру деп түсінеді [2]. Э. М. Александровская психологиялық-педагогикалық қолдау – бұл білім беру процесінің жағдайында туындаған проблемаларды шешуде белгілі бір даму кезеңінде көмек көрсетуге бағытталған технология, балаға көмек берудің ерекше түрі деп атады. [10].

«Қолдау»терминін енгізу бұл ғылыми-лингвистикалық тәжірибенің нәтижесі емес, осы анықтаманы дәстүрлі – көмек, сүйе

8 слайд
«Қолдау»терминін енгізу бұл ғылыми-лингвистикалық тәжірибенің нәтижесі емес, осы анықтаманы дәстүрлі – көмек, сүйемелдеу немесе қамтамасыз ету сөздерімен алмасытыру бұл құбылыстың мәнін толық ашпайды. Бұл жерде қолдау көрсететін және қолдау көрсетілетіннің өзара әрекеттестігінің күрделі процесі жөнінде айтылып отыр. Оның нәтижесінде қолдау көрсетілетіннің дамуының артуына әкелетін әрекеттер болып табылады. Психологиялық-педагогикалық қолдауды ерекше білім беруге қажеттілігі (ЕБҚ) бар балалар ,

2.1. Жалпы әлемдік тәжірибедегі инклюзивті білім беру, білім беруге ерекше қажеттіліктері бар адамдарды оқыту мен тәрбиел

9 слайд
2.1. Жалпы әлемдік тәжірибедегі инклюзивті білім беру, білім беруге ерекше қажеттіліктері бар адамдарды оқыту мен тәрбиелеуде озық елдердің тәжірибесін зерттеу,салыстыру. Педагогика тарихында Европалық білім беру тәжірибесіне бірге оқыту феномені  деген педагогикалық идеяны енгізген педагог И.Г.Песталоцци (1746-1827) болды. Көру, есту, зият кемістігі бар балаларды сау балалармен бірге оқыту идеясы XIX ғ. бірінші жартысында европалық мұғалімдердің ойын жайлаған идея болды (Франция, Германия, Австрия т.б.).

Балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау бұл - баламен кеңесе отырып оның жеке қызығушылықтарын анықтау, оның белгілі

10 слайд
Балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау бұл - баламен кеңесе отырып оның жеке қызығушылықтарын анықтау, оның белгілі бір мақсаттарға деген ұмтылыстары мен мүмкіндіктеріне қолдау көрсету, оның адами қасиеттері мен құндылықтарын сақтай отырып дамуына, оқыту нәтижелеріне өз бетінше қол жеткізуіне, өзін-өзі тәрбиелеуіне, көпшілікпен араласуына, өмір сүру салтын қалыптастыруға кедергі келтіретін қиындықтарды жеңуіне көмектесу болып табылады.

Баланы психологиялық-педагогикалық қолдаудың негізгі қағидалары : -ППҚ қолдауының мақсаттылығы -ППҚ қолдаудың үздіксіздігі -

11 слайд
Баланы психологиялық-педагогикалық қолдаудың негізгі қағидалары :  -ППҚ қолдауының мақсаттылығы  -ППҚ қолдаудың үздіксіздігі  - ППҚ қолдаудың бірізділігі  -ППҚ қызметінің кешенділігі (біртұтас тәсілдік жүйені меңгерген, біртұтас ұйымдасқан ППҚ қызметі мамандарының біріккен жұмысы)  - ППҚ қызмет мамандарының гумандылығы (адамгершілік, ізгілік) – баланың мүмкіндігіне сенетін мамандар құзыреттілігі. 2.3.Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытуда, тәрбиелеуде,дамытуда және әлеуметтік бейімдеуде психологиялық-педагогикалық қолдау ерекшеліктері.

Осы қағидаларды жүзеге асыру үшін білім беру мекемелеріндегі жеке сүйемелдеудің негізгі кезеңдерін анықтап алу керек: Баланың

12 слайд
Осы қағидаларды жүзеге асыру үшін білім беру мекемелеріндегі жеке сүйемелдеудің негізгі кезеңдерін анықтап алу керек: Баланың дамуын сүйемелдеудің бірінші кезеңі ретінде бала туралы ақпаратты жинақтау шығады. Екінші кезең – алған ақпаратты талдау. Үшінші кезең – бала, педагог, ата-аналар, мамандар үшін ұсыныстарды бірлесе түзу: әрбір «қиын» білім алушы, тәрбиеленуші үшін кешенді көмектің жоспарын түзу. Төртінші кезең – сүйемелдеуге қатысушылардың барлығына бала қиыншылықтарын шешудегі жолдар мен амалдар туралы кеңес беру. Бесінші кезең – қиыншылықтарды шешу, яғни сүйемелдеудің әрбір қатысышуысымен ұсыныстардың орындалуы. Бесінші кезең – орындалған ұсыныстардың сүйемелдеудің барлық қатысушыларымен талдануы (Неге қол жеткізілді? Неге қол жеткізілмеді? Не себептен?) Алтыншы кезең – бала дамуын талдауды жалғастыру (Келешектер не істейміз?)

Енді осы кезеңдерге біз қол жеткізу үшін инклюзивті тәжірибе жағдайындағы Қолдау қызметінің жұмысы келесі 5 бағыттарда

13 слайд
Енді осы кезеңдерге біз қол жеткізу үшін инклюзивті тәжірибе жағдайындағы Қолдау қызметінің жұмысы келесі 5 бағыттарда жүргізуіміз қажет: - психоәлеуметтік диагностика; - психотүзету жұмысы; -білім беру процесіне қатысушыларды психологиялық-педагогикалық және медициналық-әлеуметтік ағарту жұмысы /әдістемелік; - әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық көмек беру; -ұйымдастырушылық-әдістемелік әрекет

І.Диагностикалық бағыт: — баланы алғашқы дефектологиялық тексеру; — баланың психикалық дамуының динамикасын жүйелі түрде ке

14 слайд
І.Диагностикалық бағыт:   — баланы алғашқы дефектологиялық тексеру;  — баланың психикалық дамуының динамикасын жүйелі түрде кезең бойына бақылау;  — баланың даму деңгейіне әсер еткен әдіс- тәсілдер мен таңдалған бағдарламаның тиімділігін анықтау; II. Түзете-дамыту бағыты : Ақаудың құрылымымен оның айқындылық дәрежесіне байланысты түзету жұмысының мазмұны анықталады. Баламен жүргізілген диагностиканың қорытындысы түзете-дамыту жұмысы бойынша мынадай бағыттарды айқындап берді:  — сенсорлық және сенсомоторлық дамуын қалыптастыру;  — кеңістік-уақыт түсініктерін қалыптастыру;  — пішін мен көлем, түсті қабылдауын қалыптастыру;  -салыстыру, талдау, жинақтау, қорытындылау, жалпы ойлау операцияларын қалыптастыру;  — зейіннің тұрақтылығын, зейін шоғырлануын дамыту;  — көру, есту арқылы есте сақтауын дамыту;  — психомоторлық дамуды жүзеге асыру мен сөйлеу тілін, сөздік қорын арттыру. Айқындалған бағыттар негізінде балаға түзете-дамыту бағдарламасы құрылады.

III. Кеңес беру мен ағартушылық бағыт бойынша: — педагогтармен жеке жұмыс жүргізу; — баланың жас, жеке, типтік ерекшеліктер

15 слайд
III. Кеңес беру мен ағартушылық бағыт бойынша:  — педагогтармен жеке жұмыс жүргізу;  — баланың жас, жеке, типтік ерекшеліктерін ескере отырып ата-аналарға, педагогтарға бірқатар ұсыныстарды даярлау;  — балалардың жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып педагогтың оқу жоспарына түзету жұмыстарын енгізу;  — эксперименталды топта жұмыс істейтін педагогпен жеке кеңес жүргізу;  — әлеуметтік қызметкерлермен жұмыс;  — ата-аналармен жұмыс:  — баламен жүргізілген жұмыстың жалпы қорытындысымен ата-аналарды таныстыру;  — ата- аналарға баланың тәрбиесіндегі қиыншылықтары туралы нақты ұсыныстар даярлау;  — ата-аналарға баланың психофизикалық мүмкіндіктеріне сай баланы оқыту мен оны дамытудың маңыздылығын түсіндіру;  — психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметі мамандарымен тығыз қарым-қатынаста болу

V. Әдістемелік-ұйымдастырушылық бағыт: Бұл бағыттағы жұмыс консилиумға дайындық, іс- шараларға дайындық, баланың жеке құжатт

16 слайд
V. Әдістемелік-ұйымдастырушылық бағыт:   Бұл бағыттағы жұмыс консилиумға дайындық, іс- шараларға дайындық, баланың жеке құжаттарын толтыруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар төмендегідей міндеттерді жүзеге асырады:  -ұстаздар мен ата-аналарға арналған әдістемелік құралдарды жасау; - оқушыға портфолио құрастыру. Портфолио – бала жеткен жетістіктердің, баланың білім-білік дағдыларының, баланың жеке өсуін қадағалайтын, бала дамуының көрсеткіші.

IV. Әлеуметтік-бейімдеу бағыты — баланың әлеуметтенуіне, қоршаған ортаға бейімделуіне жағдай жасау; — баланы шығармашылыққа

17 слайд
IV. Әлеуметтік-бейімдеу бағыты   — баланың әлеуметтенуіне, қоршаған ортаға бейімделуіне жағдай жасау;  — баланы шығармашылыққа тарту;  — баланы мерекелік іс-шараларға қатыстыру;  — баланы әлеуметтік- тұрмыстық бағдарлауға үйрету;  — қоғамдық ортада өзін еркін сезінуге, өзін-өзі басқара білуге, өзі өмір сүретін ортаны толық бағдарлай білуге үйрету.

Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің барлық бағыттарына жетекшілік ететін қызмет координаторы, мұғалім-дефект

18 слайд
Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің барлық бағыттарына жетекшілік ететін қызмет координаторы, мұғалім-дефектолог, логопед, психолог, әлеуметтік педагог, медицина қызметкерлері жұмыс атқарады. Яғни, психикалық дамуы тежелген баланы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің тиісті мамандарымен жүзеге асырылады. Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің әр маманы өз бағыттары бойынша жұмыс істейді. Бұл біріккен психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.

Коррекциялық педагогика дамуында түрлі кемістіктер мен ауытқушылықтары бар балалар мен үлкендерді тәрбиелеудің, білім берудің

19 слайд
Коррекциялық педагогика дамуында түрлі кемістіктер мен ауытқушылықтары бар балалар мен үлкендерді тәрбиелеудің, білім берудің және түзетудің теориялық негіздерін, принциптерін, әдістері мен құралдарын жасайды. Сурдопедагогика- естімейтін және нашар еститіндерді оқыту мен тәрбиелеу мәселелерімен шұғылданады. Тифлопедагогика - көзі көрмейтіндерді оқыту мен тәрбиелеу мәселелерімен шұғылданады. Сөйлеу кемістіктері бар балаларлармен – логопедия шұғылданады. Ақыл-есі кемдерді оқыту және тәрбиелеу мәселелерімен – олигофренопедагогика шұғылданады .

ППҚ

20 слайд
ППҚ

Инклюзивті білім беруді ұйымдастыру 4 кезеңде жүргізіледі: 1. Мектепке дейінгі ұйымда балаға консилиум мамандары кешенді дин

21 слайд
Инклюзивті білім беруді ұйымдастыру 4 кезеңде жүргізіледі: 1. Мектепке дейінгі ұйымда балаға консилиум мамандары кешенді динамикалық бақылау жасау арқылы қамтамасыз етіледі. Консилиум құрамына директордың бұйрығымен дефектолог, логопед, әлеуметтік педагог, психолог, медбике, дене шынықтыру нұсқаушысы, топ тәрбиешісі енгізіледі. Мамандар бөбекжайға қабылданған мүмкіндігі шектеулі балаларға 2 апта мерзімінде жеке бақылау жүргізеді. 2. Жұмыстың түзетушілік- дамытушылық кезеңінде балаға әсер ететін шаралар кешенін қарастырады. Жетекші әрекет түрін қалыпқа келтіру және жетілдіру, жеке даму кемшіліктерін түзету, яғни мүмкіндігі шектеулі баламен жеке дамыту, түзету жұмыстарын жүргізу.4. Әлеуметтік тәрбие жұмысы. Әлеуметтік педагог мүмкіндігі шектеулі балалардың үйіне барып, ата- анасымен пікірлесіп отбасының әлеуметтік жағдайын анықтайды, яғни бала мен отбасының дербестігін арттыруға, дамуында ауытқушылығы бар тәрбиеленушілердің қалыпты дамыған құрдастары арасында ерте, толыққанды әлеуметтік кіріктіруге, мектепалды баланың әрекеті мен мінезіндегі адамгершілік бағыттарының қалыптасуына, мүмкіндігі шектеулі баланың жеке басының қасиеттеріне бақылау жүргізеді.3. Жұмыстың мектепке дейінгі білім берушілік кезеңі. Балаларды мектепке дейінгі ұйымда оқу іс- әрекетін меңгеру тәсілдеріне үйретуді, әрбір жас кезеңіне тән олардың танымдық белсенділігін дамытуды, сондай- ақ баланың  жеке басының мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, ...