Картопты голландиялық технологиямен өсіру ерекшеліктері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
КАРТОПТЫ
ГОЛЛАНДТЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯМЕН
ӨСІРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1 слайд
КАРТОПТЫ ГОЛЛАНДТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯМЕН ӨСІРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2 слайд
Жоспар:
I . Жаңа отандық
бәсекелестікке
қабылетті картоп
сорттары
II. Картоп өсіру
голландтық
технологиясы
-ауыспалы егістегі
орны
-топырақ өңдеу
-отырғызуға дайындау
-күтіп-баптау
-егін жинау
III. Қорытынды
IV. Қолданылған
әдебиеттер
2 слайд
Жоспар: I . Жаңа отандық бәсекелестікке қабылетті картоп сорттары II. Картоп өсіру голландтық технологиясы -ауыспалы егістегі орны -топырақ өңдеу -отырғызуға дайындау -күтіп-баптау -егін жинау III. Қорытынды IV. Қолданылған әдебиеттер
3 слайд
Картоп – аса маңызды азық-түліктік және
өсімдіктерінің бірі. Картоп Республикамыздың
оңтүстігінде көбінесе суармалы жерлерде,
Солтүстік облыстарда суармалы көбінесе тәлімі
жерлерде өсіріледі. Картоп түйнегінде адам
ағзасына өте қажетті көптеген бағалы
дәрумендер, минералды тұздар (Менделеев
таблицасының 22 элементі), 25%-ға жуық құрғақ
зат, оның 14-22% крахмал, 1,4-3% белок, 1%ға
таяу клечатка, 0,2-0,3% май, 0,8-1% күл болады.
Картоп еліміздің тағам, тігін, қағаз және т.б.
Өнеркәсіп салаларына қажетті крахмал
өндірісінің негізгі шикізаты болып табылады.
Картоптың 100 кг –да 31 а.ө. Және 1,6 кг.
Қорытылатын протеин болады.
Картоптың агротехникалық және
агроэкономикалық маңызы өте зор.
3 слайд
Картоп – аса маңызды азық-түліктік және өсімдіктерінің бірі. Картоп Республикамыздың оңтүстігінде көбінесе суармалы жерлерде, Солтүстік облыстарда суармалы көбінесе тәлімі жерлерде өсіріледі. Картоп түйнегінде адам ағзасына өте қажетті көптеген бағалы дәрумендер, минералды тұздар (Менделеев таблицасының 22 элементі), 25%-ға жуық құрғақ зат, оның 14-22% крахмал, 1,4-3% белок, 1%ға таяу клечатка, 0,2-0,3% май, 0,8-1% күл болады. Картоп еліміздің тағам, тігін, қағаз және т.б. Өнеркәсіп салаларына қажетті крахмал өндірісінің негізгі шикізаты болып табылады. Картоптың 100 кг –да 31 а.ө. Және 1,6 кг. Қорытылатын протеин болады. Картоптың агротехникалық және агроэкономикалық маңызы өте зор.
4 слайд
Картоп өздігінен тозаңданатын өсімдік. Ұрықтанған түйін өсе
бастады. Жер астындағы өркен сабағының ұшы түйнекке
айналады. ТҮЙНЕК – ДЕГЕНІМІЗ ЖЕР АСТЫНДАҒЫ ТҮРІ ӨЗГЕРГЕН
ӨРКЕН. Оның құрамында крахмал қоры көп жиналады.
Фотосинтез нәтижесінде жапырағының хлоропласттарында
пайда болатын қанттан крахмал түзіледі. АЛ ТҮЙНЕКТІҢ
ОЙЫҚТАРЫ БОЛАДЫ, ОНЫ КӨЗШЕЛЕР ДЕП АТАЙДЫ. КӨЗШЕЛЕР
БҮРШІКТЕРДІҢ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ. Сондықтан олар жапырақ
қолтығының астында тұрады. Картоптың тамыр жүйесі көбінесе
топырақтың үстіңгі қабатына таяу орналасқан.
КАРТОПТЫ ВЕГЕТАТИВТІ ТҮРДЕ (ТҮЙНЕК, КӨЗШЕ, БҮРШІКТЕРІМЕН)
ЖӘНЕ ТҰҚЫМЫМЕН КӨБЕЙТУГЕ БОЛАДЫ.
Өндіріс жағдайында картоп негізінен түйнегімен көбейтіледі.
Картоп түйнегінің маңызды биологиялық қасиеті – тыныштық
күйі кезеңімен сипатталады. Мұның өзі тұқымдық материалды
келесі өніміне дейін зиян келтірмей күзгі-қысқы кезеңде
сақтауға мүмкіндік береді.
Тыныштық күйінің ұзақтығы – сорты мен сақтау жағдайына
байланысты болады. Қысқы сақтау ережесін дұрыс қолданғанда
картоп түйнегін 6-7 ай бойы көктемей жақсы сақталады.
4 слайд
Картоп өздігінен тозаңданатын өсімдік. Ұрықтанған түйін өсе бастады. Жер астындағы өркен сабағының ұшы түйнекке айналады. ТҮЙНЕК – ДЕГЕНІМІЗ ЖЕР АСТЫНДАҒЫ ТҮРІ ӨЗГЕРГЕН ӨРКЕН. Оның құрамында крахмал қоры көп жиналады. Фотосинтез нәтижесінде жапырағының хлоропласттарында пайда болатын қанттан крахмал түзіледі. АЛ ТҮЙНЕКТІҢ ОЙЫҚТАРЫ БОЛАДЫ, ОНЫ КӨЗШЕЛЕР ДЕП АТАЙДЫ. КӨЗШЕЛЕР БҮРШІКТЕРДІҢ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ. Сондықтан олар жапырақ қолтығының астында тұрады. Картоптың тамыр жүйесі көбінесе топырақтың үстіңгі қабатына таяу орналасқан. КАРТОПТЫ ВЕГЕТАТИВТІ ТҮРДЕ (ТҮЙНЕК, КӨЗШЕ, БҮРШІКТЕРІМЕН) ЖӘНЕ ТҰҚЫМЫМЕН КӨБЕЙТУГЕ БОЛАДЫ. Өндіріс жағдайында картоп негізінен түйнегімен көбейтіледі. Картоп түйнегінің маңызды биологиялық қасиеті – тыныштық күйі кезеңімен сипатталады. Мұның өзі тұқымдық материалды келесі өніміне дейін зиян келтірмей күзгі-қысқы кезеңде сақтауға мүмкіндік береді. Тыныштық күйінің ұзақтығы – сорты мен сақтау жағдайына байланысты болады. Қысқы сақтау ережесін дұрыс қолданғанда картоп түйнегін 6-7 ай бойы көктемей жақсы сақталады.
5 слайд
Картоптың сорттары 5 топқа бөлінеді:
Асханалық
Техникалық (зауыттық)
Асханалық-техникалық
Мал азықтық
Әмбебап
Биологиялық ерекшеліктері:
+7-8 ᵒ С дейін көтерілгенде түйнектердің қалыпты өнуі байқалады. Картоп сабағы мен
жапырағы -1-1,5 ᵒ С үсіп кетеді. Картоп түйнектерінің өсуіне ең қолайлы температура +16-
18 ᵒ С . Картоп түйнектері гүл қауыздары пайда болған кезде түзіле бастайды және
топырақ 18-20, гүлдеуі мен жеміс байлауы үшін +24-26 градус болып табылады.
Суды кажет етуі оның өсуі мен даму процесіне қарай өзгеріп отырады. Топырақ
ылғалдылығы 60-80%.
Қоректік заттардың жеткілікті болуын қалайды. Енгізілетін органикалық тыңайтқыштың
толық мөлшерін, минералды тыңайтқыштың 70-75%-ын күзде сүдігер астына енгізеді.
Қалғанын отырғызу кезінде, үстеп қоректендіру кезінде беріледі.
Топырақтағы Ауа режиміне жоғары талап қояды.
5 слайд
Картоптың сорттары 5 топқа бөлінеді: Асханалық Техникалық (зауыттық) Асханалық-техникалық Мал азықтық Әмбебап Биологиялық ерекшеліктері: +7-8 ᵒ С дейін көтерілгенде түйнектердің қалыпты өнуі байқалады. Картоп сабағы мен жапырағы -1-1,5 ᵒ С үсіп кетеді. Картоп түйнектерінің өсуіне ең қолайлы температура +16- 18 ᵒ С . Картоп түйнектері гүл қауыздары пайда болған кезде түзіле бастайды және топырақ 18-20, гүлдеуі мен жеміс байлауы үшін +24-26 градус болып табылады. Суды кажет етуі оның өсуі мен даму процесіне қарай өзгеріп отырады. Топырақ ылғалдылығы 60-80%. Қоректік заттардың жеткілікті болуын қалайды. Енгізілетін органикалық тыңайтқыштың толық мөлшерін, минералды тыңайтқыштың 70-75%-ын күзде сүдігер астына енгізеді. Қалғанын отырғызу кезінде, үстеп қоректендіру кезінде беріледі. Топырақтағы Ауа режиміне жоғары талап қояды.
6 слайд
Жаңа отандық бәсекелестікке қабылетті картоп сорттары
Пісу мерзімінің ұзақтығына байланысты картоп сорттары:
-ерте пісетіндер (50-60 тәулік, асханалық, жазда пайдалану үшін)
-ортадан ерте пісетіндер (60-80 тәулік, жазда, күзде пайдалану үшін)
-орташа мерзімде пісетіндер (80-100 тәулік, негізінен асханалық)
-ортадан кеш пісетіндер (110-120 тәулік, әмбебап)
-кеш пісетіндер (125 тәулік одан да жоғары, негізінен техникалық мақсатқа пайдалану
үшін)
Аязсыз кезеңнің шектеулігінен көп аудандарда ортадан кеш, кеш пісетін сорттар
өсірілмейді.
Рұқсат етілген сорттар:
Ерте пісетіндер: Приекульский ранний, Седов, Алматы, Весна, Полет, Кокшетауский
ранний, Ақкөл, Фреско, Ярла;
Ортадан ерте пісетіндер: Невский, Мурманский, Шортандинксий, Огонек, Акколь,
Никита, Тамаша, Эскорт, Тениз, Розаро;
Орташа мерзімде пісетіндер: Гатчинский, Ресурс, Тамыр, Смысловский, столовой 19,
Лоимдата, Сулев, Берлихинген;
Ортадан кеш кеш пісетіндер: Ақжар, Курант 1, Лорх;
6 слайд
Жаңа отандық бәсекелестікке қабылетті картоп сорттары Пісу мерзімінің ұзақтығына байланысты картоп сорттары: -ерте пісетіндер (50-60 тәулік, асханалық, жазда пайдалану үшін) -ортадан ерте пісетіндер (60-80 тәулік, жазда, күзде пайдалану үшін) -орташа мерзімде пісетіндер (80-100 тәулік, негізінен асханалық) -ортадан кеш пісетіндер (110-120 тәулік, әмбебап) -кеш пісетіндер (125 тәулік одан да жоғары, негізінен техникалық мақсатқа пайдалану үшін) Аязсыз кезеңнің шектеулігінен көп аудандарда ортадан кеш, кеш пісетін сорттар өсірілмейді. Рұқсат етілген сорттар: Ерте пісетіндер: Приекульский ранний, Седов, Алматы, Весна, Полет, Кокшетауский ранний, Ақкөл, Фреско, Ярла; Ортадан ерте пісетіндер: Невский, Мурманский, Шортандинксий, Огонек, Акколь, Никита, Тамаша, Эскорт, Тениз, Розаро; Орташа мерзімде пісетіндер: Гатчинский, Ресурс, Тамыр, Смысловский, столовой 19, Лоимдата, Сулев, Берлихинген; Ортадан кеш кеш пісетіндер: Ақжар, Курант 1, Лорх;
7 слайд
Келтірілген ауыспалы егістер кескіндерін жобалы деп қарастырған дұрыс
Суармалы жағдайда Тәлімі жерлерде
1. Көпжылдық
шөптер(2жыл)-картоп-
тамыржемістер-картоп
2. Біржылдық шөптер-
картоп-жүгері-картоп
3. Жүгері-картоп-
тамыржемістер-картоп
4. Кырыққабат-картоп-
қияр-картоп-пияз-картоп 1. Ықтырмалы сүрі жер-
картоп-бидай
2. Ықтырмалы сүрі жер-
картоп-сұлы+бұршақ
тұқымдастарының
қоспасы-картоп
3. Ықтырмалы сүрі жер-
картоп-жүгері-картоп
7 слайд
Келтірілген ауыспалы егістер кескіндерін жобалы деп қарастырған дұрыс Суармалы жағдайда Тәлімі жерлерде 1. Көпжылдық шөптер(2жыл)-картоп- тамыржемістер-картоп 2. Біржылдық шөптер- картоп-жүгері-картоп 3. Жүгері-картоп- тамыржемістер-картоп 4. Кырыққабат-картоп- қияр-картоп-пияз-картоп 1. Ықтырмалы сүрі жер- картоп-бидай 2. Ықтырмалы сүрі жер- картоп-сұлы+бұршақ тұқымдастарының қоспасы-картоп 3. Ықтырмалы сүрі жер- картоп-жүгері-картоп
8 слайд
Топырақ өңдеу жүйесі. Толыққанды егін көгін алу
үшін, жақсы өсу және даму, қуатты тамыр жүйесін
қалыптастыру үшін картопқа борпас, ауа өткізгіш
топырақ қажет. Сонымен бірге арамшөптер, аурулар
мен зиянкестердің жойылуына да алғы шарт
жасалады, егіс паясы, органикалық және минералдық
тыңайтқыштар топыраққа сіңіріледі. Өнімнің
қалыптасуына ықпал ететін топырақтың су және жылу
ережелері де айтарлықтай реттеледі.
Суармалы жерлерде сүдігерлік өңдеу қайырмалы
соқалармен 30-35 см. Тереңдікте жүргізіледі және бір
мезгілде алқапқа шашылған көң де жыртылып
сіңіріледі.
Тәлімі жерлерде өсіргенде топырақты негізгі өңдеу
таза сүрі жер дайындау, немесе сүдігер жырту түрінде
терең қопсытқыштармен жүргізіледі. Мұнда ылғал
қорын жинау мен оны сақтау маңызды рөл атқарады.
8 слайд
Топырақ өңдеу жүйесі. Толыққанды егін көгін алу үшін, жақсы өсу және даму, қуатты тамыр жүйесін қалыптастыру үшін картопқа борпас, ауа өткізгіш топырақ қажет. Сонымен бірге арамшөптер, аурулар мен зиянкестердің жойылуына да алғы шарт жасалады, егіс паясы, органикалық және минералдық тыңайтқыштар топыраққа сіңіріледі. Өнімнің қалыптасуына ықпал ететін топырақтың су және жылу ережелері де айтарлықтай реттеледі. Суармалы жерлерде сүдігерлік өңдеу қайырмалы соқалармен 30-35 см. Тереңдікте жүргізіледі және бір мезгілде алқапқа шашылған көң де жыртылып сіңіріледі. Тәлімі жерлерде өсіргенде топырақты негізгі өңдеу таза сүрі жер дайындау, немесе сүдігер жырту түрінде терең қопсытқыштармен жүргізіледі. Мұнда ылғал қорын жинау мен оны сақтау маңызды рөл атқарады.
9 слайд
Көктемде топырақтың пісуі жетілгенде (14-16
сәуір) топырақ екі ізбен тырмаланады. 10-12
тәуліктен соң, әр гектарга 700кг.
Нитроаммофос және бір тонна калимагнезиін
шашып, оларды тырмалаумен топыраққа
сіңіріледі.
10 мамырды отырғызу алдындағы топырақ
өңдеу басталады. Осы операцияда жаңа
технологияның бар артықшылығын
байқаймыз.
Голландық танапты Доминатор агрегатымен
өңдейміз. Оның вертикалды фрезасы үш
операцияны – қопсыту, тегістеу және
топырақты тығыздау – орындайды.
Доминатор топырақты 10-12 см. Тереңдікке
өңдейді. Бұл қабатта топырақ 7-10 тәулік ерте
піседі. Басқа бүкіл жыртылатын қабатпен
салыстырғанда (танаптық жұмыстарды
айтарлықтай ерте бастауға мүмкіндік береді),
алайда ең басты артықшылығы – топырақ
ұсаққұрылымда және оңтайлы тығыздық
күйіне енеді. Вертикальная фреза DOMINATOR
Вертикальная фреза Hermes
9 слайд
Көктемде топырақтың пісуі жетілгенде (14-16 сәуір) топырақ екі ізбен тырмаланады. 10-12 тәуліктен соң, әр гектарга 700кг. Нитроаммофос және бір тонна калимагнезиін шашып, оларды тырмалаумен топыраққа сіңіріледі. 10 мамырды отырғызу алдындағы топырақ өңдеу басталады. Осы операцияда жаңа технологияның бар артықшылығын байқаймыз. Голландық танапты Доминатор агрегатымен өңдейміз. Оның вертикалды фрезасы үш операцияны – қопсыту, тегістеу және топырақты тығыздау – орындайды. Доминатор топырақты 10-12 см. Тереңдікке өңдейді. Бұл қабатта топырақ 7-10 тәулік ерте піседі. Басқа бүкіл жыртылатын қабатпен салыстырғанда (танаптық жұмыстарды айтарлықтай ерте бастауға мүмкіндік береді), алайда ең басты артықшылығы – топырақ ұсаққұрылымда және оңтайлы тығыздық күйіне енеді. Вертикальная фреза DOMINATOR Вертикальная фреза Hermes
10 слайд
Тыңайтқыш қолдану жүйесі.
Картоп өніміне керекті заттарға N, P, K, Ca, Mg, Fe, S т.б жатады.
ОРГАНИКАЛЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШТАР . Көң топырақтың агрофизикалық қасиетін жақсы әсер етуінің
арқасында өсімдіктің ауамен тыныс алу жағдайын да жақсартады. Көңнің әсері топырақта 2-7 жылға
дейін сақталады.
ҚҰС САҢҒЫРЫҒЫ. Әрбір гектарға 2 тонна мөлшерінде енгізіледі.
КҮЛ. Құрамында 11% калий, 5%- дейін фосфор мен аздаған әк болады.
ЖАСЫЛ ТЫҢАЙТҚЫШ. Жасыл тыңаййтқыш ретінде дәнді бұршақ тұқымдастарын өсірген тиімді.
МИНЕРАЛДЫ ТЫҢАЙТҚЫШТАР. NPK . Азот жетіспесе өсімдік баяу өседі, жапырағы бозғылт түстенеді,
ерте сарғаяды, крахмалы азаяды, өнімі төмендейді. Шамадан тыс көп болса да зиянды, түйнегі
жетілмей, піспей қалады. Фосфор крахмалдың белгілі бір бөлігі, фосфорсыз қант түзілмейді және
крахмалға айналмайды. Пісуі жеделдейді, ауруларға төзімді болады. Калий элементі жетіспегенде,
топырақтан түйнекке баратын қоректік заттардың ағысы төмендейді. Саңырауқұлақ ауруларына, Х-
вирусының таралуы бәсеңдейді.
КӨҢДІ 20-30 Т. – КҮЗДЕ БЕРГЕН ДҰРЫС. ГЕКТАРЫНАН 200-300 ЦЕНТНЕР ӨНІМ ЖИНАУ ҮШІН ҚАРА
ТОПЫРАҚҚА 90-100КГ, ҚАРА-ҚОҢЫР 120-150 КГ, БОЗ ТОПЫРАҚҚА 150-180 КГ. АЗОТ БЕРІЛЕДІ.
ФОСФОР МЕН КАЛИЙ МӨЛШЕРІ ТОПЫРАҚТАҒЫ ОСЫ ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ МӨЛШЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ 40-
140 КГ. БОЛУЫ КЕРЕК.
P, K БАРЛЫҚ МӨЛШЕРІН, N – 50-70%-ЫН КҮЗДЕ, АЛ N -ТЫҢ ҚАЛҒАНЫН ДАҚЫЛДЫҢ ШАНАҚТАНУ
КЕЗЕҢІНДЕ ҮСТЕП ҚОРЕКТЕНДІРУ БОЛЫП САНАЛАДЫ.
10 слайд
Тыңайтқыш қолдану жүйесі. Картоп өніміне керекті заттарға N, P, K, Ca, Mg, Fe, S т.б жатады. ОРГАНИКАЛЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШТАР . Көң топырақтың агрофизикалық қасиетін жақсы әсер етуінің арқасында өсімдіктің ауамен тыныс алу жағдайын да жақсартады. Көңнің әсері топырақта 2-7 жылға дейін сақталады. ҚҰС САҢҒЫРЫҒЫ. Әрбір гектарға 2 тонна мөлшерінде енгізіледі. КҮЛ. Құрамында 11% калий, 5%- дейін фосфор мен аздаған әк болады. ЖАСЫЛ ТЫҢАЙТҚЫШ. Жасыл тыңаййтқыш ретінде дәнді бұршақ тұқымдастарын өсірген тиімді. МИНЕРАЛДЫ ТЫҢАЙТҚЫШТАР. NPK . Азот жетіспесе өсімдік баяу өседі, жапырағы бозғылт түстенеді, ерте сарғаяды, крахмалы азаяды, өнімі төмендейді. Шамадан тыс көп болса да зиянды, түйнегі жетілмей, піспей қалады. Фосфор крахмалдың белгілі бір бөлігі, фосфорсыз қант түзілмейді және крахмалға айналмайды. Пісуі жеделдейді, ауруларға төзімді болады. Калий элементі жетіспегенде, топырақтан түйнекке баратын қоректік заттардың ағысы төмендейді. Саңырауқұлақ ауруларына, Х- вирусының таралуы бәсеңдейді. КӨҢДІ 20-30 Т. – КҮЗДЕ БЕРГЕН ДҰРЫС. ГЕКТАРЫНАН 200-300 ЦЕНТНЕР ӨНІМ ЖИНАУ ҮШІН ҚАРА ТОПЫРАҚҚА 90-100КГ, ҚАРА-ҚОҢЫР 120-150 КГ, БОЗ ТОПЫРАҚҚА 150-180 КГ. АЗОТ БЕРІЛЕДІ. ФОСФОР МЕН КАЛИЙ МӨЛШЕРІ ТОПЫРАҚТАҒЫ ОСЫ ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ МӨЛШЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ 40- 140 КГ. БОЛУЫ КЕРЕК. P, K БАРЛЫҚ МӨЛШЕРІН, N – 50-70%-ЫН КҮЗДЕ, АЛ N -ТЫҢ ҚАЛҒАНЫН ДАҚЫЛДЫҢ ШАНАҚТАНУ КЕЗЕҢІНДЕ ҮСТЕП ҚОРЕКТЕНДІРУ БОЛЫП САНАЛАДЫ.
11 слайд
ГОЛЛАНДТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ:
Вируссыз және аурусыз сапалы тұқым материал алынады.
СҰРЫПТАУ. Картоп түйнегін сұрыптау және іріктеу
жұмыстары КПС-15, КСП- 25 сияқты арнайы
қондырғыларда жүргізіледі. Картоп түйнегінің диаметрі 3-5
см аралығындағылар алынады. Сорттық тазалық жоғары
өнім кепілі болып табылады.
ТҮЙНЕКТЕРДІ КӨКТЕТУ. Картопты отырғызуға
дайындаудың бірі - оны көктету. Көктетудің 2 түрі болады:
жарықта және ылғалды ортады. Өркендер 0,5см аспауы
керек. Одан артық өссе, картопотырғызғышпен отырғызған
кезде зақымдалады. Өнгіштік 100 % болуды қамтамасыз ету
керек.
ТҮЙНЕКТЕРДІ ӨСІРГІШ ЗАТТАРМЕН ӨҢДЕП
ОТЫРҒЫЗУ. Гиббериллиннің 0,002-0,006%-дық ерітіндісімен
түйнекті отырғызардан 1 күн бұрын 2 сағат бойы ылғалдап
бұқтырады. Тиомочевинамен өңдейді.
0,002% 2,4-Д-амин тұзы, 0,005% марганец қышқылды калий,
0,05% мыс купоросыме, бор қышқылы пайдаланылады.
100 литр суға – 4кг. суперфосфат+аммиак селитрасы+калий
тұзы+0,4кг. Мыс купоросы+ 3кг. ТМТД препараты ерітіледі.
Мұндай ерітіндіде дезинфекция қызметін атқаратды. 1т.
Картопқа 60-70л. Ерітінді жұмсалады.
11 слайд
ГОЛЛАНДТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ: Вируссыз және аурусыз сапалы тұқым материал алынады. СҰРЫПТАУ. Картоп түйнегін сұрыптау және іріктеу жұмыстары КПС-15, КСП- 25 сияқты арнайы қондырғыларда жүргізіледі. Картоп түйнегінің диаметрі 3-5 см аралығындағылар алынады. Сорттық тазалық жоғары өнім кепілі болып табылады. ТҮЙНЕКТЕРДІ КӨКТЕТУ. Картопты отырғызуға дайындаудың бірі - оны көктету. Көктетудің 2 түрі болады: жарықта және ылғалды ортады. Өркендер 0,5см аспауы керек. Одан артық өссе, картопотырғызғышпен отырғызған кезде зақымдалады. Өнгіштік 100 % болуды қамтамасыз ету керек. ТҮЙНЕКТЕРДІ ӨСІРГІШ ЗАТТАРМЕН ӨҢДЕП ОТЫРҒЫЗУ. Гиббериллиннің 0,002-0,006%-дық ерітіндісімен түйнекті отырғызардан 1 күн бұрын 2 сағат бойы ылғалдап бұқтырады. Тиомочевинамен өңдейді. 0,002% 2,4-Д-амин тұзы, 0,005% марганец қышқылды калий, 0,05% мыс купоросыме, бор қышқылы пайдаланылады. 100 литр суға – 4кг. суперфосфат+аммиак селитрасы+калий тұзы+0,4кг. Мыс купоросы+ 3кг. ТМТД препараты ерітіледі. Мұндай ерітіндіде дезинфекция қызметін атқаратды. 1т. Картопқа 60-70л. Ерітінді жұмсалады.
12 слайд
Картоп отырғызу.
Ерте 10-12см. Топырақ
тереңдігіне 6-7 ᵒ С жылу
жеткенде бастаған дұрыс.
Қатараралығы 65-80 см
аралығында болуы керек.
Диаметрі 35-55мм. Және 35-
50мм.түйнектерді топыраққа
бір-бірінен 38 см, ал 35-45мм. –
33 см. Қашықтықта
отырғызады.
Отырғызу мөлшері – 25-40
ц/га. ГФР-да шығарылатын
Крамер картопотырғышы
қолданылады
12 слайд
Картоп отырғызу. Ерте 10-12см. Топырақ тереңдігіне 6-7 ᵒ С жылу жеткенде бастаған дұрыс. Қатараралығы 65-80 см аралығында болуы керек. Диаметрі 35-55мм. Және 35- 50мм.түйнектерді топыраққа бір-бірінен 38 см, ал 35-45мм. – 33 см. Қашықтықта отырғызады. Отырғызу мөлшері – 25-40 ц/га. ГФР-да шығарылатын Крамер картопотырғышы қолданылады
13 слайд
Егістікті күтіп баптаудағы ерекшеліктер:
1. Қырқаларды қалыптастыру (түптеу, түбін көму)
2. Арамшөптерге қарсы күрес (Метазин, Паторан, Ситрин,
Топогард, Прометрин, Зенкор)
3. Аурулар мен колорад қоңызына қарсы күрес
4. Қырқаларды қалыптастыру (түптеу) 1-маусымнан басталып,
отырғызғаннан 2 аптадан соң, 11 шілдеге дейін орындалады;
АМАК отамалы фрезасының көмегімен жақсы қопсытылған
қабатына фрезаның қатараралыққа тереңдей енуінің нәтижесінде
топырақ жоғарғы қабатқа шығарылады, ал артындағы кожух
арқылы биіктігі 23см. Қырқа пайда болады; қырқаларды
қалыптастырғаннан кейін ешқандай түптеу жұмысы жүргізілмейді.
(дәстүрлі картоп өсіру технологиясында 9 ретке дейін өңдеудің
әсерінен топырақ қатты тығыздалып қалады).
Фитофторозға қарсы барлығы 5-6 рет өңдеу жүргізілуі керек. 1-
өңдеуді аурудың бірінші белгілері пайда болғанда ғана жүргізу
керек. Пайда болған ошақтарын Сумицин фунгицидымен алымы
24м. Себеко машинасымен бүркіледі .
Суару. 250-400 м³/га.
1. Картоп отырғызған соң егін көгінің тез пайда болуы үшін суарады
2. Гүл қауыздануының алдында (түйнектер пайда бола бастайды)
3. Гүлдену кезеңінде (гүлдері толық түсіп қалғаннан 10 күн өткенде)
4. Картопты жинауда 20 күн бұрын берген жөн .
13 слайд
Егістікті күтіп баптаудағы ерекшеліктер: 1. Қырқаларды қалыптастыру (түптеу, түбін көму) 2. Арамшөптерге қарсы күрес (Метазин, Паторан, Ситрин, Топогард, Прометрин, Зенкор) 3. Аурулар мен колорад қоңызына қарсы күрес 4. Қырқаларды қалыптастыру (түптеу) 1-маусымнан басталып, отырғызғаннан 2 аптадан соң, 11 шілдеге дейін орындалады; АМАК отамалы фрезасының көмегімен жақсы қопсытылған қабатына фрезаның қатараралыққа тереңдей енуінің нәтижесінде топырақ жоғарғы қабатқа шығарылады, ал артындағы кожух арқылы биіктігі 23см. Қырқа пайда болады; қырқаларды қалыптастырғаннан кейін ешқандай түптеу жұмысы жүргізілмейді. (дәстүрлі картоп өсіру технологиясында 9 ретке дейін өңдеудің әсерінен топырақ қатты тығыздалып қалады). Фитофторозға қарсы барлығы 5-6 рет өңдеу жүргізілуі керек. 1- өңдеуді аурудың бірінші белгілері пайда болғанда ғана жүргізу керек. Пайда болған ошақтарын Сумицин фунгицидымен алымы 24м. Себеко машинасымен бүркіледі . Суару. 250-400 м³/га. 1. Картоп отырғызған соң егін көгінің тез пайда болуы үшін суарады 2. Гүл қауыздануының алдында (түйнектер пайда бола бастайды) 3. Гүлдену кезеңінде (гүлдері толық түсіп қалғаннан 10 күн өткенде) 4. Картопты жинауда 20 күн бұрын берген жөн .
14 слайд
Голландтық технологиямен картоп жинау.
Егістікті АМАК немесе ККУ-2А комбаинымен
жиналады. Фреза-түптегіш қырқаларды
қалыптастырғанда қопсытылған топырақ
бетіне борпас топырақты үйгенде жинауға
дейін топырақ борпылдақ болады да
комбаин элеваторымен жеңіл еленеді.
Жинаудың 3 тәсілі белгілі:
1. Тасқынды (тікелей комбаинмен) жинау
тәсілі – топырақ қанағаттанарлық
деңгейде еленгенде (сепарацияланғанда)
және ылғалдылығы 12-23%-дан аспайтын
жеңіл және орташа механикалық
құрамды топырақтарды қолданылады.
2. Бөлектеп жинау тәсілі – ауыр және
ылғалды топырақтарды тікелей
комбаинмен жинау мүмкііндігі жоқ
болғанда қолданылады. (2 қатардан
дестетүзгіш құралымен дестеге
салынып ,кейін комбаинмен жинайды)
3. Құрама (құрастырылған) –екі кезеңмен
жиналады.
14 слайд
Голландтық технологиямен картоп жинау. Егістікті АМАК немесе ККУ-2А комбаинымен жиналады. Фреза-түптегіш қырқаларды қалыптастырғанда қопсытылған топырақ бетіне борпас топырақты үйгенде жинауға дейін топырақ борпылдақ болады да комбаин элеваторымен жеңіл еленеді. Жинаудың 3 тәсілі белгілі: 1. Тасқынды (тікелей комбаинмен) жинау тәсілі – топырақ қанағаттанарлық деңгейде еленгенде (сепарацияланғанда) және ылғалдылығы 12-23%-дан аспайтын жеңіл және орташа механикалық құрамды топырақтарды қолданылады. 2. Бөлектеп жинау тәсілі – ауыр және ылғалды топырақтарды тікелей комбаинмен жинау мүмкііндігі жоқ болғанда қолданылады. (2 қатардан дестетүзгіш құралымен дестеге салынып ,кейін комбаинмен жинайды) 3. Құрама (құрастырылған) –екі кезеңмен жиналады.
15 слайд
Қорытынды
Голландық технология топырақты тыңғылықты өңдеуді
қарастырады.
Барлық машиналар сенімді (жоғары ылғалдылықта жұмыс істей
алады).
Минералды тыңайтқыштардың жоғары мөлшері қолданылады,
алайда қоректік элементтермен теңдестірілген.
Крамер картопотырғызғышы түйнектерді биіктігі шамалы
қырқаларына біркелкі қашықтықта орналастырады.
Жақсы көктетілген вируссыз тұқымдық түйнектер
отырғызылады, мұның өзі вегетация кезеңін қысқартуға әсерін
тигізеді.
Амак комбаины түйнектерді шамалы шығынмен жинайды.
Өнімділік деңгейі 415/га. Және одан да жоғары болады.
15 слайд
Қорытынды Голландық технология топырақты тыңғылықты өңдеуді қарастырады. Барлық машиналар сенімді (жоғары ылғалдылықта жұмыс істей алады). Минералды тыңайтқыштардың жоғары мөлшері қолданылады, алайда қоректік элементтермен теңдестірілген. Крамер картопотырғызғышы түйнектерді биіктігі шамалы қырқаларына біркелкі қашықтықта орналастырады. Жақсы көктетілген вируссыз тұқымдық түйнектер отырғызылады, мұның өзі вегетация кезеңін қысқартуға әсерін тигізеді. Амак комбаины түйнектерді шамалы шығынмен жинайды. Өнімділік деңгейі 415/га. Және одан да жоғары болады.
16 слайд
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Әлдеков Н., Балғабаев Ә., Есіркепбаев Т., Ауыл шаруашылық
дақылдарының ерекшеліктері мен агротехникасы/
алматы,2013, 186-192.
2. Қ.К.Әрінов, Қ.М.Мұсынов, А.Қ.Арыстанғұлов., т.б.,Өсімдік
шаруашылығы, -Алматы:ЖШС РПБК Дәуір, 2011. 373-402.
3. Ә.Ә.Әуезов, Т.А.Атақұлов., Н.Ш.Сүлейменова, Қ.Ш.Жаңабаев.,
Егіншілік: Оқулық. – Алматы: ЖШС Сөздік – Словарь. 2005. –
316-318.
4. Пахомова, В. М. Устойчивость и защита растений при
оптимизации минерального питания / В. М. Пахомова. –
Казань: Меддок, 2008. – 212 с.
5. Source: http://agronomu.com/posts/uchimsya-vyraschivat-kartofel-po-
gollandskoy-tehnologii
6. © Agronomu.com
16 слайд
Пайдаланылған әдебиеттер 1. Әлдеков Н., Балғабаев Ә., Есіркепбаев Т., Ауыл шаруашылық дақылдарының ерекшеліктері мен агротехникасы/ алматы,2013, 186-192. 2. Қ.К.Әрінов, Қ.М.Мұсынов, А.Қ.Арыстанғұлов., т.б.,Өсімдік шаруашылығы, -Алматы:ЖШС РПБК Дәуір, 2011. 373-402. 3. Ә.Ә.Әуезов, Т.А.Атақұлов., Н.Ш.Сүлейменова, Қ.Ш.Жаңабаев., Егіншілік: Оқулық. – Алматы: ЖШС Сөздік – Словарь. 2005. – 316-318. 4. Пахомова, В. М. Устойчивость и защита растений при оптимизации минерального питания / В. М. Пахомова. – Казань: Меддок, 2008. – 212 с. 5. Source: http://agronomu.com/posts/uchimsya-vyraschivat-kartofel-po- gollandskoy-tehnologii 6. © Agronomu.com