Кеңестік кезеңде Қазақстандағы полиэтникалық қоғамның қалыптасуы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Кеңестік кезеңде Қазақстандағы
полиэтникалық қоғамның қалыптасуы
Оқу мақсаты:
11.2.1.3 Қазақстанның этникалық құрамының өзгеру үрдісін түсіндіру
үшін "депортация", "арнайы қоныс аударылғандар", "полиэтникалық
қоғам", "ұлттық саясат", "интернационализм" ұғымдарын
пайдалану;
11.2.1.2 Қазақстанда халықтың этникалық құрамының өзгеру
кезеңдерін зерттеу;
11.2.1.4 Кеңестік кезеңде Қазақстан этностарының өзара мәдени
әсерлесу ерекшеліктерін түсіндіру
1 слайд
Кеңестік кезеңде Қазақстандағы полиэтникалық қоғамның қалыптасуы Оқу мақсаты: 11.2.1.3 Қазақстанның этникалық құрамының өзгеру үрдісін түсіндіру үшін "депортация", "арнайы қоныс аударылғандар", "полиэтникалық қоғам", "ұлттық саясат", "интернационализм" ұғымдарын пайдалану; 11.2.1.2 Қазақстанда халықтың этникалық құрамының өзгеру кезеңдерін зерттеу; 11.2.1.4 Кеңестік кезеңде Қазақстан этностарының өзара мәдени әсерлесу ерекшеліктерін түсіндіру
2 слайд
Тірек сөздер:
Ұлттық саясат – бір мемлекетте тұратын әртүрлі этностардың,
этникалық топтар мен диаспоралардың арасындағы қарым-
қатынастарды реттеу.
Полиэтникалық қоғам – бірнеше этникалық және ұлттық топ-
тардан, диаспоралардан тұратын қоғам.
Депортация (лат. – қуу) – 1920–1940 жылдардағы жаппай қуғын-
сүргін кезеңінде КСРО-ның бірқатар халықтарын тарихи
мекендеген жерлерінен қуу. Депортация ауыр қылмыстардың
қатарына жатады.
2 слайд
Тірек сөздер: Ұлттық саясат – бір мемлекетте тұратын әртүрлі этностардың, этникалық топтар мен диаспоралардың арасындағы қарым- қатынастарды реттеу. Полиэтникалық қоғам – бірнеше этникалық және ұлттық топ- тардан, диаспоралардан тұратын қоғам. Депортация (лат. – қуу) – 1920–1940 жылдардағы жаппай қуғын- сүргін кезеңінде КСРО-ның бірқатар халықтарын тарихи мекендеген жерлерінен қуу. Депортация ауыр қылмыстардың қатарына жатады.
3 слайд
Халық санағының қорытындысы
4 миллионнан
астам халық
1897 жыл 1917 жыл
6 миллионнан
астам халық
3 слайд
Халық санағының қорытындысы 4 миллионнан астам халық 1897 жыл 1917 жыл 6 миллионнан астам халық
4 слайд
1918 жылғы кеңестердің Бүкілтүркістандық V съезінде «Түркістан Автономиялық Кеңестік Социалистік
Республикасы» туралы ереже бекітілді.
Қазақтардың басым бөлігі ТАКСР-інің Сырдария және Жетісу облыстарында шоғырланды.
1924 жылы Орта Азиядағы ұлттық-мемлекеттік межелеуге байланысты ТАКСР-і таратылды.
Сол жылдың қазан айында Түркістан АКСР-інің құрамындағы қазақтар мекендеген жерлердің (Сырдария
мен Жетісу) Қазақ АКСР-іне қосылғандығы туралы қаулы бекітілді.
4 слайд
1918 жылғы кеңестердің Бүкілтүркістандық V съезінде «Түркістан Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы» туралы ереже бекітілді. Қазақтардың басым бөлігі ТАКСР-інің Сырдария және Жетісу облыстарында шоғырланды. 1924 жылы Орта Азиядағы ұлттық-мемлекеттік межелеуге байланысты ТАКСР-і таратылды. Сол жылдың қазан айында Түркістан АКСР-інің құрамындағы қазақтар мекендеген жерлердің (Сырдария мен Жетісу) Қазақ АКСР-іне қосылғандығы туралы қаулы бекітілді.
5 слайд
1920 жылы тамызда Қазақ (Қырғыз – авт.) АКСР-і құрылды.
Астанасы – Орынбор
Қазақ АКСР-і құрамына кірген облыстар
Семей Ақмола Торғай Орал
губерниясы
Маңғышлақ
уезі
Каспий
сырты
облысы
Красноводс
к уезі
Астрахань
губерниясы
(Бөкей Ордасының
бір бөлігі)
Орынбор
губерниясының
бір бөлігі 1920 ж
қыркүйекте
қосылды.
5 слайд
1920 жылы тамызда Қазақ (Қырғыз – авт.) АКСР-і құрылды. Астанасы – Орынбор Қазақ АКСР-і құрамына кірген облыстар Семей Ақмола Торғай Орал губерниясы Маңғышлақ уезі Каспий сырты облысы Красноводс к уезі Астрахань губерниясы (Бөкей Ордасының бір бөлігі) Орынбор губерниясының бір бөлігі 1920 ж қыркүйекте қосылды.
6 слайд
1. ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы Қазақстан
халқы
Азамат соғысы аяқталысымен алғашқы кеңестік санақ жүргізілді.
Аталған шараның нәтижесі бойынша ол кезде автономия аумағында 3 млн-
ға жуық адам өмір сүрген.
Олардың 91%-ы ауылдық жерде мекендеді.
Қалғаны – қалалар мен қалалық елді мекендерде тұрақтаған.
«Ақтар» мен «қызылдар» қарсыластығы елде әлі де кейбір ошақтарда
басылмағандықтан, бұл санақ Қазақстанның барлық аймағын
қамтымады.
Басқа ұлт өкілдері санының көбеюіне байланысты халық құрамы елеулі
өзгерістерге ұшырады.
Ұлттық саясатта интернационализм ұғымы орнықты.
6 слайд
1. ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы Қазақстан халқы Азамат соғысы аяқталысымен алғашқы кеңестік санақ жүргізілді. Аталған шараның нәтижесі бойынша ол кезде автономия аумағында 3 млн- ға жуық адам өмір сүрген. Олардың 91%-ы ауылдық жерде мекендеді. Қалғаны – қалалар мен қалалық елді мекендерде тұрақтаған. «Ақтар» мен «қызылдар» қарсыластығы елде әлі де кейбір ошақтарда басылмағандықтан, бұл санақ Қазақстанның барлық аймағын қамтымады. Басқа ұлт өкілдері санының көбеюіне байланысты халық құрамы елеулі өзгерістерге ұшырады. Ұлттық саясатта интернационализм ұғымы орнықты.
7 слайд
Қазақ халқының аумақтық бірігуі мемлекеттілікті
нығайтып, республиканың экономикалық және мәдени
дамуы үшін маңызы зор болды.
1925 жылы сәуірде Орынбор губерниясы Қазақ
автономиясы құрамынан шығарылды.
Республика астанасын Орынбор қаласынан Ақмешіт
қаласына көшіру және Ақмешітке Қызылорда атауын
беру туралы қаулы қабылданды.
7 слайд
Қазақ халқының аумақтық бірігуі мемлекеттілікті нығайтып, республиканың экономикалық және мәдени дамуы үшін маңызы зор болды. 1925 жылы сәуірде Орынбор губерниясы Қазақ автономиясы құрамынан шығарылды. Республика астанасын Орынбор қаласынан Ақмешіт қаласына көшіру және Ақмешітке Қызылорда атауын беру туралы қаулы қабылданды.
8 слайд
Халық санағының қорытындысы
Халық саны -
6,2 млн
/86 ұлт пен ұлттық
топтар өмір сүрді/
1926 жыл
Ұлттық құрамы
Қазақтар – 58,5%,
орыстар – 20,6%,
украин – 13,9%
8 слайд
Халық санағының қорытындысы Халық саны - 6,2 млн /86 ұлт пен ұлттық топтар өмір сүрді/ 1926 жыл Ұлттық құрамы Қазақтар – 58,5%, орыстар – 20,6%, украин – 13,9%
9 слайд
Халықтың орналасуы
Қазақтар негізінде Сырдария, Орал, Ақтөбе және
Жетісу губернияларында тұрды.
Орыстар Ақмола және Семей губернияларында
шоғырланды.
Қостанай округі мен Ақмола губернияларында
украиндардың үлкен топтары орналасты.
9 слайд
Халықтың орналасуы Қазақтар негізінде Сырдария, Орал, Ақтөбе және Жетісу губернияларында тұрды. Орыстар Ақмола және Семей губернияларында шоғырланды. Қостанай округі мен Ақмола губернияларында украиндардың үлкен топтары орналасты.
10 слайд
3. 1937 және 1939 жылғы халық санақтары
бойынша Қазақстан халқының саны мен ұлттық
құрамы
1928 жылы байларды тәркілеу, саяси қуғын-
сүргін, 30-жылдардағы жаппай етек алған
ашаршылық жалпы халық санының әсіресе
қазақтардың кемуіне жеткізді.
Ашаршылық кезінде республика 2 миллионға
жуық жергілікті тұрғындарынан айырылды.
10 слайд
3. 1937 және 1939 жылғы халық санақтары бойынша Қазақстан халқының саны мен ұлттық құрамы 1928 жылы байларды тәркілеу, саяси қуғын- сүргін, 30-жылдардағы жаппай етек алған ашаршылық жалпы халық санының әсіресе қазақтардың кемуіне жеткізді. Ашаршылық кезінде республика 2 миллионға жуық жергілікті тұрғындарынан айырылды.
11 слайд
Халық санағының қорытындысы
Халық саны -
5,1 млн
1937 жыл
Ұлттық құрамы
қазақтар – 42,6%,
орыстар – 37,4%,
украиндар –
10,7%
11 слайд
Халық санағының қорытындысы Халық саны - 5,1 млн 1937 жыл Ұлттық құрамы қазақтар – 42,6%, орыстар – 37,4%, украиндар – 10,7%
12 слайд
Халық санағының қорытындысы
Барлығы 2,3 млн
қазақ бар екендігі
анықталды.
1939 жыл
Ұлттық құрамы
Ұлттық
құрамындағы
қазақтардың үлесі
37,8%-ға азайды.
Ал, жалпы
халықтың үлес
салмағының 40%-
ын орыстар құрады.
12 слайд
Халық санағының қорытындысы Барлығы 2,3 млн қазақ бар екендігі анықталды. 1939 жыл Ұлттық құрамы Ұлттық құрамындағы қазақтардың үлесі 37,8%-ға азайды. Ал, жалпы халықтың үлес салмағының 40%- ын орыстар құрады.
13 слайд
Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы
халықтар депортациясы
ХХ ғасырдың 30–40-жылдары КСРО басшылығы жеке халықтарды
республика аймағына депортациялау, күштеп жер аударуды жүзеге асырды.
1936 жылы «арнайы қоныс аударылғандар» деп аталғандардың саны 360 мың
адамға жетті.
1936 жылы Қазақстанға Украинаның батыс аудандарынан 15 мың поляк және
неміс отбасылары жер аударылды.
1937 жылы Қиыр Шығыстан корей халқы да жаппай күштеп қоныс
аударылды.
Түркия мен Иран шегараларына жақын орналасқан аз ұлттарға сенімсіздік
күшейе түсті.
1937–1938 жылдары Кавказдан шегара аймақтарында тұратын күрд,
ирандықтар мен түріктер «сенімсіз халықтар» деген желеумен көшірілді.
13 слайд
Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы халықтар депортациясы ХХ ғасырдың 30–40-жылдары КСРО басшылығы жеке халықтарды республика аймағына депортациялау, күштеп жер аударуды жүзеге асырды. 1936 жылы «арнайы қоныс аударылғандар» деп аталғандардың саны 360 мың адамға жетті. 1936 жылы Қазақстанға Украинаның батыс аудандарынан 15 мың поляк және неміс отбасылары жер аударылды. 1937 жылы Қиыр Шығыстан корей халқы да жаппай күштеп қоныс аударылды. Түркия мен Иран шегараларына жақын орналасқан аз ұлттарға сенімсіздік күшейе түсті. 1937–1938 жылдары Кавказдан шегара аймақтарында тұратын күрд, ирандықтар мен түріктер «сенімсіз халықтар» деген желеумен көшірілді.
14 слайд
Соғыс жылдарындағы кеңес өкіметінің
депортациялық саясаты
Ұлы Отан соғысы қарсаңында Қазақстанның этнодемографиялық
жағдайы үлкен өзгерістерге ұшырады.
Жалпы соғыс жылдары алпыстан астам ұлт өкілдері күштеп қоныс
аударылды.
1939 жылғы санақ бойынша Қазақстанда 92 мың неміс ұлтының өкілдері
тіркелсе, соғыс жылдары 462 мың неміс күштеп көшіруге жоспарланды.
1941 жылдың аяғына дейін Қазақстанға 420 мың неміс жер аударылды.
Оның ішінде 30 мың неміс ұлты – Алматы облысына, 60 мың – Ақмола
облысына, 30 мың – Қарағанды облысына, 40 мың – Қостанай облысына,
50 мың адам – Солтүстік Қазақстанға қоныстандырылды.
14 слайд
Соғыс жылдарындағы кеңес өкіметінің депортациялық саясаты Ұлы Отан соғысы қарсаңында Қазақстанның этнодемографиялық жағдайы үлкен өзгерістерге ұшырады. Жалпы соғыс жылдары алпыстан астам ұлт өкілдері күштеп қоныс аударылды. 1939 жылғы санақ бойынша Қазақстанда 92 мың неміс ұлтының өкілдері тіркелсе, соғыс жылдары 462 мың неміс күштеп көшіруге жоспарланды. 1941 жылдың аяғына дейін Қазақстанға 420 мың неміс жер аударылды. Оның ішінде 30 мың неміс ұлты – Алматы облысына, 60 мың – Ақмола облысына, 30 мың – Қарағанды облысына, 40 мың – Қостанай облысына, 50 мың адам – Солтүстік Қазақстанға қоныстандырылды.
15 слайд
Қазақстан аумағына күштеп қоныс
аударылғандар
15 слайд
Қазақстан аумағына күштеп қоныс аударылғандар
16 слайд
Қазақстан аумағына күштеп қоныс
аударылғандар
16 слайд
Қазақстан аумағына күштеп қоныс аударылғандар
17 слайд
Герольд Бельгер
Белгілі жазушы.
Солтүстік
Қазақстандағы Есіл
өзені жағасында
орналасқан шағын
ауылға көшірілген
неміс отбасында
өсті.
17 слайд
Герольд Бельгер Белгілі жазушы. Солтүстік Қазақстандағы Есіл өзені жағасында орналасқан шағын ауылға көшірілген неміс отбасында өсті.
18 слайд
1943 жылы қазанда Қарашай автономиялық облысы таратылып, қарашайлар күштеп
көшіріле бастады. Облыстан 14 774 отбасы, жалпы 70 мыңдай адам депортацияланды.
1943 жылы Еділ қалмақтары елдің шығыс, солтүстік аудандарына және Оралға жер
аударылды. Жалпы 100 мыңға жуық адам көшіріліп, оның 648 отбасы немесе 2 268
адамы Қызылорда облысына қоныстандырылды.
1944 жылы қаңтарда Мемлекеттік қорғаныс комитеті қаулысымен Қазақ КСР-і және
Қырғыз КСР-і жеріне шешен және ингуш халықтарын көшіру туралы шешім
қабылданды. Аталған халықтарды көшіру 1944 жылы ақпанда басталды.
Шешен-Ингуш АКСР-і таратылды. Архив құжаттары бойынша 1945 жылы қазан
айында республикаға 400 мыңнан астам адам, жалпы 90 мыңдай отбасы көшірілді.
Мемлекеттік қорғаныс комитетінің 1944 жылы қаулысымен Қазақстанға балқар,
месхетиялық түріктер, күрдтер қоныстандырылды.
1946 жылы Кеңес одағы бойынша қоныс аударылғандардың жалпы саны 2 463 940
адам, оның жартысы (1 миллион 200 мың адам) Қазақстанға көшірілді.
18 слайд
1943 жылы қазанда Қарашай автономиялық облысы таратылып, қарашайлар күштеп көшіріле бастады. Облыстан 14 774 отбасы, жалпы 70 мыңдай адам депортацияланды. 1943 жылы Еділ қалмақтары елдің шығыс, солтүстік аудандарына және Оралға жер аударылды. Жалпы 100 мыңға жуық адам көшіріліп, оның 648 отбасы немесе 2 268 адамы Қызылорда облысына қоныстандырылды. 1944 жылы қаңтарда Мемлекеттік қорғаныс комитеті қаулысымен Қазақ КСР-і және Қырғыз КСР-і жеріне шешен және ингуш халықтарын көшіру туралы шешім қабылданды. Аталған халықтарды көшіру 1944 жылы ақпанда басталды. Шешен-Ингуш АКСР-і таратылды. Архив құжаттары бойынша 1945 жылы қазан айында республикаға 400 мыңнан астам адам, жалпы 90 мыңдай отбасы көшірілді. Мемлекеттік қорғаныс комитетінің 1944 жылы қаулысымен Қазақстанға балқар, месхетиялық түріктер, күрдтер қоныстандырылды. 1946 жылы Кеңес одағы бойынша қоныс аударылғандардың жалпы саны 2 463 940 адам, оның жартысы (1 миллион 200 мың адам) Қазақстанға көшірілді.
19 слайд
Қазақстанға депортацияланған халықтың
жалпы жағдайы
Депортацияланған ұлт өкілдеріне өздерімен бірге 200 кг жүктен артық алмау ескертілді.
Өз жерінде қалған үй-жайын, мал-мүлкін жергілікті билік органдарына өткізіп, жаңа жерде
сол үшін өтемақы алуға тиісті еді.
Бірақ іс жүзінде тиісті көмек көрсетілмеді.
Көшірілген халықтардың материалдық-тұрмыстық жағдайы өте ауыр болды, қаржы
жетіспеді.
Олардың материалдық мұқтажына байланысты мәселелер толық шешімін тапқан жоқ.
Жергілікті өкімет билік органдары жер аударылғандарға қаражат пен азық-түлікті дұрыс
бөлмеді.
Суықтан, аштықтан, аурудан көптеген адам қырылды.
1944–1948 жылдар аралығында 101036 шешен, ингуш, балқар ұлт өкілдері қаза тапты.
Келген 462 мың неміс ұлт өкілдерінен соғыс аяқталған кезде 330 мың адам қалды.
Кеңес өкіметінің ұлтаралық озбырлық саясатына қарсы наразылық өрши түсті.
19 слайд
Қазақстанға депортацияланған халықтың жалпы жағдайы Депортацияланған ұлт өкілдеріне өздерімен бірге 200 кг жүктен артық алмау ескертілді. Өз жерінде қалған үй-жайын, мал-мүлкін жергілікті билік органдарына өткізіп, жаңа жерде сол үшін өтемақы алуға тиісті еді. Бірақ іс жүзінде тиісті көмек көрсетілмеді. Көшірілген халықтардың материалдық-тұрмыстық жағдайы өте ауыр болды, қаржы жетіспеді. Олардың материалдық мұқтажына байланысты мәселелер толық шешімін тапқан жоқ. Жергілікті өкімет билік органдары жер аударылғандарға қаражат пен азық-түлікті дұрыс бөлмеді. Суықтан, аштықтан, аурудан көптеген адам қырылды. 1944–1948 жылдар аралығында 101036 шешен, ингуш, балқар ұлт өкілдері қаза тапты. Келген 462 мың неміс ұлт өкілдерінен соғыс аяқталған кезде 330 мың адам қалды. Кеңес өкіметінің ұлтаралық озбырлық саясатына қарсы наразылық өрши түсті.
20 слайд
Қорытынды
ХХ ғасырдың 30–40-жылдары кеңестік биліктің
қысымымен Қазақстанға қоныс аударылғандар мен
жергілікті тұрғындар арасында мәдени тұрғыда қарым-
қатынас орнықты.
Қоныс аударғандар қазақ тілін меңгерді, қазақ
халқының салт-дәстүрлерімен танысып, ұлттық тағам
мен киім кию салтын да қабылдай бастады.
Өз кезегінде жергілікті қазақтар жаңадан көшіп
келгендердің музыкасы, тағам мәзірі, бау-бақша өсіру
тәсілдерін меңгерді.
20 слайд
Қорытынды ХХ ғасырдың 30–40-жылдары кеңестік биліктің қысымымен Қазақстанға қоныс аударылғандар мен жергілікті тұрғындар арасында мәдени тұрғыда қарым- қатынас орнықты. Қоныс аударғандар қазақ тілін меңгерді, қазақ халқының салт-дәстүрлерімен танысып, ұлттық тағам мен киім кию салтын да қабылдай бастады. Өз кезегінде жергілікті қазақтар жаңадан көшіп келгендердің музыкасы, тағам мәзірі, бау-бақша өсіру тәсілдерін меңгерді.
21 слайд
21 слайд
22 слайд
1-тапсырма.
«Ұлттық саясат», «полиэтникалық қоғам», «Депортация»
ұғымдарына анықтама беріңіз!
2-тапсырма.
22 слайд
1-тапсырма. «Ұлттық саясат», «полиэтникалық қоғам», «Депортация» ұғымдарына анықтама беріңіз! 2-тапсырма.