Материалдар / Ландшафтану классификациясы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ландшафтану классификациясы

Материал туралы қысқаша түсінік
География пәні мұғалімдерінің студенттеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Наурыз 2021
787
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі
ОСӨЖ 10-апта Ландшафтану Тақырыбы : Адамдардың табиғатқа әсері. Әсердің өсу деңгейі. Әмешов А Г-203

1 слайд

Адамзат пен оны қоршаған табиғи орта арасындағы байланыс туралы мәселе географияда үнемі қарастырылып келеді. Антикалық кезеңні

2 слайд
Адамзат пен оны қоршаған табиғи орта арасындағы байланыс туралы мәселе географияда үнемі қарастырылып келеді. Антикалық кезеңнің ірі географтары адамзат қоғамы және адамдардың шаруашылық қызметі көп жағдайда аумақтық климаттық ерекшеліктеріне байланысты екендіктерін айтқан болатын. Қайта өрлеу дәуірінде бұл идеялар одан әрі дамыды. Француз ғалымы Ж. Боден Жер бетіндегі халықтар ерекшелі гінің климат, жер бедері, топырақ құнарлылығы сияқты факторларға байланыстылығына талдау жасаған болатын.

Табиғат пен адам арасындағы байланыс туралы орыс ғалымдарының географиялық зерттеулерінің ішінде В.В. Докучаевтің, А.И. Войейко

3 слайд
Табиғат пен адам арасындағы байланыс туралы орыс ғалымдарының географиялық зерттеулерінің ішінде В.В. Докучаевтің, А.И. Войейковтың еңбектерін атап көрсетуге болады. Олардың ғылыми жұмыс тарында топырақтың, климаттың, жер бедері мен өсімдік жамылғысының адамзат қызметінің нәтижесінде өзгеріске түсуіне терең талдаулар жасалған. 1915 жылы Л.С. Берг “Географияның пәні мен міндеттері” еңбегінде тек адам аяғы баспаған ландшафттарды ғана табиғи ландшафттар деп атауға болады деді. 30 жылдарда географияда “мәдени ландшафт” ұғымы кең тарады.

Мәдени ландшафт идеялары О. Шлютердің, Л.Г. Раменскийдің еңбектерінде қарастырылады. Л.Г. Раменскийдің “Жерді кешенді топырақ

4 слайд
Мәдени ландшафт идеялары О. Шлютердің, Л.Г. Раменскийдің еңбектерінде қарастырылады. Л.Г. Раменскийдің “Жерді кешенді топырақ – ботаникалық зерттеуге кіріспе” атты еңбегі антропогендік ландшафт морфологиясы туралы тұңғыш еңбек болды. Антропогендік ландшафттарға тұңғыш классификация жасаған В.Л. Ко тельников (1950), Д.В. Богданов 1951 ж. ландшафттарды ежелгі, аздап өзгерген және мәдени ландшафттар деп бөлді. Антропогендік ландшафттар классифика циясымен айналысқан ғалымдар – С.В. Калесник (1955), К.Г. Раман (1958) және В.С. Жекулин (1961).

А.Г. Исаченко (Ландшафттану негіздер және физикалық-географиялық аудандастыру, 1965) шаруашылық қызметінің әсер ету деңгейіне б

5 слайд
А.Г. Исаченко (Ландшафттану негіздер және физикалық-географиялық аудандастыру, 1965) шаруашылық қызметінің әсер ету деңгейіне байланысты ландшафттарды өзгерген және шартты өзгермеген ланд шафттар деп бөлді. Өзгерген ландшафттар мынандай түрлерге бөлінеді: 1. Әлсіз өзгерген – адамның шаруашылық қызметі жекелеген компо ненттеріне әсер еткенімен, негізгі табиғи байланыстары бұзылмаған. 2. Бұзылған (қатты өзгерген) – ұзақ уақыт шаруашылықта пайдаланылып, кешендік құрылымы бұзылған, эрозия, дефляция, батпақтану, тұздану, ластану сияқты негативті үрдістер байқалған ландшафттар. 3. Қайта жаңарған – табиғи байланыстары қоғам қажеттілігіне байланысты ғылыми негізде мақсатты түрде өзгерген, мәдени ландшафттар.

1980 ж. жарық көрген “Табиғи ортаны жақсарту” атты ғылыми еңбегінде А.Г. Исаченко мәдени ландшафттың мәні, оны ұйымдастыру мен

6 слайд
1980 ж. жарық көрген “Табиғи ортаны жақсарту” атты ғылыми еңбегінде А.Г. Исаченко мәдени ландшафттың мәні, оны ұйымдастыру мен басқарудың принциптері туралы идеяларды нақты қарастырды.Аталған жұмыстар 70-жылдарда қазіргі ландшафттанудың жаңа бағыты – антропогендік ландшафттану дамыды.Антропогендік ландшафттану ғылымын дамытуда көп еңбек сіңірген Ф.И. Мильков. Ол бұл мәселе бойынша көптеген еңбектер жазды, табиғи-антропогендік үйлесімділік принципін ұсынып ұсынып, антропогендік ландшафттар классификациясын жасады.

Табиғи негізде қалыптасқан антропогендік ландшафттар даму барысында табиғи заңдылықтарға бағынады. Ф.Н. Мильковтың көзқарасы б

7 слайд
Табиғи негізде қалыптасқан антропогендік ландшафттар даму барысында табиғи заңдылықтарға бағынады. Ф.Н. Мильковтың көзқарасы бойынша антропогендік ландшафттар табиғи территориялық кешендердің генетикалық қатарларының біріне жатады, сондықтан оларды ландшафттануда қолданылатын әдіс- тәсілдермен зерттеу қажет. Антропогендік ландшафттарды зерттеу мен картаға түсіруде оларды классификациялау маңызды орын алады. Ф.Н. Мильковтың классификациясында антропогендік ландшафттар:

1. Мазмұны бойынша: ауыл шаруашылық. өндірістік, су, орман, селитебті, беллигеративті (соғыс кезінде пайда болған), жол ландша

8 слайд
1. Мазмұны бойынша: ауыл шаруашылық. өндірістік, су, орман, селитебті, беллигеративті (соғыс кезінде пайда болған), жол ландшафттары; 2. Генезисі бойынша: техногендік, егістік, пирогендік, жайылымдық-дигрессиялық, рекреациялық-дигрессиялық ландшафттар; Бұл екі негізгі классификациядан басқа Ф.Н. Мильков қосымша клас сификация ұсынды. 3. Адамның табиғатқа әсер ету қөлеміне байланысты: – адамзат жаңадан жасаған антропогендік неоландшафттар (қорғандар, бөгендер, карьерлер); – өзгерген антропогендік ландшафттар (емен тоғайының орнындағы қайыңды орман т.б.).

4. Пайда болуының мақсатты бағыты бойынша: – мақсатты шаруашылық қызметінің нәтижесінде пайда болған ландшафт тар (егістікті

9 слайд
4. Пайда болуының мақсатты бағыты бойынша: – мақсатты шаруашылық қызметінің нәтижесінде пайда болған ландшафт тар (егістікті қорғайтын орман жолақтары, бөгендер, су қоймалары); – адамның шаруашылық қызметінің әсерінен белсендігі артқан табиғи процестердің нәтижесінде пайда болған ландшафттар (жыртылған егістіктегі жыралар, су қоймасының маңындағы батпақтар). 5. Өмір сүру ұзақтығы мен өзін өзі реттеу дәрежесі бойынша антропогендік ландшафттар: – ұзақ мерзімдік, өзін-өзі реттейтін (қорғандар, үйінділер); – көпжылдық, жартылай реттелетін (орман көшеттері, су қоймалары); – қысқа мерзімдік, реттелетін (егістік жердері, бақтар) болып бөлінеді.

6. Шаруашылық маңызы, бонитеті бойынша: – мәдени немесе конструктивтік (егістікті қорғайтын ағаштар жолағы, бақтар); – акульту

10 слайд
6. Шаруашылық маңызы, бонитеті бойынша: – мәдени немесе конструктивтік (егістікті қорғайтын ағаштар жолағы, бақтар); – акультуралық-антропогендік бедленд, пайдалануға жарамсыз жерлер болып бөлінеді. Ф.Н. Мильков шаруашылық бағыты бойынша антропогендік ланд шафттарды кластарға бөлуді ұсынады (ауыл шаруашылық, өндіріс, орман ландшафттары). Ал олардың ішінде шаруашылық іс әрекетіне байланысты подкластар бөлінеді. Мысалы, ландшафттардың ауыл шаруашылық класы егістік, шалғындық-жайылымдық, бақшалық болып, өндіріс ландшафттары – карьерлік-үйінділер, рекультивацияланған ландшафттар подкласына бөлінеді.

Антропогендік ландшафттарды зерттеу планетамыздағы табиғи ресурстық әлеуеттің өзгеру масштабына баға беруге, қоршаған ортаның

11 слайд
Антропогендік ландшафттарды зерттеу планетамыздағы табиғи ресурстық әлеуеттің өзгеру масштабына баға беруге, қоршаған ортаның дамуы мен динамикасына болжам жасауға, табиғатты пайдаланудың жағымсыз әсерінің алдын алуға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасында антропогендік ландшафттарды зерттеумен А.В. Чигаркин, Г.В. Гельдыева, Г.М. Джаналиева, М.К. Назарчук, Т.И. Буд никова, А.А. Өтеев т.б. ғалымдар айналысты.

Дереккөздер : Г.Б. ЗАБЕНОВА ЛАНДШАФТТАНУ Оқу құралы нан.

12 слайд