Материалдар / Мәнгілік - адамгершілік құндылық
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мәнгілік - адамгершілік құндылық

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар бойына адамгершілікті, имандылықты, кішіпейілділікті, жан дүниесін байытуға үйрету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Желтоқсан 2018
289
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: МӘҢГІЛІК – АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚ.

1 слайд
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: МӘҢГІЛІК – АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚ.

Сабақтың мақсаты: кішіпейілділік, тазалық, әдептілік, көмек беру, достық, жақсылық, ар-ұят, қызмет ету, имандылық, ин

2 слайд
Сабақтың мақсаты: кішіпейілділік, тазалық, әдептілік, көмек беру, достық, жақсылық, ар-ұят, қызмет ету, имандылық, инабаттылық,жан дүниесін байытуға, елін, жерін сүю адамгершіліктің басты ұстанымдары екенін ұғындыра отырып балалардың бойына адамгершілікті сіңіру. Көрнекіліктер: нақыл сөздер, бейнеролик, презентация (слайд)

Барысы: I. Таныстыру. II.Жағдаяттар шешу. III.Ескірмейтін есті сөз. IV.Бейнеролик. V.Көрініс. VI.Ма

3 слайд
Барысы: I. Таныстыру. II.Жағдаяттар шешу. III.Ескірмейтін есті сөз. IV.Бейнеролик. V.Көрініс. VI.Мақал-мәтел жарысы. VII. «Жақсылыққа жақсылық жалғастыр». VIII. Жаңа ақпарат.

- Армысыздар , құрметті ұстаздар, балалар! «Мәңгілік – адамгершілік құндылық» атты тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер.

4 слайд
- Армысыздар , құрметті ұстаздар, балалар! «Мәңгілік – адамгершілік құндылық» атты тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер. «Өзін ғана ойлаған – Жамандықтың белгісі. Өзгені де ойлаған – Адамдықтың белгісі» деген ұлағатты жолдардың терең түсінігі бар. Адам баласына адамдықтың белгісі адамгершіліктен қалыптасады. Адамгершілік деп адам бойындағы асыл қасиеттерді айтамыз. Асыл қасиеттерге еңбексүйгіштік, достық, әдептілік, көмек беру, қоғамға адал қызмет ету, инабаттылық, имандылық, елін, жерін сүю, кішіпейілділікті айтуға болады. Адам бойында осы қасиеттер жоғары тұрса, ол адамның адамгершілігі мол мәңгілік құндылыққа ие деуге болады.

Ал, балалар екі топқа бөлінейік. I- топ. “Жақсылық” Жамандыққа бармайтын, Биіктерге самғайтын. “ Жақсылық” болып топ құрып, Сайы

5 слайд
Ал, балалар екі топқа бөлінейік. I- топ. “Жақсылық” Жамандыққа бармайтын, Биіктерге самғайтын. “ Жақсылық” болып топ құрып, Сайысқа шықтық біз дайын.   II- топ. “Мейірім” Тобымыздың аты “Мейірім” Кегеніміз жоқ жай бірақ. Адамгершілікті қорғауға, Шықтық біз де топ құрып.

II-бөлім. Сіздерге өмірде кездесетін әртүрлі жағдаяттар беріледі. Әрқайсыларың осы жағдайда қандай шешім қабылдайтындарыңды

6 слайд
II-бөлім. Сіздерге өмірде кездесетін әртүрлі жағдаяттар беріледі. Әрқайсыларың осы жағдайда қандай шешім қабылдайтындарыңды білетін боламыз. «Жақсылық» тобына 1. Сыныпқа кірсең, сенің сыныптасың біреудің сөмкесін ақтарып жатыр. Сен не істейсің? 2. Көршіміздің бір баласы бар. Өзі өтірікші, көзбе-көз өтірік айта қояды. Менімен күнде ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба? 3. Сыныптас досың үй тапсырмасының орындалмау себебін өтірік айтып мұғалімді алдады. Сенің әрекетің. «Мейірім» тобына 1. Партада сенімен бірге бір бала отырады. Ойнап-ойнап, тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Сабақты дәптеріңнен көшіріп алады. Егер сен көшіруге бермей қойсаң, «Сен сараңсың, аяншақсың» дейді. Сен не істер едің? 2. Жан досың екеуің теледидар көріп отырсыңдар. Болып жатқан бағдарлама саған ұнамайды. Сенің басқа арнада болып жатқан киноны көргің келеді. Не істер едің? 3. Сен достарыңмен жарысып келе жатырсың. Жолдың щетінде бір п қарияның тұрғанын көрдің. Егер жол берсең, жолдастарыңнан қалып қоясың, жарыстың аты – жарыс. Сен қайтер едің?

Адамгершілік қасиеттердостық мейірімділік шыншылдық адалдықақкөңілдік имандылық көмек беру әдептілікбауырмалдық саналылық

7 слайд
Адамгершілік қасиеттердостық мейірімділік шыншылдық адалдықақкөңілдік имандылық көмек беру әдептілікбауырмалдық саналылық

III – бөлім. Ескірмейтін есті сөз. Екі топ кезекпен нақыл сөздерді айтады. «Адамгершілік кімде болса, соны ер деп есепте».

8 слайд
III – бөлім. Ескірмейтін есті сөз. Екі топ кезекпен нақыл сөздерді айтады. «Адамгершілік кімде болса, соны ер деп есепте». Ахмед Югники. «Біреудің жақсы ісін көрсең, оны ардақтай біл, кінәліні кешіре біл...Өзіңе де, өзгеге де жақсылық тіле...» Ахмед Югники. «Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі». Мұхтар Әуезов «Жақсылық пен игілікке алыс – жақын жоқ». Мұхтар Әуезов «Жақсының өзі – кіші, бойы – биік». Жамбыл Жабаев «Адамның ішкі сезімінің айнасы – көз». Сабит Мұқанов «Жақсының аты өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді». Бұқар жырау «Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақ та, бақыт та қонбайды». Жүсіп Баласағұни «Арлы мен арсыздың кім екені істеген ісінен ғана емес, пікір – пиғылынан да көрінеді». Демокрит «Адамдағы ынсап, әділет, мейірім – үшеуін қосып айтқанда ұждан деген ұғым шығады». Шәкәрім Құдайбердиев   Адамгершілік – адамның ішкі рухани байлығы. «Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата-ана, жақсы құрбы, ұстаздан болады». Абай «Жақсылық істеуден жалықпа, Істеген жақсылығыңа өкінбе!» Қабуснама

IV-бөлім. Бейнеролик. «Адамгершілік». 1- бала: Балалардың тақпақтары.

9 слайд
IV-бөлім. Бейнеролик. «Адамгершілік». 1- бала: Балалардың тақпақтары. Аң жортар аяғымен, жер еркесі, Құс ұшар қанатымен, көк еркесі. Халқыңа қалаулы ұл болам десең, 2- бала:Адам бол, болма адамның көлеңкесі.   Үлкен алдында иіліп сөйле, Кіші алдында сызылып сөйле. Иіліп сөйлегеннен белің бүгілмейді, 3- бала:Сызылып сөйлегеннен сөзің үзілмейді. Адамгершілікті, әдепті болыңдар.   Қалдыратын ұятқа Жалған сөзге төзбеймін 4- бала: Жеткізетін мұратқа Тек шындықты көздеймін.   Әдептілік дегенің- Әрқашанда керегің. Әсемпаздық дегенің – Әуре сарсаң әлегің.   5- бала: Ақылы бар баласың, Айтқан тілді аласың. Намысты боп өссең сен, Нағыз адам боласың. Ән: “Туған жер”

V-бөлім. Көрініс: «Ата өсиеті» Жігіт: Ассалаумағалейкум, ата! Қарт : Аманбысың, балам!Бақытты болу оңай ма?

10 слайд
V-бөлім. Көрініс: «Ата өсиеті» Жігіт: Ассалаумағалейкум, ата! Қарт : Аманбысың, балам!Бақытты болу оңай ма? Жігіт: Ата, жары жақсы болса, бақыты жанында. Қарт: Жоқ, балам! Ақыл басында болса, бақыты жанында болады. Ақыл адамды азаптанда, мазақтан да құтқарады. Өмірде шын бақытты болам десең, ақылдықты үйрен, не ақылды қызға үйлен.   Жігіт: Дұрыс айтасыз, дұрыс айтасыз! Қарт: Балам үйде кім, елде кім қадірлі? Жігіт: Үйде ана, елде бастық қадірлі. Қарт: Жоқ, балам, үйде қонақ, қарт, бала қадірлі. Елде хан, әкім, ұстаз қадірлі. Қонақты қадірлеуді бәрі біледі. Бала – үйдің патшасы. «Балалы үй – базар, баласыз үй – мазар» деген халқым. Балам, үйде алтын қазық кім?

Жігіт: Ата, үйде алтын қазық - бала. Қарт: Жоқ, үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана ақылшың, әке

11 слайд
Жігіт: Ата, үйде алтын қазық - бала. Қарт: Жоқ, үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана ақылшың, әке қамқоршың, аға қорғаушың, іні сүйенішің, қарындасың қанатың екенін ұмытпа. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем.Ананың мейірімі көзінде, ықыласы көңлінде, ақылы сөзінде болады, балам. Жігіт: Ой, қандай керемет сөздер! Қарт: Балам достықты нығайтатын не? Жігіт: Ата, достық пен жолдастықты ынтымақ, бірлік, теңдік, туыстық, бауырмалдық нығайтады. Қарт: Дұрыс, балам, сенің айтқаның достық пен жолдастықты дамытады. Есіңде болсын: шын достықақылдыға тән. Өмірде дос болуды ойласаң «Сәлеметсіз бе», «Кешіріңіз», «Рахмет», «Сау болыңыз», «Сәлем айтыңыз», «Рұқсат па» деген сөздерді шын көңліңмен айтуға үйрен. Сәлемдесуді білген кешіре де біледі. Жөн сөз көңілді өсіреді, жөнсіз сөз үмітіңді өшіреді. Жігіт: Рахмет, ата, сіздің ғибрат аларлық сөздеріңізді есте сақтаймын.

Би: Бишілер тобы. VI-бөлім. Мақал-мәтел жарысы. «Жақсылық» тобына Жаман бұзар, жақсы - … (түзер) ... болатын бала алысқа

12 слайд
Би: Бишілер тобы. VI-бөлім. Мақал-мәтел жарысы. «Жақсылық» тобына Жаман бұзар, жақсы - … (түзер) ... болатын бала алысқа қарайды. (адам) Жолдың қамысы болмайды, жаманның ... болмайды. (намысы) Жаманға жан жуымас, жалқауға ... жуымас. Әдепсіз өскен адамнан тәртіпті өскен ... артық. (тал) «Мейірім» тобына Су ішкен құдығыңа ... (түкірме) Тәрбиелі кісі қант қосқан жармадай, ... кісі шаң боратқан арбадай. (тәрбиесіз) Тәрбиесіз наданнан үйретілген ... артық. (хайуан) Ыстықтан ет күйеді, ұяттан ... күйеді. (бет) Ашу - ... , ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос. (дұшпан)

VII – бөлім. «Жақсылыққа жақсылық жалғастыр» ойыны Әр топ адамгершілік қасиеттерді айтып жарысады.

13 слайд
VII – бөлім. «Жақсылыққа жақсылық жалғастыр» ойыны Әр топ адамгершілік қасиеттерді айтып жарысады.

VIII – бөлім. Жаңа ақпарат. «Жақсылық» тобы. Иман араб тілінде сенім деген ұғымды білдіреді. Халық адам

14 слайд
VIII – бөлім. Жаңа ақпарат. «Жақсылық» тобы. Иман араб тілінде сенім деген ұғымды білдіреді. Халық адамгершілігі жоғары кісіні «иманды» деп құрметтейді, адамгершілік қалыпты бұзған адамды «имансыз» деп жек көреді. Адамгершілігі, ар-ұяты бар адам «иманжүзді кісі» деп бағалайды. «Адам болам десеңіз... Бес нәрседен қашық бол... Бес нәрсеге асық бол» деп Абай атамыз айтқандай, адамның ішкі рухани қазынасының молығуы өз қолында.  

«Мейірім» тобы . Ата – бабаларымыз адамның ішкі дүниесіне зер сала отырып, өздерінің көз жеткізген ой- пікірлер

15 слайд
«Мейірім» тобы . Ата – бабаларымыз адамның ішкі дүниесіне зер сала отырып, өздерінің көз жеткізген ой- пікірлерін өсиет етіп кейінгі ұрпаққа қалдырып отырған. Қазақ даналарының тұжырымдауынша, адамгершілік, имандылық мынадай 10 нәрседен тұрады; біріншіден, адамға кішіпейіл және нәзік сезімталдықпен қарааудан; екіншіден, өзінің ісінің бұрыс екенін біліп, соған орай әрекет жасаудан; үшіншіден, халқына қызмет етуден; төртіншіден, өз сырларын басқаға білдіру-білдірмеуді білу; бесіншіден, өзінің және басқалардың сырын сақтаудан; алтыншыдан, әр жағдайда сақ бола білуден; жетіншіден,тілге ие болып артық сөйлемеуден; сегізіншіден, әдеп сақтаудан; тоғызыншы, қатеңді бірден мойындап кешірім сұраудан; оныншы, құлаққа жағымсыз сөзді айтпаудан. Ән: “Айгөлек”

Қорытынды: Адамға қойылатын басты талап – асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты адам болып шығу. А

16 слайд
Қорытынды: Адамға қойылатын басты талап – асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты адам болып шығу. Адам өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттілігімен ардақты. Халқымыз қайрымды, мейірімді жанды «Адамгершілігі мол адам» деп дәріптеген. Сондықтан адамгершілік құндылығы мәңгілік сақталуы тиіс. Осымен «Мәңгілік – адамгершілік құндылық» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

НАЗАР ҚОЙЫП ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

17 слайд
НАЗАР ҚОЙЫП ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!