Материалдар / Мен - педагог-психологпын
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мен - педагог-психологпын

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалда менің мамандығымның астары мен қыр-сырлары жазылған. Менің мамандығым-менің мақтанышым.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Мамыр 2020
597
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі
«Мен - педагог-психолог» Егер әуестікті таңдап алуда сіздің жолыңыз болса және осы жолда өміріңізді сарп ететін болсаңыз

1 слайд
  «Мен - педагог-психолог»   Егер әуестікті таңдап алуда сіздің жолыңыз болса және осы жолда өміріңізді сарп ететін болсаңыз, онда сіздің бақытты болғаныңыз».   К.Д.Ушинский.

Әлеуметтік белсенділік, адамгершілік, тұлғаның қабілеттерін жүзеге асыру – білім берудегі үлкен міндетт

2 слайд
Әлеуметтік белсенділік, адамгершілік, тұлғаның қабілеттерін жүзеге асыру – білім берудегі үлкен міндеттердің бірі. Әрине, білім беру, тәрбиелеу ұйымдарының мақсаты – сапалы, саналы ұрпақ тәрбиелеп өсіру және қоғамға қабілетті тұлғаны қалыптастыру. «Әрбір адам қоғамда қалаған және жеке адами қасиеттеріне сәйкес келер орынды алуы керек» — деп батыс философиясының өкілдері К.Маркс пен Ф.Энгельс айтқандай, болашақ іс жайлы шешім қабылдауда өзіміздің жеке тұлғалық қасиеттерімізді, темпераменттік типімізді ескеруіміз қажет. Ол үшін болашақ ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуден бастауымыз керек. Себебі, бала кезінен-ақ тәрбиешісіне қарап, мен болашақта «мұғалім» боламын деп, өз шешімдерін іштей қабылдап қояды. Сондай-ақ ол жақсы қасиетке жатады. Бала жақсы адамды көріп, сол тұлғаға ұқсап өссем екен деп еліктейді. Мен де, өз шешімімді мектеп кезінде-ақ қабылдаған секілдімін. Бірақ мен, баланың жанына жақын, оның эмоционалды көңіл-күйін, мінезін, психикалық дамуын, танымдық іс-әрекетін, өмірлік ұстанымын таңдауға бағыт-бағдар бере алатын мамандық иесі – «педагог-психолог» болдым. Қоғамда әрбір баланың жеке тұлға болып қалыптасуына үлкен ықпалымды тигізсем деген арман мені жетелейді. Баланың «жан» әлеміне үңіліп, оның барлық қыр-сырын ұғыну арқылы, оның толығымен дамуына мүмкіндік жасай отырып, қоғамдағы орнын табуға көмектескім келеді. Студент кезімде әртүрлі білім беру және тәрбиелеу орталықтарына барып, тәжірибеден өттік. Сол кезде «мүгедектер үйіне», «қарттар үйіне», «жетім балалар үйіне», «қараусыз қалған балаларды тәрбиелеу және оқшаулау орталығына» барып, әрбір «категориядағы балалар» және ересек адамдармен қарым-қатынас жасадық. Сонда әрбір адамға жан жылуы қажет екенін түсіндім. Балалар үйіндегі сәбилердің көзінен болашаққа деген қорқынышпен қатар, сенімнің бар екенін байқадым. Сол сенімді шындыққа айналдыру үшін, бала жанын түсіну үшін, мен бала жанын емдейтін мамандық таңдағаныма еш өкінбедім. Әрбір баламен жақын қарым-қатынаста болып, оның ішкі дүниесіне үңіле берсек, тек тұнып жатқан тазалықты көреміз. «Қараусыз қалған балаларды тәрбиелеу және оқшаулау орталығында» болғанда» (ЦВИАРН), ондағы кәмелет жасқа толмаған қылмыс жасаған балаларды көргенде жүрегім ауыратын да тұратын. Неге? Осы балалар « балалық бақыттан» ерте айырылды?. Сол балаларды осы әрекетке не итермеледі, неге сол жолға түсті деген ой мені мазалайтын да тұратын. Сол балалардың ішкі әлеміне кіріп, сол жолға екінші рет түспеуі үшін әрекет жасауға тырыстым. Осы орталықта үш жыл тәжірибеден өтіп, сол балалардың өміріне толықтай араласып кеттім десем де болады. Қандай категориядағы балалар болсын, олардың ішкі әлемі таза, тұңып жатқан өзен. Баланы отбасы, қоғам қалай бағытқа жіберсе, ол сол бағыттың бойымен ағып, кете береді.

Әр баланың ішкі әлеміне үңілген сайын, ғажайып сырларына бойлайсың, ашылмаған әлеміне жол тауып қуанасың, таңырқайсың. Әң

3 слайд
Әр баланың ішкі әлеміне үңілген сайын, ғажайып сырларына бойлайсың, ашылмаған әлеміне жол тауып қуанасың, таңырқайсың. Әңгімелесу әдісі арқылы - адам жанын қанағаттандырып, өмірге қызығушылықтарын арттырып, сенімділігін оятып, өзінің бұл өмірге қажет екенін ұғынғанда жаның марқаяды. Бала бойындағы туа біткен табиғи мүмкіндіктерін дамыта отырып, рухани өсіп жетілуіне ықпал жасау қажеттігін ұғындым. Осындай әрекеттер бақыт пен қуанышқа жетелейді. Адамзат игілігі үшін, таңдаған мамандығымның маңыздылығының жоғары екендігіне көзімді жеткіздім. Сондықтан да, баланың болашақ-бағыт-бағдары, тағдыры, оның жан дүниесі менің жан дүниеммен бағыттас. С.Л.Рубинштейн, көпжоспарлылық пен қабаттастыру адамзатқа тән деп айта кеткендей: баланың ішкі әлемінің бүкіл байлығын ашу және оның психикасының ерекшеліктерін анықтау үшін, адамның қалыптасу негізін жиынтық жүйе ретінде қарастыру қажет. Осы жүйемен келісе отырып, Б.Ф.Ломов, әрбір құбылыстың пайда болуы мен жүзеге асуы осы жүйе шеңберінде пайда болатынын атап кетті. Бұл дегеніміз, адамның психологиялық қасиеттері жүйелі түрде қарастырылуын көрсетеді. Психологтың міндеті – нақты мәселелерді шешуге бағытталған. Яғни, педагог – психолог әр баланың жанашыры, досы, ақылшысы, рухани жетекшісі бола білуі қажет. Әрбір категориядағы балалар және ересектермен нақты жұмыс жүргізу жүйесі болуы керек. Педагог-психолог баламен жүргізген жұмысында, өте ұқыпты, білімді болуы маңызды. И.Шванцараның «Психикалық дамуды диагностикалау» («Диагностика психического развития») кітабында балалармен диагностикалық сұқбат жүргізудің жалпы нұсқалары берілген. Сол нұсқауларды өз жұмысыма тірек ретінде көп қолднамын. Әрине, маман ретінде қарым-қатынас жасау үшін, ең алдымен баланың қазіргі сәттегі эмоциялық күйін ескеру басты ереже деп санаймын. Сол эмоциялық күйге кірген кезде ғана, маманның жұмысы жемісін бере бастайды. Әрі қарай, кезең-кезеңмен жағдайға байланысты жұмыстар жүргізіледі. Баланың жан дүниесі өте нәзік, бірақ ішкі қабілеттер мен дарындылықты оятып, болашақта қоғамда үлкен тұлғаның қалыптасуына қол ұшын беру, көмектесу нағыз адамгершіліктің жемісі деп ойлаймын. Сол мақсатыма жету жолында барлық жан дүниемді және қабілетімді, күш-жігерімді жұмсауға тырысып келемін. Сол себепті, педагог- психолог мамандығын таңдауым бекер емес деп ойлаймын. Педагог-психолог: Сырлыбаева Айгерим Аскаровна Алматы қаласы, медеу ауданы МКҚК «№ 157 б-бөбекжай-балабақшасы»