1 слайд
Өндірісті ұйымдастырудың
жалпы түрлері. Өндіріс және
нарық
2 слайд
•
Өндіріс – бұл қоғамның дамуы мен өмір суруі
үшін қажетті материалдық және рухани
игіліктерді құру процесі. Өндіріс үғымы жалпы
алғанда – бұл абстракция, бірақ ақылға сыйымды
абстракция, себебі ол шын мәнінде жалпылама
мағнаны білдіреді және өнеркәсіп, ауыл
шаруашылығы, құрылыс сияқты жиынтық
өндірісте көрінеді.
•
Өндіріс бір мезгілде тұтыну процесінде
бола алады. Өсімдік химиялық элементтерді
тұтына отырып, өзін-өзі ұдайы өндіреді. Адам
тамақтану процесінде өзінің тәнін ұдайы өндіреді.
3 слайд
•
Өнеркәсіп өндірісі жұмыс күшін, шикізат
пен материалдарды тұтына отырып,
материалдық игіліктерді ұдайы өндіреді.
Тұтынусыз - өндіріс процесі жоқ.
..
4 слайд
•
Өндіріс процесі тек қана үш факторлардың -
адамның жұмыс күші, еңбек заты мен еңбек
құралдары - өзара іс-әрекеті арқылы (бұл К.Маркс
бойынша) жүзеге асуы мүмкін.
•
Біріншісі, жеке түрде жүзеге асса, екіншісі мен
үшіншісі - өндіріс процесінің заттық факторы
ретінде жүзеге асады. Осы жағдайды ескере отырып.
К.Маркс былай жазған: «Қоғамдық өндіріс түрлері
(нысандары) қандайда болмасын – жүмысшы мен
өндіріс құрал-жабдығы үнемі оның факторы болып
қалады».
5 слайд
-
Жұмыс күші - бұл адамның дене және рухани
қабідеттілігінің жиынтығы және оны өндіріс
процесінің материалдық игіліктер мен қызмет
көрсетуінде қолданады. Өндіріс процесі жүзеге асуы
үшін, жұмыс күші әрбір кезде іс-әрекетте болуы
қажет, басқаша айтсақ, тұтынылуы керек.
-
Еңбек құрал-саймандары бұл әртүрлі механизм мен
машина, инструмент пен қажет тетіктер, двигатель,
жеткізетін құрылым және т.б. нәрселер.
-
Өндіргіш күштер – бұл өндіріс құрал жабдықтары, ең
алдымен еңбек құралдары, сонымен қатар
материалдық игіліктерді өндіретін адамдар.
6 слайд
Мысалы: маржинализм теориясының топтауынша,
төрт өндіріс факторы бар: жер, еңбек, капитал,
кәсіпкерлік қабілеттілік.
•
Ж е р табиғи фак т ор р е ті н де қ арастырылады. Бұған
таб иғ а т байлы қ тары, па й далы қ азбалар қ оры, орман
мс н ж ы ртуға жарамды ж е рл е р жә не т.б. жатады.
•
Капитал – б ұ л маш ин а, қ ұ рал-ж а бдықтар, қ ойма,
к ө лік жә не ба й ланыс құ ралдары.
•
Еңбек адамның интелектуалды және дене қызметін
көрсетеді.
•
Кәсіпкерлік қабілеттілік – арнайы өндіріс факторы -
өндірісті ұйымдастыруда бастамашылдықты,
төзімділікті, тәуекелдікті көрсетеді.
7 слайд
Өндіріс орындары
8 слайд
Үйге тапсырма:
•
Тапсырма: Ақтөбе облысы бойынша
қандай ірі өндіріс орнын білесіздер
(толық атауы және қандай тауар
өндіретіндігін жазамыз және суреттері)
•
Өндіріс дегеніміз не?
•
Өндіргіш күштер?
•
Кәсіпкерлік қабілеттілік?
•
Маржинализм теориясының
топтауынша неше өндіріс факторы бар?
9 слайд
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз