Материалдар / Онкологиялық жаңа түзілістердің пайда болуы.Обыралды жағдайлардың туындауына әсер етуші факторлар.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Онкологиялық жаңа түзілістердің пайда болуы.Обыралды жағдайлардың туындауына әсер етуші факторлар.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ауырып ем іздегенше,ауырмайтын жол ізде -деп халқымыз бекер айтпаған.Зайырлы қоғам жоғарғы руханият құндылықтарына баулу,денсаулық сақтау, обырдың түзілуін түсінеді. Олардың пайда болуынан туындайтын ауруларды,олардың алдын алу жолдарын дәріптейді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қаңтар 2023
431
4 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Тақырыбы: Онкологиялық жаңа түзілулердің пайда болуы.Обыралды жағдайлардың туындауына әсер етуші факторлар. БИОЛОГИЯ ПӘНІНІҢ О

1 слайд
Тақырыбы: Онкологиялық жаңа түзілулердің пайда болуы.Обыралды жағдайлардың туындауына әсер етуші факторлар. БИОЛОГИЯ ПӘНІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ: САРСЕНОВА ЭЛЬМИРАКентау гуманитарлық – техникалық колледжі

Сабақтың мақсаты: Жасушалардың бақылауға бағынбайтын бөлінуі нәтижесінде обырдың түзілуін түсіндіру. Бағалау критерийлері: Жа

2 слайд
Сабақтың мақсаты: Жасушалардың бақылауға бағынбайтын бөлінуі нәтижесінде обырдың түзілуін түсіндіру. Бағалау критерийлері: Жасушалардың бақылауға бағынбайтын бөлінуі нәтижесінде обырдың түзілуін түсінеді.

Онкология дегеніміз Онкология (грек. oncos – өскін,ісік және logos – ілім)- медицина ғылымының і

3 слайд
Онкология дегеніміз Онкология (грек. oncos – өскін,ісік және logos – ілім)- медицина ғылымының ісік ауруларының пайда болу себептерін,даму жолдарын, клиникалық белгілерін анықтап, емдеу,олардан сақтану жолдарын зерттейтін саласы .

Канцерогенез дегеніміз қатерлі ісік ауруының пайда болу процесі. Көптеген мутагендік факторлар канцерогендік әсер етеді.Қа

4 слайд
Канцерогенез дегеніміз қатерлі ісік ауруының пайда болу процесі. Көптеген мутагендік факторлар канцерогендік әсер етеді.Қатерлі ісік ауруы – XX ғасырдағы адамдардың ең қауіпті аурулары- ның бірі.Обыр туғызғыш заттарға вирустар, онкогендер, гормондар сауле шоқтары,химиялық обыр туғызғыш заттар канцерогендер жатады . КАНЦЕРОГЕНЕЗ ДЕГЕНІМІЗ

Кәдімгі дене жасушасы Қатерлі ісік жасушасы - кәдімгі дене жасушалары санаулы рет қана бөлініп, сод

5 слайд
Кәдімгі дене жасушасы Қатерлі ісік жасушасы - кәдімгі дене жасушалары санаулы рет қана бөлініп, содан кейін бөлінуін тоқтатып өліп қалатын болады. 1) қатерлі ісік жасушалары шексіз бөлініп өсуге қабілетті.Сондықтан да олар организмге механикалық зиян келтіріп, өсіп көбейе береді,ақырында оның өлуіне алып келеді ; 2) обыр жасушалары жайылып метастаз береді,яғни оның кейбір жасушалары лимфа не қантамырлар арқылы басқа мүшелерге,ұлпаларға таралып,сол жерлерде жаңа ісіктер пайда болады .

Қатерлі ісік ауруы тұқым қуалайды ма ? Т ұқым қуалайтын қатерлі ісік аурулары: Ретинобластома (Торқабықтың қатерлі ісігі)

6 слайд
Қатерлі ісік ауруы тұқым қуалайды ма ? Т ұқым қуалайтын қатерлі ісік аурулары: Ретинобластома (Торқабықтың қатерлі ісігі) Фанкони анемиясы (қаназдығы) Пигменттік ксеродерма (терінің құрғауы,мүйіз- гектенуі) Нейрофиброматоз (жүйке жүйесінің генетикалық ауруының бірі)

Қатерлі ісік ауруының пайда болуының негізгі себептері: Сомалық мутациялар Вирустарды ң әсері

7 слайд
Қатерлі ісік ауруының пайда болуының негізгі себептері: Сомалық мутациялар Вирустарды ң әсері

Ісіктер Қатерсіз Қатерлі Еш уақытта көрші сау ұлпаларға,мүшелерге тарамайды немесе көшпейді зақымдамайды,мысалы,липома, миома

8 слайд
Ісіктер Қатерсіз Қатерлі Еш уақытта көрші сау ұлпаларға,мүшелерге тарамайды немесе көшпейді зақымдамайды,мысалы,липома, миома,тоқ ішектегі түймешіктері (полиптері) Міндетті түрде сау жасушаға көшеді,сөйтіп өмірге қауіп туғызады. Міндетті түрде сау жасушаға көшеді, сөйтіп өмірге қауіп туғызады.

Аурушаңдық құрылымында жетекші орында: сүт безі обыры, өкпе обыры, тоқ ішек обыры, асқазан обыры, жатыр мойны обыры. Өлім-

9 слайд
Аурушаңдық құрылымында жетекші орында: сүт безі обыры, өкпе обыры, тоқ ішек обыры, асқазан обыры, жатыр мойны обыры. Өлім-жітім құрылымында жетекші орында: өкпе обыры, асқазан обыры, тоқ ішек обыры, сүт безі обыры, ұйқы безі обыры.

Обыралды жағдайлардың туындауына әсер етуші факторлар Гендік мутация жүргізетін факторлар Обырдың пайда бол

10 слайд
Обыралды жағдайлардың туындауына әсер етуші факторлар Гендік мутация жүргізетін факторлар Обырдың пайда болуына ықпал ететін заттар Обыр ауруын туғызатын вирустар

Гендік мутация жүргізетін факторлар • Темекі тарту.Темекі түтінінде обыр қоздырғыш химиялық заттар: канцерогендер өте көп,атап

11 слайд
Гендік мутация жүргізетін факторлар • Темекі тарту.Темекі түтінінде обыр қоздырғыш химиялық заттар: канцерогендер өте көп,атап айтқанда хош иісті көмірсутек,радиоактивті заттар,никотин,синил қышқылы,мышяк тотығы, никель,хром,кадмий бар. • Спиртті ішімдіктер ауыз қуысындағы,жұтқыншақтағы,өңештегі шырышты қабатқа тікелей зиянды әсерін тигізеді.Спиртті ішімдіктер жыныс жасушаларын уыттайды, бұзады және өзгертеді,сөйтіп тұқым қуалайтын обырдың пайда болуына себепші болады. • Радиоактивті – иондық сәулеленуге ұшыраған адамдардың генетикалық аппараттарында гендік мутация байқалады да,кейіннен олардың көбісінде обыр ауруы анықталады . • Зиянды өндірістік қалдықтардың организмге канцерогендік әсер етуінен пайда болады.Қоршаған орта жағдайы – ауа,топырақ және су адам баласының тіршілігімен тығыз байланысты.Көлік жанармайларының жартылай жануы және сол сияқты зауыт,фабрикалардың түтіндерінде канцерогендік заттардың тым көп болуы қоршаған ортаны ластайды.

1.Майлар,әсіресе семіз адамдарда май ұлпаларынан артық мөлшерде эстероген гормондары өндіріле бастайды.Сонымен бірге артық мөл

12 слайд
1.Майлар,әсіресе семіз адамдарда май ұлпаларынан артық мөлшерде эстероген гормондары өндіріле бастайды.Сонымен бірге артық мөлшерде шығарылған өт қышқылы ішектердегі микробтардың сандық,сапалық өзгеруіне, өттің жүруіне,тұрып қалуына әсерін тигізеді,май қышқылынан канцерогендік зат пайда болады . 2.Консервіленген тағамдарда, кептірілген және ысталған балықтарда нитрит, нитрат тұздары бар. 3. Көмірсутектер кулинарлық іс – әрекетке байланысты асқазандағы тұз қышқылымен қосылып, олардан нитрозоқоспаларын түзеді. 4. Арахис және бидай сияқты дақылдар көгеріп өзгерсе, олардан афлотоксин сияқты канцерогендік қасиеттері бар зиянды заттар пайда болады.ОБЫРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫНА ӨЗДЕРІНІҢ ЗИЯНДЫ ҚАСИЕТТЕРІМЕН ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ЗАТТАР:

Обыр ауруын туғызатын вирустар Эпштейн –Барр вирусы Беркит лимфомасын және мұрын қуысымен көмейдегі обырды қоздырады. В,С

13 слайд
Обыр ауруын туғызатын вирустар Эпштейн –Барр вирусы Беркит лимфомасын және мұрын қуысымен көмейдегі обырды қоздырады. В,С гепатит вирустары – бауыр обырының пайда болуына себепші болады. Лимфа жасушаларындағы Т жасушалы вирус обырдың көптеген түрлерін қоздырады: жатыр мойнының,қынаптың, тікішектің,терінің,қуық асты бездің,көмейдің,еркек жыныс мүшелерінің және папилломаларды тудырады.

Обырдан сақтану және оның алдын алу жолдары: Жатыр мойнының қатерлі ісігінің скрининг і – 4 жылда 1 рет кезеңділікпен 30 – 70

14 слайд
Обырдан сақтану және оның алдын алу жолдары: Жатыр мойнының қатерлі ісігінің скрининг і – 4 жылда 1 рет кезеңділікпен 30 – 70 жастағы әйелдер. Сүт безінің қатерлі ісігінің скринингі 2 жылда 1 рет кезеңділікпен 40- тан 70 жасқа дейінгі әйелдер. Колоректальді қатерлі ісігінің скринингі -2 жылда 1 рет кезеңділікпен 50-70 жастағы ерлер мен әйелдер. Артериялық гипертонияның, қант диабетінің, жүректің ишимиялық ауруының,глаукоманың скринингінен 2 жылда 1 рет кезеңділікпен 40 жастан 70 жасқа дейінгі пациенттер өтетін болады.

Профилактика түрлері Үшіншілік профилактика Онкологиялық науқастарды диспансерлік бақылау алу және қайталанудың алдын-

15 слайд
Профилактика түрлері Үшіншілік профилактика Онкологиялық науқастарды диспансерлік бақылау алу және қайталанудың алдын- алу Емделген науқастарда аурудың қайта пайда болуын ескертуЕкіншілік профилактика Ісік алды ауруларын емдеу Скрининг және ерте анықтауБіріншілік профилактика Салауатты өмір салтын қалыптастыру Қоршаған ортадағы канцерогендерді жою