ОҚО облысындағы республикалық мәні бар ерекше қорғалатын аумақтар
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
ОҚО ОБЛЫСЫНДАҒЫ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МӘНІ БАР
ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН АУМАҚТАР
АХМЕТЖАН Д
1 слайд
ОҚО ОБЛЫСЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МӘНІ БАР ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН АУМАҚТАР АХМЕТЖАН Д
2 слайд
•
Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы
•
Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы
•
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
•
Ақдала мемлекеттік табиғи қаумалы (ботаникалық)
•
Жамбыл мемлекеттік табиғи қаумалы (ботаникалық)
•
Задария мемлекеттік табиғи қаумалы (ботаникалық)
•
Боралдай мемлекеттік табиғи қаумалы (кешенді)
•
Темір мемлекеттік табиғи қаумалы (ботаникалық)
•
Шымкент хайуанаттар бағы
•
Шымкент дендросаябағы
2 слайд
• Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы • Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы • Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі • Ақдала мемлекеттік табиғи қаумалы (ботаникалық) • Жамбыл мемлекеттік табиғи қаумалы (ботаникалық) • Задария мемлекеттік табиғи қаумалы (ботаникалық) • Боралдай мемлекеттік табиғи қаумалы (кешенді) • Темір мемлекеттік табиғи қаумалы (ботаникалық) • Шымкент хайуанаттар бағы • Шымкент дендросаябағы
3 слайд
Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы
3 слайд
Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы
4 слайд
Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы – Орталық Азия мен
Қазақстанның бірінші ашылған қорықтарының қатарында. . Қорықты құру
бастамасы танымал гидробиолог А.Л.Бродскийге тиесілі. Бұл ғалым 1920
жылыалғашқы рет Жабығылы мен Ақсу өзендерінің жоғарғы арналарына аяқ
басқан. Ақсу-Жабығылы мемлекеттік қорығы Батыс Тянь-Шаньдағы Талас
Алатауы жотасының батыс жақ бөлігінде орналасқан. Қорық теңіз
деңгейінен 1300 метрден 4200 метрге дейінгі биіктіктегі таулы аймақты алып
жатыр. Оның солтүстік және батыс шекаралары Жабағылытау, Талас
Алатауы мен Өгем жоталарының бойымен 1300-1600 метрге жуық,
оңтүстікте және оңтүстік-шығыста қорық Талас және Өгем жоталарының
таулары арқылы Қырғызстан мен Өзбекістанмен шектеседі.
Қорықтың орталық бөлігі Шымкент қаласынан 70 км жерде және Түлкібас
теміржол бекетінен 18 км жерде орналасқан.
4 слайд
Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы – Орталық Азия мен Қазақстанның бірінші ашылған қорықтарының қатарында. . Қорықты құру бастамасы танымал гидробиолог А.Л.Бродскийге тиесілі. Бұл ғалым 1920 жылыалғашқы рет Жабығылы мен Ақсу өзендерінің жоғарғы арналарына аяқ басқан. Ақсу-Жабығылы мемлекеттік қорығы Батыс Тянь-Шаньдағы Талас Алатауы жотасының батыс жақ бөлігінде орналасқан. Қорық теңіз деңгейінен 1300 метрден 4200 метрге дейінгі биіктіктегі таулы аймақты алып жатыр. Оның солтүстік және батыс шекаралары Жабағылытау, Талас Алатауы мен Өгем жоталарының бойымен 1300-1600 метрге жуық, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста қорық Талас және Өгем жоталарының таулары арқылы Қырғызстан мен Өзбекістанмен шектеседі. Қорықтың орталық бөлігі Шымкент қаласынан 70 км жерде және Түлкібас теміржол бекетінен 18 км жерде орналасқан.
5 слайд
Ақсу-Жабағылы қорығының өсімдіктер әлемі
соңғы жаңа мәліметтер бойынша 1737 түрді
қамтиды, оның ішінде 235 түрлі саңырауқұлақ,
64 түрлі қына, 63 түрлі балдыр мен мүк
тәрізділер және 1312 түрлі биік өсімдіктерді
қамтиды. Жоғары және төменгі сатыдағы
өсімдіктердің шамамен 1400 түрі өседі. Соның
ішінде сүректі ағаштардың 16 түрі және
бұталардың 62 түрі кездеседі. Талас терегі,
тал мен қайық, шетен мен үйеңкі, жабайы
алма мен долана, мойыл мен регель алмұрт
сияқты ағаштар мен бұталар тау
беткейлерінде, өзен аңғарларында орамнды
алқап құрайды. Ал тамаша аршалы ормандар
үлесіне қорық жерінің30 % -ытиеді. Ормандар
арасы мен жазықтарда әсем гүлдер мен көк
майса шалғындар жасыл кілем сияқты қалың
өскен. Жасыл желекке оранған бұл
өлкежануарлар дүниесіне де өте бай.
5 слайд
Ақсу-Жабағылы қорығының өсімдіктер әлемі соңғы жаңа мәліметтер бойынша 1737 түрді қамтиды, оның ішінде 235 түрлі саңырауқұлақ, 64 түрлі қына, 63 түрлі балдыр мен мүк тәрізділер және 1312 түрлі биік өсімдіктерді қамтиды. Жоғары және төменгі сатыдағы өсімдіктердің шамамен 1400 түрі өседі. Соның ішінде сүректі ағаштардың 16 түрі және бұталардың 62 түрі кездеседі. Талас терегі, тал мен қайық, шетен мен үйеңкі, жабайы алма мен долана, мойыл мен регель алмұрт сияқты ағаштар мен бұталар тау беткейлерінде, өзен аңғарларында орамнды алқап құрайды. Ал тамаша аршалы ормандар үлесіне қорық жерінің30 % -ытиеді. Ормандар арасы мен жазықтарда әсем гүлдер мен көк майса шалғындар жасыл кілем сияқты қалың өскен. Жасыл желекке оранған бұл өлкежануарлар дүниесіне де өте бай.
6 слайд
Ақсу-Жабағылы мемлекеттік
табиғи қорығы – өте сирек
кездесетін, жер бетінен жоғалып
бара жатқан жануарларға бай
қазына. Соңғы деректерге
қарағанда қорық аумағында
құстың 267, сүтқоректілердің 52,
бауырымен жорғалаушылардың
11, қос мекенділердің 3 түрі
мекендейді. Шыбын-шіркей, құрт-
құмырсқаның 2124 түрлері бар.
6 слайд
Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы – өте сирек кездесетін, жер бетінен жоғалып бара жатқан жануарларға бай қазына. Соңғы деректерге қарағанда қорық аумағында құстың 267, сүтқоректілердің 52, бауырымен жорғалаушылардың 11, қос мекенділердің 3 түрі мекендейді. Шыбын-шіркей, құрт- құмырсқаның 2124 түрлері бар.
7 слайд
Қорықта 11 түрлі жорғалаушылар мен 3 түрлі
амфибия бар. Ол осы топтағы өңірлік фаунаның
70%-дан астамын құрайды. Оның 3 түрі
Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Кесірткенің мына бір түрі – сары бауыр кесірткеден
аса абай болған дұрыс.
Қазақстанның кітабына 10 түрлі сирек кездесетін
және жоғалып бара жатқан сүтқоректі жануарлар
кіргізілген. Қар барысы, Мензбир суыры және қазіргі
кезде жоғалып бара жатқан арқардың эндемиялық
түрі сияқты 3 түрлі сүтқоректі жануарлар аса
қауіптенуге тұрарлық жануарлар түріне кіреді.
7 слайд
Қорықта 11 түрлі жорғалаушылар мен 3 түрлі амфибия бар. Ол осы топтағы өңірлік фаунаның 70%-дан астамын құрайды. Оның 3 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Кесірткенің мына бір түрі – сары бауыр кесірткеден аса абай болған дұрыс. Қазақстанның кітабына 10 түрлі сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан сүтқоректі жануарлар кіргізілген. Қар барысы, Мензбир суыры және қазіргі кезде жоғалып бара жатқан арқардың эндемиялық түрі сияқты 3 түрлі сүтқоректі жануарлар аса қауіптенуге тұрарлық жануарлар түріне кіреді.
8 слайд
" Қаратау" мемлекеттік табиғи қорығы - солтүстік-батыс Тянь-Шаньның бір
тармағы болып табылатын Қаратау жотасының орталық бөлігінде
орналасқан, 34300 гектар аумақты қамтып жатқан жаңадан құрылған
мемлекеттік резерват. Жергілікті тауларда көптеген сарқырамаларды және
түрлі реңдерге құз-қималарды көруге болады. Көптеген географтар,
ботаниктер, экологтар және басқа да ғылыми салалардағы табиғат
зерттеушілері "Қаратау" қорығының өзіндік ерекшелігі ретінде бірегей өсімдік
жамылғысын атап көрсетеді. Бүгінде Қаратау аймағының жануарлар дүниесі
елеулі өзгерістерге ұшыраған. Алайда мұнда сирек кездесетін жәндік түрлері,
құстар мен жануарлар, сондай-ақ Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген
фаунаның кейбір өкілдері әлі де кездеседі. Әрбір табиғат субъектісі біздің
әлемнің ажырамас бөлігі болып табылады, сондықтан адамзат оларды
сақтауы және қамқорлық жасауы тиіс. "Қаратау" мемлекеттік табиғи
қорығының құрылу себебі де осы. Мұнда әрбір адам өзімен және табиғатпен
үйлесімділік тауып, адамдардың іс-әрекетімен ластанбаған құнды аумақтарды
сақтаудың маңыздылығын түсінеді.
8 слайд
" Қаратау" мемлекеттік табиғи қорығы - солтүстік-батыс Тянь-Шаньның бір тармағы болып табылатын Қаратау жотасының орталық бөлігінде орналасқан, 34300 гектар аумақты қамтып жатқан жаңадан құрылған мемлекеттік резерват. Жергілікті тауларда көптеген сарқырамаларды және түрлі реңдерге құз-қималарды көруге болады. Көптеген географтар, ботаниктер, экологтар және басқа да ғылыми салалардағы табиғат зерттеушілері "Қаратау" қорығының өзіндік ерекшелігі ретінде бірегей өсімдік жамылғысын атап көрсетеді. Бүгінде Қаратау аймағының жануарлар дүниесі елеулі өзгерістерге ұшыраған. Алайда мұнда сирек кездесетін жәндік түрлері, құстар мен жануарлар, сондай-ақ Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген фаунаның кейбір өкілдері әлі де кездеседі. Әрбір табиғат субъектісі біздің әлемнің ажырамас бөлігі болып табылады, сондықтан адамзат оларды сақтауы және қамқорлық жасауы тиіс. "Қаратау" мемлекеттік табиғи қорығының құрылу себебі де осы. Мұнда әрбір адам өзімен және табиғатпен үйлесімділік тауып, адамдардың іс-әрекетімен ластанбаған құнды аумақтарды сақтаудың маңыздылығын түсінеді.
9 слайд
Тауда қаратау жусаны басым. Сондай-ақ тікенекті
шөптер және
шала бұталар мен бұташықтардан кемпіршөп, сетен, к
өбенқұйрық, Регель тарбақайы, Қаратау
маралтамыры, Қаратау жыланбасы, Қаратау
кекіресі, Қаратау қауы, Қаратау томағашөбі, Грейг
қызғалдағы, т.б. эндемик болып саналады. Ал Қаратау
қорығының Берікқара шатқалында ғана
өсетін Берікқара терегі – өте сирек кездесетін
эндемик, реликт түр болғандықтан қорғауға
алынып, Халықаралық табиғатты және табиғи
қорларды қорғау одағының Қызыл кітабына енгізілген.
Жапырағы түсетін бұталар тоғайы аз аумақты алып
жатыр, олар беткейдің ойысты жерлерінде және
шатқал табанына бейімделген. Өзен жағалауын бойлай
созылған тоғайларда түркістан доланасы, тұт, Сиверс
алмасы, Семенов үйеңкісі кездеседі. Қорықта өсетін
1600 өсімдік түрінің 62-сі эндемик, 52-сі Қазақстанның
Қызыл кітабына енгізілген.
9 слайд
Тауда қаратау жусаны басым. Сондай-ақ тікенекті шөптер және шала бұталар мен бұташықтардан кемпіршөп, сетен, к өбенқұйрық, Регель тарбақайы, Қаратау маралтамыры, Қаратау жыланбасы, Қаратау кекіресі, Қаратау қауы, Қаратау томағашөбі, Грейг қызғалдағы, т.б. эндемик болып саналады. Ал Қаратау қорығының Берікқара шатқалында ғана өсетін Берікқара терегі – өте сирек кездесетін эндемик, реликт түр болғандықтан қорғауға алынып, Халықаралық табиғатты және табиғи қорларды қорғау одағының Қызыл кітабына енгізілген. Жапырағы түсетін бұталар тоғайы аз аумақты алып жатыр, олар беткейдің ойысты жерлерінде және шатқал табанына бейімделген. Өзен жағалауын бойлай созылған тоғайларда түркістан доланасы, тұт, Сиверс алмасы, Семенов үйеңкісі кездеседі. Қорықта өсетін 1600 өсімдік түрінің 62-сі эндемик, 52-сі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
10 слайд
Құстардың 118 түрі бар, Қызыл кітапқа енгізілген жыртқыш
құстардан ителгі, бүркіт, жұртшы, бақалтақ қыран,
жыланшы мен сақалтай; қосмекенділерден сарыбауыр
қарашұбар жылан мекендейді. Қосмекенділерден барлық
жерлерде жасыл құрбақа басым, көлбақа сирек кездеседі.
Сонымен қатар "Қызыл кітапқа" енгізілген сүтқоректілердің 3
түрі (қаратау арқары, үнді жайрасы, тас сусары) осында
қорғалады.
10 слайд
Құстардың 118 түрі бар, Қызыл кітапқа енгізілген жыртқыш құстардан ителгі, бүркіт, жұртшы, бақалтақ қыран, жыланшы мен сақалтай; қосмекенділерден сарыбауыр қарашұбар жылан мекендейді. Қосмекенділерден барлық жерлерде жасыл құрбақа басым, көлбақа сирек кездеседі. Сонымен қатар "Қызыл кітапқа" енгізілген сүтқоректілердің 3 түрі (қаратау арқары, үнді жайрасы, тас сусары) осында қорғалады.
11 слайд
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
11 слайд
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
12 слайд
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі — Түркістан облысының жерінде
орналасқан. 2006 жылы ұйымдастырылған. Оған Түлкібас, Төле би және Қазығұрт
аудандарының табиғаты ең көрікті жерлері енеді. Жер аумағы 149 мың га.
Саябақты ұйымдастырудағы басты мақсат – Батыс Тянь-Шань тау
жоталарындағы ғылыми тұрғыдан құнды табиғат байлықтарын қорғап қалу,
қалпына келтіру және республикадағы экологиялық туризмді дамыту. Саябақ
орманды дала биігінен биік таулы алқапқа дейінгі 7 табиғи белдемді қамтиды.
Табиғат қорғау жұмыстарының ерекшеліктеріне байланысты жеке 3 аймаққа
(қорықтық, туристік және шектеулі шаруашылық жұмыстары жүргізілетін)
бөлінген. Саябақтың аумағы солтүстіктен оңтүстік бағыт бойынша 135 км-ге
созылып жатыр. Саябақ жануарлар әлеміне де бай. Құстардың 300-ге жуық,
сүтқоректілердің 60-тан астам түрі мекендейді. Өте сирек кездесетін жануардың
бірі – көк суыр (қысқаша Мензбир суыры). Сондай-ақ арқар, жабайы шошқа, қоңыр
аю, т.б. жануарлар да кездеседі. Саябақта тұрақты түрде “Табиғат жылнамасы”
жүргізіліп отырады
12 слайд
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі — Түркістан облысының жерінде орналасқан. 2006 жылы ұйымдастырылған. Оған Түлкібас, Төле би және Қазығұрт аудандарының табиғаты ең көрікті жерлері енеді. Жер аумағы 149 мың га. Саябақты ұйымдастырудағы басты мақсат – Батыс Тянь-Шань тау жоталарындағы ғылыми тұрғыдан құнды табиғат байлықтарын қорғап қалу, қалпына келтіру және республикадағы экологиялық туризмді дамыту. Саябақ орманды дала биігінен биік таулы алқапқа дейінгі 7 табиғи белдемді қамтиды. Табиғат қорғау жұмыстарының ерекшеліктеріне байланысты жеке 3 аймаққа (қорықтық, туристік және шектеулі шаруашылық жұмыстары жүргізілетін) бөлінген. Саябақтың аумағы солтүстіктен оңтүстік бағыт бойынша 135 км-ге созылып жатыр. Саябақ жануарлар әлеміне де бай. Құстардың 300-ге жуық, сүтқоректілердің 60-тан астам түрі мекендейді. Өте сирек кездесетін жануардың бірі – көк суыр (қысқаша Мензбир суыры). Сондай-ақ арқар, жабайы шошқа, қоңыр аю, т.б. жануарлар да кездеседі. Саябақта тұрақты түрде “Табиғат жылнамасы” жүргізіліп отырады
13 слайд
Өсімдік әлемі
Мұнда өсімдіктердің 1635 түрі кездеседі, оның 35-і эндемиктер. Олардың
ішінде 62 түрі Қазақстанның Қызыл кітабіне енгізілген,
саңырауқұлақтардың 3 түрі, мүктердің 25 түрі кездеседі. Ғылыми
құндылығы ерекше саналатын аршалы орман алқабы бар. Мұндағы ірі
аршалардың кейбіреуі 700 жылдан бері өсіп тұрғандығы
анықталған. Аршаның 3 түрі (балғын арша, Зеравшан аршасы және сауыр
арша) өседі. Шатқалды бойлай, тастақ арналар бойымен Біркөлік бұлағы
ағып жатыр, оның мөлдіреген салқын суы шатқалдың жасыл желегіне
көрік беріп, ауасын тазартып тұрады. Саябақтағы таудың жасылы,
долананың, бөріқарақаттың, итмұрынның, өріктер мен алмалардың ну
бұталары, қылқанды ағаштардың молдығы, жайқалған жаңғақ ағаштары
мен дәрілік өсімдіктердің аңқыған иісі
ауаны фитонцидтармен толтырады.
13 слайд
Өсімдік әлемі Мұнда өсімдіктердің 1635 түрі кездеседі, оның 35-і эндемиктер. Олардың ішінде 62 түрі Қазақстанның Қызыл кітабіне енгізілген, саңырауқұлақтардың 3 түрі, мүктердің 25 түрі кездеседі. Ғылыми құндылығы ерекше саналатын аршалы орман алқабы бар. Мұндағы ірі аршалардың кейбіреуі 700 жылдан бері өсіп тұрғандығы анықталған. Аршаның 3 түрі (балғын арша, Зеравшан аршасы және сауыр арша) өседі. Шатқалды бойлай, тастақ арналар бойымен Біркөлік бұлағы ағып жатыр, оның мөлдіреген салқын суы шатқалдың жасыл желегіне көрік беріп, ауасын тазартып тұрады. Саябақтағы таудың жасылы, долананың, бөріқарақаттың, итмұрынның, өріктер мен алмалардың ну бұталары, қылқанды ағаштардың молдығы, жайқалған жаңғақ ағаштары мен дәрілік өсімдіктердің аңқыған иісі ауаны фитонцидтармен толтырады.
14 слайд
Жануарлар әлемі
Омыртқасыз жануарлардың
349 түрі және омыртқалы
жануарлардан:
жорғалаушылардың 12 түрі,
қосмекенділердің 2 түрі,
сүткоректілердің 59 түрі,
құстардың 300 түрі мекен
етеді.
14 слайд
Жануарлар әлемі Омыртқасыз жануарлардың 349 түрі және омыртқалы жануарлардан: жорғалаушылардың 12 түрі, қосмекенділердің 2 түрі, сүткоректілердің 59 түрі, құстардың 300 түрі мекен етеді.
15 слайд
Боралдай мемлекеттік табиғи қаумалы (кешенді)
Боралдай қорықшасы – республикалық мәні бар
мемлекеттік табиғи кешенді қорықша.
1967 ж. Түркістан облысының Түлкібас
ауданында ашылған. Қорықша Батыс Тянь-Шань
өңіріндегі өсімдіктер мен жануарлардың эндемик
түрлерін қорғау мақсатында ұйымдастырылған.
Қорықшада сирек кездесетін Түркістан аршасы, Согдиан
шағаны, алша, т.б. өсімдіктер түрлері өседі. Қорықша
жерінде Ақсу-Жабағылы қорығының Қарабастау помол.
(жеміс-жидектерді аудандастыру) телімі орналасқан.
15 слайд
Боралдай мемлекеттік табиғи қаумалы (кешенді) Боралдай қорықшасы – республикалық мәні бар мемлекеттік табиғи кешенді қорықша. 1967 ж. Түркістан облысының Түлкібас ауданында ашылған. Қорықша Батыс Тянь-Шань өңіріндегі өсімдіктер мен жануарлардың эндемик түрлерін қорғау мақсатында ұйымдастырылған. Қорықшада сирек кездесетін Түркістан аршасы, Согдиан шағаны, алша, т.б. өсімдіктер түрлері өседі. Қорықша жерінде Ақсу-Жабағылы қорығының Қарабастау помол. (жеміс-жидектерді аудандастыру) телімі орналасқан.
16 слайд
Шымкент хайуанаттар
бағы — Қазақстан Республикасының ең
алғашқы зоологиялық парктерінің бірі.
1980 жылы Шымкент қаласында ашылды.
Жер көлемі 54 га, оның 34 га аумағында
экспозиция орналасқан, жануарлардың
саны – 1600 бас(01.01.2013). Зообақта 6
секция жұмыс істейді, онда
жануарлардың 185 түрі ұсталады(2012),
олардың 20 түрі Қазақстанның «Қызыл
кітабына» енгізілген. Қажетті жем-
шөптің 25%-ын хайуанаттар бағы өзінің
30 га жерінен қамтамасыз етеді.
16 слайд
Шымкент хайуанаттар бағы — Қазақстан Республикасының ең алғашқы зоологиялық парктерінің бірі. 1980 жылы Шымкент қаласында ашылды. Жер көлемі 54 га, оның 34 га аумағында экспозиция орналасқан, жануарлардың саны – 1600 бас(01.01.2013). Зообақта 6 секция жұмыс істейді, онда жануарлардың 185 түрі ұсталады(2012), олардың 20 түрі Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Қажетті жем- шөптің 25%-ын хайуанаттар бағы өзінің 30 га жерінен қамтамасыз етеді.
17 слайд
Хайуанаттар бағының коллекциясы:
•
Балықтар — 886
•
Бауырымен жорғалаушылар — 46
•
Қосмекенділер — 12
•
Құстар — 312
•
Сүтқоректілер – 300
•
Омыртқасыздар – 44
17 слайд
Хайуанаттар бағының коллекциясы: • Балықтар — 886 • Бауырымен жорғалаушылар — 46 • Қосмекенділер — 12 • Құстар — 312 • Сүтқоректілер – 300 • Омыртқасыздар – 44
18 слайд
Шымкент дендросаябағы
18 слайд
Шымкент дендросаябағы
19 слайд
« Шымкент мемлекеттік
дендрологиялық саябағы»
Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2009 жылғы жылғы
24 наурызындағы №83
қаулысының негізінде құрылған.
Саябақты құруға облыстық
бюджеттен 650-700 млн.
теңгедей қаражат бөлінді.
Жалпы көлемі 117 гектар.
19 слайд
« Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы жылғы 24 наурызындағы №83 қаулысының негізінде құрылған. Саябақты құруға облыстық бюджеттен 650-700 млн. теңгедей қаражат бөлінді. Жалпы көлемі 117 гектар.
20 слайд
Шымкент дендросаябағының флорасы мен фаунасы
Шымкент дендрология саябағы жер шарының түпкір-
түпкірінен жинақталған ағаштарға бай. Көктерек,
балқарағай, самырсын және магнолия ағаштарының көшеті
егіліп, түрлі 584 өсімдік өсірілуде және де Солтүстік
Американың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан Мексика
Штатынан әкелінген "қасқыр жидегі" ағашы өсуде.
Дендрологиялық саябақтың аумағы фаунамен байытылды. 20
тиін, 4 елік пен теңбіл бұғы, 10 тауыс құсы орын салып,
аумағы өңдеуден өткен көлге аққу, қаз, үйрек сияқты
құстардың 22 данасы мен 20 мың дәумаңдай балық жіберілді.
20 слайд
Шымкент дендросаябағының флорасы мен фаунасы Шымкент дендрология саябағы жер шарының түпкір- түпкірінен жинақталған ағаштарға бай. Көктерек, балқарағай, самырсын және магнолия ағаштарының көшеті егіліп, түрлі 584 өсімдік өсірілуде және де Солтүстік Американың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан Мексика Штатынан әкелінген "қасқыр жидегі" ағашы өсуде. Дендрологиялық саябақтың аумағы фаунамен байытылды. 20 тиін, 4 елік пен теңбіл бұғы, 10 тауыс құсы орын салып, аумағы өңдеуден өткен көлге аққу, қаз, үйрек сияқты құстардың 22 данасы мен 20 мың дәумаңдай балық жіберілді.