ОЯН, ҚАЗАҚ ЕНДІ ЖАТУ ЖАРАМАС!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
ОЯН, ҚАЗАҚ ЕНДІ
ЖАТУ ЖАРАМАС!
Тарих пәнінің мұғалімі:
Султангалиева Багдагуль
Кенесовна
1 слайд
ОЯН, ҚАЗАҚ ЕНДІ ЖАТУ ЖАРАМАС! Тарих пәнінің мұғалімі: Султангалиева Багдагуль Кенесовна
2 слайд
www.ZHARAR.com
Міржақып Дулатұлы
(1885—1935) — қазақтың аса көрнекті
ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын,
жазушы, жалынды көсемсөз шебері.
2 слайд
www.ZHARAR.com Міржақып Дулатұлы (1885—1935) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері.
3 слайд
Туған жері — қaзipri Қостанай облысының
Жанкелдин ауданына қарасты "Қызбел"
ауылы. Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан
шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік,
мәсі тіккен. Шешесі — Дәмеш ойын тойдың
базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын
жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала
Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат
таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін,
1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде
орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс
алады. Бұл мектеп Міржақыптың білімін
толықтырумен қатар, азамат ретінде
қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды,
Міржақып анасынан екі жасында, әкесінен
он екі жасында айырылып, ағасы Асқардың
қолында тәрбиеленеді. Асқар әкесі Дулаттың
Міржақыптың оқып, білімді азамат болып,
өсуін армандаған тілегіне сай, інісінің оқуын
әрі жалғап, білім алуына ерекше көңіл бөледі.
Ауылда туып, ауылда өскен, ауылда оқып,
ауылда қызмет етіп, «ауыл мұғалімі»
атанған зерделі жас ауыл тұрғындарының
ауыр тұрмысын, теңдігі жоқ аянышты хәлін
көріп, түңіле түршігіп, тебірене толқиды.
3 слайд
Туған жері — қaзipri Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты "Қызбел" ауылы. Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі — Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақыптың білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Міржақып анасынан екі жасында, әкесінен он екі жасында айырылып, ағасы Асқардың қолында тәрбиеленеді. Асқар әкесі Дулаттың Міржақыптың оқып, білімді азамат болып, өсуін армандаған тілегіне сай, інісінің оқуын әрі жалғап, білім алуына ерекше көңіл бөледі. Ауылда туып, ауылда өскен, ауылда оқып, ауылда қызмет етіп, «ауыл мұғалімі» атанған зерделі жас ауыл тұрғындарының ауыр тұрмысын, теңдігі жоқ аянышты хәлін көріп, түңіле түршігіп, тебірене толқиды.
4 слайд
Бұл кезең патша өкіметінің отаршылдықты қазақ
даласында күрт күшейтіп, қалың елге тізесін қатты
батырып тұрған шағы болатын. Бұл жағдай сол кездегі
қазақтың көзі ашық, оқыған, зиялы азаматтарына қозғау
салды. Наразылық туды. Күресудің жолдары
қарастырылып жатты. Оның негізгі жолы ретінде оқуға,
білім алуға ұмтылыс күшейді. Бірте-бірте халық саяси
құбылысқа айналып, ел ішінде отаршыл саясатқа қарсы
ұлт-азаттық идеялары туындады. Патшалық Ресей де
бірінші буржуазиялық-демократиялық дүмпудің
қарсаңында болатын. Езілген еліне ес болуға, жоғын
жоқтап, мұңын мұңдауға серт байлайды. Халық ісіне бар
болмысымен бүтіндей беріліп, «Қалғанша жарты жаңқам
мен сенікі, Пайдалан шаруаңа жараса, алаш!» деп бар
даусымен жар салады.
4 слайд
Бұл кезең патша өкіметінің отаршылдықты қазақ даласында күрт күшейтіп, қалың елге тізесін қатты батырып тұрған шағы болатын. Бұл жағдай сол кездегі қазақтың көзі ашық, оқыған, зиялы азаматтарына қозғау салды. Наразылық туды. Күресудің жолдары қарастырылып жатты. Оның негізгі жолы ретінде оқуға, білім алуға ұмтылыс күшейді. Бірте-бірте халық саяси құбылысқа айналып, ел ішінде отаршыл саясатқа қарсы ұлт-азаттық идеялары туындады. Патшалық Ресей де бірінші буржуазиялық-демократиялық дүмпудің қарсаңында болатын. Езілген еліне ес болуға, жоғын жоқтап, мұңын мұңдауға серт байлайды. Халық ісіне бар болмысымен бүтіндей беріліп, «Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі, Пайдалан шаруаңа жараса, алаш!» деп бар даусымен жар салады.
5 слайд
Өз бетінше талпынып, білім жинап, орыс тілін
жетік меңгерген Міржақып орыстың озық ойлы
азаматтарының еңбектерімен танысуы арқасында
замана тозаңын суырып, дүниені дүр сілкіндірер
дауылды күндердің тақап келе жатқанын
өзгелерден бұрын сезеді. Міне, осындай күрделі
кезеңде, 1904 жылы Міржақып Омбы қаласына
келеді. Осында ұлт зиялыларының ұстазы Ахмет
Байтұрсыновпен кездеседі. Бұдан кейінгі уақытта
біpi — ұстаз, бipi — ізбасары ретінде жұптарын
жазбайды. 1905 жылы Міржақып А.
Байтұрсыновпен бipre Қарқаралыдағы саяси-
бұқаралық жұмыстарға қатысады. 1905 жылы
патша өкіметіне қазақ халкының атынан петиция
жазушылардың қатарында болады.
5 слайд
Өз бетінше талпынып, білім жинап, орыс тілін жетік меңгерген Міржақып орыстың озық ойлы азаматтарының еңбектерімен танысуы арқасында замана тозаңын суырып, дүниені дүр сілкіндірер дауылды күндердің тақап келе жатқанын өзгелерден бұрын сезеді. Міне, осындай күрделі кезеңде, 1904 жылы Міржақып Омбы қаласына келеді. Осында ұлт зиялыларының ұстазы Ахмет Байтұрсыновпен кездеседі. Бұдан кейінгі уақытта біpi — ұстаз, бipi — ізбасары ретінде жұптарын жазбайды. 1905 жылы Міржақып А. Байтұрсыновпен бipre Қарқаралыдағы саяси- бұқаралық жұмыстарға қатысады. 1905 жылы патша өкіметіне қазақ халкының атынан петиция жазушылардың қатарында болады.
6 слайд
Оның үні қалың ұйқыдағы қазағын құлағының түбінен «маса» болып,
маза бермей ызыңдап оятуды мұрат тұтқан өзінен он екі жас үлкен
рухани ағасы Ахмет Байтұрсыновтың үнімен қатар естіліп, қазақ
даласын қатар шарлады. Сол егіз үн тарих мінбесінен қатар көрінген
екі алыптың қашан соңғы демдері таусылғанша, тағдыр талқысымен
екеуі екі жақта жүрсе де, қуғынға түсіп, қамауға алынса да үзілмей,
қатар естіліп тұрды. Ол екеуі екі атадан туса да, бір туған бауыр
еді, екі баспен ойласа да, қорытар ойы бір еді, екі ауызбен сөйлесе де,
шығар сөзі бір еді. Өйткені оларды туыстырған халқының мүддесі,
ойландырған халқының қамы, сөйлеткен халқының мұң зары болатын.
Сондықтан да халқы оларды жанашыр жақыным деп білді, олардың
жұбын жазбай, «Ахаң Жахаң» деп бірге атады. Пенделік бар
қазақтан бас тартап, халқының бақыты үшін күрескен есіл ерлерді өз
халқының жауы атандырып, кешегі күні Қызылдың қызылкөз
жендеттері екеуін еріксіз айырып, екі жерде атып өлтіріп, атын
өшіреміз дегенде де халқы олардың асыл есімдерін есінен шығарған
жоқ, аялап жүрегінде сақтады, ардақ тұтты. 1906 жылы
Петербургке барып қайтады. Бұл сапарынан ол саяси күрескер ғана
емес, шабытты ақын болып оралады.
6 слайд
Оның үні қалың ұйқыдағы қазағын құлағының түбінен «маса» болып, маза бермей ызыңдап оятуды мұрат тұтқан өзінен он екі жас үлкен рухани ағасы Ахмет Байтұрсыновтың үнімен қатар естіліп, қазақ даласын қатар шарлады. Сол егіз үн тарих мінбесінен қатар көрінген екі алыптың қашан соңғы демдері таусылғанша, тағдыр талқысымен екеуі екі жақта жүрсе де, қуғынға түсіп, қамауға алынса да үзілмей, қатар естіліп тұрды. Ол екеуі екі атадан туса да, бір туған бауыр еді, екі баспен ойласа да, қорытар ойы бір еді, екі ауызбен сөйлесе де, шығар сөзі бір еді. Өйткені оларды туыстырған халқының мүддесі, ойландырған халқының қамы, сөйлеткен халқының мұң зары болатын. Сондықтан да халқы оларды жанашыр жақыным деп білді, олардың жұбын жазбай, «Ахаң Жахаң» деп бірге атады. Пенделік бар қазақтан бас тартап, халқының бақыты үшін күрескен есіл ерлерді өз халқының жауы атандырып, кешегі күні Қызылдың қызылкөз жендеттері екеуін еріксіз айырып, екі жерде атып өлтіріп, атын өшіреміз дегенде де халқы олардың асыл есімдерін есінен шығарған жоқ, аялап жүрегінде сақтады, ардақ тұтты. 1906 жылы Петербургке барып қайтады. Бұл сапарынан ол саяси күрескер ғана емес, шабытты ақын болып оралады.
7 слайд
1907 жылы Петербургте шыққан "Серке" газетіне “Жастарға"
деген өлеңін, бүркенпік атпен "Біздің мақсатымыз" деген
мақала жариялайды. Мақалада Міржақып қазақ халқының
басындағы қиын жағдайдың анық себептерін саралап,
отарлық саясатты әшкерелейді. Патша өкіметі мақала
авторын тұтқындамақ болғанмен, бүркеншік аттың иесін таба
алмайды. 1909 жылы Петербургте М. Дулатовтың "Оян,
қазақ!" атты өлеңдер жинағы жарық көреді. Бұл кітап та
патша әкімшілігінің қуғындауына ұшырайды. 1913 жылы ол
Ахмет Байтұрсыновпен бipre "Қазақ" газетін шығарып,
басылымның бұдан кейінгі жұмысына белсене араласады.
1920 жылы Ташкентке келіп, сондағы “Ақ жол" газетінде
қызмет атқарады. 1922 жылы жазықсыз қамауға алынады.
Түрмеден шыққан соң, 1922-1926 жылы Орынбордағы ағарту
институтында оқытушы болады. 1928 жылдың аяғында бip
топ қазақ зиялыларымен бipre қамауға алынады да, он жылға
сотталып, 1935 жылы тұтқында қайтыс болады.
7 слайд
1907 жылы Петербургте шыққан "Серке" газетіне “Жастарға" деген өлеңін, бүркенпік атпен "Біздің мақсатымыз" деген мақала жариялайды. Мақалада Міржақып қазақ халқының басындағы қиын жағдайдың анық себептерін саралап, отарлық саясатты әшкерелейді. Патша өкіметі мақала авторын тұтқындамақ болғанмен, бүркеншік аттың иесін таба алмайды. 1909 жылы Петербургте М. Дулатовтың "Оян, қазақ!" атты өлеңдер жинағы жарық көреді. Бұл кітап та патша әкімшілігінің қуғындауына ұшырайды. 1913 жылы ол Ахмет Байтұрсыновпен бipre "Қазақ" газетін шығарып, басылымның бұдан кейінгі жұмысына белсене араласады. 1920 жылы Ташкентке келіп, сондағы “Ақ жол" газетінде қызмет атқарады. 1922 жылы жазықсыз қамауға алынады. Түрмеден шыққан соң, 1922-1926 жылы Орынбордағы ағарту институтында оқытушы болады. 1928 жылдың аяғында бip топ қазақ зиялыларымен бipre қамауға алынады да, он жылға сотталып, 1935 жылы тұтқында қайтыс болады.
8 слайд
*
Өзінің алғашқы өлеңдерінен бастап туған халқының тағдырындағы
қиындықтар мен ауыртпалықтардың сырына үңіліп, оның әлеуметтік
тамырын әшкерелеуді мақсат еткен ақын Міржақьш "Оян, қазақ!" атты
тұңғыш өлеңдер жинағьн мынандай өлең жолдарымен бастайды:
Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кeттi, дін нашарлап, хал һарам боп,
Қазағым, енді жату жарамас- ты. патшасының
Ресей отарлау саясаты, қазақ жұртының хал-жағдайы, өнер-білімнің аздығы, басқа
да түрлі қacipeттep осы төрт жолға сыйып тұрған секілді. Онын үстіне бұл
жолдарды Міржақып шығармашылығының өне бойына тартылған темірқазық,
идеяның басты бағдардың көрінісі деуге де болады. Ақын үшін халқының өмірін
жырлаудан асқан мәртебелі тақырып жоқ. Көп өлеңдерінде ол қазақ елінің
ауыртпалықтағы, отарлық езгідегі жағдайын баяндай келіп, елдің мүддесіне қызмет
ету—әpбip азаматтың парызы деген тұжырым жасайды. Атап айтқанда, "Қазақ
халқының бұрынғы һәм бүгінгі халі", "Таршылық халіміз хақында аз мінәжат",
"Сайлаулар хақында", "Жастарға", “Қазақтың ру басшыларына", "Атқамінер
сұмдарға", тәрізді өлеңдерінде қазақ қоғамының сипаты, ондағы адамдар
психологиясы, соларды көрген ақынның өкінішті күйі анық бейнеленген. Ақынның сол
тақырыптағы шығармаларының бipi — "Шағым" өлеңі.
Жүректен қашан шығар қадалған оқ,
Жандырған жанды нахақ сөнер ме шоқ?
Қажыған қам көңілді бip көтерер
Жанымда жан ашитын адам да жоқ, —
8 слайд
* Өзінің алғашқы өлеңдерінен бастап туған халқының тағдырындағы қиындықтар мен ауыртпалықтардың сырына үңіліп, оның әлеуметтік тамырын әшкерелеуді мақсат еткен ақын Міржақьш "Оян, қазақ!" атты тұңғыш өлеңдер жинағьн мынандай өлең жолдарымен бастайды: Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты. Жер кeттi, дін нашарлап, хал һарам боп, Қазағым, енді жату жарамас- ты. патшасының Ресей отарлау саясаты, қазақ жұртының хал-жағдайы, өнер-білімнің аздығы, басқа да түрлі қacipeттep осы төрт жолға сыйып тұрған секілді. Онын үстіне бұл жолдарды Міржақып шығармашылығының өне бойына тартылған темірқазық, идеяның басты бағдардың көрінісі деуге де болады. Ақын үшін халқының өмірін жырлаудан асқан мәртебелі тақырып жоқ. Көп өлеңдерінде ол қазақ елінің ауыртпалықтағы, отарлық езгідегі жағдайын баяндай келіп, елдің мүддесіне қызмет ету—әpбip азаматтың парызы деген тұжырым жасайды. Атап айтқанда, "Қазақ халқының бұрынғы һәм бүгінгі халі", "Таршылық халіміз хақында аз мінәжат", "Сайлаулар хақында", "Жастарға", “Қазақтың ру басшыларына", "Атқамінер сұмдарға", тәрізді өлеңдерінде қазақ қоғамының сипаты, ондағы адамдар психологиясы, соларды көрген ақынның өкінішті күйі анық бейнеленген. Ақынның сол тақырыптағы шығармаларының бipi — "Шағым" өлеңі. Жүректен қашан шығар қадалған оқ, Жандырған жанды нахақ сөнер ме шоқ? Қажыған қам көңілді бip көтерер Жанымда жан ашитын адам да жоқ, —
9 слайд
"Бақытсыз Жамал" романы
Халық тағдыры М. Дулатұлының прозалық
шығармаларына да арқау болды. 1910 жылы оның
"Бақытсыз Жамал" атты романы жарық көрді. Бұл роман
жазушының шығармашылық жолындағы ірі табыс қана
емес, бүкіл қазақ әдебиетіндегі елеулі көркем туынды
болды. "Бақытсыз Жамал" қазақ әдебиетінде көркем
прозалық үлгіде жазылған тұңғыш роман еді. Міржақып
осы шығармасы арқылы бұдан кейін жазылған
Т.Жомартбаевтың "Қыз көрелік", С.Көбеевтің "Қалың
мал", С.Торайғыровтың "Қамар cұлу", т.б. романдарына
жол ашты. Бұлардың бәрі де сол кезектегі аса маңызды
әлеуметтік мәселеге арналды. Қазақ ауылының тұрмысы
жайында жазылды. Әйелдердің бас еркі, қоғамдағы
жағдайы туралы баяндады.
9 слайд
"Бақытсыз Жамал" романы Халық тағдыры М. Дулатұлының прозалық шығармаларына да арқау болды. 1910 жылы оның "Бақытсыз Жамал" атты романы жарық көрді. Бұл роман жазушының шығармашылық жолындағы ірі табыс қана емес, бүкіл қазақ әдебиетіндегі елеулі көркем туынды болды. "Бақытсыз Жамал" қазақ әдебиетінде көркем прозалық үлгіде жазылған тұңғыш роман еді. Міржақып осы шығармасы арқылы бұдан кейін жазылған Т.Жомартбаевтың "Қыз көрелік", С.Көбеевтің "Қалың мал", С.Торайғыровтың "Қамар cұлу", т.б. романдарына жол ашты. Бұлардың бәрі де сол кезектегі аса маңызды әлеуметтік мәселеге арналды. Қазақ ауылының тұрмысы жайында жазылды. Әйелдердің бас еркі, қоғамдағы жағдайы туралы баяндады.
10 слайд
www.ZHARAR.com
Ағартушы ретінде Міржақып өз
ұлтының болашағын алыстан болжап,
халқымыздың ғұмыр бойы келе жатқан
мәдениетінен ажырап қалғысы келмейді.
Дін- Ұлттық мәдениет пен ұлттық
тәрбиеге тікелей қатысты екенін
тереңнен сезе отырып, өскелең ұрпақты
өз өлең жырларында үйретеді.
Я, алла! Ғаламыңды
жаратқаның,
Жүзіне махлұқтарды
таратқаның,
Өндіріп бір адамнан
мұнша халық,
Әлсізді күштілерге
қаратқаның.
Сонда да панаң күшті,
құдіретім,
Жылатпау нашарларды
өз міндетің.
Қашқан да, қуғандағы
барар саған,
Жоқты бар, бар нәрсені
жоқ ететін.
10 слайд
www.ZHARAR.com Ағартушы ретінде Міржақып өз ұлтының болашағын алыстан болжап, халқымыздың ғұмыр бойы келе жатқан мәдениетінен ажырап қалғысы келмейді. Дін- Ұлттық мәдениет пен ұлттық тәрбиеге тікелей қатысты екенін тереңнен сезе отырып, өскелең ұрпақты өз өлең жырларында үйретеді. Я, алла! Ғаламыңды жаратқаның, Жүзіне махлұқтарды таратқаның, Өндіріп бір адамнан мұнша халық, Әлсізді күштілерге қаратқаның. Сонда да панаң күшті, құдіретім, Жылатпау нашарларды өз міндетің. Қашқан да, қуғандағы барар саған, Жоқты бар, бар нәрсені жоқ ететін.
11 слайд
www.ZHARAR.com
Ислам діні адамзатты оқуға, имандылыққа, тәртіпке
шақырып, әлемдік мәдениеттті, бекіген құндылықтарды меңгеруге
шақырушы күш. Сол кездегі ағартушылар ислам дінін қазақты алға
сүйрер күш ретінде есептейді.
М.Дулатұлының ойынша, ислам діні белгілі бір тәртіппен
уағыздалса, сонда ғана қазаққа мол пайда боларын кәміл түсінеді.
Әуелі үйренетін бір ғылымың,
Өзіңнің мұсылманша дін ғылымың.
Шарттарын исламның кәміл білсең,
Ахиреттік азық берер шын ғылымың.
11 слайд
www.ZHARAR.com Ислам діні адамзатты оқуға, имандылыққа, тәртіпке шақырып, әлемдік мәдениеттті, бекіген құндылықтарды меңгеруге шақырушы күш. Сол кездегі ағартушылар ислам дінін қазақты алға сүйрер күш ретінде есептейді. М.Дулатұлының ойынша, ислам діні белгілі бір тәртіппен уағыздалса, сонда ғана қазаққа мол пайда боларын кәміл түсінеді. Әуелі үйренетін бір ғылымың, Өзіңнің мұсылманша дін ғылымың. Шарттарын исламның кәміл білсең, Ахиреттік азық берер шын ғылымың.
12 слайд
www.ZHARAR.com
12 слайд
www.ZHARAR.com
13 слайд
•1913 жылдың
ақпанынан 1918
жылдың наурыз
айына дейін аптасына
екі реттен шығып
отырды.
Жалпы «Қазақ»
газетінің
265 нөмірі жарық
көрді.
13 слайд
•1913 жылдың ақпанынан 1918 жылдың наурыз айына дейін аптасына екі реттен шығып отырды. Жалпы «Қазақ» газетінің 265 нөмірі жарық көрді.
14 слайд
www.ZHARAR.com
14 слайд
www.ZHARAR.com
15 слайд
Кешегі Алаш идеясы –
бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан!
Алаш - Қазақ елінің мемлекет құру
тәжірибесі мен мемлекетшілдік
мүддесінің үзілмеген арқауы.
Еліміз егемен болып, атымыз
шартарапқа танылып жатқан
кезімізде еліміздің өткенін жаңғырту
- әр азаматтың қасиетті борышы.
15 слайд
Кешегі Алаш идеясы – бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан! Алаш - Қазақ елінің мемлекет құру тәжірибесі мен мемлекетшілдік мүддесінің үзілмеген арқауы. Еліміз егемен болып, атымыз шартарапқа танылып жатқан кезімізде еліміздің өткенін жаңғырту - әр азаматтың қасиетті борышы.
16 слайд
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!
16 слайд
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!