Материалдар / Прецентация.Әдеби сын бөлімшесін оқыту
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Прецентация.Әдеби сын бөлімшесін оқыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдеби сын бөлімшесін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері берілген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Қазақ әдебиетінің мазмұнындағы «Бағалау және салыстыру» бөліміндегі әдеби сын бөлімшесін оқыту (өз шеб

1 слайд
Қазақ әдебиетінің мазмұнындағы «Бағалау және салыстыру» бөліміндегі әдеби сын бөлімшесін оқыту (өз шеберлігі бойынша) 1 - С Е К Ц И Я Л Ы Қ З А Л АУ Е Л Б Е КО ВА А Й М А Н А Й Т Ж А Н О В Н А № 1 7 8 Л И Ц Е Й Д І Ң Қ А З А Қ Т І Л І Ж Ә Н Е Қ А З А Қ Ә Д Е Б И Е Т І П Ә Н І Н І Ң М Ұ Ғ А Л І М І , П Е Д А Г О Г - З Е Р Т Т Е У Ш І , « П Е Д А Г О Г И К А Л Ы Қ П О Н А РА М А Л А Р И Д Е Я С Ы » Ф Е С Т И В А Л І Н І Ң Ж Е Ң І М П А З Ы

Сабақ мақсаттары: 5.Б/С4.Оқырманның рухани дүниесіне шығарма әсерін талдай отырып, сыни хабарлама жазу. 6.Б/С4. Шығармада

2 слайд
Сабақ мақсаттары: 5.Б/С4.Оқырманның рухани дүниесіне шығарма әсерін талдай отырып, сыни хабарлама жазу. 6.Б/С4. Шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни хабарлама жасау. 7. Б/С 4. Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу . 8.Б/С4. шығарма бойынша жазылған әдеби сын –пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу. 9.Б/С4.Әдеби шығарманы қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, шағын сын мақала жазу. 10.3.4.1 ғылыми еңбектерді негізге ала отырып, шығармаға әдеби сын жазу 11.3.4.1 шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу

Жазылым түрлерін үйретуді неден бастар едіңіз? « Сыни пікір жаз, сыни хабарлама жаз, сыни мақала жаз » деген тапсырма

3 слайд
Жазылым түрлерін үйретуді неден бастар едіңіз? « Сыни пікір жаз, сыни хабарлама жаз, сыни мақала жаз » деген тапсырма түрлерін беру үшін алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізу керек. Ең бірінші, жазба жұмысының үлгісін көрсетіп, таныстырып, келесіде оның мазмұнымен, құрылымымен жұмыс жасау керек.Сондықтан жазылым түрін таныстыратын, үйрететін алғашқы сабақ бірнеше сабақ тізбегінен құрылуы керек. Бұндай дайындық жұмыстары оқушыда дағдыны қалыптастырып, іскерлікті дамытады.

Сыни пікір немесе сыни хабарлама деген не? Көркем шығарманың көркемдігіне баға беріп, бейнеленген өмір шындығының қал

4 слайд
Сыни пікір немесе сыни хабарлама деген не? Көркем шығарманың көркемдігіне баға беріп, бейнеленген өмір шындығының қалай көрініс бергенін талдап, оның мән-маңызын түсіндіретін ғылыми-публицистикалық стильдегі жанр. Әдеби сынның сыни мақала, сын пікір, шолу мақала, эссе, әдеби портрет секілді жанрлық түрлері бар.

Сыни пікір немесе сыни хабарлама деген не? Сын дегеніміз-белгілі әдеби шығарманың жетістіктері мен кемшіліктері жайындағы пік

5 слайд
Сыни пікір немесе сыни хабарлама деген не? Сын дегеніміз-белгілі әдеби шығарманың жетістіктері мен кемшіліктері жайындағы пікірлер. Сынның басты мақсаты- көркем шығарманы талдау, бағалау. Ал сыни хабарлама дегеніміз-   шағын зерттеу, шығарма жетістіктері мен кемшіліктері туралы хабарлау, баяндау.

Сыни мақала жазуға дайындық келесі қадамдарды қамтиды: Сыни мақала – әдеби сынның негізгі жанрларының бірі. Сыни мақалада

6 слайд
Сыни мақала жазуға дайындық келесі қадамдарды қамтиды: Сыни мақала   – әдеби сынның негізгі жанрларының бірі. Сыни мақалада көркем шығарманың тақырыбына, идеялық мазмұнына, тілі мен стиліне талдау жасалып, баға беріледі. Сыни мақала көркем бейнеленген əлеуметтік, адамгершілік, эстетикалық проблемаларды, шығарманың идеялық-көркемдік жағын қарастырады. Сыни мақалада көтеріліп отырған мəселеге қатысты дəлел, бір немесе бірнеше кітаптан дәйектер келтірілуі тиіс.

Сыни мақалада қарастырылатын аспектілер:  шығарма атауы;  оның жанры мен мазмұны;  композициялық ерекшеліктері;  кейіпкерлер

7 слайд
Сыни мақалада қарастырылатын аспектілер:  шығарма атауы;  оның жанры мен мазмұны;  композициялық ерекшеліктері;  кейіпкерлер бейнесін сомдаудағы автор шеберлігі;  жазушының жеке стилі;  көркем туындының жазылған кезеңі, дәуірі.  көркем шығармадағы оқиғаның орын алған уақыты (кезеңі);  сыни мақалада жазушы көтерген қоғамдық мәселелер;  осы тақырыпта жазылған басқа да шығармалар;  өз көзқарасын қалай дәлелдейді, қандай қорытынды жасайды?  шығарма авторының бұл тақырыптағы көзқарасы қандай?  шығармадан дәлел ретінде мысалдар келтіру.

Сыни мақала жазуға дайындық келесі қадамдарды қамтиды: 1-қадам. Қажетті ақпараттарды іріктеу.  Шығарманы мұқият оқып, маңызды д

8 слайд
Сыни мақала жазуға дайындық келесі қадамдарды қамтиды: 1-қадам. Қажетті ақпараттарды іріктеу.  Шығарманы мұқият оқып, маңызды деген үзінділерді белгілеу, іріктеп алу. Өзекті, маңызды, пайдалы деген, тіпті келіспейтін көзқарастар мен мәліметтерді жинақтау.  Тезисті анықтау. Автордың тұжырымдары мен пайымдауларын анықтау. Автор нені дәлелдегісі келеді, нені жоққа шығарғысы келеді? Шығармадағы басты тақырыпты көрсету.  Автор идеясын анықтау. Басты тақырыпты ашатын сөйлемдер мен дәлелдерді жинақтау арқылы автор идеясын анықтауға болады. Тезисті қолдайтын көріністер мен образдарды табу.  Қорытындылау. Жинақталған мәліметтер негізінде бір абзац көлемінде өз сөзімен қорытынды шығару. Автор ұсынған басты аргументті қамти отырып, идеяны қорытындылау.

2-қадам. Мәтінді талдау  Шығарманың оқырманға әсері. Шығарма қалай әсер етті? Ерекше әсер еткен тұстары қандай? Неліктен? Не с

9 слайд
2-қадам. Мәтінді талдау  Шығарманың оқырманға әсері. Шығарма қалай әсер етті? Ерекше әсер еткен тұстары қандай? Неліктен? Не сезіңдің? Қандай ой келді? Автор осы шығарма арқылы не айтқысы келеді? Шығарма оқырманды неге тәрбиелейді? Бұл шығарма қандай фильмді, туындыны еске түсіреді?  Автор үні. Автордың өмір сүрген кезеңі, ортасы, әлеуметтік жағдайы шығармада қалай көрінеді?  Автордың сөз қолданысы. Қандай символдар, көркемдегіш құралдар көрініс табады?  Автордың ұстанымы. Автор өз ұстанымын негіздеу үшін қандай дәлел келтіреді?

3-қадам. Құрылымын сақтап, сыни мақала жазу Сөз басы  Шығарма авторы, шығарма атауы, шыққан жылы, т.б. ақпараттарды қамтитын

10 слайд
3-қадам. Құрылымын сақтап, сыни мақала жазу Сөз басы  Шығарма авторы, шығарма атауы, шыққан жылы, т.б. ақпараттарды қамтитын, талданатын шығарма туралы қысқаша ақпарат беру.  Шығарма тезисін 1-2 сөйлеммен сипаттау.  Автор ұсынған аргументтерді сипаттап болған соң, өз тұжырымын жасау. Шығарманың маңыздылығы неде? Неліктен құнды?

Негізгі сөз  Шығарманың мазмұнына қысқаша сипаттама беру.  Қоғамдық мәселені талқылау (құрылым, стиль, көзделген аудиториясы,

11 слайд
Негізгі сөз  Шығарманың мазмұнына қысқаша сипаттама беру.  Қоғамдық мәселені талқылау (құрылым, стиль, көзделген аудиториясы, автор көзқарасы).  Шығармадан дәлел келтіру. Автор ұстанымын, өз ұстанымын дәлелдеу, т.б. үзінділерді қолдану.

Сөз соңы  Автор көздеген мақсатына жетті ме?  Шығармадан қандай ой түюге болады?  Қандай қорытынды шығаруға болады?

12 слайд
Сөз соңы  Автор көздеген мақсатына жетті ме?  Шығармадан қандай ой түюге болады?  Қандай қорытынды шығаруға болады?

Өз тәжірибемнен Сын айту – ойлаудың биік бір шыңы. Оны білім алу, танымды кеңейту арқылы ғана бағындыра аламыз. Сынн

13 слайд
Өз тәжірибемнен Сын айту – ойлаудың биік бір шыңы. Оны білім алу, танымды кеңейту арқылы ғана бағындыра аламыз. Сынның тұлға алдындағы ниеті ақ болмақ керек. Ақ тілеулі сыннан жасқанбай, керісінше, қуана қабылдаған дұрыс. Сыннан сабақ алып, өмірлік пайдаңа жаратуға болады. Ал өзгеге тұщымды, ақылға қонымды сын айтып, тұлға ретінде өзіңді таныта да аласың. Бір сөзбен айтқанда, «сын айту – айыптау емес, байыптау».

Сабақтың тақырыбы: Оқу мақсаты: 5.Б/С4.Оқырманның рухани дүниесіне шығарма әсерін талдай отырып, сыни хабарлама жазу. Саба

14 слайд
Сабақтың тақырыбы: Оқу мақсаты: 5.Б/С4.Оқырманның рухани дүниесіне шығарма әсерін талдай отырып, сыни хабарлама жазу. Сабақтың мақсаты: Оқырманның рухани дүниесіне шығарма әсерін талдай отырып, сыни хабарлама жазады. Бағалау критерийі: Оқырманның рухани дүниесіне шығарма әсерін талдайды сыни хабарлама жазады

Оқу мақсаты: 6.Б/С4. Шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни хабарлама жасау. Сабақтың мақсаты: Шығар

15 слайд
Оқу мақсаты: 6.Б/С4. Шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни хабарлама жасау. Сабақтың мақсаты: Шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни хабарлама жасайды.   Бағалау критерийі: Шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни хабарлама жасайды.

Ескеру керек  Сыни хабарламаны жазушы басқа оқырмандарға өзі байқаған мәселені көрсетеді  Шығарманың мазмұнына қысқ

16 слайд
Ескеру керек  Сыни хабарламаны жазушы басқа оқырмандарға өзі байқаған мәселені көрсетеді  Шығарманың мазмұнына қысқаша сипаттама береді  Әлеуметтік мәселені талқылайды  Шығармадан дәлел келтіреді.  Автор ұстанымын, өз ұстанымын дәлелдейді  Көркем шығармадан мысалдар келтіреді

Шығарма кестесі 1 Шығарманың аты 2 Шығарманың авторы 3 Оқиға қайда,қашан болған? 4 Шығарманың кейіпкерлері 5 Шығарманың идеясы 6

17 слайд
Шығарма кестесі 1 Шығарманың аты 2 Шығарманың авторы 3 Оқиға қайда,қашан болған? 4 Шығарманың кейіпкерлері 5 Шығарманың идеясы 6 Шығармада кездесетін мақал-мәтелдер,тұрақты тіркестер 7 Шығармадағы құндылықтар Шығарма қалай аяқталады?

Сезімді ояту Елестету Қожаны қандай бала деп елестеттің? Портреті Сүйсіну Кейіпкердің қандай қылығына сүйсіндің? Жек көру Қанд

18 слайд
Сезімді ояту Елестету Қожаны қандай бала деп елестеттің? Портреті Сүйсіну Кейіпкердің қандай қылығына сүйсіндің? Жек көру Қандай кейіпкерлердің әрекеті ұнамады? Жан ашу Жан ашу сезімін оятқан оқиға болды ма? Өкініш Өкініш сезімі пайда болды ма? Таңдану Таңғалып,риза болған сәтің ше?

Оқушылардың жұмыстары «Менің атым – Қожа» хикаятының оқырманға әсері Біз Бердібек Соқпақбаев тың "Менің атым Қожа

19 слайд
Оқушылардың жұмыстары «Менің атым – Қожа» хикаятының оқырманға әсері   Біз Бердібек Соқпақбаев тың "Менің атым Қожа" хикаятын оқып болдық. Бұл шығарма көптеген балалардың сүйікті кітабы шығар деп ойлаймын. Шығармада мектеп жасындағы Қожаның бастан кешкен әр түрлі қызықты оқиғалары жайлы баяндалады. Ол қанша бұзықтық жасаса да жақсы адам болуға талпынысы бар. Өзінің жасаған бұзықтығының бәрін әкесіз өскендігінен деп ойлайды. Қожа өзінің мінезін, тәртібін өзгертуге тырысады. Оның жақсы адам болуға талпынысы мені сүйсіндірді. Өзіне-өзі жиналыс жасап, шарт қойғаны ерекше әсер етті.Әкесінің жоқтығы, анасының үнемі жұмыста болуы, Сұлтан сияқты балалармен дос болуы оған әсер еткен шығар. Қожаны мектептен шығармаса екен деп ойлап отырдым. Оған жаным ашыды. Қожаны үнемі «Қара көже» деп мазақтайтын Жантастың іс-әрекеті ұнамады. Біреуді біреуге атыстырады, от салады, өсек айтады. Мені Майқанова апайдың ойы таңғалдырды,ол Қожаны мүлде жақсы көрмейтін шығар деп ойлаған едім. Оның “Түбінде адам болатын бала “деген пікірін оқығанда Қожаның жақсы бала болып,арманына жететініне мен де сендім. Повестен үйренеріміз көп. Қожаның мақалдап, мәтелдеп сөйлейтінін де байқаймыз. Мысалы: «Өлімнен ұят күшті», «Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа» Қожа сияқты өз-зіңді тәрбиелеу,туған жерін сүю,өлең жазу,арманына ұмтылу бәрі де жақсы қасиеттер. Қорыта айтқанда, осындай қызық пен тәрбиеге толы туындыны әр адам кемінде бір оқыса, өкінбесі, қайталап оқи бергісі келері, өміріне қажетін алары анық. Сол үшін де авторға алғыс айтқым келеді. 5в сынып оқушысы Ерғалиұлы Қазыбек

Сәлеметсіз бе?! Қал-жағдайыңыз қалай? Сіз мені танымайтын боларсыз. Мен туындыларыңызға қызығатын оқырмандырыңыздың б

20 слайд
Сәлеметсіз бе?! Қал-жағдайыңыз қалай? Сіз мені танымайтын боларсыз. Мен туындыларыңызға қызығатын оқырмандырыңыздың бірімін. Қазір 5-сыныпта оқып жүрмін. Өзіңізбен алғаш әдебиет пәнінде таныстым. Шығармаларыңызды оқып, балалар жазушысы екеніңізді білдім. Хат жазу себебім: «Бауыр» әңгімесінен алған әсерім жайлы бөліскім келеді. «Бауыр» әңгімесін толық аяқтағанда көңілсіз күйде болдым. Себебі соғыс зардабын тартып, жетім қалған Манап пен Қалиды аядым. Оқиғаның басында, ағасы Манап Қалиды балалар үйіне іздеп келгенде, бауырлар бір-бірін көріп қуанар, сарғайған сағыныштарын басар деп үміттендім. Өкінішке орай, мен күткендей болмады. Аға мен іні алғаш көріскеннен-ақ тосырқап, не істеп, не айтарларын білмеді. Қали, тіпті, ағасы Манап сонша жыл ішінде сақтап келген сырларын ақтарса да, немқұрайлылық көрсетті. Екеуі де бөтен адамдай суық қабақ, жат көңіл танытты. Осы эпизодтарда қатты толқыдым. Бір әке, бір анадан туған бауырлардың ыстық мейірімі қайда деп ойладым. Әңгімені оқи келе түсіндім: олардың туысқандық сезімін, махаббатын қанды соғыс ұрлаған, соғыспен бірге келген қиындық, туған өлкеден алыста өткен жалғыздық ұрлаған. Жетім қозылар тасбауыр болған. Өздерімен өздері түңілген де, отыққан. Өмір әрқайсысын өз иіріміне үйірген. Соңында Манап қанша жыл бұрын бұлыңғыр күзде әкеп тапсырған бауырын балалар үйінен алып кетер деп те ойладым. Бірақ аға да, іні де үйреншікті жолдарын таңдады. Қали жетімдер үйіндегі достарын, бокс жаттығуын, әскери ұшқыш болсам деген арманын ағасынан артық көрді. Өте өкінішті... Алайда, тірліктің заңы солай жазылыпты. Суыған жүректер қайта жылымайды, жат болған жақындар қайта табыспайды екен. Тіпті, Қалиға сыймай қалған 46-өлшемді костюм әлі көз алдымда... Осы шығармаңызды оқыған соң, мен ата-анамды, бауырларымды бұрынғыдан қатты құрметтеп, жақсы көріп кеткендей болдым. Балалар үйіндегі замандастарыма көмектесуге шешім қабылдадым. Қазір бейбіт заман болса да, кейбір бүлдіршіндер әлі де жетімдер үйінде ғой. Хатымды аяқтамас бұрын сізге осындай өзекті мәселені қозғаған әсерлі туындыларыңыз үшін алғыс айтқым келеді. Шығармашылық табыстар тілеймін! Сау болыңыз! P.S. Сізге осы хатты жазып болған бойда санамда бір сұрақ тұрды: «Бауыр» әңгімесіндегі оқиға кімнің басынан өткен? Өзіңізде, не таныстарыңызда осындай жағдай болған ба? Құрметпен:  оқырманыңыз Әйгерім Күні:  04.12.2020 жыл Қолы:  

Қажетіңе жарат Мәтіннен алынған дәйексөз: 1. Қой аузынан шөп алмас. 2. Құлағының сәл мүкісі бар. 3. Кетерінде сүйікті кі

21 слайд
Қажетіңе жарат Мәтіннен алынған дәйексөз: 1. Қой аузынан шөп алмас. 2. Құлағының сәл мүкісі бар. 3. Кетерінде сүйікті кітабын сыйлап тұрып:«Мен үшін де оқы. Бәлкім, мен міне алмаған ақ боз атқа сен мінерсің»,- деді. 4. Аузымызды ашып тыңдайтын абызымыз. 5. «Тоқ бала, аш баламен ойнамайды» 6. «Әкем де, шешем де - сол кітап».  «Салқын, бұлтсыз күн», «тамылжыған тамаша мезгіл», «жайма-шуақ сәт», «көкпеңбек болып төңкеріліп тұрар аспан», «қанша құласаң, ауырсынбайтын, қанша аунасаң, жапырылмайтын күлтеленген күреңсе», «балапан табан», «көлкілдеген су», «жаңбырлы күн

«Тортай мінер ақбоз ат» әңгімесіндегі балалар өмірі туралы сыни хабарлама жазыңыздар Оралхан Бөкейді

22 слайд
«Тортай мінер ақбоз ат» әңгімесіндегі балалар өмірі туралы сыни хабарлама жазыңыздар Оралхан Бөкейдің «Тортай мінер ақбоз ат» әңгімесі Ораш пен Тортай тағдыры жайлы. Екі баланың әңгімесінен олардың зеректігін, сезімталдығын, ақылдылығын көруге болады. Екі баланың әңгімесінен армандай білу,үміт арту, мақсат қою,шынайы достық сияқты қасиеттердің қандай болатындығын байқадым. Ораш пен Тортайдың әрекетінен шын жанашырлықтың не екенін түсінуге болады.Өкінішке орай,тағдыр олардың жолын екіге бөледі. Ал Ораштың Тортайға қатты жаны ашыған сәті мынау еді. «Күз жақындап, фермадағы барлық бала жайлаудан ауылға оқуға аттанғанда, тау басында бұзау бағып, жападан- жалғыз Тортай ғана қалған. Әрине, мен оны қима...