Презентация, 5сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Тақырып: Адам жанының
сұлулығы
1 слайд
Тақырып: Адам жанының сұлулығы
2 слайд
Құндылығы: Ақиқат.
Қасиеттері: Жақсыдан жаманды
ажырата білу, барлығынан жақсылық
көру, қарапайымдылық.
2 слайд
Құндылығы: Ақиқат. Қасиеттері: Жақсыдан жаманды ажырата білу, барлығынан жақсылық көру, қарапайымдылық.
3 слайд
Мақсаты: Оқушыларға адамның ішкі жан дүниесінің
сұлулығының маңыздылығын, ақиқат құндылығы арқылы
түсіндіру.
Міндеттері:
Білімділік: Оқушыларды жақсыдан жаманды ажырата
білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың қарапайымдылық
қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды барлығынан жақсылық көруге
тәрбиелеу.
3 слайд
Мақсаты: Оқушыларға адамның ішкі жан дүниесінің сұлулығының маңыздылығын, ақиқат құндылығы арқылы түсіндіру. Міндеттері: Білімділік: Оқушыларды жақсыдан жаманды ажырата білуге үйрету. Дамытушылық: Оқушылардың қарапайымдылық қасиеттерін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды барлығынан жақсылық көруге тәрбиелеу.
4 слайд
4 слайд
5 слайд
Жағымды күйге келу.
Су асты патшалығына ойша саяхат.
5 слайд
Жағымды күйге келу. Су асты патшалығына ойша саяхат.
6 слайд
Үй тапсырмасын тексеру.
1. №14 – сабақ. Еңбек туралы мақал – мәтелдер жазып
келу.
2. Келесі сабақ. №15, «Ішкі сұлулық пен сыртқы
сұлулық» аңызын оқып келу.
Сұрақтар:
1. Сыртқы сұлулық дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Ішкі сұлу дегенді қалай түсінуге болады?
3. Жаны сұлу адамның бойында қандай қасиеттер бар
деп
ойлайсыңдар?
4. Ішкі және сыртқы сұлулық неліктен үйлесімді
болуы керек?
5. Өзің ішкі сұлулығыңды қалайша жақсартып жүрсің?
Айтып бер.
6 слайд
Үй тапсырмасын тексеру. 1. №14 – сабақ. Еңбек туралы мақал – мәтелдер жазып келу. 2. Келесі сабақ. №15, «Ішкі сұлулық пен сыртқы сұлулық» аңызын оқып келу. Сұрақтар: 1. Сыртқы сұлулық дегенді қалай түсінесіңдер? 2. Ішкі сұлу дегенді қалай түсінуге болады? 3. Жаны сұлу адамның бойында қандай қасиеттер бар деп ойлайсыңдар? 4. Ішкі және сыртқы сұлулық неліктен үйлесімді болуы керек? 5. Өзің ішкі сұлулығыңды қалайша жақсартып жүрсің? Айтып бер.
7 слайд
Сабақтың дәйексөзі.
Адамдық – ақылда, сұлулық – жүректе.
Халық даналығы.
Сұрақтар:
1. Адамға жан сұлулығы не үшін керек?
2. Адамды тек сыртқы келбетіне байланысты сұлу деп айта аламыз
ба? Неге?
3. Адам сұлулығын қандай құндылықтарынан байқауға болады?
4. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?
7 слайд
Сабақтың дәйексөзі. Адамдық – ақылда, сұлулық – жүректе. Халық даналығы. Сұрақтар: 1. Адамға жан сұлулығы не үшін керек? 2. Адамды тек сыртқы келбетіне байланысты сұлу деп айта аламыз ба? Неге? 3. Адам сұлулығын қандай құндылықтарынан байқауға болады? 4. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?
8 слайд
Мұғалім сыйы
Арман тау.
С. Қабибекқызы.
Ертеде бір үйдің екі қызы болыпты. Бірінің аты Айдан, екіншісінің аты
Нұрдан екен.Екеуінің ақылды, сабырлы, көркем мінезді балалар екенін бүкіл
ауыл біледі екен. Олар үнемі ақсақалдардан, өздерінің әке-шешелерінен көп
адам бара алмайтын бір тау бар екенін, оның ең биігінде жалғыз гүл өсетінін
естиді. Осы гүлді кімде-кім аналарына сыйласа, сол баланың анасы дүниедегі
ең бақытты адам болып, барша тілектері орындалады екен. Адамдар бұл туралы
қаншама естіп жүрсе де, алыс тауды іздеп шығуға тәуекелдері бармайды.
Ал, аналарының барлық ізгі тілектері орындалып,бақытты болғанын
қалаған Айдан мен Нұрдан тауды іздеуге шығады. Бұлардың алыс тауға
қасиетті гүлді іздеп кеткенін бүкіл ауыл естиді.
Кейбіреулері аман-есен келетініне сенбесе, кейбіреулері үлкен үмітпен күтіп
жүреді. Екі бала алыс-алыс жол жүреді, қатты шөлдейді, қарындары ашады,
шаршайды. Бірақ соған қарамай таудың биігіне шығып, Гүлді де табады. Кез-
келген жерде өспейтін таңғажайып гүлді ауылдарына әкеліп, аналарына
сыйлайды. Ауыл түгел жиналып, таңғажайып гүлді көздерімен көріп қуанады.
Ақсақалдар «Енді ауылымыз көркейеді» деп балаларға алғыс айтады. «Алыс
тауға баратын жол салынды» деп жар салады.
Айдан мен Нұрданның тек қана жақсылық пен игілік ойлайтын анасының
бұрын армандаған барлық тілектері орындала береді, орындала береді. Жаңбыр
жаумай қиналған ауылға қайта –қайта жаңбыр жауады, жер көгереді, егін өседі.
Ауыл балаларының ішіндегі ақылдылары «алыстағы тауға барып, таңғажайып
гүлді» әкеліп аналарының, елдің ықыласына бөленіп жатады. Ал, біреулері
шаршап, шалдығып орта жолдан қайтып келеді. Сөйтіп, бұл ауыл керемет
шаһарға айналады. «Алыстағы тау мен гүл» Арман тау мен Арман-гүл болып
ауыздан-ауызға, елден-елге тарайды. Айдан мен Нұрданның есімдерін халық
қадір тұтып, өз балаларына үлгі қылады.
8 слайд
Мұғалім сыйы Арман тау. С. Қабибекқызы. Ертеде бір үйдің екі қызы болыпты. Бірінің аты Айдан, екіншісінің аты Нұрдан екен.Екеуінің ақылды, сабырлы, көркем мінезді балалар екенін бүкіл ауыл біледі екен. Олар үнемі ақсақалдардан, өздерінің әке-шешелерінен көп адам бара алмайтын бір тау бар екенін, оның ең биігінде жалғыз гүл өсетінін естиді. Осы гүлді кімде-кім аналарына сыйласа, сол баланың анасы дүниедегі ең бақытты адам болып, барша тілектері орындалады екен. Адамдар бұл туралы қаншама естіп жүрсе де, алыс тауды іздеп шығуға тәуекелдері бармайды. Ал, аналарының барлық ізгі тілектері орындалып,бақытты болғанын қалаған Айдан мен Нұрдан тауды іздеуге шығады. Бұлардың алыс тауға қасиетті гүлді іздеп кеткенін бүкіл ауыл естиді. Кейбіреулері аман-есен келетініне сенбесе, кейбіреулері үлкен үмітпен күтіп жүреді. Екі бала алыс-алыс жол жүреді, қатты шөлдейді, қарындары ашады, шаршайды. Бірақ соған қарамай таудың биігіне шығып, Гүлді де табады. Кез- келген жерде өспейтін таңғажайып гүлді ауылдарына әкеліп, аналарына сыйлайды. Ауыл түгел жиналып, таңғажайып гүлді көздерімен көріп қуанады. Ақсақалдар «Енді ауылымыз көркейеді» деп балаларға алғыс айтады. «Алыс тауға баратын жол салынды» деп жар салады. Айдан мен Нұрданның тек қана жақсылық пен игілік ойлайтын анасының бұрын армандаған барлық тілектері орындала береді, орындала береді. Жаңбыр жаумай қиналған ауылға қайта –қайта жаңбыр жауады, жер көгереді, егін өседі. Ауыл балаларының ішіндегі ақылдылары «алыстағы тауға барып, таңғажайып гүлді» әкеліп аналарының, елдің ықыласына бөленіп жатады. Ал, біреулері шаршап, шалдығып орта жолдан қайтып келеді. Сөйтіп, бұл ауыл керемет шаһарға айналады. «Алыстағы тау мен гүл» Арман тау мен Арман-гүл болып ауыздан-ауызға, елден-елге тарайды. Айдан мен Нұрданның есімдерін халық қадір тұтып, өз балаларына үлгі қылады.
9 слайд
Сұрақтар:
1. Айдан мен Нұрдан неліктен осындай әрекетке барды?
2. Осы әңгіме мазмұны
бойынша қандай ой түйер едіңдер?
3. Жан сұлулығы дегенді қалай
түсінесің?
4. Жаны сұлу адамдардың бойында қандай
қасиеттер болады?
5. Айдан мен Нұрданның бойындағы қандай жақсы
қасиеттерді өз бойыңа алар едіңдер?
9 слайд
Сұрақтар: 1. Айдан мен Нұрдан неліктен осындай әрекетке барды? 2. Осы әңгіме мазмұны бойынша қандай ой түйер едіңдер? 3. Жан сұлулығы дегенді қалай түсінесің? 4. Жаны сұлу адамдардың бойында қандай қасиеттер болады? 5. Айдан мен Нұрданның бойындағы қандай жақсы қасиеттерді өз бойыңа алар едіңдер?
10 слайд
Шығармашылық жұмыс,
топтық тапсырма.
Оқушылар бес топқа бөлінеді.
Тапсырма: Қажетті сөздерді пайдаланып,
«Жан сұлулығы» тақырыбына өлең құрастырыңдар.
Қажетті сөздер: мейірімділік, ақниет, адалдық,
кеңпейілділік, ізгілік, әдептілік, қамқорлық,
сүйіспеншілік.
10 слайд
Шығармашылық жұмыс, топтық тапсырма. Оқушылар бес топқа бөлінеді. Тапсырма: Қажетті сөздерді пайдаланып, «Жан сұлулығы» тақырыбына өлең құрастырыңдар. Қажетті сөздер: мейірімділік, ақниет, адалдық, кеңпейілділік, ізгілік, әдептілік, қамқорлық, сүйіспеншілік.
11 слайд
Ертегі Сарай
Өлеңін жазған Сұлтан Қалиев
Әнін жазған Бейбіт Дәлденбай
Балалар деп жарқырар күн шырағы,
Әй-әй апай халқымыздың шынары.
Жан апайдың салдырған Сарайынан,
Жанымызға тарайды нұр шуағы.
Қайырмасы:
Ертегі Сарай
Шертеді талай,
Бар ғаламның жұмбақ сырларын, ғаламат.
Көмкеріп арай,
Елтеді маңай,
Балалардың тыңдап жыр, әнін бағалап.
Мұң мен дерттен арылтқан, ұмыттырған,
Шар болаттай шыңдаған, шынықтырған.
Жұмақка бергісіз осы Сарай
Талайлардың бақыты, үміт қуған.
Қайырмасы.
¥л-қыздарын шақырып шартараптан,
Омарташы сияқты бал таратқан.
Самғасын деп біздерді биіктерге,
Өнер, білім, денсаулық арқалатқан.
11 слайд
Ертегі Сарай Өлеңін жазған Сұлтан Қалиев Әнін жазған Бейбіт Дәлденбай Балалар деп жарқырар күн шырағы, Әй-әй апай халқымыздың шынары. Жан апайдың салдырған Сарайынан, Жанымызға тарайды нұр шуағы. Қайырмасы: Ертегі Сарай Шертеді талай, Бар ғаламның жұмбақ сырларын, ғаламат. Көмкеріп арай, Елтеді маңай, Балалардың тыңдап жыр, әнін бағалап. Мұң мен дерттен арылтқан, ұмыттырған, Шар болаттай шыңдаған, шынықтырған. Жұмақка бергісіз осы Сарай Талайлардың бақыты, үміт қуған. Қайырмасы. ¥л-қыздарын шақырып шартараптан, Омарташы сияқты бал таратқан. Самғасын деп біздерді биіктерге, Өнер, білім, денсаулық арқалатқан.
12 слайд
Үйге тапсырма.
1. №15 – сабақ. «Мен үшін жаны сұлу адам»
тақырыбында эссе жазу.
2. Келесі сабақ. №16, «Қарға баласын
«аппағым» дер,
кірпі баласын «жұмсағым» дер» ертегісін
оқып келу.
12 слайд
Үйге тапсырма. 1. №15 – сабақ. «Мен үшін жаны сұлу адам» тақырыбында эссе жазу. 2. Келесі сабақ. №16, «Қарға баласын «аппағым» дер, кірпі баласын «жұмсағым» дер» ертегісін оқып келу.
13 слайд
Сабақтың қорытынды сәті.
Тыныс алуға зейін қою.
Баяу музыка қойылады.
Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін.
Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде,
біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш
қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды
сыртқа шығарамыз.
Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз...,
қолдарыңды тізеге қоюға болады...
Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет!
Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге
сақтайық.
13 слайд
Сабақтың қорытынды сәті. Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет! Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.