Материалдар / Презентация: Жеті хан жерленген сарайшық
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Презентация: Жеті хан жерленген сарайшық

Материал туралы қысқаша түсінік
Өлкетану материалдары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Ақпан 2019
1254
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі
ЖЕТІ ХАН ЖЕРЛЕНГЕН САРАЙШЫҚ Пән мұғ: Мендигереева Ж. 5 а- сынып

1 слайд

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға орта

2 слайд
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі. Бұл – рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі» деген болатын. Сондай қасиетті жерлеріміздің бірі – Сарайшық. Бұл шаһарды Мөңке Темір хан салдырды. Алтын орданың ірі қалаларының бірі. Ол туралы заманында Ибн Батута жазған. Сарайшықты Бағдатпен салыстырған. Соған қарағанда, ғажап шаһар болса керек. XIV ғасырдың соңында Сарайшықты Ақсақ Темір қиратты. Кейін қайта түлеп, XV ғасырдың ортасынан бастап Ноғай ордасының, соңыра Қазақ хандығының астанасы болды. XV І ғасырдың соңында қаланы орыс тар жермен-жексен етті. Қазіргі орны Атыраудан солтүстікке қарай 50 шақырымдай жерде. Бүгінде Атырау облысының Махамбет ауданына қарайды .

САРАЙШЫҚ ҚАЛАСЫ ТУРАЛЫ Қазіргі кезде мұнда «Хан ордалы Сарайшық» музей қорығы бар. Биіктігі 17 метр болатын ес керткіш алыстан

3 слайд
САРАЙШЫҚ ҚАЛАСЫ ТУРАЛЫ Қазіргі кезде мұнда «Хан ордалы Сарайшық» музей қорығы бар. Биіктігі 17 метр болатын ес керткіш алыстан көз тартады. Ескерткіш осы жерден жай тапқан жеті ханның құрметіне арнап қойылды. Олардың есімдері мен билік құрған жылдары құлпытас тарға қашап жазылған. Ескерткішті 1999 жылы сол кездегі Атырау облысының әкімі Иманғали Тасмағамбетов салдырды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзі келіп ашты.

Сарайшықта жерленген 7 хан ның үшеуі – Алтын орданың хандары. Үшеуі – Ноғай ордасы ның билері. Біреуі – Қазақ хандығының ханы

4 слайд
Сарайшықта жерленген 7 хан ның үшеуі – Алтын орданың хандары. Үшеуі – Ноғай ордасы ның билері. Біреуі – Қазақ хандығының ханы. Осылардың әрқайсысына жекедара тоқталсақ. Біріншісі – Мөңке Темір хан (?-1282). Бату ханның немересі. 1269-1282 жылдары Алтын орданың ханы болды. Мөңке Темірден бұрын Берке хан ел басқарды. Ол кейбір мәселелерді Қара қорымдағы Құбылай ханмен санасып барып, шешетін. Мөңке Темір билікке келісімен Шыңғыс империясынан іргесін аулақ салып, Алтын орданы тә уелсіз мемлекетке айналдырды. Болғардан (қазіргі Татарстанда) өз есімі жазылған алғашқы монеталарды шығарып, мөрін соқтырды. Елдегі ішкі тартыстарды тыйды. Берке хан салған сара жолды жалғап, Мысыр сұлтаны Бейбарыспен байланысын күшейтті. Мұсылмандарға қырғидай тиген Құлағуға қарсы күш біріктірді. Орыс княздарын уысында ұстады. 1270 жылы Мөңке Темірдің жарлығымен Рязань князы Роман Олегович өлім жазасына кесілді. Оны ислам дініне қарсы келгені үшін, Шыңғыс ханның Ясы заңы бойынша жазалады. Хан жарлығы бойынша 1272 жылы Алтын ордада халық санағы жүргізілді. Соның арқасында, Московия аймағының халық санын анықтап, салық мөлшерін бағамдады. Сөй тіп, бұл қонысқа жаңа қала салуды ұйғарды. Сол қала бүгінгі Мәскеу екен. Жаңа қаланың князы етіп Александр Невскийдың ұлы Даниилды та ғайындады. Әйгілі, Московияның тарихы осылай басталған болатын.

Сарайшықта жерленген екінші хан – осы Мөңке Темірдің ұлы Тоқты хан (1270-1312). Бату хан ның шөбересі. 1291-1312 жылдары Алтын

5 слайд
Сарайшықта жерленген екінші хан – осы Мөңке Темірдің ұлы Тоқты хан (1270-1312). Бату хан ның шөбересі. 1291-1312 жылдары Алтын орданы басқарды. Негізін де, Мөңке Темір дүниеден өтісімен орда билігін Төле Бұқа хан иемденіп, Тоқты әкесінің сенімді серігі, беклербек Ноғайды пана лаған болатын. Сөйтіп, Ноғайдың көмегімен 1291 жылы хан тағын Төле Бұқадан тартып алды. Ноғайға Қырымды сыйға тартты. Тоқты ханның кезінде басқару билігі нығайып, қалалар гүлденді. Мысыр сұлтандығымен байла нысын күшейді. 

Сарайшықтағы үшінші адам – Жәнібек хан (?-1357). Біздің тарихымызда екі хан Жәнібек бар. Сарайшықта жатқаны – Тоқты ханның неме

6 слайд
Сарайшықтағы үшінші адам – Жәнібек хан (?-1357). Біздің тарихымызда екі хан Жәнібек бар. Сарайшықта жатқаны – Тоқты ханның немересі, Өзбек ханның ұлы әз-Жәнібек хан. 1342-1357 жылдары Алтын орданы биледі. Жәнібектің кезінде Алтын орда құрамына бүгінгі Әзірбайжан жері қосылып, қоныс кеңейді. Мем лекетте ислам діні қанат жайды. Мешіт, медреселер салына бас тады. Содан болар, жылнамашылар «Жәнібек Дешті Қыпшақ елінің ханы болды. Халық оған дене болса, ол халықтың жаны болды» деп жазды. Ресейдегі Астрахан қаласын осы әз-Жәнібек салдырған. Бұл жайлы Мұрат Мөңкеұлы толғауында: Адыра қалғыр, Аштархан, Әз-Жәнібек хан салдырып. Ақылын кәуірге алдырып, Айласы құрып кеткен жер, – деп жырға қосқан. Әбілғазы баһадүр ханның «Шежіре-и түркі» («Түркі шежіресі») кітабында: «Өзбек хан өлгеннен соң оның ұлы Жәнібекті хан көтерді. Жәнібек хан ғажайып мұсылман патша болды, өзі ғұлама, ибалы, ақылды кісі еді. Сарайшық шаһарында таққа отырды, шариғатты қатаң сақтар еді… Ұлы Бердібекті Әзірбайжанға әкім етіп, өзі жұртына қайтып келді. Одан соң ауруға шалдығып, ол ұзаққа созылды. Хан: «Енді мен бұл аурудан жазылмаймын» деп, Әзірбайжандағы ұлы Бердібекті шақыртты. Бердібек хан келіп жеткенше, Жәнібекке уақыт болды. Ол қайтыс болар алдында халқын жиып, оларға көп насихат айтты. Хижраның жеті жүз елу сегізінші жылы қайтыс болды. Ол он жеті жыл патшалық құрды, Сарайшықта жерленді» деп нақтылап жазады. .

Сарайшықта жерленген үш адам – Ноғай ордасының билері. Негізінде, «хан» атағын тек Шыңғыс ұрпақтары ғана алды. Ноғай ордасын б

7 слайд
Сарайшықта жерленген үш адам – Ноғай ордасының билері. Негізінде, «хан» атағын тек Шыңғыс ұрпақтары ғана алды. Ноғай ордасын билеген Едіге ұрпақтарының (маңғыттар) бәрі де «би» статусына ие болды. «Би» дәрежесіне жетпегендері «мырза» атанды. Алайда бұлардың статусы «би» болғанымен, «хан» дәрежесіндегі адамдар болды. Үшеуін «би» деп төменшіктетпей, хандар қата рында атауымыздың бір мәні осыда. Сонымен, бұл үшеуі кімдер? Нұрадин бидің ұлы Уаққас би , Мұса бидің ұлы Шейх-Мамай би және Мұса бидің ұлы Жүсіп би. Уаққас би (?-1440) – Едігенің немересі, Нұраддиннің ұлы. 

Сарайшықта жатқан Шейх-Мамай би (?-1549) – Уаққас бидің немересі, Мұса бидің ұлы. Шейх-Мамай би 1519 жылы Қазақтың Қасым ханын

8 слайд
Сарайшықта жатқан Шейх-Мамай би (?-1549) – Уаққас бидің немересі, Мұса бидің ұлы. Шейх-Мамай би 1519 жылы Қазақтың Қасым ханының билігін мойын дады. Қасымның қызы Бұлдыр ханымды әйелдікке алып, ханға күйеу болды. Жүсіп би (?-1554) де Сарай шықта жерленген. 1549-1554 жылдары Ноғай ордасының биі болды. Бауыры Шейх-Мамайдан кейін таққа отырды. Ресейдегі княз Юсуповтар – осы Жүсіп бидің ұрпақтары . Сарайшықта жерленген жетінші адам – қазақтың Қасым ханы (1445-1521). 1511-1521 жылдары қазақтың ханы болды. 1513 жылы Қасым Сарайшықты алып, қазаққа астана қылды. Қасымның кезінде Сарайшық кеңейе түсті. Сарайшық қана емес, Қасым қазақтың бүкіл жерін кеңейтті. Өзін өзге елдерге мойындата білді. Жоғарыда аты аталған Ноғай ордасының биі Шейх-Мамай – осы Қасым ханның күйеу баласы. Сарайшықта Қасым хан құдасы мен, күйеу баласымен бірге жатыр.

Сарайшықта жерленген хандар тек жетеу ғана деп дөп басу айту қиын. Ол жерде Алтын орда, Ноғай ордасы, Қазақ хандығының біраз х

9 слайд
Сарайшықта жерленген хандар тек жетеу ғана деп дөп басу айту қиын. Ол жерде Алтын орда, Ноғай ордасы, Қазақ хандығының біраз хан-сұлтандары мен билері жерленген шығар деген ойдамыз Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасына енетін киелі жердің бірі – осы Сарайшық болары сөзсіз. Себебі, Сарайшық – қазақтың киелі қонысы, қастерлі мекені, хан- сұлтандардың көзі. Мәліметтер Ана тілі газетінен және ғаламтор беттерінен алынды. Суреттер ғаламтор беттерінен және тарих пәні мұғалімі Ж Меңдігереваның жеке мұрағатынан алынды