Материалдар / Презентация "Мәтін арқылы оқу сауаттылығын арттыру"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Презентация "Мәтін арқылы оқу сауаттылығын арттыру"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Мәтін арқылы оқу сауаттылығын арттыру" 5, 6-сынып оқушаларын мәтінмен жұмысты дұрыс жүргізуге үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қазан 2021
3560
37 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Облыстық дәріс оқу сабағы 23.09.2021ж. Мәтін арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту Куанова Арманай Тулебаевна

1 слайд
Облыстық дәріс оқу сабағы 23.09.2021ж. Мәтін арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту Куанова Арманай Тулебаевна Байзақ ауданы №1 мектеп –гимназиясы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

• Жаңартылған білім беру мазмұнына сай қазақ тілі пәні қоғамға араласуға қажетті тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдылар

2 слайд
• Жаңартылған білім беру мазмұнына сай қазақ тілі пәні қоғамға араласуға қажетті тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын дамытады. • Осы төрт дағдының ішіндегі ең маңыздысы – Оқылым дағдысы, себебі оқудың тиімді жолын меңгеріп, оқығаны бойынша анализ жасай алған адам ойын еркін айта да алады, сауатты жаза да алады. Оқылым дағдысын жетілдірудің негізі - мәтінмен жұмыс.

Мәтіннің түрлеріне талдау: 1. Әңгімелеу 2. Сипаттау 3. Пайымдау 1 .Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтін әңгімелеу мәтіні де

3 слайд
Мәтіннің түрлеріне талдау: 1. Әңгімелеу 2. Сипаттау 3. Пайымдау 1 .Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтін әңгімелеу мәтіні деп аталады. Әңгімелеу мәтінінің ерекшелігі: 1) Мәтін «не істейді, не істеді» деген сұрақтарға жауап береді. 2) Тірек сөздері - етістіктерден болады. 3) Сөйлемдер тізбектеле байланысады. 4) Мәтін соңына қарай негізгі ой айтылады. 2. Зат немесе құбылысты суреттеп, сипттайтын мәтін сипаттау мәтіні деп аталады. Сипаттау мәтінінің ерекшелігі: 1) Сөйлемдер заттың түр - түсін, қасиетін суреттейді. 2) Сипаттау мәтіні « Қандай?» деген сұраққа жауап береді. 3) Тірек сөздер – сын есімдерден болады. 3. Оқиға, құбылыстардың себебін дәлелдейтін мәтін пайымдау мәтіні деп аталады. Пайымдау мәтінінің ерекшелігі: 1) « Неліктен?» деген сұраққа жауап береді. 2) Бірінші сөйлемде негізгі ой айтылады. Ал қалған сөйлемдерде сол ой дәлелденеді. 3) Тірек сөздері – “ өйткені”, “себебі”, “біріншіден “, “екіншіден,”— деген сөздер

Мәтін түрі Күз Күз келді. Айнала алтын түке боялған. Ағаштардың жапырақтары сары, қызыл болып жерге түск

4 слайд
Мәтін түрі   Күз Күз келді. Айнала алтын түке боялған. Ағаштардың жапырақтары сары, қызыл болып жерге түскен. Құстар жылы жаққа ұшуға дайындалуда.   Аққу Аққу-киелі құс. Аққудың мойны ұзын, тұмсығы қара, ұшы қызыл болып келеді. Аққудың қанаты ұзын, мамығы ұлпа. Ол ұшқанда жаймен ұшады. Аққулар достықтың, мәңгіліктің белгісі. 1) _______________ 2 ) _______________ Себебі   1) _______________     2)_______________1-Тапсырма: Мәтіндерді түріне қарай талдаңыдар. Әңгімелеу, сипаттау мәтін түрлерін ажыратыңдар .

Мәтін түрі Күз Күз келді. Айнала алтын түсе боялған. Ағаштардың жапырақтары сары, қызыл болып жерге түск

5 слайд
Мәтін түрі   Күз Күз келді. Айнала алтын түсе боялған. Ағаштардың жапырақтары сары, қызыл болып жерге түскен. Құстар жылы жаққа ұшуға дайындалуда.   Аққу Аққу-киелі құс. Аққудың мойны ұзын, тұмсығы қара, ұшы қызыл болып келеді. Аққудың қанаты ұзын, мамығы ұлпа. Ол ұшқанда жаймен ұшады. Аққулар достықтың, мәңгіліктің белгісі. 1) Әңгімелеу мәтіні 2 ) Суреттеу мәтіні Себебі   1) « Не істеді?» деген сұраққа жауап береді. 2) Етістіктер басым.     1) «Қандай?» деген сұраққа жауап береді. 2) Сын есімдер басым.Жауабыңды тексеріп көр . 1-Тапсырма: Мәтіндерді түріне қарай талдаңыдар. Әңгімелеу, сипаттау мәтін түрлерін ажыратыңдар .

Мәтіндерді стильге қатысты талдау: Ауызекі сөйлеу стилінде – қарапайым сөздер мен сұраулы, лепті сөйлемдер жиі қолдан

6 слайд
Мәтіндерді стильге қатысты талдау: Ауызекі сөйлеу стилінде – қарапайым сөздер мен сұраулы, лепті сөйлемдер жиі қолданылады, көбінесе диалог түрінде келеді Көркем әдебиет стилінде - ауыспалы мағына, көркемдік тәсілдер, суреттеме құралдары(теңеу, метафора) қолданады. Ресми іс-қағаздар стилінде – кітаби, ресми сөздер мен тіркестер , хабарлы сөйлемдер мен даяр тіркестер мен құжат тілдері жиі қолданылады. Ғылыми стильде - ғылыми терминдер жиі қолданылады. Көбіне хабарлы сөйлем болып келеді. Осы шақ, өткен шақ та жиі қолданылады. Публицистикалық стильде - риторикалық сұрақтар, стильдік қайталау, антитеза пайдаланылады.

М әтінді мақсатына қарай талдау : Бұл мәтін НЕ ҮШІН жазылған немесе айтылған (құрылған)? Мәтіннің қызметі қандай? • Ақп

7 слайд
М әтінді мақсатына қарай талдау : Бұл мәтін НЕ ҮШІН жазылған немесе айтылған (құрылған)? Мәтіннің қызметі қандай? • Ақпарат беру • Қызықтыру • Сендіру • Дауласу • Өзара сөйлесу • Нұсқау беру • Сын пікір беру, баға беру • Ақыл-кеңес беру • Тәрбиелеу • Хабарлау

2-тапсырма. Мәтінді оқып, стиль түрін, қолданылатын орнын, мақсатын, стильдік ерекшелігін табыңыздар. - Әй, Сәлима,

8 слайд
2-тапсырма. Мәтінді оқып, стиль түрін, қолданылатын орнын, мақсатын, стильдік ерекшелігін табыңыздар. - Әй, Сәлима, сенен несін жасырайын, соңғы кезде ұйқым онша болмай жүр. - Жайшылық па? Денсаулығыңыз жақсы ма, әйтеуір? – деп жақындай түсті Ханымгүл. - Денсаулығым жаман емес сияқты... - Е... Құдайға шүкір... Кейде адам бірдеңені еске алып мазаланса да, ұйқының қашатыны бар. - Таң атпай «Айран, молоко, творог!» деп айқайлайтындары жаман-ақ... - Енді қайтсін... олар да ерігіп жүр дейсіз бе?.. Мынадай қиын кездегі тіршіліктері де. - Оны түсінем ғой, таң алдында тәтті ұйқыға кетіп баратқанымда, ауыздарына әнебіреуді тақап алып, он шақты үйді басына көтере қақсайтынын қайтерсің?.. Мәтін тақырыбы: Стиль түрі: Қолданылатын орны: Мақсаты: Стильдік ерекшелігі:

Жауабыңды тексеріп көр. 2-тапсырма. Мәтінді оқып, стиль түрін, қолданылатын орнын, мақсатын, стильдік ерекшелігін табыңыздар.

9 слайд
Жауабыңды тексеріп көр. 2-тапсырма. Мәтінді оқып, стиль түрін, қолданылатын орнын, мақсатын, стильдік ерекшелігін табыңыздар. - Әй, Сәлима, сенен несін жасырайын, соңғы кезде ұйқым онша болмай жүр. - Жайшылық па? Денсаулығыңыз жақсы ма, әйтеуір? – деп жақындай түсті Ханымгүл. - Денсаулығым жаман емес сияқты... - Е... Құдайға шүкір... Кейде адам бірдеңені еске алып мазаланса да, ұйқының қашатыны бар. - Таң атпай «Айран, молоко, творог!» деп айқайлайтындары жаман-ақ... - Енді қайтсін... олар да ерігіп жүр дейсіз бе?.. Мынадай қиын кездегі тіршіліктері де. - Оны түсінем ғой, таң алдында тәтті ұйқыға кетіп баратқанымда, ауыздарына әнебіреуді тақап алып, он шақты үйді басына көтере қақсайтынын қайтерсің?.. Мәтін тақырыбы: қала тұрмысы Стиль түрі: ауызекі сөйлеу стилі Қолданылатын орны: аулада/көшеде, бетпе-бет кездесуде Мақсаты: өзара тілдесу Стильдік ерекшелігі: тілдесу емін-еркін, бейресми түрде жүргізілген.

Жинақы мәтін – бастапқы мәтіндегі негізгі идеялар мен ақпараттарды сақтай отырып, мәтін көлемін ықшамдау және өңдеу. Жинақы мә

10 слайд
Жинақы мәтін – бастапқы мәтіндегі негізгі идеялар мен ақпараттарды сақтай отырып, мәтін көлемін ықшамдау және өңдеу. Жинақы мәтіннің мақсаты – оқырманды мәтін мазмұнының негізгі идеясымен таныстыру және түпнұсқаны оқуға кететін уақытын үнемдеу. Түпнұсқа мәтін Ұлттық тағамдардың пайдасы Қазақ халқы асты жоғары бағалап, қадірлей білген. Сондықтан қазақтар адам қажеттіліктерінің ішінде тағамды жоғары қойған. «Астан үлкен емессің», «Ерді қорласаң састырар,асты қорласаң құстырар» деген секілді ескертпе сөздер, мақал–мәтелдер осының дәлелі. Қай заманда, қалай айтылғанына қарамастан, халық асты құрметтеудің жолын, оны әзірлеудің көзін, ретін таба білген. Жинақы мәтін ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________3-тапсырма. Берілген мәтінмен танысып, жинақы мәтін құрастырыңыз .

Түпнұсқа мәтін Ұлттық тағамдардың пайдасы Қазақ халқы асты жоғары бағалап, қадірлей білген. Сондықтан қазақтар адам қажетт

11 слайд
Түпнұсқа мәтін Ұлттық тағамдардың пайдасы Қазақ халқы асты жоғары бағалап, қадірлей білген. Сондықтан қазақтар адам қажеттіліктерінің ішінде тағамды жоғары қойған. «Астан үлкен емессің», «Ерді қорласаң састырар,асты қорласаң құстырар» деген секілді ескертпе сөздер, мақал– мәтелдер осының дәлелі. Қай заманда, қалай айтылғанына қарамастан, халық асты құрметтеудің жолын, оны әзірлеудің көзін, ретін таба білген . Жинақы мәтін Қазақ халқы асты жоғары бағалап, адам қажеттіліктерінің ішінде жоғары қойған және оны әзірлеудің көзін, ретін таба білген. Жауабыңды тексеріп көр. 3-тапсырма. Берілген мәтінмен танысып, жинақы мәтін құрастырыңыз .

Мәтінді құрастыруға негіз болатын сөздер «тірек сөздер» деп аталады. «Мәтін не туралы?» деген сұраққа жауап беретін сөзд

12 слайд
Мәтінді құрастыруға негіз болатын сөздер «тірек сөздер» деп аталады. «Мәтін не туралы?» деген сұраққа жауап беретін сөздер мәтіннің тірек сөздері болады. 4- тапсырма. Мәтіннің тірек сөздерін табыңдар. Қасына серік ергеннен бері Көксерек зорайып қатты өсті. Аяқтары жуандап, жүндерінің бәрі де қалыңдап ұзарып, өзі жуан, өзі мықты көкжал болып алды. Қыс іші болса да жоны шығып, алқымы түсіп, семіріп кетті. А) көксерек, көкжал, семіру Ә) серік, аяқ, өзі, қыс Б) зораю, үлкею, жуандау, семіру В) қатты, мықты, жүн, алқым Д) жуандау, қалың, көкжал

4- тапсырма: мәтіннің тірек сөздерін табыңдар. Қасына серік ергеннен бері Көксерек зорайып қатты өсті. Аяқтары жуандап, ж

13 слайд
4- тапсырма: мәтіннің тірек сөздерін табыңдар. Қасына серік ергеннен бері Көксерек зорайып қатты өсті. Аяқтары жуандап, жүндерінің бәрі де қалыңдап ұзарып, өзі жуан, өзі мықты көкжал болып алды. Қыс іші болса да жоны шығып, алқымы түсіп, семіріп кетті. А) көксерек, жуан, көкжал, семіру Ә) серік, аяқ, өзі, қыс Б) зораю, үлкею, жуандау, семіру В) қатты, мықты, жүн, алқым Д) жуандау, қалың, көкжал Жауабы : Мәтінде Көксеректің семіруі туралы айтылады. «А» нұсқасында берілген тірек сөздер мәтіннің тақырыбын толықтай ашады. Жауабыңды тексеріп көр.

14 слайд

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ • Қазақ тілі сабағында мәтінмен жұмыс жүргізу ерекшеліктерін меңгеру – оқушылардың оқу сауаттылығын арттырады. • Мә

15 слайд
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ • Қазақ тілі сабағында мәтінмен жұмыс жүргізу ерекшеліктерін меңгеру – оқушылардың оқу сауаттылығын арттырады. • Мәтіндерге талдау жасату арқылы оқушылар ойды жеткізу формасын және олардың тілдік құралдарын жете ажыратуға дағдыланады . • Мәтінмен жұмыс арқылы білім алушының танымы кеңейеді, ойлау жүйесі дамитын болады. • Мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау мақсаты арқылы оқушы тек мәтін мазмұнын меңгеріп қана қоймай, сараптама жасау дағдысын қалыптастырады..

• Назарларыңызға рақмет!

16 слайд
• Назарларыңызға рақмет!