презентация Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
(1899-1964 )
1 слайд
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899-1964 )
2 слайд
1 Қ.Сәтбаев өмірбаяны
2 Қ.Сәтбаев -академик, геолог- ғалым.
3 Қ.Сәтбаевтың еңбектері
4 Қ.Сәтбаевтың ғылыми жетістіктері
5 Қорытынды
Жоспар
2 слайд
1 Қ.Сәтбаев өмірбаяны 2 Қ.Сәтбаев -академик, геолог- ғалым. 3 Қ.Сәтбаевтың еңбектері 4 Қ.Сәтбаевтың ғылыми жетістіктері 5 Қорытынды Жоспар
3 слайд
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев Арқаның сұлу
төрінің бірі-(бұрынғы Семей губерниясының
Павлодар уезіндегі Ақкелін болысының 4-ші
ауылында) қазіргі Павлодар облысының,
Баянауыл ауданының ҚИ.Сәтбаев атындағы
совхозында 1899 жылдың 30 наурызында (12
сәуір) Сәтбаевтардың үлгілі - өнегелі ауылында
дүниеге келді
ҚАНЫШ
ИМАНТАЙҰЛЫ
СӘТБАЕВ
3 слайд
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев Арқаның сұлу төрінің бірі-(бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысының 4-ші ауылында) қазіргі Павлодар облысының, Баянауыл ауданының ҚИ.Сәтбаев атындағы совхозында 1899 жылдың 30 наурызында (12 сәуір) Сәтбаевтардың үлгілі - өнегелі ауылында дүниеге келді ҚАНЫШ ИМАНТАЙҰЛЫ СӘТБАЕВ
4 слайд
1921 жылы жазда Қаныш Имантайұлы Баянауылға емделуге келген
сол кездегі Сібір өңірінің ірі, мәдени орталығы Томск қаласының
технология институтының профессоры (кейін академик болған)
Михаил Антонович Усовпен танысады. Қанышқа М.А.Усов
Қазақстанның геологиясы мен тау-кен байлықтары туралы
көптеген қызықты әңгімелер айтады.
Өзі өмірден озғанша ұстаз санаған профессор М.А.Усовтың
ықпалымен 1921 жылы Қаныш Имантайұлы Томск технология
институтының кен факультетінің геологиялық барлау бөліміне оқуға
түседі.
Қаныш Имантайұлы студент болған жылдарда профессор М.А.Усов
басқарған палеонтология және тарихи геология кафедрасының
оқытушысы болған В.А.Хохлов (кейін ғылым докторы, профессор)
"Студент Қаныш" атты естелігінде былай деп жазды: "Бұл өзі
оқуға жан-тәнімен берілген студент болатын. Жалпы геология
жөніндегі сабақтарда ол М.А.Усовтың тамаша лекцияларын
құмарта тыңдады... Екінші курстан кейін ол М.А.Усовтың дала
жұмыстарына қатысты..."
4 слайд
1921 жылы жазда Қаныш Имантайұлы Баянауылға емделуге келген сол кездегі Сібір өңірінің ірі, мәдени орталығы Томск қаласының технология институтының профессоры (кейін академик болған) Михаил Антонович Усовпен танысады. Қанышқа М.А.Усов Қазақстанның геологиясы мен тау-кен байлықтары туралы көптеген қызықты әңгімелер айтады. Өзі өмірден озғанша ұстаз санаған профессор М.А.Усовтың ықпалымен 1921 жылы Қаныш Имантайұлы Томск технология институтының кен факультетінің геологиялық барлау бөліміне оқуға түседі. Қаныш Имантайұлы студент болған жылдарда профессор М.А.Усов басқарған палеонтология және тарихи геология кафедрасының оқытушысы болған В.А.Хохлов (кейін ғылым докторы, профессор) "Студент Қаныш" атты естелігінде былай деп жазды: "Бұл өзі оқуға жан-тәнімен берілген студент болатын. Жалпы геология жөніндегі сабақтарда ол М.А.Усовтың тамаша лекцияларын құмарта тыңдады... Екінші курстан кейін ол М.А.Усовтың дала жұмыстарына қатысты..."
5 слайд
Институтты бітіргеннен кейін Қ.И..Сәтбаев өзінің туған
еліне оралып, өмірінің басым көпшілігін оның геологиясын
зерттеуге және туған өлкесінің минералдық шикізат негізін
жасауға арнап, барлау, ғылыми ізденіcтерінің нәтижесін
өндіріске енгізуге, республикамызда индустрия алыптарын
салуға зор үлес қосты.
Ол 1920-1930-шы жылдары кең көлемді барлау
жұмыстарына басшылық жасап, оларға тікелей
қатынасуымен бірге Жезқазған-Ұлытау, Қарсақпай, Қаратау
полиметалл кендері жөнінде іргелі ғылыми еңбектер жазды.
1926-1941 жылдары Атбасар, Қарсақпай трестерінде
геологиялық бөлімінің жетекшісі және бас геолог болған
Қаныш Имантай ұлы Жезқазғанның одақтағы ірі мыс
рудалары бай аудандар қатарына жататынын бұлжытпай
дәлелдеп, минералды шикізаттарға бай Сарыарқа, Кенді
Алтай сияқты аймақтарға ерекше назар аударды.
5 слайд
Институтты бітіргеннен кейін Қ.И..Сәтбаев өзінің туған еліне оралып, өмірінің басым көпшілігін оның геологиясын зерттеуге және туған өлкесінің минералдық шикізат негізін жасауға арнап, барлау, ғылыми ізденіcтерінің нәтижесін өндіріске енгізуге, республикамызда индустрия алыптарын салуға зор үлес қосты. Ол 1920-1930-шы жылдары кең көлемді барлау жұмыстарына басшылық жасап, оларға тікелей қатынасуымен бірге Жезқазған-Ұлытау, Қарсақпай, Қаратау полиметалл кендері жөнінде іргелі ғылыми еңбектер жазды. 1926-1941 жылдары Атбасар, Қарсақпай трестерінде геологиялық бөлімінің жетекшісі және бас геолог болған Қаныш Имантай ұлы Жезқазғанның одақтағы ірі мыс рудалары бай аудандар қатарына жататынын бұлжытпай дәлелдеп, минералды шикізаттарға бай Сарыарқа, Кенді Алтай сияқты аймақтарға ерекше назар аударды.
6 слайд
Академик ҚИ.Сәтбаевтың көп қырлы талантының жарқын
көрінісі - ол, ғылыми жұмыстардың ұлы ұйымдастырушысы
болды. Оның халқына мұраға қалдырған қазынасы - іргесін өзі
қалаған, ғылым ордасы Қазақстанның Ұлттық Ғылым
академиясы болып табылады.
Қаныш Имантайұлы бұл ғылыми-ұйымдастырушылық
жұмысқа 1941 жылы шақырылды. Осы жылы КСРО Ғылым
академиясының Қазақ филиалының орынбасары болып
сайланды.
1943 жылдан филиалдың төрағасы қызметін атқарды. Сол
жылы Қ.И.Сәтбаев геология ғылымындағы үздік
жетістіктері үшін КСРО Ғылым Академиясының
корреспондент мүшесі, ал 1946 жылдан толық мүшесі
(академик) болып сайланды. Ол сол кезде КСРО-ға кірген
күншығыс республикалары халықтары өкілдерінен шыққан
тұңғыш академик еді.
6 слайд
Академик ҚИ.Сәтбаевтың көп қырлы талантының жарқын көрінісі - ол, ғылыми жұмыстардың ұлы ұйымдастырушысы болды. Оның халқына мұраға қалдырған қазынасы - іргесін өзі қалаған, ғылым ордасы Қазақстанның Ұлттық Ғылым академиясы болып табылады. Қаныш Имантайұлы бұл ғылыми-ұйымдастырушылық жұмысқа 1941 жылы шақырылды. Осы жылы КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалының орынбасары болып сайланды. 1943 жылдан филиалдың төрағасы қызметін атқарды. Сол жылы Қ.И.Сәтбаев геология ғылымындағы үздік жетістіктері үшін КСРО Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, ал 1946 жылдан толық мүшесі (академик) болып сайланды. Ол сол кезде КСРО-ға кірген күншығыс республикалары халықтары өкілдерінен шыққан тұңғыш академик еді.
7 слайд
Қ.И.Сәтбаев негізгі ғылыми еңбегін Қазақстан кен орындарының геологиясын,
минералдық қорларын жасауға арнады. Ол 640 тан астам ғылыми еңбектерінің
авторы. Қаныш Имантайұлы- рудалы кендердің пайда болуы және олардың жер
қойнауында орналасуы, таралу заңдылықтарын зерттейтін Қазақстанның
металлогения ғылымының негізін салушы.Сәтбаев еңбектері ғылымдағы зор
жаңалықтар енгізді, Қазақстан геологиясы өз заманындағы биік сатыға көтерді.
Халқымыздың адал перзенті Қаныш Имантайұлы 1942 жылы Жезқазған жеріндегі
кенді зерттеудегі зор еңбегі үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді.
7 слайд
Қ.И.Сәтбаев негізгі ғылыми еңбегін Қазақстан кен орындарының геологиясын, минералдық қорларын жасауға арнады. Ол 640 тан астам ғылыми еңбектерінің авторы. Қаныш Имантайұлы- рудалы кендердің пайда болуы және олардың жер қойнауында орналасуы, таралу заңдылықтарын зерттейтін Қазақстанның металлогения ғылымының негізін салушы.Сәтбаев еңбектері ғылымдағы зор жаңалықтар енгізді, Қазақстан геологиясы өз заманындағы биік сатыға көтерді. Халқымыздың адал перзенті Қаныш Имантайұлы 1942 жылы Жезқазған жеріндегі кенді зерттеудегі зор еңбегі үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді.
8 слайд
Халқымыздың рухани өміріндегі
ерекше құбылыс
болған
Ұлы тұлға Қ.И.Сәтбаевтың есімі
халқының
жанында мәңгі сақталмақ оның есімі өзі
ұзақ жылда
жетекшілік еткен
ҚР Ұлттық ғылым академиясының
геологиялық
ғылымдар институтына,
Қазақстан қалаларының көшелеріне ,
мектептер мен шаруашылық аттарын
берілген.
Содай-ақ Өскемен қаласы Жібек
маталар
комбинаты шағын ауданындағы
“Текстильщиков даңғылы”
2007 жылы “Қаныш Сәтбаев” даңғылы
болып өзгертілді.
Біздің №44 О.Бөкей атындағы мектеп –
лицейі
осы даңғылда орналасқан
8 слайд
Халқымыздың рухани өміріндегі ерекше құбылыс болған Ұлы тұлға Қ.И.Сәтбаевтың есімі халқының жанында мәңгі сақталмақ оның есімі өзі ұзақ жылда жетекшілік еткен ҚР Ұлттық ғылым академиясының геологиялық ғылымдар институтына, Қазақстан қалаларының көшелеріне , мектептер мен шаруашылық аттарын берілген. Содай-ақ Өскемен қаласы Жібек маталар комбинаты шағын ауданындағы “Текстильщиков даңғылы” 2007 жылы “Қаныш Сәтбаев” даңғылы болып өзгертілді. Біздің №44 О.Бөкей атындағы мектеп – лицейі осы даңғылда орналасқан
9 слайд
“ Жеріміздің үсті де, асты да бай.
Менің геолог ретінде борышым-жер
Астындағы қазбаны зерттеп табу,
оның қорын анықтау. Ал ғалым ретіндегі
міндетім- кен байлықтарын халықтың
игілігіне жарату.”
Қ.И.Сәтбаев
9 слайд
“ Жеріміздің үсті де, асты да бай. Менің геолог ретінде борышым-жер Астындағы қазбаны зерттеп табу, оның қорын анықтау. Ал ғалым ретіндегі міндетім- кен байлықтарын халықтың игілігіне жарату.” Қ.И.Сәтбаев