Материалдар / Презентация Шоқан Уалиханов еңбектеріндегі этнопедагогика мәселелері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Презентация Шоқан Уалиханов еңбектеріндегі этнопедагогика мәселелері

Материал туралы қысқаша түсінік
Шоқан Уалиханов еңбектеріндегі этнопедагогика мәселелері ұстаздарға арналған презентация
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Маусым 2018
810
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Шоқан Уәлиханов еңбектеріндегі ұлттық тәрбие және этнопедагогика мәселелері

1 слайд
Шоқан Уәлиханов еңбектеріндегі ұлттық тәрбие және этнопедагогика мәселелері

 Құйрықты жұлдыз секілді, Туды да, көп тұрмады. Көрген, білген өкінді, Мін тағар жан болмады, — дейді хәкім Абай.  Сондай құй

2 слайд
 Құйрықты жұлдыз секілді, Туды да, көп тұрмады. Көрген, білген өкінді, Мін тағар жан болмады, — дейді хәкім Абай.  Сондай құйрықты жұлдыз секілді жарқ етіп, ілезде жалт етіп жоқ боп кеткен тұлға Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов еді. 

 Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін нығайту үшін саналы жастарды білім мен біліктілікке ұлт теңдігі мен туысқандық рухы

3 слайд
 Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін нығайту үшін саналы жастарды білім мен біліктілікке ұлт теңдігі мен туысқандық рухында тәрбиелеу міндеті тұрады. Осынау күрделі де, тәрбие мен оқытудағы жауапкершілігі зор істегі қадамды Шоқан ден қойып зерттеуден бастады. Шоқан тағылымы біздерге, ұлттық тарихи сана мен ойдың жетілуіне, кешегі өткенімізге жаңаша көзқарастың қалыптасуына жол ашады.

 Бізге Шоқан мұралары құндылығымен қымбат. Ол өзінің қысқа ғұмырында Ресейде оқып, орыстың ойшыл демократтар қозғалысының өк

4 слайд
 Бізге Шоқан мұралары құндылығымен қымбат. Ол өзінің қысқа ғұмырында Ресейде оқып, орыстың ойшыл демократтар қозғалысының өкілдерімен байланыс жасап, қарым-қатынаста болды. Орыс ғалымдары, жазушылары ортасында болып, олардың ақыл- кеңестерін тыңдап, өз көзқарасын ашық білдірді.Өзінің ғылыми және саяси білімін көтерумен ұдайы шұғылданды. 

 Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов – XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің алғаш

5 слайд
 Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов – XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің алғашқы және талантты өкілдерінің бірі .

 Қазақтың әр алуан ғылым көкжиегінде өшпес із қалдырған мәңгі жарық жұлдыздар шыңында қазақ ұлтының абзал перзенті Шоқан Уәл

6 слайд
 Қазақтың әр алуан ғылым көкжиегінде өшпес із қалдырған мәңгі жарық жұлдыздар шыңында қазақ ұлтының абзал перзенті Шоқан Уәлиханов бар. Оның философия, этнография, тарих, экономика, фольклор, әдебиет теориясы жайлы құнды-құнды еңбектері мен пікірлері ұлттың тұтас құндылығына бағалауға тұрарлық шығармалар.

 Ол қазақ топырағында ағартушылық идеялардың туын алғаш көтерген ғалым. Ол орыс үкіметінің Қазақстанға өз заңдарын механикалы

7 слайд
 Ол қазақ топырағында ағартушылық идеялардың туын алғаш көтерген ғалым. Ол орыс үкіметінің Қазақстанға өз заңдарын механикалық түрде көшіруіне қарсы шықты. Шоқан Ресейдің өзіне тән жағдайлары туғызған қылмыс түрлерінің Қазақстанда жоқтығын, бірақ орыс заңгерлері білмейтін қылмыс түрлерінің бар екенін дұрыс дәлелдеді. Мысалы: барымта (әр түрлі себептермен бөтен малды күштеп айдау) қалыңмал төлеудің дәстүрлі тәртібін бұзу, қалыңдықты ұрлау, ғасырлар бойы сақталған кейбір әдет- ғұрыпты бұзған адамдарға қолданылғанын жазды. Бұл істі жазалау заңдарын орыс заңгерлері жасай алмайтынын айтқан. Қазақтардың жазалау шаралары еуропалық кодекстерге ұқсаған жоқ. Қазақта қылмысы үшін тек қана жеке адам емес, ру түгел жауап берді. «Ал рудың заңдары, - деп жазды қазақ ағартушысы, - рулық қатынастар кезінде өмірге көп пайда келтірді».

 Ол «Тәңір», «Қырғыздардағы шаманизм іздері» деген мақалаларында дінді адамгершілік мақсатта қолдануға қарсы болған жоқ. Дін

8 слайд
 Ол «Тәңір», «Қырғыздардағы шаманизм іздері» деген мақалаларында дінді адамгершілік мақсатта қолдануға қарсы болған жоқ. Дін – адамгершілік жағынан тазарту құралы.

 Халық мұрасын зерттеген Ш.Уәлиханов 1856 жылы Жанақ ақыннан «Қозы Көрпеш – Баян сұлуды» жазып алды. Батырлар жырын, ертегі

9 слайд
 Халық мұрасын зерттеген Ш.Уәлиханов 1856 жылы Жанақ ақыннан «Қозы Көрпеш – Баян сұлуды» жазып алды. Батырлар жырын, ертегі, мақал-мәтел, қылқобыз, домбыраны, белгілі адамдар туралы ел аузындағы аңыз- әңгімелерді зерттеген. Ғалым қазақ халқының мәдени болмысы, негізінен, ауыз әдебиетінен айқын көрінетінін дәлелдеп, «Ер Көкше», «Қобыланды», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» сияқты эпостық жырларды және ғашықтық жырларды жинап, олардың ұлттық тәрбиедегі мәнін жоғары бағалады.

 Шоқан Уәлиханов қазақ халқының жаттап алу қабілетін, шешендігін жоғары бағалап, мұндай қабілетті халық сауатты болып, ғылым

10 слайд
 Шоқан Уәлиханов қазақ халқының жаттап алу қабілетін, шешендігін жоғары бағалап, мұндай қабілетті халық сауатты болып, ғылым үйрену керектігін анықтап айтқан. «Халықтың мұңы мен сырын, арманын толғайтын жыраулардың жырлары – өнегелілік, бірден-бір құнды құбылыс», - дейді Ш.Уәлиханов. «Тәңір» деген еңбегінде отты құдірет деп тану, отқа май құйып ырым жасау, отқа түкірмеу, аруақты сыйлау, құдайы садақа беру, айға қарап тілек айту, малдың сүйегін баспау, малдың сүтін төкпеу сынды шамандық ағымға байланысты қазақтың салт-санасына айналған ырым-тыйымдардың тәрбиелік мәнін дәлелдейді.

 Қазақ халқының төрт түлік малды киелі жануарлар ретінде қастерлейтінін, соның ішінде жылқы малын жеті қазынаның бірі деп та

11 слайд
 Қазақ халқының төрт түлік малды киелі жануарлар ретінде қастерлейтінін, соның ішінде жылқы малын жеті қазынаның бірі деп танып, қатты қадірлейтінін айтып, ұрпаққа берілетін ұлттық тәрбиені құрметтеуге шақырады. Ол «Даладағы мұсылмандық» деген еңбегінде татар молдаларының схоластикалық оқу жүйесін сынады. Шоқан Уәлихановтың негізгі мақсаты – халқына қайткенде де білім беру, оқыту, дүние тануға жетелеу, оны реформа арқылы іске асыру.

 Шоқан орыс ғалымдарының «Тіл», «Поэмалар», «Импровизация және импрвизаторлар», «Ертегілер», «Мақалдар», «Мәтелдер мен жұмбақ

12 слайд
 Шоқан орыс ғалымдарының «Тіл», «Поэмалар», «Импровизация және импрвизаторлар», «Ертегілер», «Мақалдар», «Мәтелдер мен жұмбақтар» тақырыбына арналған зерттеулерін қатты сынаған. Қазақ мәдениетінің алтын қоры ретінде «XVII ғасыр батырлары туралы тарихи аңыздар», «Жоңғар очерктері», «Абылай», «Қазақ шежіресі», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Шона батыр», «Сахарадағы мұсылмандықтың белгісі», «Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінде» сияқты зерттеулері – қазақ халқының ұлттық мәдени болмысының негіздерін баяндап берді.

 « Қазақ халқының қорғаушы күші – оның ұлттық намысы» деп Ш. Уәлиханов намысшыл халықтың өнерпаздық, ақындық, даналық қаси

13 слайд
 « Қазақ халқының қорғаушы күші – оның ұлттық намысы» деп Ш. Уәлиханов намысшыл халықтың өнерпаздық, ақындық, даналық қасиеттерін ұлттық кемелденудің негізі деп белгілеген болатын. Ақындар мен әнші-күйшілердің, композиторлардың өнерін тыңдап, қазақ халқының өнері – оның мәдениетінің алтын өзегі деп таныған ғалым, өнерпаздықты мәдениеттілік деп көрсетті.

 Әдебиет мәселелері жөнінде Шоқан – сол кездің өзінде – ақ көп тың пікірлер айтқан ғалым. «Қазақ халық поэзиясының түрлері»

14 слайд
 Әдебиет мәселелері жөнінде Шоқан – сол кездің өзінде – ақ көп тың пікірлер айтқан ғалым. «Қазақ халық поэзиясының түрлері» зерттеу еңбегіне тоқталатын болсақ, мұнда Шоқан халықтың әдебиетіне оның қоғамдық, әлеуметтік өмірімен тығыз байланыстыра қарайды. Әсіресе оның қазақ поэзиясының халықтық сипаттарын ерекшелегені қызғылықты. Поэзияны халықтың рухани серігіне санайды.

 . Бұл жайлы «Бұл халықтың ертеден өзіне тән тұрмысында есте қалдырмаған бірде-бір маңызды оқиғасы, бірде-бір тамаша адамы

15 слайд
 . Бұл жайлы «Бұл халықтың ертеден өзіне тән тұрмысында есте қалдырмаған бірде-бір маңызды оқиғасы, бірде-бір тамаша адамы жоқ деуге болады. Олардың бірін суырып салма ақындар мен жыршылар жыр етсе, екінші біреулерінің атын кейінгі ұрпақ естерінде ұмытылмастай етіп белгілі бір сыбызғышысы не қобызшы музыканттар тастап кеткен», - деп жазады .

 Өмір шындығының ұқсастығы әдебиетте де тақырып, сюжет ұқсастығын туғызатынын Шоқан қазақ пен араб поэзиясын салыстыра отыры

16 слайд
 Өмір шындығының ұқсастығы әдебиетте де тақырып, сюжет ұқсастығын туғызатынын Шоқан қазақ пен араб поэзиясын салыстыра отырып та көркем тілмен нақышында суреттейді. Көшпелі халықтардағы өлеңді суырып салып айту өнерінің күштілігіне назар аударады. Қазақ поэзиясының жанр, түр, өлең құрылысын зерттей отырып, қазақтың өлең құрылысымен орыс ғалымдарын таныстыруды ойлаған.

 Қорыта айтқанда, Шоқаны бар ел – шоқтығы биік ел. Өйткені, ол өз еліне шын берілген қазақ тұрмысын ардақтаушы үздік тұлға.

17 слайд
 Қорыта айтқанда, Шоқаны бар ел – шоқтығы биік ел. Өйткені, ол өз еліне шын берілген қазақ тұрмысын ардақтаушы үздік тұлға.