Презентация "Тісті қорғау-денсаулық кепілі" 5 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
«ТІСТІ ҚОРҒАУ -
ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ»
5-сынып
(оқыту тілі қазақ тілі емес мектептерге
арналған)
1 слайд
«ТІСТІ ҚОРҒАУ - ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ» 5-сынып (оқыту тілі қазақ тілі емес мектептерге арналған)
2 слайд
Сабақтың тақырыбы «Тісті қорғау - денсаулық кепілі»
Сабақта іске асатын
оқу мақсаты (оқу
бағдараламасынан
сілтеме)
Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау
5.О4. Мәтіндердің тақырыбын, мазмұндық құрылымын салыстыру.
Сабақтың мақсаты Денсаулық тақырыбына байланысты мәтіндердің тақырыбын, мазмұндық
құрылымын салыстырады.
Оқушылардың барлығы
Мәтіндердің тақырыбын анықтайды;
Мәтіндердің идеясын анықтайды
Оқушылардың көбісі
Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасай алады;
Ұқсастығы мен айырмашылықтарын анықтайды
Кейбір оқушылар
Мәтінді талдау барысында өзіндік ой қосады;
Креативті идея білдіреді
Тілдік мақсаттар Жаңа сөздерді орынды қолданады.
Құндылықтар Өмір бойы білім алу, ынтымақтастық, құрмет.
АКТ дағдысын
қолдану
Интербелсенді тақта аудиовизуалды материалды демонстрациялауда
қолданылады
Өмірмен байланыс Тіс күтімі мәдениеті мен салауатты өмір салтын насихаттау.
Пәнаралық байланыс Биология
Алдыңғы білім Бірінші байлық – денсаулық.
2 слайд
Сабақтың тақырыбы «Тісті қорғау - денсаулық кепілі» Сабақта іске асатын оқу мақсаты (оқу бағдараламасынан сілтеме) Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау 5.О4. Мәтіндердің тақырыбын, мазмұндық құрылымын салыстыру. Сабақтың мақсаты Денсаулық тақырыбына байланысты мәтіндердің тақырыбын, мазмұндық құрылымын салыстырады. Оқушылардың барлығы Мәтіндердің тақырыбын анықтайды; Мәтіндердің идеясын анықтайды Оқушылардың көбісі Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасай алады; Ұқсастығы мен айырмашылықтарын анықтайды Кейбір оқушылар Мәтінді талдау барысында өзіндік ой қосады; Креативті идея білдіреді Тілдік мақсаттар Жаңа сөздерді орынды қолданады. Құндылықтар Өмір бойы білім алу, ынтымақтастық, құрмет. АКТ дағдысын қолдану Интербелсенді тақта аудиовизуалды материалды демонстрациялауда қолданылады Өмірмен байланыс Тіс күтімі мәдениеті мен салауатты өмір салтын насихаттау. Пәнаралық байланыс Биология Алдыңғы білім Бірінші байлық – денсаулық.
3 слайд
Оқылым алды тапсырма: төмендегі сөздерді суреттермен сәйкестендір.
1)тазалау; 2) емдеу; 3) тіс күтімі; 4) тіс дәрігері; 5) тіс жегі (кариес); 6) дәрумен.
А Ә Б
В Г
Д
3 слайд
Оқылым алды тапсырма: төмендегі сөздерді суреттермен сәйкестендір. 1)тазалау; 2) емдеу; 3) тіс күтімі; 4) тіс дәрігері; 5) тіс жегі (кариес); 6) дәрумен. А Ә Б В Г Д
4 слайд
Оқылым тапсырмасы: мәтіндерді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды
орында. 1-мәтін 2-мәтін
Қазақта «Тісімен тас шайнаған» деген сөз бар.
Тістің денсаулыққа ғана емес, адам
сымбаттылығына да үлкен әсер ететінін медицина
ғалымдары дәлелдеп отыр. Тісіңіздің маржандай
әппақ болуын қалайсыз ба? Ендеше, қарапайым
әдістерге де сүйене біліңіз.
Кәдімгі ас тұзының қасиеті де өте зор. Себебі
күнделікті тісіңізді күніне 3-4 мәрте тұзды сумен
шайып отыру оларды маржандай етіп ағартып қана
қоймай, күні бойына ауыз қуысын тап-таза етіп
сақтайды. Бүлдіргеннің тісіңізді ағартуға мол
пайдасы бар. Мұны ең өнімді әдіс деп
қарайтындар да бар. Себебі, бүлдіргеннің
құрамында глюкоза мен қышқыл болғандықтан,
оны жеген соң артынан тісіңізді мұқият
ысқыласаңыз өнімі көрінеді.
Тіс күтімі мәдениетін білгің келеді ме?! Онда
төмендегі ережелерді сақта.
- Тісті күніне екі рет тазарту;
- Тіс жібін қолдану;
- Әр астан соң ауыз қуысын шаю.
Пациент: Сәлеметсіз бе?! Кіруге бола ма?
Дәрігер: Қайырлы күн! Кіріңіз. Отырыңыз. Сізді
не алаңдатады?
Пациент: Тісім ауырады.
Дәрігер: Қарап көрейік. Қызуыңыз көтерілді ме?
Пациент: Кеше қызуым көтерілді.
Дәрігер: Ауызыңызды ашыңыз, тамағыңызды,
тісіңізді қарап көрейік.
Пациент: Соңғы кезде денсаулығым нашарлап
жүр. Құлағым ауыра бастады.
Дәрігер: Ия, сізде тіс жегі бар (кариес), тісіңіздің
ауырғаны, сау болмауы бүкіл ағзаның
денсаулығына әсер етеді.
Пациент: Тісімді емдеп беріңізші.
Дәрігер: Уақытында келмегенсіз, сондықтан
тісіңізді жұлдырту керек. Екі сағатқа дейін тамақ
жеуге болмайды. Күні бойы тұзды сумен ауыз
қуысын шаюды ұмытпаңыз.
Пациент: Рақмет. Сау болыңыз!
4 слайд
Оқылым тапсырмасы: мәтіндерді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орында. 1-мәтін 2-мәтін Қазақта «Тісімен тас шайнаған» деген сөз бар. Тістің денсаулыққа ғана емес, адам сымбаттылығына да үлкен әсер ететінін медицина ғалымдары дәлелдеп отыр. Тісіңіздің маржандай әппақ болуын қалайсыз ба? Ендеше, қарапайым әдістерге де сүйене біліңіз. Кәдімгі ас тұзының қасиеті де өте зор. Себебі күнделікті тісіңізді күніне 3-4 мәрте тұзды сумен шайып отыру оларды маржандай етіп ағартып қана қоймай, күні бойына ауыз қуысын тап-таза етіп сақтайды. Бүлдіргеннің тісіңізді ағартуға мол пайдасы бар. Мұны ең өнімді әдіс деп қарайтындар да бар. Себебі, бүлдіргеннің құрамында глюкоза мен қышқыл болғандықтан, оны жеген соң артынан тісіңізді мұқият ысқыласаңыз өнімі көрінеді. Тіс күтімі мәдениетін білгің келеді ме?! Онда төмендегі ережелерді сақта. - Тісті күніне екі рет тазарту; - Тіс жібін қолдану; - Әр астан соң ауыз қуысын шаю. Пациент: Сәлеметсіз бе?! Кіруге бола ма? Дәрігер: Қайырлы күн! Кіріңіз. Отырыңыз. Сізді не алаңдатады? Пациент: Тісім ауырады. Дәрігер: Қарап көрейік. Қызуыңыз көтерілді ме? Пациент: Кеше қызуым көтерілді. Дәрігер: Ауызыңызды ашыңыз, тамағыңызды, тісіңізді қарап көрейік. Пациент: Соңғы кезде денсаулығым нашарлап жүр. Құлағым ауыра бастады. Дәрігер: Ия, сізде тіс жегі бар (кариес), тісіңіздің ауырғаны, сау болмауы бүкіл ағзаның денсаулығына әсер етеді. Пациент: Тісімді емдеп беріңізші. Дәрігер: Уақытында келмегенсіз, сондықтан тісіңізді жұлдырту керек. Екі сағатқа дейін тамақ жеуге болмайды. Күні бойы тұзды сумен ауыз қуысын шаюды ұмытпаңыз. Пациент: Рақмет. Сау болыңыз!
5 слайд
Тапсырмалар:
А тобы Ә тобы
1.Тақырыбы
Дәлел келтір (кілтті сөз/сөз тіркес,
сөйлем).
2. Негізгі ой
Дәлел келтір (кілтті сөз/сөз тіркес,
сөйлем).
1. Кіріспе бөлімдерінде не туралы
айтылған?
Дәлел келтір (кілтті сөз/сөз тіркес,
сөйлем).
2. Негізгі бөлімдерінде не туралы
айтылған?
Дәлел келтір (кілтті сөз/сөз тіркес,
сөйлем).
3. Қорытынды бөлімдерінде не туралы
айтылған?
Дәлел келтір (кілтті сөз/сөз тіркес,
сөйлем).
5 слайд
Тапсырмалар: А тобы Ә тобы 1.Тақырыбы Дәлел келтір (кілтті сөз/сөз тіркес, сөйлем). 2. Негізгі ой Дәлел келтір (кілтті сөз/сөз тіркес, сөйлем). 1. Кіріспе бөлімдерінде не туралы айтылған? Дәлел келтір (кілтті сөз/сөз тіркес, сөйлем). 2. Негізгі бөлімдерінде не туралы айтылған? Дәлел келтір (кілтті сөз/сөз тіркес, сөйлем). 3. Қорытынды бөлімдерінде не туралы айтылған? Дәлел келтір (кілтті сөз/сөз тіркес, сөйлем).
6 слайд
Оқылымнан кейінгі тапсырма: Мәтіндегі ақпараттар мен тірек сөздерді қолдана отырып,
достарыңа 50 сөзден тұратын кеңес парағын дайындаңыз.
Қолдау ретінде оқушыларға келесідей суреттер ұсынылады.
Тірек сөздер: күнделікті қолданамын, тазалаймын, дәрігерге қараламын, зиян, пайдалы.
6 слайд
Оқылымнан кейінгі тапсырма: Мәтіндегі ақпараттар мен тірек сөздерді қолдана отырып, достарыңа 50 сөзден тұратын кеңес парағын дайындаңыз. Қолдау ретінде оқушыларға келесідей суреттер ұсынылады. Тірек сөздер: күнделікті қолданамын, тазалаймын, дәрігерге қараламын, зиян, пайдалы.
7 слайд
«Үйренгеніміз жөнінде ойланайық!»
•Рефлексия
•- Не білдім, не үйрендім?..................................
•- Бұл не үшін керек?...........................................
•- Оның қолданысы қандай?..............................
•- Бұл білімді ары қарай қалай дамытамын?........
•- Тағы да не білгім келеді?.................................
•Үй жұмысы. Тіс күтімі туралы тың ақпарат табу.
7 слайд
«Үйренгеніміз жөнінде ойланайық!» •Рефлексия •- Не білдім, не үйрендім?.................................. •- Бұл не үшін керек?........................................... •- Оның қолданысы қандай?.............................. •- Бұл білімді ары қарай қалай дамытамын?........ •- Тағы да не білгім келеді?................................. •Үй жұмысы. Тіс күтімі туралы тың ақпарат табу.