Материалдар / Пунктуация
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Пунктуация

Материал туралы қысқаша түсінік
Тыныс белгілер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Мамыр 2020
389
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
ПунктуацияБердібек Соқпақбаев атындағы орта мектеп 10 сынып қазақ тілі ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІ АЙТАЙЫН ДЕГЕН ОЙДЫ НАҚТЫЛЫ, ДӘЛ ТҮСІНІКТ

1 слайд
ПунктуацияБердібек Соқпақбаев атындағы орта мектеп 10 сынып қазақ тілі ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІ АЙТАЙЫН ДЕГЕН ОЙДЫ НАҚТЫЛЫ, ДӘЛ ТҮСІНІКТІ ЕТІП ЖЕТКІЗУ ҮШІН, СОНДАЙ-АҚ БАЯНДАЛМАҚШЫ ПІКІРДІ АЛА- ҚҰЛА ЕТПЕЙ, АЙҚЫН БІЛДІРУ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАДЫ. БҰЛ - ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІНІҢ БАСТЫ ҚАСИЕТІ. ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІ  СӨЗДЕР ТІРКЕСІ  МЕН  СӨЙЛЕМДЕРДІ  АЙТҚАНДА, НЕМЕСЕ ОҚЫҒАНДА ТІЛДЕ БАЙҚАЛАТЫН КІДІРІСТІ ДЕ, ДАУЫСТА АҢҒАРЫЛАТЫН ӘРКЕЛКІ ҚҰБЫЛЫСТЫ ДА БІЛДІРЕДІ. БҰЛ - ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІНІҢ ҚОСЫМША ҚАСИЕТІ. ЖАЗБА ТІЛДЕ  БОЛСЫН, СОНДАЙ-АҚ  АУЫЗЕКІ ТІЛДЕ  БОЛСЫН ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІН ДҰРЫС ҚОЛДАНА БІЛУДІҢ ҮЛКЕН МӘНІ БАР. ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІ МҮЛДЕ ҚОЙЫЛМАҒАН, НЕМЕСЕ ДҰРЫС ҚОЙЫЛМАҒАН МӘТІНДІ СӨЙЛЕМДІ ТҮСІНІКТІ ЕТІП ОҚУ ДА, МАҒЫНАСЫН ТҮСІНЕ БІЛУ ДЕ ҚИЫН. ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІ ДҰРЫС ҚОЙЫЛМАЙТЫН СӨЙЛЕМДЕРДЕ ОЙ КҮҢГІРТТЕНІП, ЕКІ ҰШТЫ БОЛЫП, ТІПТІ СӨЙЛЕМ ҚҰРАМЫНДАҒЫ СӨЗДЕР  СИНТАКСИСТІК  ҚЫЗМЕТІ ЖАҒЫНАН ( БАСТАУЫШ ,  БАЯНДАУЫШ ,  АНЫҚТАУЫШ  Т. Б.) ӨЗГЕРІСКЕ ТҮСУІ МҮМКІН. МЫСАЛЫ:  БҰЛ КЕЛГЕН - СОЛ ЕСІЛ БОЙЫНДАҒЫ ҚАРАСАРТ АУЫЛЫНЫҢ ЖИЕНІ, ЖҮСІП БАЛАСЫ ҚОЖАШ  ( С. КӨБЕЕВ ) БҰЛ СӨЙЛЕМДЕ  ЕСІМШЕ ТҰЛҒАЛЫ  КЕЛГЕН СОҢ  СЫЗЫҚША  ҚОЙЫЛМАСА, КЕЛГЕН СӨЗІ БАСТАУЫШ ҚЫЗМЕТІН ЕМЕС ӨЗГЕ МҮШЕ ҚЫЗМЕТІН АТҚАРҒАН БОЛАР ЕДІ ДЕ, НӘТИЖЕСІНДЕ СӨЙЛЕМДЕ БЕРІЛЕТІН ОЙҒА НҰҚСАН КЕЛЕР ЕДІ.

НҮКТЕЛІ ҮТІР Нүктелі үтір (;) - жазуда пайдалынатын тыныс белгілерінің бірі. Негізінен, жай сөйлемдердің арасына қо

2 слайд
НҮКТЕЛІ ҮТІР Нүктелі үтір (;)  - жазуда  пайдалынатын  тыныс   белгілерінің  бірі.  Негізінен,  жай   сөйлемдердің  арасына  қойылады. Нүктелі  үтір  мынадай  жағдайларда  қойылады: Баяндауыштары  тұлғалас,  мағыналары  теңдес,  санамаланған  сөйлемдер  жалпылауыш  мәнді   сөйлемдердің  мағынасын  ашып  тұрса,  санамаланған  сөйлемдердің  әрқайсысы  нүктелі  үтірмен   ажыратылады.(Жұрттың  бәрі  соған  қарай  дүрлікті:  біреуі  қолын  бұлғады;  біреуі  оның  атын  атап   айқайлады;  енді  біреулері  ерсілі-қарсылы  жүгірді.  Б.  М.). Баяндауыштары  тұлғалас  сөйлемдер  бірін-бірі  толықтырып  тұратын  болса,  ондай  салалас  құрмалас   сөйлемдердің  арасына  нүктелі  үтір  қойылады.(Кісіге  біліміне  қарай  болыстық  қылады;  татымсызға   қылған  болыстық  өзі  адамды  бұзады  (Абай) Мазмұны  әуендес  болып  келетін  бірыңғай  сөйлемдерден  соң  нүктелі  үтір  қойылады.(Бақпен  асқан   патшадан  мимен  асқан  қара  артық;  сақалын  сатқан  кәріден  еңбегін  сатқан  бала  артық  (Абай). Нүктелі  үтір  тек  жай   сөйлемдер  арасына  ғана  емес,  сонымен  қатар  мағыналары  жуық,  ұласа   айтылған  құрмалас  сөйлемдердің  арасына  нүктелі  үтір  қойылады. Жалпылауыш  мәнді  сөйлемнің  мәнін  ашып  тұратын  шартты  бағыныңқылы  сабақтас  құрмаластар   нүктелі  үтірмен  ажыратылады.(Жаман  дос  көлеңке:  басыңды  күн  шалса,  қашып  құтыла  алмайсың;   басыңды  бұлт  алса,  іздеп  таба  алмайсың  (Абай) Бастауыштары  тұлғалас,  мағыналық  жағынан  жақын,  өзара  теңдес  болып  келетін  салалас  құрмалас   сөйлем  құрамындағы  жай  сөйлемдер  іштей  нүктелі  үтірмен  ажыратылады.(Байжан  студенттік   шақтарының  бәрін  құмартқан  Днепрдің  жағасында  өткізді;  көздің  жасындай  мөлдір  суында  талай   қаздай  қалқып  жүзді;  жасыл  шалғынына  талай  аунады;  тоғайын  талай  кезді  (С.  М.). Жалпылауыш  мәнді  сөйлемнің  мәнін  ашып  көрсететін  санамаланған  күрделі  бірыңғай  мүшелер   үтірдің  санын  көбейте  бермес  үшін,  нүктелі  үтір  қойылады.(Дулаттың  деңгелек  құйрық,  сида  сирақ   ақ  ауыз  қойын;  бүйірінің  жабағысы  түсіп  қалған  таңқы  құйрық  Қарғалы  қойын;  жағының  жүні  үрпиіп   тұратын  меринос  қойын;  сирағы  қысқа,  жүні  тығыз,  сүйегі  шағын  қазақтың  биязы  жүнді  меринос   қойын;  Александр  Антонович  көріп:  - Колхозыңыз  қойдың  талай  тұқымын  жиған-ақ  екен!  - деді

Жақша Жақша () — жұптанып қолданылатын тыныс белгісі. Жақша мынадай орындарда қойылады: Өзінен бұрынғы сөздің немес

3 слайд
Жақша Жақша ()  — жұптанып  қолданылатын  тыныс  белгісі.  Жақша  мынадай  орындарда  қойылады: Өзінен  бұрынғы  сөздің  немесе  сөз  тіркесінің  мағынасын  айқындау  мақсатында   қолданылған  түсіндірме  мәнді  қыстырма  сөздер  жақшаға  алынады. Сөйлемдегі  бір  ойдың  мағынасын  ашып  көрсететін  немесе  оған  аутордың   көзқарасын  білдіретін  түсіндірме  мәнді  қыстырма  сөйлемдер  сөйлем  ортасында   келсе  де,  жақшаға  алынады. Белгілі  сөздерді  түсіндіру  үшін  оның  аудармасы,  синонимі,  екінші  бір  тілдегі   баламасы  беріледі  де,  жақшаға  алынады. Алынған  дәйексөз,  мысал  кімдікі  екендігін  және  қайдан  алғандығын  көрсету  үшін,   соңынан  жазылған  кітаптың  аты,  ауторы  т.  б.  жақшаға  алынады. Бір  сөйлемнің  ішінде  әрі  қыстырма  сөз,  әрі  түсіндірме  мәнді  қыстырма  сөйлем   өзара  тіркесіп  келетін  болса,  бұлар  түгелдей  жақшаға  алынады  да,  қыстырма  сөз   қыстырма  мәнді  сөйлемнен  үтірмен  ажыратылады. Драммалық  шығармалардағы  аутордың  түсініктемелері,  кейіпкерлердің  мінез- құлқын,  қимыл-әрекетін  т.  б.  білдіретін  сөздері  жақшаға  алынады.

ҚОС НҮКТЕ Қос нүкте (:) - жазуда пайдалынатын тыныс белгілерінің бірі. Көп нүкте сөйлемнің синтаксистік ерекшеліктер

4 слайд
ҚОС НҮКТЕ Қос нүкте (:)  - жазуда  пайдалынатын  тыныс   белгілерінің  бірі.  Көп  нүкте  сөйлемнің   синтаксистік  ерекшеліктері  мен  мағынасына  баыланысты  қойылады.  Қос  нүктенің   сөйлемдегі  басты  қызметі  - сөйлем  мүшелерінің  арасындағы  түрлі  қарым- қатынастарды  көрсету. Қос  нүкте  мынадай  жағдайларда  қойылады: Бірыңғай   мүшелердің  алдынан  жалпылауыш  сөздер  немесе  жалпылауыш  мәнді   сөздер  келетін  болса,  жалпылауыш  сөздерден  соң  қос  нүкте  қойылады. Жалғаулықсыз  салаласқан  жай   сөйлемдердің  алдыңғысының  мағынасы  соңғы  жай   сөйлемдер  арқылы  айқындалып  тұратын  болса,  мұндай  жай  сөйлемдердің  арасына   қос  нүкте  қойылады. Рет-ретімен  санамалап  баяндауды  керек  ететін  жалпылауыш  мәнді  сөздерден  соң   қос  нүкте  қойылады. Төл   сөздің  алдынан  автор  сөзі  келгенде,  одан  соң  қос  нүкте  қойылады. Түйген  ойды,  қағидаларды,  ережелерді  дәлелдеу  мақсатымен  алынған   сөйлемдердің  алдында  мысалы  деген  сөз  қолданылатын  болса,  одан  соң  қос  нүкте   қойылады. Бірыңғай  мүшелердің  алдынан  басқа, бөлек, атап, айтқанда ,  тәрізіді  сөздер  келіп,   баса  назар  аудару  мәнінде  қолданылса,  бұл  сөздерден  соң  қос  нүкте  қойылады

Тырнақша Тырнақша (" «») - жазуда пайдалынатын тыныс белгілерінің бірі Тырнақша мынадай орындарда қойылады: 1. Сөйлеуші я

5 слайд
Тырнақша Тырнақша (" «»)  - жазуда  пайдалынатын  тыныс   белгілерінің  бірі Тырнақша мынадай орындарда қойылады: 1. Сөйлеуші я жазушы өз сөзінің ішінде басқа біреудің сөзін өзгертпей, сол қалпында қолданса, ондай сөздер мен сөйлемдер тырнақшаға алынады. Бұл - тырнақшаға алынған сөздер мен сөйлемдердің аутордың өзінікі емес, бөгде біреудікі екендігін, төл сөз екендігін білдіреді. 2. Мақалдар мен мәтелдер, афоризмдер тырнақшаға алынады. Мұндайда оның алды-артынан төл сөзге тиісті тыныс белгілері қойылмайды. 3. Ойға тірек етіліп отырған сөздер мен сөйлемдер, жеке дыбыстар жазуда тырнақшаға алынады. Мысалы: "А" дыбысы - дауысты дыбыс, буын құрайды. 4. Әжуа, сықақ, кекесін, мысқыл мағынасында қолданылған сөздер мен сөйлемдер тырнақшаға алынады. 5. Дәйексөз тырнақшаға алынады. 6. Газет, журнал, кітап, шығарма, қаулы-қарар аттары өзге біреудің сөзінің ішінде қолданылғанда, бұлар тырнақшаға алынады. 7. Кәсіпорын, фирма, зауыт, фабрика, ұйым аттары мен машиналар мен құрал-жабдық маркалары түсініктемесіз айтылғанда, тырнақшаға алынады. • Ескерту: Жоғарыда айтылғандар түсініктемемен берілсе, олар тырнақшаға алынбайды. Мысалы, келесіні салыстырып көріңіз:  «Құрманғазы» оркестрі  мен  Құрманғазы атындағы халық аспаптары оркестрі . • Кітаптың аттары библиографиялық тізімдерде, сілтемелерде автордың аты-жөнінен кейін жасылса, тырнақшаға алынбайды. 8. Дәйексөз ретінде келтірілмей, біреудің сөзі мағына жағынан сөйлемге жанастырыла алынады. Олар да тырнақшаға алынады, бірақ алды-артынан төл сөзге тән тыныс белгісі қойылмайды әрі кіші әріптен басталып жазылады. 9. Біреудің айтқанынан алынған жеке-жеке сөздер тырнақшаға алынады.

Сызықша Сызықша - жай және құрмалас сөйлемдерде қолданылатын және бөлу-ажыратудың инвариантты семантикалық-синтаксис

6 слайд
Сызықша Сызықша  -  жай  және  құрмалас   сөйлемдерде  қолданылатын және  бөлу-ажыратудың   инвариантты  семантикалық-синтаксистік  мәнімен  біріктірлеген  көп  түрлі  функцияларды  атқаратын  ұзын  келбеу  сызықша  түріндегі  тыныс   белгісі . Бастауыш  пен  баяндауышқа  қойылатын  сызықша Астық  – біздің  байлығымыз.  Әйтім  – аға  шопан.  Ерлік  – бүгінгі  өмір  талабы.  Бұл  –  үлкен қуаныш.  Ол  – қазір  топ  бастығы.  Қыздарының  үлкені  – Майра  да,  кішісі  – Сайра.  Ұзын белдің  бойында  биік  таудай  мұнартқан  – Қарағанды.  Менің  ұмтылған  тілегім  – қалай   да пайдалы  адам  болып  шығу.  Бес  жерде  бес  – жиырма  бес.  Жақсы  – ісімен  жақсы.  Жүз   – жиырма  беске  бөлінеді.  Жүз  жиырма  – беске  бөлінеді.  Қайың  – күй  таңдамайтын   ағаш.  Ол түрлі  жағдайларда  өсе  береді.  Лупа  – үлкейтіп  көрсететін  құрал.  Оның  негізгі  бөлігі  – үлкейтіп  көрсететін  шыны.  Қиярдың  шықан  жері  – Үндістан.Оттегі  – түссіз  газ.

Сызықша Сөйлемнің бірыңғай мүшелері мен жалпылауыш мүше Пайда, мақтан - бәрі тұл. Жұрт тарай бастағанда, Михаил, Ай

7 слайд
Сызықша Сөйлемнің бірыңғай  мүшелері  мен  жалпылауыш  мүше Пайда,  мақтан  - бәрі  тұл.  Жұрт  тарай  бастағанда,  Михаил,  Айдынғали,  Жақсылық  –  үшеуі оңаша  қалған  еді.  Үйлер  мен  магазиндер,  мектептер  мен  клуб  үйі,  адамдар,   машиналар  – бәрі  де  көмір  үстінде.  Мортық,  ебелек,  тітір,  жусан  – бәрі  де  жақсы  өсіпті.  Керуен   көшетін сауда  жолдары,  үлкен  базарлар,  атақты  қалалар,  су  жолдары  – барлығы  да  бүгін   айрықша керек  болған.  Ақылбай,  Ербол  және  Мағаш  пен  Кәкітай  - төртеуі  оша  әңгімелесіп  отыр екен.  Әр  бөлменің  ұзынын,  көлденеңін,  ішкі  қатынас  есіктерін  – бәрін  де  Абай  өзі   қағазға сызып,  Әйгерімнің  қолына  табыс  етіп  кеткен.  Көшелер  мен  аулаларда  жайқалған   ағаштар, көшелерге  төселген  тастар,  сонау  шахтадан  тартылып  келген  электр  қуаты  – бәрі-бәрі депутаттар  қолға  алған  істер  еді.  Мен  апыл-құпыл  киіне  сала,  далаға  шықсам,  Рақила, Дәмелі  – екеуі  қой  қораның  есігін  басып  қалған  жал  қарды  аршып  жатыр  екен.  Қисық, Роза  және  мен  – үшеуміз  бұларды  жататын  үйлеріне  апарып,  орналастырып  келдік.

Сызықша Оңашаланған айқындауыш Қазір оның бригадасында түрлі ұлт өкілдері – орыстар, украиндар, татарлар, белорустар

8 слайд
Сызықша Оңашаланған айқындауыш Қазір  оның  бригадасында  түрлі  ұлт  өкілдері  – орыстар,   украиндар,  татарлар,  белорустар  – істейді.  Сол  кеште  – жарық  айлы,  сыр  құмар  кеште  – көп   жолдастың  қоршауында  келе жатып,  Әмір  мен  Үмітей  сөз  қосады.  Заман  жаршыларының  –  баспасөз,  эфир,  экран  – үндері  құлақтан  кіріп  бойды  алады.  Өзі  әнші,  өзі  сұлу   Байтасқа  екеуі  де  – бірі  кәрі,  бірі жас  бала  – қызғана  да,  тамашалай  да  қараған  еді.  Олардың   бірі  – сары  сақал,  арық,  боз  – өз ойының  жүйріктігін  көрсетуге  тырысады.

Сызықша Құрмалас сөйлем Кешегі жарыстан шаршағаны соншалық – бүгін тұра алмады. Есікті ашып қалды – маңдайына тас

9 слайд
Сызықша Құрмалас сөйлем Кешегі  жарыстан  шаршағаны  соншалық  – бүгін   тұра  алмады.  Есікті  ашып  қалды  – маңдайына  тас  келіп  тиді.  Гүл  шықса  – жердің   көркі,  қыз  туса  – елдің  көркі.  Жүзінде қайғы  да  жоқ,  қасірет  те  жоқ,  - қорқыныш  қана   бар.  Баршагүл  сәлем  беріп  еді,  - ол  қырын қарап  кетті.  Оларда  пасықтық  бар,  - адамдық   жоқ;  қараңғы  жауыздық  бар,  - жарқын  жүз жоқ.  Тұманның  қалыңдығы  сонша  – түк  те   көрінбейді.  Оның  қорыққандығы  сондай  – не айтып,  не  қойғанын  білген  жоқ.  Екеуінің   шұғылданғандығы  сондай  – ішке  кірген  кісіні аңғармайды.  Есіктің  киізін  ойлай  итерем,  былай   итерем,  - ашылмайды.  Елге  мойнымды созам,  - көрінбейді.