Қан құрамы мен қасиеті
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Қан
құрамы мен
қасиеті
Орындаған: Нұрпашова Т.
1 слайд
Қан құрамы мен қасиеті Орындаған: Нұрпашова Т.
2 слайд
Ағзаның ішкі ортасына қан,
ұлпа сұйықтығы,
лимфа жатады.
•
Қанның құрамы.
•
Қан дәнекер ұлпасының
сұйық түрі. Ағзада болатын
қанның мөлшері адамның
дене салмағына байланысты
4,5-5 л. Қанның құрамы -
плазмадан ( 55%) және қан
жасушаларынан (45%)
тұрады.
2 слайд
Ағзаның ішкі ортасына қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа жатады. • Қанның құрамы. • Қан дәнекер ұлпасының сұйық түрі. Ағзада болатын қанның мөлшері адамның дене салмағына байланысты 4,5-5 л. Қанның құрамы - плазмадан ( 55%) және қан жасушаларынан (45%) тұрады.
3 слайд
•
Қан плазмасы
•
Қан плазмасы (қан сарысуы) - қанның сарғыштау түсті сұйық бөлімі.
Егер қанды ыдысқа құйып тұндырса, ыдыста 3 қабат айқын білінеді.
Соның ең үстіңгі сарғыш түсті мөлдірлеу қабаты плазма. Ал
астыңғы қызыл түсті қабаты - қан жасушалары. Плазманың
құрамында 90-92% су; 7-8% нәруыз (белок); шамамен 2% глюкоза,
майлар, минералды тұздар, т.б. болады. Плазмадағы нәруыздар (7-
8%) 3 топқа бөлінеді:
•
Глобулиндер организмді бактериялардан қорғауға қатысады;
•
А льбуминдер плазмадағы су мөлшерін реттейді;
•
Фибриногендер қан ұюында маңызды рөл атқарады.
•
Фибриногені жоқ қан плазмасы сарысу деп аталады.
3 слайд
• Қан плазмасы • Қан плазмасы (қан сарысуы) - қанның сарғыштау түсті сұйық бөлімі. Егер қанды ыдысқа құйып тұндырса, ыдыста 3 қабат айқын білінеді. Соның ең үстіңгі сарғыш түсті мөлдірлеу қабаты плазма. Ал астыңғы қызыл түсті қабаты - қан жасушалары. Плазманың құрамында 90-92% су; 7-8% нәруыз (белок); шамамен 2% глюкоза, майлар, минералды тұздар, т.б. болады. Плазмадағы нәруыздар (7- 8%) 3 топқа бөлінеді: • Глобулиндер организмді бактериялардан қорғауға қатысады; • А льбуминдер плазмадағы су мөлшерін реттейді; • Фибриногендер қан ұюында маңызды рөл атқарады. • Фибриногені жоқ қан плазмасы сарысу деп аталады.
4 слайд
4 слайд
5 слайд
•
Қан жасушалары.
•
Қан жасушаларына - эритроциттер (қанның қызыл түсті
жасушалары), лейкоциттер (қанның түссіз жасушалары) және
тромбоциттер (қан пластинкалары) жатады. Қызыл
денешіктер - эритроциттер, ағы - лейкоциттер. Жасушалар
арасында тромбоциттер бар.
•
Эритроциттер
•
Эритроциттер ( грекше «еrythros» — қызыл) қанның қызыл түсті ядросыз
жасушалары. Жаңада түзілген эритроциттерде ядро байқалады да,
кейіннен жойылып кетеді . Қанның басқа жасушаларына қарағанда
салмақтырақ болғандықтан, ыдыстың ең түбіне тұнады. Эритроциттердің
пішіні - ортасы қысыңқы табақша тәрізді, жиегі қалың, ортасы жұқарған
тиынға ұқсайды. Эритроциттер өздігінен қозғалмайды, тек қан
сұйықтығының ағынымен жылжиды .
1 мм3 қанда 4,5 -5млн эритроцит 1 мм3 қанда 4,5 -5млн эритроцит
болады.болады.
5 слайд
• Қан жасушалары. • Қан жасушаларына - эритроциттер (қанның қызыл түсті жасушалары), лейкоциттер (қанның түссіз жасушалары) және тромбоциттер (қан пластинкалары) жатады. Қызыл денешіктер - эритроциттер, ағы - лейкоциттер. Жасушалар арасында тромбоциттер бар. • Эритроциттер • Эритроциттер ( грекше «еrythros» — қызыл) қанның қызыл түсті ядросыз жасушалары. Жаңада түзілген эритроциттерде ядро байқалады да, кейіннен жойылып кетеді . Қанның басқа жасушаларына қарағанда салмақтырақ болғандықтан, ыдыстың ең түбіне тұнады. Эритроциттердің пішіні - ортасы қысыңқы табақша тәрізді, жиегі қалың, ортасы жұқарған тиынға ұқсайды. Эритроциттер өздігінен қозғалмайды, тек қан сұйықтығының ағынымен жылжиды . 1 мм3 қанда 4,5 -5млн эритроцит 1 мм3 қанда 4,5 -5млн эритроцит болады.болады.
6 слайд
6 слайд
7 слайд
Эритроциттердің тіршілік ету ұзақтығы 120-
127 тәуліктей. Оның шамамен 2,5 млн-ы
көкбауыр мен бауырда жойылып, осынша
мөлшері сұйек кемігінде қайта түзіліп отырады.
Көкбауыр мен бауырдың қантамырлары
қабырғасының эритроциттерді тұтып қалып,
ерітіп жіберетін қасиеттері бар. Эритроциттердің
мөлшері әр түрлі физиологиялық жағдайларға
байланысты өзгеріп тұрады. Жазда
бұлшықеттердің жұмысы күшейсе, шамадан
асыңқырайды. Қаны аз адам мен жұқпалы
аурумен ауырған адамдарда эритроциттердің
мөлшері кемиді.
7 слайд
Эритроциттердің тіршілік ету ұзақтығы 120- 127 тәуліктей. Оның шамамен 2,5 млн-ы көкбауыр мен бауырда жойылып, осынша мөлшері сұйек кемігінде қайта түзіліп отырады. Көкбауыр мен бауырдың қантамырлары қабырғасының эритроциттерді тұтып қалып, ерітіп жіберетін қасиеттері бар. Эритроциттердің мөлшері әр түрлі физиологиялық жағдайларға байланысты өзгеріп тұрады. Жазда бұлшықеттердің жұмысы күшейсе, шамадан асыңқырайды. Қаны аз адам мен жұқпалы аурумен ауырған адамдарда эритроциттердің мөлшері кемиді.
8 слайд
8 слайд
9 слайд
Лейкоциттер
Қанның ақ түйіршіктері немесе лейкоциттер
( гр. λευκως — ақ және гр. κύτος — жасуша ) – ядросы
бар және белменді амеба тәрізді қозғалатын түссіз
қан жасушалар. Қанның 1 мм3 көлемінде 6-8 мың
лейкоциттердің алуан түрі бар. Олар қызыл сүйек
майында, лимфа түйіндерінде және көк бауырда
пайда болады.
Қан мен тканьдарда әртүрлі қызметтер атқарады,
тәнді және тәнсіз иммунді реакцияларға, қабынуларға
қатынасады. Көп ядролы лейкоциттерге нейтрофилді ,
эозинофилді және базофилді гранулоциттер жатады.
9 слайд
Лейкоциттер Қанның ақ түйіршіктері немесе лейкоциттер ( гр. λευκως — ақ және гр. κύτος — жасуша ) – ядросы бар және белменді амеба тәрізді қозғалатын түссіз қан жасушалар. Қанның 1 мм3 көлемінде 6-8 мың лейкоциттердің алуан түрі бар. Олар қызыл сүйек майында, лимфа түйіндерінде және көк бауырда пайда болады. Қан мен тканьдарда әртүрлі қызметтер атқарады, тәнді және тәнсіз иммунді реакцияларға, қабынуларға қатынасады. Көп ядролы лейкоциттерге нейтрофилді , эозинофилді және базофилді гранулоциттер жатады.
10 слайд
10 слайд
11 слайд
Тромбоцит (тромбоцит) (thrombocytos, грек , thrombos -
тромбы, kytos - жасуша) — қанның ұ юын қамтамасыз ететін
қан жасушасы.
Тромбоцит — құстан бастап төменгі сатыдағы омыртқалы
жануарлар қанында болады. Сұтқоректі жануарлар қанында
тромбоцит орнында пішіні әр түрлі (дөңгелек, сопақ, ұршық
тәрізді т.б.) ұсақ денешіктер — қан табақшалары болады.
Тромбоцит — сүйектің қызыл кемігіндегі ірі жасушалар —
мегакариоциттерден жетіледі. Қан табақшалары
мегакариоциттер цитоплазмасының мөлшері екі-үш мкм
ядросыз бөлікшелері. Олар қанда топтасып орналасады. Қан
табақшалары жақсы боялатын дәнді орталық бөлігі
грануломерден (хромомерден) және біркелкі ( гомогенді ),
шеткі бөлігі — гиаломерден тұрады.
протеин, май, көмірсулар жатады.
11 слайд
Тромбоцит (тромбоцит) (thrombocytos, грек , thrombos - тромбы, kytos - жасуша) — қанның ұ юын қамтамасыз ететін қан жасушасы. Тромбоцит — құстан бастап төменгі сатыдағы омыртқалы жануарлар қанында болады. Сұтқоректі жануарлар қанында тромбоцит орнында пішіні әр түрлі (дөңгелек, сопақ, ұршық тәрізді т.б.) ұсақ денешіктер — қан табақшалары болады. Тромбоцит — сүйектің қызыл кемігіндегі ірі жасушалар — мегакариоциттерден жетіледі. Қан табақшалары мегакариоциттер цитоплазмасының мөлшері екі-үш мкм ядросыз бөлікшелері. Олар қанда топтасып орналасады. Қан табақшалары жақсы боялатын дәнді орталық бөлігі грануломерден (хромомерден) және біркелкі ( гомогенді ), шеткі бөлігі — гиаломерден тұрады. протеин, май, көмірсулар жатады.
12 слайд
Очень низкие тромбоцитыНорма тромбоцитов в крови
Повышениетромбоцитов в крови.
12 слайд
Очень низкие тромбоцитыНорма тромбоцитов в крови Повышениетромбоцитов в крови.
13 слайд
Қан жасушалары мен қан құрамыҚан жасушалары мен қан құрамы
(Қанның боялған препараты)(Қанның боялған препараты)
13 слайд
Қан жасушалары мен қан құрамыҚан жасушалары мен қан құрамы (Қанның боялған препараты)(Қанның боялған препараты)
14 слайд
Организмдегі қан қорлары. Көкбауыр денедегі қанның қоры.
Тыныштық кезінде көкбауыр қанға толып, аумағы үлкейеді. Бұлшық
еттер жұмыс істей бастағанда қан кокбауырдан жұмыс істеп жатқан
бұлшық еттерге тасымалданады.
Эритроциттердің ыдырауы бірнеше мүшелерде болады, соның
ішінде көкбауыр да бар. Мұны мен бірге, көкбауырда
лейкоциттердің бұзылуын тежейтін факторлар да бар, дегенмен,
мұнда да біраз лейкоциттер ыдырайды. Көкбауыр тимус безімен
және лимфа түйіндерімен бірге лимфоциттердің өніп, өсіп, дамуына
қатысады.
Бұған қоса, көкбауырда белгілі шамада антиденелер өндіріледі және
токсиндер (улы заттар) усыздандырылады.
Көкбауырдан басқа қанның көп мөлшері теріде, бұлшық еттерде
және басқа мүшелерде жиналады. Организмге қан көп қажет болған
жағдайда қордағы қан дереу қанайналым жолына құйылып, жұмыс
істеген мүше толық қамтамасыз етіледі.
14 слайд
Организмдегі қан қорлары. Көкбауыр денедегі қанның қоры. Тыныштық кезінде көкбауыр қанға толып, аумағы үлкейеді. Бұлшық еттер жұмыс істей бастағанда қан кокбауырдан жұмыс істеп жатқан бұлшық еттерге тасымалданады. Эритроциттердің ыдырауы бірнеше мүшелерде болады, соның ішінде көкбауыр да бар. Мұны мен бірге, көкбауырда лейкоциттердің бұзылуын тежейтін факторлар да бар, дегенмен, мұнда да біраз лейкоциттер ыдырайды. Көкбауыр тимус безімен және лимфа түйіндерімен бірге лимфоциттердің өніп, өсіп, дамуына қатысады. Бұған қоса, көкбауырда белгілі шамада антиденелер өндіріледі және токсиндер (улы заттар) усыздандырылады. Көкбауырдан басқа қанның көп мөлшері теріде, бұлшық еттерде және басқа мүшелерде жиналады. Организмге қан көп қажет болған жағдайда қордағы қан дереу қанайналым жолына құйылып, жұмыс істеген мүше толық қамтамасыз етіледі.
15 слайд
Қанның қызметі:
адам ағзасында қан әрбір мүшені, дененің әрбір жасушасын бірімен-
бірін өзара байланыстырады;
оттегін өкпеден ұлпаларға жеткізіп, көмірқышқыл газынан тазартады;
қорек заттарды асқорыту мүшелерінен ұлпаларға жеткізеді;
ағзаның соңғы қажетсіз өнімдерін бүйрекке және т. б.
мүшелерге тасымалдайды;
дене температурасының тұрақтылығын сақтайды;
ағзаны зиянды микробтардан қорғайды;
ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондарды тасымалдайды;
жасушаларда қышқылдың, судың деңгейін реттейді;
қорғаныштық қызмет атқарады (қанды ұйыта алады).
15 слайд
Қанның қызметі: адам ағзасында қан әрбір мүшені, дененің әрбір жасушасын бірімен- бірін өзара байланыстырады; оттегін өкпеден ұлпаларға жеткізіп, көмірқышқыл газынан тазартады; қорек заттарды асқорыту мүшелерінен ұлпаларға жеткізеді; ағзаның соңғы қажетсіз өнімдерін бүйрекке және т. б. мүшелерге тасымалдайды; дене температурасының тұрақтылығын сақтайды; ағзаны зиянды микробтардан қорғайды; ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондарды тасымалдайды; жасушаларда қышқылдың, судың деңгейін реттейді; қорғаныштық қызмет атқарады (қанды ұйыта алады).
16 слайд
Өз қанының мөлшерін
анықта.
Салмағы 57-62-74кг
адамдардың ағзасында неше
литр қан болатынын анықтау.
Қанның мөлшеріне дене
салмағының 7 % сай келеді
және қанның меншікті
салмағы 1,06 г/см куб тең деп
есептеу қажет
Мысалы:
62———–100%
Х———–7%
Х = 62х7/100 = 4, 34 х 1,06 =
4,600л
16 слайд
Өз қанының мөлшерін анықта. Салмағы 57-62-74кг адамдардың ағзасында неше литр қан болатынын анықтау. Қанның мөлшеріне дене салмағының 7 % сай келеді және қанның меншікті салмағы 1,06 г/см куб тең деп есептеу қажет Мысалы: 62———–100% Х———–7% Х = 62х7/100 = 4, 34 х 1,06 = 4,600л
17 слайд
ПЫСЫҚТАУ СЫЗБАЛАРЫПЫСЫҚТАУ СЫЗБАЛАРЫ
•
су - 90 -92 %
•
нәруыздар - 7-8 %
•
глюкоза, майлар,
минералды
тұздар - 2% Қан
плазмасының
құрамы
17 слайд
ПЫСЫҚТАУ СЫЗБАЛАРЫПЫСЫҚТАУ СЫЗБАЛАРЫ • су - 90 -92 % • нәруыздар - 7-8 % • глюкоза, майлар, минералды тұздар - 2% Қан плазмасының құрамы
18 слайд
ПЫСЫҚТАУ СЫЗБАЛАРЫПЫСЫҚТАУ СЫЗБАЛАРЫ
•
глобулиндер
(бактериялардан
қорғайды)
•
Альбуминдер
(су мөлшерін
реттейді)
•
фибриноген
(қанды ұйытады) Қан
плазмасындағ
ы нәруыздар
18 слайд
ПЫСЫҚТАУ СЫЗБАЛАРЫПЫСЫҚТАУ СЫЗБАЛАРЫ • глобулиндер (бактериялардан қорғайды) • Альбуминдер (су мөлшерін реттейді) • фибриноген (қанды ұйытады) Қан плазмасындағ ы нәруыздар
19 слайд
Назар
аударғандарыңызға
Раааахмет!!!
19 слайд
Назар аударғандарыңызға Раааахмет!!!