Материалдар / Қаратау күй мектебі немесе Төлеген Момбеков
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қаратау күй мектебі немесе Төлеген Момбеков

Материал туралы қысқаша түсінік
Қаратау күйшілік мектебі дегенде домбырашылық пен қобызшылық өнер қатар қанат жайған Созақ жері бірден ауызға оралады. Күйшілік дәстүрге келсек-Қаратау күйлері Арқа орындаушылық үлгісінің өзінше дамыған бір арнасы болып табылады. Соның ішіндеТөлеген күйлерінің табиғи бітімі мен орындапушылық шеберлігі де өзгеше болған. Мазмұндық, стильдік жағынан халықтық дәстүрде құрылған күйлерінде жаңа леп, тың нақыштармен көмкерілген басқаша бір әуездік сонылық байқалады.Сыршыл, нәзіктігімен, қарапайым саздылығымен құлаққа бірден жағып, көкейге тез қона кететін Төлеген күйлерінің орындалу мәнері де айтарлықтай ерекше көрінеді.Жұмыста Төлеген Момбеков күйлерінің шығу барысы мен ерекшелігі баяндалған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Желтоқсан 2018
818
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі
Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің “Шолаққорған” жалпы орта мектебі Қаратау күй мектебі немесе Төлеген Момбеков Орындаға

1 слайд
Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің “Шолаққорған” жалпы орта мектебі Қаратау күй мектебі немесе Төлеген Момбеков Орындаған: Машай Дариға

«...Төлеген Момбеков – гений ғой». Нұрғиса Тілендиев

2 слайд
  «...Төлеген Момбеков – гений ғой». Нұрғиса Тілендиев   Күйі бар Төлегеннің даласында, Əні бар Мараттың ел арасында. Киелі құтты мекен Созақ неткен, Бір өзі пана болған бар асылға. Саят Әбенов Қазір жоқтаушысы жоқ нендей дүниеде болмаған сықылды, әйтпесе ХХ ғасырдың екінші жартысын жарқыратып өткен ғажайып күйші Төлеген Момбеков еді. Шығармашылық адамның тегі мен тағдырында болса, күйшінің тегі сұрапыл: (...Есен би, Есен биден Қожамжар шешен, Қожамжардан үш дүлдүл: Назарына ата жолы бұйырып – би, Қайдауы – суырып салма ақын, Бапышы – танымал күйші. Міне, осы Назар биден Момбек, Момбектен Созақ өңіріне аты мәшһүр Жәнібек ақын мен Төлеген күйші. Не деген өнер қонған әулет), тағдыры «Мың бір түндей» шытырман: (...Назар бидің көші, толғақ қысқан Момбектің жары Әсер; күйші атасы Бапыштың қыстауына жетіп, түйелер шөгеріле бергенде естілген нәрестенің іңгәлаған дауысы, Бапыш атасының «Күйші бол!» деп аузына түкіруі; баланы Баршабегіме серік болсын деп сұрап алып, Төлегеннің сәбилік, балалық шағы атасының қолында – Үшөкшенің құмы мен Қаратау арасында өтуі; отыратын кезінде домбыра құлағын тістетіп қойып атасы күй тартса, Төлегеннің жылағанын сап қоятыны; атасы көптеген халық күйлерін, өзінің «Қаратау», «Ыңғайкөк», «Қаражорға» күйлерін үйретуі; Төлегеннің қолын жылан шағып алуы; Созақ көтерілісіне қатысқан әкесі Момбектің атылуы, бас иесіз қалған бұларды Созақтағы ағасы Жәнібектің қолына көшіріп апаруы; бұл кез қайтыс болған Бапыш атасының қолдан шапқан домбырасын кішкентай Төлегеннің тастамайтыны; бірде, мектеп терезесінен домбыра үнін, бейтаныс күйді естіп, тез үйге оралып салып алуы; ағасы Сүгірді үйіне шақырып таныстырғанда, Төлеген Бапыш атасының күйлерін, сонан кейін әнеукүнгі терезеден естіген күйін (Телқоңыр) Сүгірдің өзіне тартып беруі; көңіл толқыған Сүгір «Шалқыма», «Жолаушының жолды қоңыры», «Тоғыз тарау» күйлерін үйретіп, ақыл-кеңесін айтып, батасын беруі; ұзамай әкелерінің көтеріліске қатысқаны үшін бұлар да ұсталатын болып, Төлеген ағасы Жәнібек екеуі бір атқа мінгесіп, түнделетіп тау асып күнгейге қашуы; қаршадай Төлегеннің азырақ бой тасалап Хантағы кенінде жұмыс істеп, артынша жасырын Түркістанда Ресей кеніне (Солтүстік Кавказ) жазылған топқа қосылуы; одан әрі соғыстан бір-ақ шығуы... Қаратаудың шертпе күй шебері

 Майдангер Төлеген күйшінің соғыста көрген қияпаты ұзақ сөз. Кейін алдыңғы шепте шекесінен ауыр жараланып, 1943 жылы елге қайт

3 слайд
 Майдангер Төлеген күйшінің соғыста көрген қияпаты ұзақ сөз. Кейін алдыңғы шепте шекесінен ауыр жараланып, 1943 жылы елге қайтады. Азапты өмірден, ұлдарын жылдан аса көрмей құсадан ауру меңдеген анасы, Төлегеннің қолында қайтыс болады. Міне, «Анашым» атты тұңғыш күйі сол орны толмас қасіреттен туады».  Сонымен Төлегеннің ұшқын тисе жанбаққа даяр жүрегіне домбыраның сиқыр үнін құйған атасы бапыш күйші болды, есейе келе Ықылас, Тәттімбет, Сүгір мұрасымен танысуы кеуде сарайын кеңейтті. Әр заман қандайбір жүйрік тақырда пайда болмаған, бұрынғы жүйріктерден нәр алып, буыны қатая өнер әлемінде самғай, сезімтал жүрегін сөйлеткен. Төлеген күйшінің осылайша балғын шағында «тамырына егілген» домбыра үні, былайғы татқан шер, көрген мехнат арман мен сағынышқа суғарылып, бейбітке іліге бұрқ етті. («Қоштасу», «Мешін», «Сарыарқа сапары», «Толқын», «Қосбасар», «Ел жаңа», «Өрлеу», «Қат-қабат», «Бозінгеннің бүлкілі», «Мыңжылқы», «Қаратау шертпесі», «Қанағат», «Салтанат», т.б). Қаратаудың шертпе күй шебері

Қаратаудың шертпе күй шебері Қаратау күйшілік мектебі дегенде домбырашылық пен қобызшылық өнер қатар қанат жайған Созақ

4 слайд
Қаратаудың шертпе күй шебері Қаратау күйшілік мектебі дегенде домбырашылық пен қобызшылық өнер қатар қанат жайған Созақ жері бірден ауызға оралады. Күйшілік дәстүрге келсек- Қаратау күйлері Арқа орындаушылық үлгісінің өзінше дамыған бір арнасы болып табылады. Арқа күйшілерінің ішінде әуелі Сайдалы сары Тоқа мен Арғын Дайрабайдың (Алшын Дайрабай дейтін де күйші өткен) ықпалы Қаратау күйшілік мәдениетіне көбірек тигені тарихи дәлелді шындық. Осы күні Қаратау мектебін зерттеушілер Сүгірдің Тоқалдан бата алғанын айтқанымен, тарту үлгісін бөлекше деп санап жүр. Шындығында, Сүгірдің ұстазы - Ықылас пен Тоқа бір елдің адамдары болған, олардың күй шалу мәдениеттері Тәттімбеттен тарағаны даусыз ақиқат. Қаратау мектебін талдағанда Ықылас пен Сүгірден арғы күйшілерден ешқандай дерек келтіре алмай жүргеніміздің бір шеті осында жатыр, яғни ежелден қоныстас болған Арқа мен Бетпақдаланың әлеуметтік-мәдени шежіресін білмеуіміз қате пайымдар жасауға түрткі болып-ақ жүр. Қаратау шертпелерінің басында Сүгір Әліұлының (1882-1961) тұруы заңды құбылыс,өзіне дейінгі күйшілердің мұрасын барынша меңгерген дарын өз сазгерлігімен жаңа белеске көтерілді. Сүгір ескі күйшіліктің салтын сақтаған ең соңғы домбырашы; ол күйді тартқызбай қайталау, жанынан суырып - салып күй шығару, бір тартқанын қайталамай таңнан-таңға күй толғау сияқты бұрынғы өнерпаздардың жолын ұстанған дарын иесі болды. Сүгір күйлерін шертпелетіп те, төкпелетіп те шығара білген, оның «Ыңғай төкпе», «Шалқыма», «Бесжорғаларды» таза Дайрайбайдан (кейбіреулер айтқандай Әлшекейден емес) ауысқан төкпелік дәстүрде туған күйлер. Сүгірдің күйлерін алғаш жарыққа шығарған - Ж.Қаламбаев еді, ол Сүгір күйлерін нотаға түсіріп (Қазақ халқының аспап музыкасы. ҚазССР. Ғылым академиясы. Алматы-1964), күйтабаққа жазып қалдырды. Көзін көріп, күйлерін белсенді түрде насихаттағандар - Төлеген Момбеков, Генерал Асқаров және Файзолла Үрмізовтер. Бұлардан басқа оның күйлерін тартушылардан Атабек Асылбеков, ағайынды Сейтхан және Әлімхан Әлімбековтер, Ергентай Борсабаев, Дабыл Ажақаев, Бексейіт Тұрсынбеков сынды күйшілердің аттарын құрметпен атауға болады.

Сүгірдің бас шәкірті – Төлеген Момбеков дарынды күйші. ҚазКСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. Екінші дүниежүзілік с

5 слайд
Сүгірдің бас шәкірті – Төлеген Момбеков дарынды күйші. ҚазКСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1943 жылдан мәдениет саласында қызмет еткен. Алғашқы ұстазы-өз атасы Бапыш Қожамжаров. “Қаратау”, “Қара жорға”, ”Ыңғай төкпе”, т.б. күйлерін атасынан үйренеді. Кейін күйші Сүгір Әлиевтен тәлім алады. Момбеков тартатын күйлердің дені Орталық Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан өлкесіне кең тараған шертпе күйлер. Ол Сүгірден үйренген “Телқоңыр”, “Боз ізгеннің бүлкілі”,”Бес жорға”, “Шалқыма”,”Жолаушының жолды қоңыры” секілді күйлерін орындады. Оның “Қосбасар”, “Салтанат”, “Қат-қабат”, “Мыңжылқы”, “Ел жаңа”, “Асу”, ”Анама”, ”Қоштасу”, “Қаратаудың шертпесі” т.б күйлері грампластинкаға түсірілді. Момбеков туындылары фольклорлық-этнографиялық “Отырар сазы” оркестрінің репертуарында орындалды. 1919 жылы Қаратау баурайындағы Қозмолдақ деген ауылда туып-өскен. Киелі өнердің бастауы арғы аталарынан басталады. Арғы атасы Қожамжар мен Назар әділ билік айтқан шешен болса, Қайдау атасы бүкіл Орта жүзге әйгілі айтыскер ақын, ал Бапыш атасы-аң аулап, құс салып, серілік құрумен бірге, асқан күйші болған адам. Қаратаудың шертпе күй шебері

Төлегеннің Жәнібек деген ағасы, Күнтай деген апасы да керемет ақын болыпты. Төлегеннің өзіне домбыра дарыған. Төлеген Момбек

6 слайд
Төлегеннің Жәнібек деген ағасы, Күнтай деген апасы да керемет ақын болыпты. Төлегеннің өзіне домбыра дарыған. Төлеген Момбеков есімінің халқымызға кең тарап, төл күйлерінің халықтық рухани кәдеге айналуына көптеген ақын-жазушылар атсалысқан. Бұл орайда Сәбит Мұханов, Асқар Тоқмағамбетов, Тәкен Әлімқұлов, Төлеген Тоқбергенов, Рахманқұл Бердібаев, Ақселеу Сейдімбековтердің еңбегі ерекше болды. 1965 жылы Асқар Тоқмағамбетовтің алпыс жылдық мерейтойына байланысты Сыр бойына сапар шеккен Сәбең жолшыбай Созақта да болады. Сол кездегі аупарткомның бірінші хатшысы Төлепберген Назарбеков Сәбеңнің құрметіне Созақ ауданының әр жеріндегі күйшілерді тегіс жинатады. Олардың ішінде Төлеген Момбеков, Файзолла Үрмізов, Ергентай Борсабаев болады. Сәбең оларға бірнеше күйден тартқызады. Олардың ішінен Төле ен шерткен шертпе күйге қатты қызығып: «Мұндай дарынды республика көлеміне таныту қажет» деп шешеді. Сөйтіп, Төлеген күйлерін магнитофон таспасына жазып алып, Алматыға ала келеді. Көп ұзамай Созақ ауданының басшылығына М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтына Төлеген Момбековті іссапарға жіберу туралы Алматыдан арнайы хат келеді. Ол кезде Төлеген ауылда Құлжабай Төлеуов, Көпбай Омаров сияқты ақындармен бірге жүріп, автоклуб меңгерушісі болып жұмыс істейді. Алматыға келген сол сапарында Төкең грампластинкаға атасы Бапыштың, Сүгірдің және өз шығармаларынан бас-аяғы он екі күй жаздыртада және теледидарда бірір күй орындайды. Сол кезде теледидар қарап отырған Нұрғиса Тілендиев: «Мына қақпас қайдан шықты?!»деп, атып тұрған екен дейді. «Талантты талант қана таниды» деген сол. Нұрғиса Төлегеннің шертісіне сол бойы құлап түсіп, Алматыға келген сайын өзі қарсы алып, қонақүйге орналастырып, оң жағынан орын берген. Төлегеннің 1969 жылы Алматыға келген сол алғашқы сапарында-ақ «Социалистік Қазақстан», «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде Төлегеннің өмірі мен шығармашлығы жөнінде мақалалар жарияланады. Әдебиет және өнер институтының қорына Төлеген білетін күйлер толық жазылып алынады. Бас-аяғы бір аптаның ішінде кешегі ауыл домбырашысы республика көлемінде танымал болады. Қаратаудың шертпе күй шебері

Төлеген турасында белгілі күйшілер әрі өнер зерттеушілері:Уәли Бекенов, Жарқын Шәкәрім, Біләл Ысқақовтар қалам тербеген. Төл

7 слайд
Төлеген турасында белгілі күйшілер әрі өнер зерттеушілері:Уәли Бекенов, Жарқын Шәкәрім, Біләл Ысқақовтар қалам тербеген. Төлегеннің ұстазы, Қаратау күй мектебінің ұшар басында тұрған Сүгір Әлиұлы 1961 жылы қайтыс болған. Өкініштісі, Сүгірдің өзінің орындауында бірде-бір күйі таспаға жазылып алынбаған. Көзі тірі кезінде күйлері номаға да түспеген. Жазушы Мұхтар Әуезов, Үкімет басшысы Нұртас Оңдасынов іздеп барып, Алматыға шақырғанмен, реті келмеген. Ол кез-кеңістік «уралаудың» асқынып тұрған шағы, шертпе күйдің шетқақпай көрген заманы. Күйдің де, күйшінің де қадірі қашқан кез. Сүгірдің «Жолаушының жолды қоңыры», «Шалқыма», «Бесжорға», «Кертолғау» күйлері Төлегеннің орындауының арқасында халыққа жетті. Сүгірдің тартысы құлағында қалған көне көз қарттардың айтуынша, Сүгірдің «Бозінген» күйі бізге тура өз нұсқасында жетпеген. Төлегеннің де «Бозінгеннің бүлкілі» деген күйі бар. Зерттеушілердің айтуынша, бұл екеуі бөлек күй. Төлеген әуелгі нұсқаны өзінше жетілтіп, басқаша құлпыртып, дамытып әкеткен. Атақты күйші Қаршыға Ахмедияровтың айтуынша, Сүгір мен Төлегенді бөліп- жармай, дауға айналған күйлерді бір сөзбен «Сүгір мен Төлегендікі» деп атау керек. Сүгірді көзі көрген және сол ауылдың тумасы, марқұм прфессор Керімбек Сыздықов былай деп жазып кетіпті: «...Төлеген Алматыда көпшілік алдында, радио, теледидардан күй тартқанда Сүгір ақсақалды ұстазы ретінде үнемі құрметпен атап, сол кісінің күйлерін тартудан бастайтын. Алғашқы жолы «Қосбасарды» Тәттімбеттікі, «Бозінгеннің бүлкілін» Сүгірдікі деп жаздырғанының басы-қасында жүріп, солай деп жаздыруға себепші де болғанмын. Өйткені сол кездегі біздің ұғымымызда «Қосбасар» деген күйдің қанша түрі болса да ол тек Тәттімбеттің атына тән саналатын. Ал «Бозінген» күйі Ықылас пен Сүгірдің атына байланысты аталатын. Оған Төлеген де пәлен деп қарсылық танытпай, «кімнің қалай тартқанын қайдам, мен өзім оңқайтыма келген күйлерді тартқанда қиялданып, өзімше тартып кетем» деген әңгімені жиі айтатын...». Қаратаудың шертпе күй шебері

Көпшілік арасында кеңінен танымал Қаратау күй мектебінің өкілі, дәулескер күйші Төлеген Момбековтің “Салтанат” күй жайлы бүг

8 слайд
Көпшілік арасында кеңінен танымал Қаратау күй мектебінің өкілі, дәулескер күйші Төлеген Момбековтің “Салтанат” күй жайлы бүгіндері барша қазақ біледі. Осынау бір күй адамның күні бойы сөзбен айтып жеткізе алмайтын сырын, мұңын тілсіз екі шектің мақамымен әр кеудеге құйып береді. Күйші тілсіз құдірет күйі арқылы миллиондаған қазақтың жүрегінен орын алып, әрқайсысының кеудесіндегі өкініш, күйініш, жанашырлық сынды асыл сезімдерін қозғайды. “Салтанат” күйін әр тыңдаған сайын кеудемізді өксік аралас мұң басып, жүрегімізді сыздататыны осы күйдің құдіретінен демей не деуге болады?! Күйдің шығу тарихы былай болған еді: 1969 жылы Төлеген Момбековтың асыл жары Пернеш қайтыс болып, Райхан, Қызжан, Дана, Гүлжан, Салтанат атты бес қызымен, Қайрат атты бір ұлымен қалған Төкеңе бұл қаза қатты батады. Жан күйзелісіне толы осы жылы өмірге бірінен соң бірі төрт күй келеді. Сол кезде автоклуб меңгерушісі болып жұмыс істейтін Төлеген бір күні жұмыстан шаршап үйіне келсе, Қайраты төрт жасар Салтанат деген қызын жылатып қойыпты. Сонда Салтанат біраз жыл өтсе де, өлген шешесін ұмытпай:”Апама айтам” деп зар еңіреп жылайды. Осы сөзді құлағы шалып қалған күйші сондай бір ауыр күй кешіп, қатты толқиды. Қызын жұбатып отырып: “Қайтемін, жаным-ау” деп қосыла жылайды. Сосын сүйеніші де, жұбанышы да болған домбырасын сабалай береді. Ертеңіне жаңа күй шығады. Күйдің атын қызына жұбату ретінде “Салтанат” деп қояды. Қаратаудың шертпе күй шебері

Сондай – ақ «Мың жылқы» күйі – Қаратау өңірінің сай-саласында мыңдаған жылқының, басқа да мал- жанның жаулауы...

9 слайд