Материалдар / Қашықтықтан білім беру форматында баланың жайлы білім алуы мен демалуына ата-ананың ықпалы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қашықтықтан білім беру форматында баланың жайлы білім алуы мен демалуына ата-ананың ықпалы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-анаға пихологиялық көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Мамыр 2021
246
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Қашықтан білім беру форматында баланың жайлы білім алуы мен демалуына ата- ананың ықпалы

1 слайд
Қашықтан білім беру форматында баланың жайлы білім алуы мен демалуына ата- ананың ықпалы

Гуманистік педагогика, немесе позитивтік тәрбиенің негізгі ұстанымдары: Гуманистік педагогиканың айтуы бойынша, т

2 слайд
Гуманистік педагогика, немесе позитивтік тәрбиенің негізгі ұстанымдары: Гуманистік педагогиканың айтуы бойынша, тәрбие – бұл бейнелер арқылы азықтану.   Яғни, бала біздің өмір салтымыз, әрекеттеріміз бен істеріміз арқылы тәрбие алады. Егер біз үнемі шаршаған күйде болсақ, онда біз оларды шаршауға үйретеміз және алда жақсы нәрсе жоқ деп айтатындай боламыз. Сол себепті балалардың бақытты болғандарын қаласақ, өзіміз бақытты болуымыз қажет. Ш. Амонашвили Гуманистік педагогика 

1. Казіргі төтенше жағдай, карантин және корона вирусы дегенді балаға түсіндіру қажет. Бұл вирустың каншалықты зиян екен

3 слайд
1. Казіргі төтенше жағдай, карантин және корона вирусы дегенді балаға түсіндіру қажет. Бұл вирустың каншалықты зиян екенін және бүкіл қоғамға тарап кету мүмкіндігі бар екенін жеткізу керек. Бала түсінгеннен кейін өзі тазалықты сақтап, далаға шыққанда немесе басқалармен сөйлескенде қашықтықты сақтайтын болады. Себебі осы індетті жұқтырып алмай, денсаулықты сақтау үшін үйде қалудың қаншалықты маңызды екенін сол кезде өзі ұғынынады.

2.Баламен сөйлескенде балаға түсінікті сөздерме

4 слайд
2.Баламен сөйлескенде балаға түсінікті сөздермен жеткізу қажет. Әр баланың жас ерекшеліктері болады. Қабылдау, ойлау және сөйлеудің де өз ерекшеліктері болады. Мектепке дейінгі немесе бастауыш сыныптарды оқитын бала болса, сөйлескенде мысалдар келтіріп, бейнелеп түсіндіру қажет. Ал жасөспірімдермен сөйлескенде көбіне фактілерге сүйеніп, дәлелдермен жеткізгенде ғана ұғындыра аласыздар. 3.Ең алдыменен күн тәртібін реттеп алған жөн . Бірге отырып баланың сабағына қатысты кестесін құрастырыңыз. Сабақ оқу, шынықтыру, тамақ ішу, демалу кезінде ойын ойнау немесе қызығушылықтарымен айналысу, кітап оқумен қатар, үйдің шаруасына да қатыстыру керек. Осының бәрін кестеге орналастырып, үлкен параққа жазып қойса, біртіндеп бала соған үйренеді.

Саб аққа дайындалу 4. С абақтарына тек қатысып қоймай, әрқайсына қатысты тапсырмаларды жазып алып, тез орындауды т

5 слайд
Саб аққа дайындалу 4. С абақтарына тек қатысып қоймай, әрқайсына қатысты тапсырмаларды жазып алып, тез орындауды түсіндіру қажет. Егер түрлі қиындықтар мен кедергілер шығып жатса, балаңыздың ашығын айтуын талап етіңіз. 5.Көмек сұрағанда балаға толық назар қойып тыңдау керек. Егер тапсырма жаңа тақырыпқа қатысты болса, оқулықтан толық оқып алған жөн, содан соң орындауға бірге кірісіңіз. Осылайша, теледидардағы түсіндірумен шектеліп қоймай, оқулықпен пайдалунуды үйретіңіз.

6. Сабаққа қатысты немесе үй тіршілігіне қатысты тапсырманы жасамастан бұрын негізгі мақсатты түсінді

6 слайд
6. Сабаққа қатысты немесе үй тіршілігіне қатысты тапсырманы жасамастан бұрын негізгі мақсатты түсіндіріңіз. Сонымен бірге күні бойы баланың атқаратын негізгі міндеттерін талқылаңыз. 7. Үйде әр адамның өзінің орындайтын міндеттерінің болғаны жөн. Бір адамға бүкіл жұмысты артып қоймай, бір-біріне көмектесу, бірлесу және жауапкершілікті сезіну жастайынан басталады емес пе.

Баламен ашық сөйлесу қажет. 8. Тапсырма беріп жатсаңыз, бала нені және не үшін жасау керектігін түсіндіру қа

7 слайд
Баламен ашық сөйлесу қажет. 8. Тапсырма беріп жатсаңыз, бала нені және не үшін жасау керектігін түсіндіру қажет. 9. Түрлі жағдайда бала тапсырмаларды орындамай, ойынға беріліп кету немесе уақытында ұйқыдан тұрмауы мүмкін. Осы кезде баланың күйін түсініп, оның бойын билеп тұрған сезімді немесе көңіл-күйді атап, баланы түсінуге тырысыңыз. Мысалы, бала таңертен тұрғысы келмей жатса: «Сенің көңілің болмай тұр ғой, сені түсінем» немесе «Сенің ойының қызық болып, тағы ойнағың келіп тұр ма?» – десеңіз, ұрыс пен даудан гөрі, Сіз балаңызды түсінеді екен деп, әрекеттесуге дайын болады .

10 .Баланың назарын өзіңізге қаратып алған соң, алда тұрған талаптарды түсіндіріңіз. Және сол тапсырмаларды немесе тала

8 слайд
10 .Баланың назарын өзіңізге қаратып алған соң, алда тұрған талаптарды түсіндіріңіз. Және сол тапсырмаларды немесе талаптарды орындағанда қызықтыратын жәйттерді қосып айтыңыз. Мысалы: «Егер ерте тұрып, сабағының бәрін тез орындап тастасаң, ойынға көбірек уақыт болады» немесе «Үй тапсырмасын орындап біткенде, бірге қызық кино көреміз (сүрет салу, компьютердегі ойын, шахмат немесе шашки, қызық ертегілер оқу, т.б. ойын түрлері)». Сонымен бірге «Сен жасау керексін» немесе «Сен міндеттісін» дегеннен гөрі «Тапсырманы орындайық» немесе «Бүгін ертерек тұрайық» - «Біз» дегенді қолдансаңыз, Сіздің балаға алаңдап жүргеніңізді білдіресіз.

11. Сіздің балаға деген назарыңыз, бөлінетін қымбат уақытыңыз және балаға деген мейіріміңіз ешқашан ескерілмей қалмайды.

9 слайд
11. Сіздің балаға деген назарыңыз, бөлінетін қымбат уақытыңыз және балаға деген мейіріміңіз ешқашан ескерілмей қалмайды. Бала сіздің көңіліңізге көп мән беретінін ұмытпаңыз. 12 .Мектепте үйреніп қалған жағдайдың жоқтығы, баланы қатты алаңдатады. Сондықтан алаңдаушылық пен мазалануы өсіп кетүі мүмкін. 13. Қашықтан білім алу үрдісі бірінші рет болғандықтан және өз бетімен оқуды ұйымдастыра алмаушылықтан , бала санасында үрей және сенімсіздік пайда болуы мүмкін. Осыны ескере отыра, осы қиын кезеңнің өтпелі екенін, қазір біз бір-бірімізбен уақытты қызықты өткізе аламыз – деп, позитивті ойларыңызды білдіріңіз. 14. Ата-аналар, осы кезде өзіңізді баланың орнына қойып көріп , балалық шағыңызды есіңізге түсіріңіз.

• Әрине, қазіргі кездегі балалардың біздерден өзгешеліктері бар , және оқулықтары өте күрделі. Сондықтан баламен бі

10 слайд
• Әрине, қазіргі кездегі балалардың біздерден өзгешеліктері бар , және оқулықтары өте күрделі. Сондықтан баламен бірге талқылап, біліп алғаннан қысылмаңыздар, балаға түсінбегенді айтып беруді сұраңыз, сонда шын мәнінде баланың оқуында не болып жатқанын хабардар боласыздар. Балаңыздың қандай қабілеттері бар, қандай пәндер ұнайтынын біліп аласыздар. • Қымбатты ата-аналар, осы карантин кезіндегі балалармен бірге болған кездерімізді тиімді пайдаланайық !