"Қазақ жазуы - елімнің тарихы" ашық сабақ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Сабақтың тақырыбы:
«Елімнің тарихы – тілімнің тарихы»
онлайн-дебат
Қатысушылар: 8 «Г», 8 «Ғ», 8 «Е» оқушылары
Қолданылатын технологиялар: Zoom және Google Форма
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, зерттеуші-педагог: Шатемірқызы Ақмарал Алматы қаласы Әуезов ауданы №173 мектеп-
лицей«Бекітемін»
КММ "№173 мектеп-лицей"
директоры
__________ Байымбетова Л.М.
"____"____________2020ж.
Оқу мақсаты: 8.1.1.1 Мәтіннен алынған дәйексөздерге,
үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау;
8.1.3.1. тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған
ақпараттан астарлы ойды анықтау.
1 слайд
Сабақтың тақырыбы: «Елімнің тарихы – тілімнің тарихы» онлайн-дебат Қатысушылар: 8 «Г», 8 «Ғ», 8 «Е» оқушылары Қолданылатын технологиялар: Zoom және Google Форма Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, зерттеуші-педагог: Шатемірқызы Ақмарал Алматы қаласы Әуезов ауданы №173 мектеп- лицей«Бекітемін» КММ "№173 мектеп-лицей" директоры __________ Байымбетова Л.М. "____"____________2020ж. Оқу мақсаты: 8.1.1.1 Мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау; 8.1.3.1. тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтау.
2 слайд
« Елімнің тарихы –
тілімнің тарихы»
Сабақтың мақсаты: «Көне түркі
жазбалары және қазақ жазуы»
бөлімін қорытындылау арқылы
мәтіннен алынған дәйексөздерге,
үзінділерге сүйене отырып,
көтерілетін мәселені болжайды;
тыңдалған мәтіннің мазмұнын
түсінеді, ұсынылған ақпараттан
астарлы ойды анықтайды.
Бағалау критерийі
Мәтіннің мазмұны бойынша
берілген ақпараттан астарлы
ойды анықтайды,
Мазмұнын түсінеді,
Өз ойын деректерге сүйене
білдіреді .
2 слайд
« Елімнің тарихы – тілімнің тарихы» Сабақтың мақсаты: «Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы» бөлімін қорытындылау арқылы мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжайды; тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтайды. Бағалау критерийі Мәтіннің мазмұны бойынша берілген ақпараттан астарлы ойды анықтайды, Мазмұнын түсінеді, Өз ойын деректерге сүйене білдіреді .
3 слайд
Көне түркі жазуы
Руникалық көне түркі алфавитінің құрамында 35 әріп бар
және жазудың бағыты оңнан солға қарай оқытылады.
«Шын мәнінде, ешбір халықта жазу мәдениеті
қалыптаспаған кездің өзінде біздің бабаларымыз өз
тарихын тасқа қашап жазып кеткен» ақын, қоғам
қайраткері Олжас Сүлейменов.
Араб графикасына негізделген жазу.
Шамамен жер шарының 7 пайызы араб жазуымен
(алифба) жазады. Ресми жазу ретінде 22 елде
қолданылады: 18-і – Араб елдері және 6-уы – басқа
мемлекеттер.
XV ғасырдан XX ғасырдың басына дейінгі аралықта қазақ
елі жазуында қолданылды.
3 слайд
Көне түркі жазуы Руникалық көне түркі алфавитінің құрамында 35 әріп бар және жазудың бағыты оңнан солға қарай оқытылады. «Шын мәнінде, ешбір халықта жазу мәдениеті қалыптаспаған кездің өзінде біздің бабаларымыз өз тарихын тасқа қашап жазып кеткен» ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов. Араб графикасына негізделген жазу. Шамамен жер шарының 7 пайызы араб жазуымен (алифба) жазады. Ресми жазу ретінде 22 елде қолданылады: 18-і – Араб елдері және 6-уы – басқа мемлекеттер. XV ғасырдан XX ғасырдың басына дейінгі аралықта қазақ елі жазуында қолданылды.
4 слайд
Латын графикасына негізделген
қазақ жазуы
1920 жылдары араб қарпін тастап, латынға
көшу деген мәселе күн тәртібінде қойылды.
«Арабшылдар мен «латыншылдар»
пікірталасы 7-8 жылға созылды.
1929 жылы 24 қаңтарда қазақ елінде «Латын
әрпі негізінде құрылған қазақ әліпбиі
Қазақстанда мемлекет әліпбиі деп
саналсын» деген қаулы қабылдады.
Жаңа қазақ әліпби орталық комитетінің
мүшелері: Нұрмақов Нығмет, Тоқабаев
Кәрім, Жандосов Ораз, Байділдіин
Әбдірахман, Ермеков Әлімхан, Тоғжанов
Ғаббас, Шонанов Телжан.
4 слайд
Латын графикасына негізделген қазақ жазуы 1920 жылдары араб қарпін тастап, латынға көшу деген мәселе күн тәртібінде қойылды. «Арабшылдар мен «латыншылдар» пікірталасы 7-8 жылға созылды. 1929 жылы 24 қаңтарда қазақ елінде «Латын әрпі негізінде құрылған қазақ әліпбиі Қазақстанда мемлекет әліпбиі деп саналсын» деген қаулы қабылдады. Жаңа қазақ әліпби орталық комитетінің мүшелері: Нұрмақов Нығмет, Тоқабаев Кәрім, Жандосов Ораз, Байділдіин Әбдірахман, Ермеков Әлімхан, Тоғжанов Ғаббас, Шонанов Телжан.
5 слайд
Орыс тілі графикасы
Кеңес өкіметінің ықпалымен 1940 жылы
еліміздің латын графикасынан орыс графикасына
көшуінің бірнеше себебі болды.
Бірінші себеп, ол кездегі билік Түркия мемлекеті
мен кеңестер одағындағы түркі халықтарының
араласуына кедергі жасағысы келген.
Екіншіден, араб және латын графикасына
негізделген қазақ жазуының негізін қалаған
қайраткерлердің (Құдайберген Жұбанов, Ораз
Жандосов) "халық жауы" атануы.
Үшіншіден Кеңес өкіметі бір мемлекет, жалғыз
астана (Мәскеу) астындағы халықтардың ортақ
мемлекеттік жазуы болуы керектегін іске
асырғысы келді.
5 слайд
Орыс тілі графикасы Кеңес өкіметінің ықпалымен 1940 жылы еліміздің латын графикасынан орыс графикасына көшуінің бірнеше себебі болды. Бірінші себеп, ол кездегі билік Түркия мемлекеті мен кеңестер одағындағы түркі халықтарының араласуына кедергі жасағысы келген. Екіншіден, араб және латын графикасына негізделген қазақ жазуының негізін қалаған қайраткерлердің (Құдайберген Жұбанов, Ораз Жандосов) "халық жауы" атануы. Үшіншіден Кеңес өкіметі бір мемлекет, жалғыз астана (Мәскеу) астындағы халықтардың ортақ мемлекеттік жазуы болуы керектегін іске асырғысы келді.
6 слайд
Айта кетейік, еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев 2017 жылы Қазақ тілі әліпбиін
кириллицадан латын графикасына көшіру туралы қаулы
шығарған еді.
"Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі
ұлттық комиссия құрылсын. Қазақ тілі әліпбиінің 2025
жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшуі
қамтамасыз етілуі тиіс. Осы Жарлықты іске асыру жөнінде
өзге де, соның ішінде ұйымдастырушылық және
заңнамалық сипаттағы, шаралар қабылдануы керек", - деді
Нұрсұлтан Назарбаев.
6 слайд
Айта кетейік, еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2017 жылы Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы қаулы шығарған еді. "Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия құрылсын. Қазақ тілі әліпбиінің 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшуі қамтамасыз етілуі тиіс. Осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де, соның ішінде ұйымдастырушылық және заңнамалық сипаттағы, шаралар қабылдануы керек", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
7 слайд
Оқу тапсырмасы
Қазақ тіліне өтілген бөлімді қайталау
Бүгін белсенділік танытқаны үшін
8-сынып оқушыларына рақмет айтып,
сәттілік тілеймін.
7 слайд
Оқу тапсырмасы Қазақ тіліне өтілген бөлімді қайталау Бүгін белсенділік танытқаны үшін 8-сынып оқушыларына рақмет айтып, сәттілік тілеймін.