Материалдар / Қазақстан халқының моноэтникалық құрамының өзгеруі (XVIII ғасыр -XX ғасырдың басы)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақстан халқының моноэтникалық құрамының өзгеруі (XVIII ғасыр -XX ғасырдың басы)

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан халқының моноэтникалық құрамының өзгеруі (XVIII ғасыр -XX ғасырдың басы)
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қараша 2024
840
12 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі
Қазақстан халқының моноэтникалық құрамының өзгеруі (XVIII ғасыр -XX ғасырдың басы) Оқу мақсаты: 11.2.1.1 Қаза

1 слайд
Қазақстан халқының моноэтникалық құрамының өзгеруі (XVIII ғасыр -XX ғасырдың басы) Оқу мақсаты: 11.2.1.1 Қазақстанның этникалық құрамының өзгеру үрдісін түсіндіру үшін «агрардық саясат», «көші-қон саясаты», «моноэтностық» ұғымдарын пайдалану; 11.2.1.2 Қазақстан аумағындағы халықтың этникалық құрамының өзгеру кезеңдерін зерттеу

Тірек сөздер: Ассимиляция – бір халықтың екінші халықпен араласып, ұлт ретінде сіңісіп кетуі. Жікшілдер – правосл

2 слайд
Тірек сөздер: Ассимиляция – бір халықтың екінші халықпен араласып, ұлт ретінде сіңісіп кетуі. Жікшілдер – православие дініндегі ағым. Жікке бөлінушілік, ел арасына іріткі салушылық. Моноэтникалық құрам – құрамы бір ғана этникалық топтан тұратын ұлттық құрылым.

1. Өлке тұрғындары моноэтникалық құрамының өзгере бастауы ХІХ ғасырдың 20-жылдарына дейін Қазақстан халқының түге

3 слайд
1. Өлке тұрғындары моноэтникалық құрамының өзгере бастауы ХІХ ғасырдың 20-жылдарына дейін Қазақстан халқының түгелдей дерлік құрамы қазақтар болды. ХІХ ғасырдың 60-жылдары Қазақстан халқының ұлттық құрамы өзгеріске ұшырай бастады. Қазақстанға Ресейден орыс шаруалары 1861 жылғы басыбайлылық құқықты жойғаннан және ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы өлкеде жүргізілген әкімшілік реформалардан кейін кеңінен қоныс аударыла бастады. 1897 жылы Қазақстан аумағында 4 млн-нан астам адам өмір сүрді, олардың 81,7%-ын қазақтар құрады. Қоныс аударушылардың едәуір бөлігі Қазақстанға ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында келді.

2. Орыстар Қазақстанға алғаш қоныс аударғандар казактар мен әскери шенді орыстар еді. Олар шегара шебіндегі әске

4 слайд
2. Орыстар Қазақстанға алғаш қоныс аударғандар казактар мен әскери шенді орыстар еді. Олар шегара шебіндегі әскери бекіністер мен станицаларда тұрды. Шаруаларды қазақ өлкесіне кеңінен тарту үшін патша үкіметі еркін отарлау әдісін де, күш қолдана отырып, еріксіз жер аудару тәсілін де қолданды.  Кейде орыс шаруаларының қатары орталықтан айыпты болып қашқандардың есебінен де толықтырылды. 1897 жылы Алтайда 90 мыңға жуық орыс шаруалары болды.  ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың бас кезіндегі аграрлық саясат жылдары Ресейдің еуропалық бөлігіндегі шаруалар Қазақстанға жаппай көшіріле бастаған еді. 1897 жылы Қазақстанның алты облысындағы орыстардың саны 544 мың адамға жетті. Орыс халқының өлкедегі негізгі бөлігін қоныс аударып келген шаруалар (40%), содан кейін казактар (33%), мещандар (19%), дворяндар (5%) және басқалары құрады. Қазақтар мен орыс тұрғындары арасында өзара шаруашылық-мәдени алмасулар орын алды. 

3. Украиндықтар Украиндықтардың алғашқы тобы Қазақстан аумағында ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында пайда болды.

5 слайд
3. Украиндықтар Украиндықтардың алғашқы тобы Қазақстан аумағында ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында пайда болды. Украиндықтардың елеулі бөлігі қазақтың кең-байтақ даласына ХІХ–ХХ ғасырдың тоғысында, Ресейдің еуропалық бөлігінен шаруалардың жаппай қоныс аударуы кезінде келді.   Украиндықтардың басты шаруашылық кәсібі егіншілік болды. Қазақ даласындағы белгілі украиндық диқандардың бірі Ақмола облысының шаруасы Василий Марченко егістік топырағының құнарлылығын арттыру мақсатымен тұқым себудің жетілдірілген әдісін енгізді. 1905 жылы Киевтегі шеруге қатысқаны үшін Ақмола облысының Ақмола уезіне жер аударылған Яков Латутаны Жоламан деген қазақ өкіл бала етіп асырап алып, оған Жақып Жоламанов деген есім берген. Жақып қазақ тілін меңгеріп алды және өз бетінше ізденіп, исламның негізін үйреніп, мұсылман дінін қабылдады. 1916 жылы қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісі кезінде ол Қорғалжындағы көтерілісшілердің танымал басшыларының бірі болды.   1897 жылғы халық санағының деректері бойынша Қазақстанда 87 мыңдай украиндық тұрды. Қазақ даласында украинның ұлы ақыны Тарас Шевченко орыс патшасының бұйрығымен жер аударылып, он жыл өмірін өткізді.

4. Татарлар Қазақстанға татарлардың келуі патша үкіметінің қазақ өлкесін отарлауға кіріскен кезінен басталды. Қ

6 слайд
4. Татарлар Қазақстанға татарлардың келуі патша үкіметінің қазақ өлкесін отарлауға кіріскен кезінен басталды. Қазақтардың арасына молда болуға татарлардың дін қызметкерлері қатарынан ғана жіберілді.   Қазақ хандары мен сұлтандарының басым көпшілігі өздерінің жеке хатшылары етіп Орынборға таяу жердегі Сейітов слободасынан шыққан сауатты татарларды ұстады. Татарлар өлкенің ірі Петропавл, Семей, Орал, Көкшетау, Верный, Ақмола, Павлодар, Зайсан және Өскемен қалаларында тұрды. Бұл халықтың өкілдері қазақ даласында жаңа әдіспен оқытатын жәдидтік мектептер ашудың бастамашылары болды.  Қазақтар татар зиялылары шығарып тұрған газеттер мен журналдарды зор ықыласпен оқыды. Кейінірек патша үкіметі қазақ даласында исламның күшейіп бара жатқанынан қауіптеніп, сауатты және іскер татарлардың қызметінен бас тарта бастады. 1897 жылы Қазақстанда тұратын татарлардың жалпы саны 56 мыңға дейін жетті. Мұның өзі Қазақстандағы бүкіл халықтың 1,3%-ы еді.

5. Немістер  Немістер Қазақстанда алғаш рет ХVIII ғасырда әскери құрамалар қатарында келді.  Немістер жергілік

7 слайд
5. Немістер  Немістер Қазақстанда алғаш рет ХVIII ғасырда әскери құрамалар қатарында келді.   Немістер жергілікті халықтың тарихы мен географиясын және этнографиясын зерттеудің бастамашылары бола білді. Олар негізінен Омбы, Петропавл, Семей, Өскемен, Жәмішев сияқты тағы басқа да шегара шебіндегі әскери бекіністерде тұрды. Қазақ жеріндегі немістер санының арта түсуі ХІХ–ХХ ғасырлар тоғысына сәйкес келді. Қоныс аударып келген немістер, негізінен егіншілікпен айналысты және өңдеуші өнеркәсіп салаларында жұмыс істеді. Сонымен қатар олар мұнай кен орындарын игеруде, алтын, мыс өндіруде, кен өнімдерін өңдеуде белсенділік танытты. 1897 жылы Қазақстандағы және онымен шегаралас қалалардағы немістердің жалпы саны 7 мың адамға жуықтады. Олардың көпшілігі Ақмола облысын мекен етті. Столыпиннің аграрлық реформасы кезінде немістердің Еділ бойынан, Қара теңіз жағалауынан ағылып келуі күшейе түсті.

6. Поляктар Поляктар Қазақстан аумағына алғаш рет ХІХ ғасырдың басында келе бастады. Жер аударылып келген полякт

8 слайд
6. Поляктар Поляктар Қазақстан аумағына алғаш рет ХІХ ғасырдың басында келе бастады. Жер аударылып келген поляктар Польшадағы 1830–1831 және 1863–1864 жылдардағы Ресей империясына қарсы ұлт-азаттық көтерілістерге қатысушылар еді. Поляктардың қатарында ақын-жазушылар, суретшілер мен дәрігерлер, инженерлер және заңгерлер көп болды.  Адольф Янушкевич қазақ халқының тарихын қызыға зерттеді. Суретші Бронислав Залесский «Қырғыз (қазақ) даласының тыныс-тіршілігі» деген ғажайып сурет салды. Ақын Густав Зелинский қазақтар өмірінен «Қырғыз» («Қазақ») және «Дала» деген поэмалар жазды. Владимир Недзвецкий Жетісу мұражайының негізін қалады. Ал Семейге жер аударылған Северин Гросс «Қырғыздардың тұрмысын заң тұрғысынан зерттеуге арналған материалдар» деген тамаша кітап жазды.   Олар, негізінен, Орал, Семей, Ақмола және Сырдария облыстарында қоныстанған еді. Олардың басым көпшілігін жер аударылғандар мен олардың отбасы мүшелері құрады.

7. Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы ХІХ ғасырдың 70–80-жылдары патша үкіметі ұйғырлар мен дүнген

9 слайд
 7. Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы ХІХ ғасырдың 70–80-жылдары патша үкіметі ұйғырлар мен дүнгендерді Жетісу жеріне қоныс аударта бастады. Бұған дейін олар Қытайдың Іле өлкесінің аумағында тұрып келген еді. Ұйғырлар мен дүнгендер ХVІІІ және ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Қытай үкіметіне қарсы бірнеше рет көтеріліс жасады. Өздерінің ұлттық тәуелсіздігі жолында күресті. Алайда Қытай әскерлері көтерілістерді аяусыз басып жаныштады. 1881 жылы екі империя арасында Петербург бейбіт келісімшарты жасалды. Ұйғырлар мен дүнгендер бір жылдың ішінде Жетісу облысының аумағына қоныс аударды. 100 мыңға жуық ұйғыр мен дүнген жан сақтау үшін Қазақстан аумағына өтуге тілек білдірді. Дүнгендердің Қазақстан аумағына алғаш қоныс аударуы 1877 жылы басталды. Сол жылы Қытай жазалаушыларынан құтылу үшін қашқан дүнгендер Жетісу жеріне жетті. Екінші толқын 1884 жылы өтті.  Ал ұйғырлардың Жетісу жеріне қоныс аударуы 1881 жылы күзде басталып, 1884 жылға дейін жалғасты. Ұйғырлар мен дүнгендерді Қазақстан мен Орта Азияға қоныстандыру арқылы Ресей екі түрлі мақсат көздеді: біріншіден, Қытайдың Құлжа өңіріндегі экономикалық базасын әлсірету; екіншіден, саяси жағдай шиеленісіп кете қалған жағдайда оларды Қытайға қарсы әскери күш ретінде пайдалану болды.  

8. Қазақстанға басқа халықтардың жер аударылуы  Қазақстан аумағына ХІХ ғасырдың аяқ кезіне қарай жоғарыда көрсеті

10 слайд
8. Қазақстанға басқа халықтардың жер аударылуы  Қазақстан аумағына ХІХ ғасырдың аяқ кезіне қарай жоғарыда көрсетілген этностық топтардан басқа да халықтар ағылып келе бастады. Ресейдің еуропалық бөлігінен келген неғұрлым елеулі диаспора мордвалықтар болды. 1897 жылы Қазақстанда олардың саны 12 мыңға жуықтады. Олар, негізінен, Ақмола облысының Көкшетау және Петропавл уездерінде, Торғай облысының Қостанай уезінде тұрды. Уақыт өте келе бірқатар шағын ұлыстар орыс халқымен араласып, ассимиляцияланып кетті. Қазақстанның барлық қалаларында еврей ұлтының өкілдері де тұрды. Олар Ақмола және Сырдария облыстарында жинақы қоныстанды. Ресейдің еуропалық бөлігіндегі еврейлердің кәсіп түрлерін таңдауына шек қойылуы және еврейлерді қырып-жою оқиғалары ХХ ғасырға дейін олардың Қазақстан қалаларындағы санының едәуір арта түсуіне жеткізді.  

1-тапсырма. Қазақстан жеріне

11 слайд
1-тапсырма. Қазақстан жеріне

11 слайд

1-тапсырма. Қазақстан жеріне

Үй жұмысы «Бір шаңырақ астында» деген тақырыпта 200-250 сөзден тұратын эссе жазу. Кілт сөздер: толеранттылық, пол

12 слайд
Үй жұмысы «Бір шаңырақ астында» деген тақырыпта 200-250 сөзден тұратын эссе жазу. Кілт сөздер: толеранттылық, полиэтникалық құрам, конфессия, қоғам, мемлекет.