Қазақстан Республикасы көші-қон саясаты
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Қазақстан Республикасы көші-қон саясаты
Оқу мақсаты:
11.2.2.1 көші-қон саясатының ерекшеліктерін анықтау
үшін "көші-қон", "эмиграция", "иммиграция",
"репатриант", "диаспора", "ирридента" ұғымдарын
пайдалану;
11.2.2.2 Қазақстандық заңнаманың және мемлекеттік
бағдарламалардың негізінде көші-қон саясатының
негізгі бағыттары мен басымдықтарын түсіндіру
1 слайд
Қазақстан Республикасы көші-қон саясаты Оқу мақсаты: 11.2.2.1 көші-қон саясатының ерекшеліктерін анықтау үшін "көші-қон", "эмиграция", "иммиграция", "репатриант", "диаспора", "ирридента" ұғымдарын пайдалану; 11.2.2.2 Қазақстандық заңнаманың және мемлекеттік бағдарламалардың негізінде көші-қон саясатының негізгі бағыттары мен басымдықтарын түсіндіру
2 слайд
Тірек сөздер
Диаспора – өзiнiң тарихи шығу тегiнен тысқары елде тұрып жатқан
халықтың бiр бөлiгi (этникалық қауымдастық).
Ирредента – өз тарихи отанында тұрып жатқан, алайда ол аумақ
түрлі себептермен өзге ел құрамына еніп, сонда қалып қойған
этникалық топ.
Иммиграция – қоныстанушылық, келімсектік, бір мемлекет
азаматтарының екінші бір мемлекетке тұрақты немесе уақытша тұру
үшін көшіп келуі.
Репатриант – тарихи отанына қайтқан қандастар.
Эмиграция – өз еліндегі тұрғылықты мекенін бөтен елдегі
тұрғылықты жерге айырбастау.
2 слайд
Тірек сөздер Диаспора – өзiнiң тарихи шығу тегiнен тысқары елде тұрып жатқан халықтың бiр бөлiгi (этникалық қауымдастық). Ирредента – өз тарихи отанында тұрып жатқан, алайда ол аумақ түрлі себептермен өзге ел құрамына еніп, сонда қалып қойған этникалық топ. Иммиграция – қоныстанушылық, келімсектік, бір мемлекет азаматтарының екінші бір мемлекетке тұрақты немесе уақытша тұру үшін көшіп келуі. Репатриант – тарихи отанына қайтқан қандастар. Эмиграция – өз еліндегі тұрғылықты мекенін бөтен елдегі тұрғылықты жерге айырбастау.
3 слайд
Тұлғалар
Жандарбек Мәлібеков (1943) – Мемлекеттік Елтаңбаның авторы,
белгілі сәулетші.
Майра Мұхаммедқызы (1965) – қазақтың атақты опера әншісі
(сопрано, бельканто). Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген
артисі. Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Париждегі «Гранд Операда» Қазақстан атынан өнер көрсеткен тұңғыш
опера әншісі.
Мұстафа Өзтүрік (1954–1995) – таэквондо спортынан есімі әлемге
әйгілі шебер.
3 слайд
Тұлғалар Жандарбек Мәлібеков (1943) – Мемлекеттік Елтаңбаның авторы, белгілі сәулетші. Майра Мұхаммедқызы (1965) – қазақтың атақты опера әншісі (сопрано, бельканто). Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі. Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Париждегі «Гранд Операда» Қазақстан атынан өнер көрсеткен тұңғыш опера әншісі. Мұстафа Өзтүрік (1954–1995) – таэквондо спортынан есімі әлемге әйгілі шебер.
4 слайд
Тәуелсіз Қазақстандағы көші-қон
саясатының ерекшеліктері
Көші-қон мемлекет халқының санына, ұлттық құрамы мен
қоныстануына, табиғи қозғалыстың үдерістеріне әсер ететін маңызды
фактор.
Көші-қон еліміздегі ауыл мен қала тұрғындарының өзара үлес салмақ
өзгерістерінде, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде және
ұлттық қауіпсіздік жағынан маңызды рөл атқарады.
Кеңестік кезеңнің соңғы жылдарында республиканың ұлттық
құрамында қазақтардың үлес салмағы төмен болды.
Сондықтан Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін әлеуметтік-
экономикалық және саяси жағдайдың ерекшелігіне сәйкес көші-қон
саясатын жүргізуге белсенді кірісті.
4 слайд
Тәуелсіз Қазақстандағы көші-қон саясатының ерекшеліктері Көші-қон мемлекет халқының санына, ұлттық құрамы мен қоныстануына, табиғи қозғалыстың үдерістеріне әсер ететін маңызды фактор. Көші-қон еліміздегі ауыл мен қала тұрғындарының өзара үлес салмақ өзгерістерінде, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде және ұлттық қауіпсіздік жағынан маңызды рөл атқарады. Кеңестік кезеңнің соңғы жылдарында республиканың ұлттық құрамында қазақтардың үлес салмағы төмен болды. Сондықтан Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін әлеуметтік- экономикалық және саяси жағдайдың ерекшелігіне сәйкес көші-қон саясатын жүргізуге белсенді кірісті.
5 слайд
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жүргізілген
көші-қон саясаты
1992 жылы маусымда отандастарымыздың тәуелсіз
елімізге көшуінің құқықтық негіздері реттелген «Көшіп
келу туралы» Заң қабылданды.
1997 жылы қабылданған «Халықтың көші-қоны
туралы» заңында көші-қон ағынын реттеу жүйесін
жетілдіру, этникалық қазақтарды тарихи отанына
қабылдау тәртібі мен азаматтық алу мүмкіндіктері
нақтыланды.
5 слайд
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жүргізілген көші-қон саясаты 1992 жылы маусымда отандастарымыздың тәуелсіз елімізге көшуінің құқықтық негіздері реттелген «Көшіп келу туралы» Заң қабылданды. 1997 жылы қабылданған «Халықтың көші-қоны туралы» заңында көші-қон ағынын реттеу жүйесін жетілдіру, этникалық қазақтарды тарихи отанына қабылдау тәртібі мен азаматтық алу мүмкіндіктері нақтыланды.
6 слайд
2017 жылы «Қазақстан Республикасының 2017–2021
жылдарға арналған миграциялық саясаты»
тұжырымдамасы қабылданды.
Шетелдерде тұратын қандастарымыздың тарихи отанына оралуына
кеңінен жол ашты. Көші-қон саясатының негізгі бағыттары
айқындалды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша әркімнің
республикадан тыс жерлерге кетуіне және кедергісіз қайтып
оралуына құқығы бар.
Тұжырымдаманың басты қағидалары бойынша адамның негізгі
құқықтары мен бостандықтарын сақтау; нәсілі, тілі, діні, этникалық
және әлеуметтік шығу тегі, көзқарасы, саяси сенімі сияқты белгілері
бойынша кемсітушілікке жол бермеу басымдықтары айқындалған.
6 слайд
2017 жылы «Қазақстан Республикасының 2017–2021 жылдарға арналған миграциялық саясаты» тұжырымдамасы қабылданды. Шетелдерде тұратын қандастарымыздың тарихи отанына оралуына кеңінен жол ашты. Көші-қон саясатының негізгі бағыттары айқындалды. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша әркімнің республикадан тыс жерлерге кетуіне және кедергісіз қайтып оралуына құқығы бар. Тұжырымдаманың басты қағидалары бойынша адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын сақтау; нәсілі, тілі, діні, этникалық және әлеуметтік шығу тегі, көзқарасы, саяси сенімі сияқты белгілері бойынша кемсітушілікке жол бермеу басымдықтары айқындалған.
7 слайд
7 слайд
8 слайд
Көші-қон үрдістерінің І кезеңі
І кезең /1991-2003 жылдар/
Ерекшелігі:
Елімізден еуропалық этнос өкілдері өз тарихи Отандарына
көше бастады.
Бұл жағдай республика тұрғындары санының кемуіне,
еңбекке жарамды білікті кадрлар қатарының сиреуіне әкелді.
Жұмыссыздық өсіп, отбасыларда ажырасулар көбейді.
Қылмыстар саны артты.
Халықтың табиғи өсуі, бала туу көрсеткіші төмендеді.
8 слайд
Көші-қон үрдістерінің І кезеңі І кезең /1991-2003 жылдар/ Ерекшелігі: Елімізден еуропалық этнос өкілдері өз тарихи Отандарына көше бастады. Бұл жағдай республика тұрғындары санының кемуіне, еңбекке жарамды білікті кадрлар қатарының сиреуіне әкелді. Жұмыссыздық өсіп, отбасыларда ажырасулар көбейді. Қылмыстар саны артты. Халықтың табиғи өсуі, бала туу көрсеткіші төмендеді.
9 слайд
Республика халқының санының кему
көрсеткіші
Осы жылдары республика халқының саны 16 793,1 мыңнан 14 886,8 мыңға
кеміді.
1994 жылы елден 811,3 мың адам көшіп кетті.
1991–2008 жылдары республикада жалпы 3,5 млн адам көші-қон қозғалысына
түсті.
Басым көпшілігі Ресейге – 1 550 мың, Украинаға – 52,6 мың, Белоруссияға – 39,7
мың адам көшіп кетті.
Қазақстаннан тұрғындардың көшу үрдістерінің негізгі себебі ретінде 90-
жылдардың ортасында орын алған экономикадағы дағдарысты, сонымен қатар
азаматтардың атамекенімен қайта қауышу мақсатын айтуға болады.
9 слайд
Республика халқының санының кему көрсеткіші Осы жылдары республика халқының саны 16 793,1 мыңнан 14 886,8 мыңға кеміді. 1994 жылы елден 811,3 мың адам көшіп кетті. 1991–2008 жылдары республикада жалпы 3,5 млн адам көші-қон қозғалысына түсті. Басым көпшілігі Ресейге – 1 550 мың, Украинаға – 52,6 мың, Белоруссияға – 39,7 мың адам көшіп кетті. Қазақстаннан тұрғындардың көшу үрдістерінің негізгі себебі ретінде 90- жылдардың ортасында орын алған экономикадағы дағдарысты, сонымен қатар азаматтардың атамекенімен қайта қауышу мақсатын айтуға болады.
10 слайд
Көші-қон үрдістерінің ІІ кезеңі
ІІ кезең 2004-2024 жж
2004 жылдан бастап көші-қон ағысының қарқыны төмендеп, халық
саны өсе бастады.
Өсудің негізгі көзі табиғи өсім болды.
2004–2009 жылдары республика халқының саны 826,9 мың адамға
көбейді.
2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының саны 19 миллионға
жетті.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2023 жылы 14
қарашада Қазақстанның халық саны 20 миллион адамға жетті.
10 слайд
Көші-қон үрдістерінің ІІ кезеңі ІІ кезең 2004-2024 жж 2004 жылдан бастап көші-қон ағысының қарқыны төмендеп, халық саны өсе бастады. Өсудің негізгі көзі табиғи өсім болды. 2004–2009 жылдары республика халқының саны 826,9 мың адамға көбейді. 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының саны 19 миллионға жетті. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2023 жылы 14 қарашада Қазақстанның халық саны 20 миллион адамға жетті.
11 слайд
Ішкі көші-қон ерекшеліктері
Ішкі көші-қонның негізгі бөлігі - ауылдық
жерлерден ірі қалаларға көшу.
Еңбек мигранттарының едәуір бөлігін қазақ жастары
құрады.
1994 жылдан 1998 жылға дейін ауылдық округтер
саны 2522-ден 2042-ге қысқарды.
Ұжымшарлар мен кеңшарлар таратылды, ауыл
инфрақұрылымы өзгеріске ұшырады.
Жұмыссыздық күшейе түсті.
11 слайд
Ішкі көші-қон ерекшеліктері Ішкі көші-қонның негізгі бөлігі - ауылдық жерлерден ірі қалаларға көшу. Еңбек мигранттарының едәуір бөлігін қазақ жастары құрады. 1994 жылдан 1998 жылға дейін ауылдық округтер саны 2522-ден 2042-ге қысқарды. Ұжымшарлар мен кеңшарлар таратылды, ауыл инфрақұрылымы өзгеріске ұшырады. Жұмыссыздық күшейе түсті.
12 слайд
Экономикалық дағдарыстың ішкі көші-қонға
әсері
Экономикалық дағдарыс нәтижесінде зауыт,
фабрикалар тоқтап қалды.
1989–1999 жылдары шағын қалаларда тұрғындардың
саны азая бастады.
Мысалы, Лениногорск – 13,7 мың, Зыряновск – 18,4
мың, Арқалық – 20,3 мың, Шахтинск – 41,8 мың
адамға қысқарды.
12 слайд
Экономикалық дағдарыстың ішкі көші-қонға әсері Экономикалық дағдарыс нәтижесінде зауыт, фабрикалар тоқтап қалды. 1989–1999 жылдары шағын қалаларда тұрғындардың саны азая бастады. Мысалы, Лениногорск – 13,7 мың, Зыряновск – 18,4 мың, Арқалық – 20,3 мың, Шахтинск – 41,8 мың адамға қысқарды.
13 слайд
2008 жылғы «Нұрлы көш» мемлекеттік
бағдарламасы
«Нұрлы көш» бағдарламасының негізгі мақсаты –
шетелдердегі қандастарымызды және еліміздің оңтүстік өңірінен
солтүстік өңіріне қазақтарды ұтымды қоныстандыру.
«Нұрлы көш» бағдарламасы аясында мемлекет ел тұрғындарын
халқы тығыз, еңбек күші мол оңтүстік облыстардан
республикамыздың солтүстік өңірлеріне көшіру саясатын қолға
алды.
Отанына оралған қандастарды да солтүстік аймаққа орналастыру
шарасы жүргізілді.
13 слайд
2008 жылғы «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасы «Нұрлы көш» бағдарламасының негізгі мақсаты – шетелдердегі қандастарымызды және еліміздің оңтүстік өңірінен солтүстік өңіріне қазақтарды ұтымды қоныстандыру. «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында мемлекет ел тұрғындарын халқы тығыз, еңбек күші мол оңтүстік облыстардан республикамыздың солтүстік өңірлеріне көшіру саясатын қолға алды. Отанына оралған қандастарды да солтүстік аймаққа орналастыру шарасы жүргізілді.
14 слайд
2014 жылы қабылданған
«Серпін» бағдарламасы
«Серпін» бағдарламасының негізгі мақсаты - бала туу
деңгейі төмен және жұмыс күшінің тапшылығы бар
өңірлердегі кадр мәселесін шешу.
Осы жоба бойынша мамандар даярланып, еңбек
ресурстары мол аймақтардағы жастарды сұранысқа ие
мамандықтар бойынша батыс және солтүстік
аймақтарға оқуға тартады.
14 слайд
2014 жылы қабылданған «Серпін» бағдарламасы «Серпін» бағдарламасының негізгі мақсаты - бала туу деңгейі төмен және жұмыс күшінің тапшылығы бар өңірлердегі кадр мәселесін шешу. Осы жоба бойынша мамандар даярланып, еңбек ресурстары мол аймақтардағы жастарды сұранысқа ие мамандықтар бойынша батыс және солтүстік аймақтарға оқуға тартады.
15 слайд
Шетелдердегі қазақтардың туған Отанына
қайта оралуы
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы мәліметтері бойынша
ХХ ғасырдың 90-жылдары қазақтар әлемнің 40 елінде тұрды.
Олардың ішінде 3 млн 137 мың қазақ – жақын шетелдерде, 2
млн 529 мың қазақ – алыс шетелдерде мекендеген.
Қазақтар көп тұратын елдер: Қытайда – 2 млн 260 мың адам,
Өзбекстанда – 1 млн 750 мың адам, Ресейде – 1 млн 100 мың адам,
Моңғолияда – 150 мың адам, Түркіменстанда – 150 мың адам,
Қырғызстанда – 95 мың адам, Ауғанстанда – 30 мың адам,
Түркияда – 15 мың адам шоғырланған.
15 слайд
Шетелдердегі қазақтардың туған Отанына қайта оралуы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы мәліметтері бойынша ХХ ғасырдың 90-жылдары қазақтар әлемнің 40 елінде тұрды. Олардың ішінде 3 млн 137 мың қазақ – жақын шетелдерде, 2 млн 529 мың қазақ – алыс шетелдерде мекендеген. Қазақтар көп тұратын елдер: Қытайда – 2 млн 260 мың адам, Өзбекстанда – 1 млн 750 мың адам, Ресейде – 1 млн 100 мың адам, Моңғолияда – 150 мың адам, Түркіменстанда – 150 мың адам, Қырғызстанда – 95 мың адам, Ауғанстанда – 30 мың адам, Түркияда – 15 мың адам шоғырланған.
16 слайд
16 слайд
17 слайд
Тәуелсіздіктен кейін елге оралған
Отандастар
Тәуелсіздік жылдары республикаға 1,5 млн-ға жуық қазақ қайтып оралды.
Ең үлкен бөлігі Өзбекстаннан, Моңғолия мен Қытайдан келді.
1991 жылы ақпан айында республикаға Моңғолиядан еңбек квотасы бойынша 97
қазақ көшіп келді.
Олар бұрынғы Талдықорған облысына орналасты.
1991 жылдың тамыз айында 1492 отбасы Семей, Қарағанды, Павлодар, Қостанай
облыстарында мекен етті.
Жалпы 1991–1993 жылдары Қазақстанға Моңғолиядан 60 мыңға жуық адам көшіп
келді.
1993 жылы қазақтардың елге оралуы үшін арнайы квота бекітілді.
Мысалы, 2009 жылы көшіп келу квотасында – 20 мың отбасы қарастырылды.
17 слайд
Тәуелсіздіктен кейін елге оралған Отандастар Тәуелсіздік жылдары республикаға 1,5 млн-ға жуық қазақ қайтып оралды. Ең үлкен бөлігі Өзбекстаннан, Моңғолия мен Қытайдан келді. 1991 жылы ақпан айында республикаға Моңғолиядан еңбек квотасы бойынша 97 қазақ көшіп келді. Олар бұрынғы Талдықорған облысына орналасты. 1991 жылдың тамыз айында 1492 отбасы Семей, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстарында мекен етті. Жалпы 1991–1993 жылдары Қазақстанға Моңғолиядан 60 мыңға жуық адам көшіп келді. 1993 жылы қазақтардың елге оралуы үшін арнайы квота бекітілді. Мысалы, 2009 жылы көшіп келу квотасында – 20 мың отбасы қарастырылды.
18 слайд
Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы
1991 жылы республикада жергілікті ұлт өкілдерінің үлес
салмағы 40%-ды құрады.
Қазақ халқының азшылыққа айналуына қуғын-сүргін,
күштеп қоныс аударту, депортация, өлкедегі
ашаршылық секілді оқиғалар әсер еткен.
Сарапшылардың пікірінше, кез келген елдің ішкі
этносаралық тұрақтылығын сақтау үшін жергілікті ұлт
өкілдерінің үлес салмағы 75–80% болуы керек.
18 слайд
Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы 1991 жылы республикада жергілікті ұлт өкілдерінің үлес салмағы 40%-ды құрады. Қазақ халқының азшылыққа айналуына қуғын-сүргін, күштеп қоныс аударту, депортация, өлкедегі ашаршылық секілді оқиғалар әсер еткен. Сарапшылардың пікірінше, кез келген елдің ішкі этносаралық тұрақтылығын сақтау үшін жергілікті ұлт өкілдерінің үлес салмағы 75–80% болуы керек.
19 слайд
Шетелдердегі қандастарымыздың өз
Отанына оралуы
Біріншіден, отандастарымыздың тарихи отанына көшіп келуі
демографиялық үдерістерді шешудің тиімді жолдарының бірі
саналады.
Екіншіден, Қазақстандағы жұмыс күшінің жетіспеушілігін жоюға
жәрдемдеседі.
Үшіншіден, шетелдердегі қазақтардың туған Отанына қайта оралуы
қазақ тілі мәртебесін көтереді.
Төртіншіден, белсенді көші-қон ағымы арқылы тарихи әділдікті
орнатуға мүмкіндік аламыз.
Бесіншіден, экономикалық, мәдени, спорт табыстарына қол
жеткіземіз.
19 слайд
Шетелдердегі қандастарымыздың өз Отанына оралуы Біріншіден, отандастарымыздың тарихи отанына көшіп келуі демографиялық үдерістерді шешудің тиімді жолдарының бірі саналады. Екіншіден, Қазақстандағы жұмыс күшінің жетіспеушілігін жоюға жәрдемдеседі. Үшіншіден, шетелдердегі қазақтардың туған Отанына қайта оралуы қазақ тілі мәртебесін көтереді. Төртіншіден, белсенді көші-қон ағымы арқылы тарихи әділдікті орнатуға мүмкіндік аламыз. Бесіншіден, экономикалық, мәдени, спорт табыстарына қол жеткіземіз.
20 слайд
Жандарбек Мәлібеков
Өзбекстаннан елге
оралғандардың бірі –
сәулетші, Қазақстан
Республикасы
Мемлекеттік
Елтаңбасының авторы
Жандарбек Мәлібеков.
20 слайд
Жандарбек Мәлібеков Өзбекстаннан елге оралғандардың бірі – сәулетші, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков.
21 слайд
Халифа Алтай
1917–2003 жылдары өмір сүрген қазақ дін
және қоғам қайраткері, ғалым, жазушы,
аудармашы, тарихшы, түркітанушы,
антрополог.
Орта жүз Абақ Керей ішінде Жәнтекей
руынан шыққан, ауыл молдасынан сауат
ашқан.
Түркиялық Халифа Алтай – Құранды араб
тілінен қазақ тіліне алғаш рет аударды.
21 слайд
Халифа Алтай 1917–2003 жылдары өмір сүрген қазақ дін және қоғам қайраткері, ғалым, жазушы, аудармашы, тарихшы, түркітанушы, антрополог. Орта жүз Абақ Керей ішінде Жәнтекей руынан шыққан, ауыл молдасынан сауат ашқан. Түркиялық Халифа Алтай – Құранды араб тілінен қазақ тіліне алғаш рет аударды.
22 слайд
Мұстафа Өзтүрік
Мұстафа Кәбенұлы
Әбдірахман (1954 ж Кайсери
қаласы, Түркия, – 15.3.1995,
Алматы) – белгілі спортшы,
таэквондодан қара белбеу иегері.
ҚР таеквондо (WTF)
федерациясының негізін
қалаушы, халықаралық
дәрежедегі жаттықтырушы.
22 слайд
Мұстафа Өзтүрік Мұстафа Кәбенұлы Әбдірахман (1954 ж Кайсери қаласы, Түркия, – 15.3.1995, Алматы) – белгілі спортшы, таэквондодан қара белбеу иегері. ҚР таеквондо (WTF) федерациясының негізін қалаушы, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы.
23 слайд
Қаржаубай Сартқожаұлы
Қаржаубай
Сартқожаұлы (1947-2024 жж)
— түрколог, ғалым, филолог.
Түркітану және алтайтану
ғылыми-зерттеу орталығының
директоры.
Көне түркі жазбаларын еркін
оқитын санаулы
зерттеушілердің бірі.
23 слайд
Қаржаубай Сартқожаұлы Қаржаубай Сартқожаұлы (1947-2024 жж) — түрколог, ғалым, филолог. Түркітану және алтайтану ғылыми-зерттеу орталығының директоры. Көне түркі жазбаларын еркін оқитын санаулы зерттеушілердің бірі.
24 слайд
Нәбижан Мұхаммедханұлы
Нәбижан
Мұқаметханұлы (1954) –
ғалым, қытайтанушы, тарих
ғылым докторы (2001).
«Мәдени мұра» мемлекеттік
бағдарламасы аясында қытай
жазба деректерінен ежелгі,
орта ғасырлар және жаңа
заман тарихына қатысты
құнды мәліметтерді қазақ
тіліне аударды.
24 слайд
Нәбижан Мұхаммедханұлы Нәбижан Мұқаметханұлы (1954) – ғалым, қытайтанушы, тарих ғылым докторы (2001). «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында қытай жазба деректерінен ежелгі, орта ғасырлар және жаңа заман тарихына қатысты құнды мәліметтерді қазақ тіліне аударды.
25 слайд
Майра Мұхаммедқызы
Майра Мұхамедқызы 1965
жылдың 5 қыркүйек күні Қытайдың
Құлжа қаласында дүниеге келді.
Қазақтың ең атақты опера әншiсi
(сопрано),
Қазақстан Республикасының еңбек
сіңірген әртісі, Мемлекеттік
сыйлықтың лауреаты.
Париждегі "Гранд Операда"
Қазақстанның атынан өнер
көрсеткен тұңғыш әрі әзірге жалғыз
опера әншісі.
25 слайд
Майра Мұхаммедқызы Майра Мұхамедқызы 1965 жылдың 5 қыркүйек күні Қытайдың Құлжа қаласында дүниеге келді. Қазақтың ең атақты опера әншiсi (сопрано), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Париждегі "Гранд Операда" Қазақстанның атынан өнер көрсеткен тұңғыш әрі әзірге жалғыз опера әншісі.
26 слайд
Өзбекстаннан көшіп
келген Бақыт
Сәрсекбаев бокстан
2008 жылы Пекин
олимпиадасында
жеңімпаз жалғыз
қазақ болды.
26 слайд
Өзбекстаннан көшіп келген Бақыт Сәрсекбаев бокстан 2008 жылы Пекин олимпиадасында жеңімпаз жалғыз қазақ болды.
27 слайд
Туған жермен қауышу
27 слайд
Туған жермен қауышу
28 слайд
Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы
Қазақтардың Дүниежүзілік
құрылтайы — Дүниежүзі
қазақтарының қауымдастығының ең
жоғарғы органы.
Дүние Жүзі Қазақтарының
Құрылтайы - Алматы қаласында 1992
жылы 28 қыркүйек пен 4 қазан
аралығында дүние жүзі қазақтары
өкілдерінің қатысуымен
өткен құрылтай.
33 елден 800-ден астам адам
қатысты.
28 слайд
Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы — Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының ең жоғарғы органы. Дүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайы - Алматы қаласында 1992 жылы 28 қыркүйек пен 4 қазан аралығында дүние жүзі қазақтары өкілдерінің қатысуымен өткен құрылтай. 33 елден 800-ден астам адам қатысты.
29 слайд
1-тапсырма.
Қосымша материалдарды пайдаланып, Қазақстан
Республикасы көші-қон саясатының мақсатын
анықтаңыз!
2-тапсырма.
Берілген сызба бойынша әңгіме құрастырыңыз!
3-тапсырма.
Қазақстаннан басқа елдердің (Ресей Федерациясы,
ГФР, Израиль т.б.) көші-қон саясатына талдау
жасаңыз!
29 слайд
1-тапсырма. Қосымша материалдарды пайдаланып, Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының мақсатын анықтаңыз! 2-тапсырма. Берілген сызба бойынша әңгіме құрастырыңыз! 3-тапсырма. Қазақстаннан басқа елдердің (Ресей Федерациясы, ГФР, Израиль т.б.) көші-қон саясатына талдау жасаңыз!
30 слайд
Үй жұмысы
Тақырыпты оқып, мазмұндау.
Тақырып бойынша 15 тест құрастыру.
30 слайд
Үй жұмысы Тақырыпты оқып, мазмұндау. Тақырып бойынша 15 тест құрастыру.