Материалдар / "Қызықты математика" дидактикалық құрал
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қызықты математика" дидактикалық құрал

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл "Қызықты математика" атты дидактикалық құралды бастауыш сынып мұғалімдері математика сабағында, факультативтік сабақтарда қолдануға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
549
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі
• “ҚЫЗЫҚТЫ МАТЕМАТИКА” Дидактикалық құрал Шаймерденова Салтанат Макимовна Шідерті орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

1 слайд

Ұсынылып отырған «Қызықты математика» бастауыш сынып оқушыларының математикадан бағдарламалық мазмұнын тереңдетіп меңгертуді

2 слайд
Ұсынылып отырған «Қызықты математика» бастауыш сынып оқушыларының математикадан бағдарламалық мазмұнын тереңдетіп меңгертуді көздейді. Білімнің беріктігін қамтамасыз ету үшін, баланың шығармашылық қабілетін дамыта түсу үшін, оқушының дарындылығын тану үшін математика пәнінен логикалық тапсырмаларға баса назар аударылды. Берілген тапсырмаларды орындауда оқушылар өз беттерімен ізденеді, оқушының ой өрісін кеңейтіп есте сақтауын дамытады, байқағыштығын қалыптастырады, эвристикалық қабілеті шыңдалады. Оқушының өзіндік пікір айтып оны қорғай білуіне мүмкіндік жасалады. Теориялық білімдерін кеңейтіп, оны практикада қолданылуына ықпал етеді. Логиканың дамуы өздігінен ізденіп жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Логикалық тапсырмалар оқушының интеллектуалдық деңгейін көтереді. «Логикалық тапсырмалар» оқушының жас ерекшелігін ескере отырып құрастырылды.

«Қызықты математика» Түсініктеме Математика пәнінің негізі оқу материялдарын басшылыққа ала отырып жасалған бұл бағдарлама о

3 слайд
«Қызықты математика» Түсініктеме Математика пәнінің негізі оқу материялдарын басшылыққа ала отырып жасалған бұл бағдарлама оқушылардың математикадан алған білім -білік дағдыларын танымдық қабілеттерін және пәнге қызығушылықтарын арттырады. Балалардың танымдық қабілеттерін дамытып, пәнге қызығушылықтарын арттырудың негізгі бір жолы дидактикалық материалдармен қызықты тапсырмаларды ұсынады. Математикадан бастауыш сыныпта өтілген бірақ қиын шығарылатын есептер мен тапқырлықты талап ететін логикалық есептер астарласып келеді. Математикалық ребустар, логикалық есептер, қызықты шаршы құрастыру, сөзжұмбақтар шешу баланың ойын ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді. Осы мақсатпен құрастырған бағдарлама математикалық ребустарды, сөзжұмбақтарды, санамақтарды құрастыру, шешу, қызықты әзіл есептерді, логикалық ойды жетілдіруге арналған есептерді шығару, баланың ой-ақылын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытатын крістіріп жасалған. Мынандай бөлімдерді қамтиды: 1.Математикалық жұмбақ, әзіл есептер 2. Математикалық ребустар, ойды жетілдіруге арналған есептермен қызықты шаршы құрастыру. 3. Геометриялық фигуралар. Мақсаты: •Оқушыларға математикалық білім-білікдағдыларын игерту. •Математика курсының мазмұны арқылы танымдық іс-әрекет пен өздігінен білім алуға бейімдеу. •Ұлттық болмысты дүниежүзілік мәдени мұралар мен үндестіру арқылы баланы тұлға ретінде қалыптастыру. •Математикалық білімді өмірде қолдануға жан-жақты дайындықты жүзеге асыру. Міндеті: •Оқушыларды тұлға ретінде қалытастыру. Ақыл-ойын, интелектуалдық және ерік пен сезім белсенділігін дамыту. •Қоршаған болмысты танып-білуге көмектесетін ғылым болып табылатыны туралы түсіндіру. •Оқушылардың өмір тіршілігіне қажетті білім-білікті қалыптастыру.

Математикалық ертегілер Сандар және цифрлар Әлемде үлкен бір ел болыпты. Бұл елдің тұрғындары сандар екен. Олармен қатар бұл е

4 слайд
Математикалық ертегілер Сандар және цифрлар Әлемде үлкен бір ел болыпты. Бұл елдің тұрғындары сандар екен. Олармен қатар бұл елде цифрлар да өмір сүріпті. Сандардың көптігі соншама, санасаң сан жетпейді екен. Ал цифрлар бар болғаны он: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,0. Сандар мен цифрлар тату тәтті өмір сүріп жатады. Мысалы, біореу «он бес» десе, 15 саны жетіп кледі, егер оны жазу керек болса 1 және 5 цифры қатар тұра қалып, 15 санды жаза қояды екен. Күндер өтіп жатады. Не болғаны белісіз бір күні сандар цифрларға келіп: •Біз көппіз, ал сендер бар болғаны онсыңдар. Сондықтан біз сендерден мықтымыз, - дейді. Цифрлар сандарға ренжіп қалады. Сонда 0 цифры басқа цифрларға: - Мақтаншақтары жоқ басқа елге кетейік. Сандар өздері қалсын. Көрейік не істейтіндерін? – дейді. Күндердің күнінде сандар өздеріне жаңа үйлер салады. Енді әркім өз үйінің есігіне нөмір жазайын десе, жаза алмайды. Сандар өз аттарын айтып қанша айқайласа да, ештеңе шықпайды. Өйткені олардың қасында цифрлар жоқ қой. Сонда ғана сандар өз қателіктерін түсінеді. Сандар қаншама көп болса да, цифрларсыз өмір сүре алмайды кен. Сандар енді цифрларды іздеп шығады. Ақырында оларды тауып алып, кешірім сұрап елдеріне цифрларды қайта алып келеді. Содан бері сандар мен цифрлар тату – тәтті, достықта өмір сүріп жатыр екен.

Нүктелер достығы Ерте-ерте ертеде Геометрия деген елде кішкентай нүкте өмір сүріпті. Бұл өзі өте әдемі қызыл нүкте еді. (мұғал

5 слайд
Нүктелер достығы Ерте-ерте ертеде Геометрия деген елде кішкентай нүкте өмір сүріпті. Бұл өзі өте әдемі қызыл нүкте еді. (мұғалім тақтада түрлі-түсті бормен, ал оқушылар дәптерде қызыл қарындашпе нүкте қояды.) Бір күні нүкте отырып ойланады: •Шіркін, менің көп досым болса қой! Қой, мен серуенге шығып өзіме дос іздеп келейін. •Қызыл нұкте қақпаның сыртына енді ғана шығып кле жатса, оған қарсы бір жасыл нүкте келе жатыр. Жасыл нүкте қызыл нүктеге келіп, оның қайда бара жатқанын сұрайды. •Дос іздеп шықтым. Менің қасыма қатар тұр, бірге серуендеп келейік, - деді қызыл нүкте. (Мұғалім мен оқушылар бірінші нүктенің қасына екінші нүкте қояды.) Біраз уақыттан кейін қызыл нүкте мен жасыл нүктенің алдынан көк түсті нүкте шықты. Осылайша нүктелер саны күннен кенге көбейіп, дос болып кетеді. Көбейгендері сонша олар бір қатарға тұра қалып еді, түзу шыға келді. (Мұғалім түзу сызады.) Осылайша түзу сызық пайда болады. Нүктелер түзу келе жатса, түзу сызық шығады да, ал олар түу жүрмесе, қисық сызық шығады. Ертегіні тыңдай отырып оқушылар түзу сызық пен қисық сызықты сызып үйренеді. Мұғалім түзудің нүктлерден тұратынын, түзудің кез келген жерінен нүктелер белгілеуге болатынын түсіндіреді.

Қарындаштың бастан кешкендері Ертеде бір Қарындаштүзудің бойымен ұзқ жүріп, әбден шаршады. Тоқтап дем алды да, өзіне-өзі: «Әлі

6 слайд
Қарындаштың бастан кешкендері Ертеде бір Қарындаштүзудің бойымен ұзқ жүріп, әбден шаршады. Тоқтап дем алды да, өзіне-өзі: «Әлі қанша жүрер өмір сүріпті. Бір күні қарындаш түзу сызықтың бойымен кле жатады. Ол екенмін? Мына түзудің щегіне жетемін бе, жоқ па?» - деді. Мұны естіп тұрған түзу күліп жіберді де: •Әй, Қарындаш – ай! Сен менің шегіме ешқашан жетпейсің ғой. Сен түзудің шегі болмайтынын білмеуші ме едің? – деді. •Қой, онда мен қайта кері қарай қайтайын, адасып кетіп жүрермін, -деді Қарындаш. •Ол жақтың да шегі жоқ. Сызықтың шегі болмайды, - деді Түзу. Түзу тіпті әндетіп жіберді: Шетсіз, шексіз түзу сыз Шетсіз, шексіз түзу сыз, - деп. Мұны естіген Қарындаш мұңайып қалды. •Сонда мен тоқтаусыз жүр бермекпін бе? •Егер тоқтағың келсе, түзудің бойынан екі нүкте белгіле, - деді Түзу. ( Балалар мұғаліммен бірге түзудің бойынан екі нүкте белгілейді. ) •Алақай, - деп қуанып кетті Қарындаш. – Енді мен түзудің бойымен бір нүктеден екінші нүктеге қыдырып жүр аламын. Тоқта, сонда бұл қалай аталады? •Бұл менің кесіндім, - деп жауап берді Түзу жымиып. (балалар түрлі түсті қарындашпен кесіндіні белгілейді.) •Түзудің кесіндісі, түзудің кесіндіс деп қайталай отырып, Қарындаш кесіндінің бір шетінен екінші шетіне серуендеп жүрді. Міне, осылай кесінді пайда болған екен.

Цифрлар айтысы Бір күні цифрлар нөлмен ұрсысып қалады да, оны мазақтайды: •Сен біз сияқты цифр болсаң да, түкке тұрмайсың! Мыс

7 слайд
Цифрлар айтысы Бір күні цифрлар нөлмен ұрсысып қалады да, оны мазақтайды: •Сен біз сияқты цифр болсаң да, түкке тұрмайсың! Мысалы, оқушы 2 цифрын алса, 2 текше алып қоя алады, ал сені алса ештңе қоя алмайды. •Иә, иә, ештеңе де, ештеңе де, - деді бес. •Ештеңе, ештеңе, - деп басқа цифрлар шулап кетті. •Сендер түк түсінбейтін ақымақ екенсіңдер. Міне бір. Мен оның оң жағына қатар тұра қалсам бір қандай санға айналады? Жауап беріңдерші, - деді нөл сандарға. Нөл бірдің оң жағына тұра қалып еді, бір 10 саны болып шыға келді. • Егер сенің оң жағына тұра қалсам, сен қандай санға айналасың? – деді нөл беске. Нөл бестің оң жағына қатар тұра қалып еді, 50 санына айналып кетті. Сөйтіп, өл барлық цифрлардың оң жағына қатар тұра қалып, цифрлардан олардың қандай сандарға айналғанын сұрап шықты. •Мен сендердің барлығыңды үлкейтемін, ал сендер маған түкке тұрмайсың дейсіңдер. Қане, жақсылап ойланыңдаршы, менің сендер үшін маңызым қандай? Тіпті сендер жоқ жерде де мен сендерді жоқтатпаймын. Сендер мынадай мысалдардың жауабын менсіз жаза аласыңдар ма: 5- 5= ..., 7-7= ...., 9-9 = .... •Қане, ойланыңдаршы. Сендердің ешқайсыларыңды мұнда қоюға келмейді. Цифрлар қатты ойланып қалады. Осыдан былай олар нөлді мазақтамайтын болды. Бірақ енді нөлден басқа цифрлар өзара дауласа бастады. •Мен барлығыңнан да үлкенмін, мен қайдағы бір кіп – кішкентай бір емеспін қой, - деп мақтанып тоғыз шықты. Бір ішегі қатқанша күліп алды да, секіріп келіп, тоғыздың сол жағына тұра қалды. •Ал, қанеки, енлді кім үлкен, сен бе, әлде мен бе? Жауап берші! – деді Бір. ( 19 саны шықты.) Бір айтты: •Мен енді ондықпын, ал сен бар болғаны тоғызсың. Он тоғыздан үлкен емес пе? •Осы кезде 7 жүгіріп келіп, бірді қуып жібереді де, тоғыздың сол жағына тұра қалып еді, 79 саны шықты. • Мен 7 ондықпын, жетпіспін, түсінесің бе? – деді жеті тоғызға. Осылайша барлық цифрлар кезек келіп тоғыздың сол жағына тұрып көріп еді, бәрі 9- дан үлкен болып шыға келді. Тоғыз таң қалып, өзінің ойланбай мақтанғанына ұялып қалды. Цифрлар осыдан кейні өдж қателерін түсініп, айтысқандарын қойды. Цифрлардың таласы дұрыс па? Қандай қорытынды жасауға болады? Қорытынды: Тоғыз басқа цифрлардан бөлк тұрса ған ұлкен, ал егер олар бір-бірімен қатар тұрса жағдай өзгеріп кетеді. Ең бастысы – санның жазылуындағы цифрлардың орны. (Қорытыдыны цифрлардың өздері жасаған дұрыс.) Ескерту: Бұл ертегіні көрініс түрінде көрсетуге болады. Тоғыз оқушы цифрларды бейнелесе, мұғалім автордың сөзін оқиды.

Бәрін бірге ойлап қой Түйе, бота маң басқан, Төрт аяғын тең басқан. Шұнақ құлақ бес ешкі, Қос лақты қос ешкі. Төрт қозылы екі қо

8 слайд
Бәрін бірге ойлап қой Түйе, бота маң басқан, Төрт аяғын тең басқан. Шұнақ құлақ бес ешкі, Қос лақты қос ешкі. Төрт қозылы екі қой, Бәрін бірге ойлап қой. Жапырақ Тал басында тізіліп, 50 жапырақ тұр еді. Жел соқты да үзіліп Түсті оның 20 –сы, Ізінше оның үзіліп Түсті тағы бесеуі. Тұр әлі ілініп, Жапырақтың нешеуі? Балапан Алдында үш балапан Артында үш балапан Ақ тауық пен балапан Айтшы санын балақан?

Ара Алшаға кеп, күнара Қонушы еді бір ара, Бүгін тоғыз туысын Ертіп келді бұл ара. Сонда бүгін алшаға Келіп қонды неше ара? Қар

9 слайд
Ара Алшаға кеп, күнара Қонушы еді бір ара, Бүгін тоғыз туысын Ертіп келді бұл ара. Сонда бүгін алшаға Келіп қонды неше ара? Қарлығаш Біреуден қонса қарлығаш, Жетпейді бір қарағай. Жұппен қонса қарлығаш, Артылар бір қарағай. Қарлығаш пен қарағай, Қанша, айтшы балақай? Торғай нешеу? Талдан ұшты топ торғай, Емес бірақ көп торғай. Алдында оның бастаушы, Артында төртеу қостаушы. Және тағы қарасақ, Қайта олны сансақ. Соңында біреу қап келеді, Алдында төртеу топ келеді. Үшеуі қатар жарысқан, Тізіліп үшеу қалыспан. Ойың жүйрік болса егер, Торғай нешеу, есепкер?

Бәрі нешеу? Бір-бірімен жарысқан, Төрт аю, екі арыстан. Екі қоян, бір түлкі, Бәрі нешеу кім білді? Қаздар Көлден ұшты жеті қаз,

10 слайд
Бәрі нешеу? Бір-бірімен жарысқан, Төрт аю, екі арыстан. Екі қоян, бір түлкі, Бәрі нешеу кім білді? Қаздар Көлден ұшты жеті қаз, Қайтып қонды екі қаз. Қонбады оның нешеуі? Қане кім тез шешеді? Өрік Сатып алдым дүкеннен Жетпіс өрік. Бердім көршіге отыз. Нешеу қалды өзімде?

Алма Табақта бес алма, Қолымда үш алма, Інімде екі алма, Қосқанда барлығын Болады неше алма? Бір алма атама, Бір алма әжеме, Бір

11 слайд
Алма Табақта бес алма, Қолымда үш алма, Інімде екі алма, Қосқанда барлығын Болады неше алма? Бір алма атама, Бір алма әжеме, Бір алма пама, Бір алма әпкеме, Нешеуін алады? Нешеуі қалады? Есек Шығармақ боп кеше есеп, Жиналған-ды бес есек. Үшеуі ұйықтап отырды, Ынталысы неше есек? Үйрек Аулада бес үйрек, Қорада үш үйрек. Бір үйрек тығылды, Бір үйрек жығылды, Қалғаны неше үйрек?

1-сынып 1. Жіп шумағы. Суретте неше жіп шумағы көрсетілген? 2. Неше ағайынды? Ерланның бір інісі, бір ағасы болса, олар еше ағай

12 слайд
1-сынып 1. Жіп шумағы. Суретте неше жіп шумағы көрсетілген? 2. Неше ағайынды? Ерланның бір інісі, бір ағасы болса, олар еше ағайынды? 3. Қосақталған аттар. Қосақталған аттар он шақырым шапса, әрқайсысы неше километр шапты? 4. Шығыршықтар. Суреттегі шығыршықтың қайсысы бір-біріне бекітілген?

5. Қандай дәптер? Асыл сөмкесіне бір торкөз, екі ұзынжол дәптер салып қойған-ды. Ол қарамай бір дәптер алатын болса, дәптер қа

13 слайд
5. Қандай дәптер? Асыл сөмкесіне бір торкөз, екі ұзынжол дәптер салып қойған-ды. Ол қарамай бір дәптер алатын болса, дәптер қандай болуы мүмкін? 6. Санды ата. Бестен үлкен, оннан кіші санды ата. 7. Қайсысы бойшаң? Арман тапал, Азат сұңғақ бойлы. Қайсысы бойшаң? 8. Неше таңба керек? 0 –ден 10-ға дейінгі сандарды жазу үшін қандай және неше таңба керек? 9. Серуен. Мұражайға 30 бала баруы керек еді. Оның екеуінен басқасы серуенге барса, нешеуі барған жоқ? 10. Шарлар. Суретті жалғастыр.

11. Екі орындық. Екі орындықты бөлменің төрт жағына бір-бірден келетіндей етіп орналастыру керек. Ойнап көріңдер. 12. Ойланған

14 слайд
11. Екі орындық. Екі орындықты бөлменің төрт жағына бір-бірден келетіндей етіп орналастыру керек. Ойнап көріңдер. 12. Ойланған сан. Мен екі орынды сан ойладым. Бірді кеміттім. Нәтижеде бір орынды сан қалды. Мен қандай сан ойладым? 13. Әжем үйінде. Әжеммен бірге дүйсенбіде, сейсенбіде, сәрсенбіде және бейсенбіде болдым. Ал інім сол аптаның сәрсенбі, бейсенбі, жұма және сенбі күндерінде болды. Біз әжем қасында неше күн болдық? 14. Жеті таяқша. Жеті таяқшадан екі бөлме құрастыр. 15. Қай жағында? Әкем, мен және шешем үшеуміз суретке түстік. Әкем шешемнің сол жағында , мен ортада отырдым. Мен шешемнің қай жағында отырдым? 16. Бұл қандай сан? Ондықтарынан бірліктері алтыға артық екі таңбалы санды атау керек. 17. Ұлу. Ұлуды қарындаштың ұшын алмай, бірден сызып шығу керек?

18. Бөрене кесу. 6 метр бөренені бір метрден кесу керек. Неше жерден кесеміз? 19. Шахмат ойыны. Екі бала 20 минут шахмат ойнас

15 слайд
18. Бөрене кесу. 6 метр бөренені бір метрден кесу керек. Неше жерден кесеміз? 19. Шахмат ойыны. Екі бала 20 минут шахмат ойнаса, әрқайсысы қанша уақыт шахмат ойнады? 20. Зат сатып алу. 16 теңгелік затты 1,3 жіне 5 тңгеліктермен сатып алуға бола ма? 21. Екі цифр. 3 пен 4 арқылы екі таңбал сан құрастыр. 22. Май шам. Жеті май шам жанып тұрды, оның екеуі өшірілсе, нешеуі қалды? 23. Үстел бұрышы. Тозған үстел бетінің бұрышы төртеу. Бір бұрышын кессек, нешеу болады? 24. Жебе. Жебе тәріздс фигураны бір рет қию арқылы шар...