Сабақтың презентациясы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Сабақтың тақырыбы: Ежелгі рим
қоғамы римдік мәдениеттен қалай
көрініс табады?
Оқу мақсаттары:
•
ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау
•
Ежелгі дүниенің өнеріне сипаттама беру
1 слайд
Сабақтың тақырыбы: Ежелгі рим қоғамы римдік мәдениеттен қалай көрініс табады? Оқу мақсаттары: • ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау • Ежелгі дүниенің өнеріне сипаттама беру
2 слайд
Рим қоғамының құрылды:
Патрицийл
ер Ежелгі римдіктердің
ұрпақтары
Плебейлер Римге өз қалауымен көшіп
келгендер
Құлдар
2 слайд
Рим қоғамының құрылды: Патрицийл ер Ежелгі римдіктердің ұрпақтары Плебейлер Римге өз қалауымен көшіп келгендер Құлдар
3 слайд
3 слайд
4 слайд
Марк Туллий Цицерон (б.з.б. 106-43 жылдары өмір сүрген)
– ш e ш e нд i к өн e рд i ң көн e римд i к т e ор e тиг i. Ол көптеген
көркем өнер стилімен жазылған философиялық, саяси және
риторикалық трактаттар, хаттар жазды. Ол сонымен бірге
ең әйгілі Рим шешені, саясаткер, жазушы, Рим
республикасы және Сенат билігінің қорғаушысы болды.
Флинт Гораций Флакк (б.з.б. 65-8 жылдары өмір сүрген) –
б.з.б. 64 жылы Италияның оңтүстігіндегі Венузияда
дүниеге келген. Ол өзінің поэмаларында Рим қаруын
дәріптеп, достықты уағыздады. Гораций эпос, әдеби сын
және мадақ өлеңдер жазумен айналысты. Ақын өз
философиясында «Сәтті пайдалан!» – деген ұранмен
халықты сол кездегі уақытпен өмір сүруге шақырған.
Сондай-ақ ол Август сотында қызмет ете отырып,
Августтың жеке басын, қызметін мадақтады.
Публий Овидий Назон, қысқаша Овидий (б.з.б. 43 – б.з 17
жылдары өмір сүрген) – Август кезеңіндегі көрнекті рим
ақындарының бірі. Ол өзінің өнерін көптеген жанрларда
ашқан болса да, махаббат тақырыбымен бірге
«Метаморфозалар» және «Махаббат өлеңі» шығармалары
арқылы атағы шыққан. Бұл өлеңдері грек және рим
мифологиясына қатысты болды.
4 слайд
Марк Туллий Цицерон (б.з.б. 106-43 жылдары өмір сүрген) – ш e ш e нд i к өн e рд i ң көн e римд i к т e ор e тиг i. Ол көптеген көркем өнер стилімен жазылған философиялық, саяси және риторикалық трактаттар, хаттар жазды. Ол сонымен бірге ең әйгілі Рим шешені, саясаткер, жазушы, Рим республикасы және Сенат билігінің қорғаушысы болды. Флинт Гораций Флакк (б.з.б. 65-8 жылдары өмір сүрген) – б.з.б. 64 жылы Италияның оңтүстігіндегі Венузияда дүниеге келген. Ол өзінің поэмаларында Рим қаруын дәріптеп, достықты уағыздады. Гораций эпос, әдеби сын және мадақ өлеңдер жазумен айналысты. Ақын өз философиясында «Сәтті пайдалан!» – деген ұранмен халықты сол кездегі уақытпен өмір сүруге шақырған. Сондай-ақ ол Август сотында қызмет ете отырып, Августтың жеке басын, қызметін мадақтады. Публий Овидий Назон, қысқаша Овидий (б.з.б. 43 – б.з 17 жылдары өмір сүрген) – Август кезеңіндегі көрнекті рим ақындарының бірі. Ол өзінің өнерін көптеген жанрларда ашқан болса да, махаббат тақырыбымен бірге «Метаморфозалар» және «Махаббат өлеңі» шығармалары арқылы атағы шыққан. Бұл өлеңдері грек және рим мифологиясына қатысты болды.
5 слайд
5 слайд
6 слайд
Колизей – амфитеатр, Ежелгі Римдегі сәулет
ескерткіші (біздің заманымыздың 75-80
жылдары). Құрылыс тас, кесек, кірпіш және
әртүрлі бетон қоспаларынан салынған. Колизей
– көріністер қойылатын алаң. Көріністер жүз
күн бойы халық назарына ұсынылды.
Колизейде әскери тұтқындар, құлдар,
қылмыскерлер арасынан таңдалған
гладиаторлар мен жауынгерлердің жекпе-
жектері мен топтық айқастары көрсетілді.
Форум – басты байланыс бағыттары орналасқан
ежелгі Рим қаласы көшелерінің түйісетін
орталығындағы алаң. Бұл алаң бастапқыда римдіктер
үшін сауда орталығы болды. Ал кейін, онда
ескерткіштер тұрғызылып, сәулетті ғибадатханалар
мен басқа да ғимараттар салынды. Осылай форум
римдіктердің жеке, саяси және діни орталығына
айналды. Форум әртүрлі кездесулер, кеңестер,
келіссөздер, сондай-ақ байқаулар мен діни рәсімдер
өткізілетін орын болды.
Пантеон (барлық құдайларға арналған орын) –
елдің атақты адамдарының қабірі, мазары
және ғибадатханасы (Римде, Парижде және
басқа елдерде). Пантеон кірпіш пен бетоннан
тұрғызылған. Ішкі жағы қызғылт-сары мәрмәр
таспен сәнделген.
6 слайд
Колизей – амфитеатр, Ежелгі Римдегі сәулет ескерткіші (біздің заманымыздың 75-80 жылдары). Құрылыс тас, кесек, кірпіш және әртүрлі бетон қоспаларынан салынған. Колизей – көріністер қойылатын алаң. Көріністер жүз күн бойы халық назарына ұсынылды. Колизейде әскери тұтқындар, құлдар, қылмыскерлер арасынан таңдалған гладиаторлар мен жауынгерлердің жекпе- жектері мен топтық айқастары көрсетілді. Форум – басты байланыс бағыттары орналасқан ежелгі Рим қаласы көшелерінің түйісетін орталығындағы алаң. Бұл алаң бастапқыда римдіктер үшін сауда орталығы болды. Ал кейін, онда ескерткіштер тұрғызылып, сәулетті ғибадатханалар мен басқа да ғимараттар салынды. Осылай форум римдіктердің жеке, саяси және діни орталығына айналды. Форум әртүрлі кездесулер, кеңестер, келіссөздер, сондай-ақ байқаулар мен діни рәсімдер өткізілетін орын болды. Пантеон (барлық құдайларға арналған орын) – елдің атақты адамдарының қабірі, мазары және ғибадатханасы (Римде, Парижде және басқа елдерде). Пантеон кірпіш пен бетоннан тұрғызылған. Ішкі жағы қызғылт-сары мәрмәр таспен сәнделген.
7 слайд
7 слайд
8 слайд
Акведуктер
және
виадуктер
Берік көпірлер мен акведуктер Рим сәулет өнерінде ерекше орынға
ие.
Акведук ( лат., «су» және «жетектеу») - шатқал, сай-сала, өзен,
жол, жыра үстінен су ағатын құбыр немесе науа төрізді үсті ашық,
не жабык өткізгіш жүргізу үшін салынатын көпір тектес берік
құрылыс.
Виадук (лат., «су» «жол», «жетектеу» ) – терең сай немесе тау
аңғарының үстінен өту үшін салынған көпір
8 слайд
Акведуктер және виадуктер Берік көпірлер мен акведуктер Рим сәулет өнерінде ерекше орынға ие. Акведук ( лат., «су» және «жетектеу») - шатқал, сай-сала, өзен, жол, жыра үстінен су ағатын құбыр немесе науа төрізді үсті ашық, не жабык өткізгіш жүргізу үшін салынатын көпір тектес берік құрылыс. Виадук (лат., «су» «жол», «жетектеу» ) – терең сай немесе тау аңғарының үстінен өту үшін салынған көпір
9 слайд
Траян бағанасы.
Қ азіргі заманғы көрінісі
Траян бағанасы (сәулетші Аполлодор) 133
жылы римдіктердің дакаларды жеңуіне орай
салынды. Бағана 17 каррарлың мәрмәр
барабандарынан тұрғызылып, биіктігі 30
метрге жетті. Траян императорының қола
статуясымен аяқталды.
9 слайд
Траян бағанасы. Қ азіргі заманғы көрінісі Траян бағанасы (сәулетші Аполлодор) 133 жылы римдіктердің дакаларды жеңуіне орай салынды. Бағана 17 каррарлың мәрмәр барабандарынан тұрғызылып, биіктігі 30 метрге жетті. Траян императорының қола статуясымен аяқталды.
10 слайд
Гладиатор – ежелгі Римде өзара сайысу үшін арнайы үйретілген құлдар мен тұтқындар. Олар
арнайы алаңдарда немесе амфитеатрда өзге гладиаторлармен айқасатын болған. Гладиаторлар
арнайы мектептерде оқытылған. Олар бастапқыда дербес болса, империя кезінде мемлекеттік
меншікке айналды. Қылыштармен, қалқандар және үш ашалы аса таяқпен қаруланған
гладиаторлар жұптасып күресетін. Гладиаторлар кейде қос дөңгелекті арбалардың үстінде жүріп
шайқасқан. Жеңілген гладиаторларды өлім құшатын, бірақ қауымның талап етуімен аман қалуы
да мүмкін еді.
Кейде гладиаторларды жабайы аңдармен де күресуге мәжбүрлеген. Жеңімпаздар ақшалай
сыйлық алып немесе кейінгі айқастардан босатылған. Бұндай қоян-қолтық айқастар Римде және
басқа да аймақтарда танымал болды. Олар бірнеше мың адам сиятын амфитеатрларда өткізілді.
Христиандық шіркеу бұл ойын-сауықтың түріне қарсы шықты. Сөйтіп б.з. V ғасырда
гладиаторлық шайқастарға тыйым салынды.
10 слайд
Гладиатор – ежелгі Римде өзара сайысу үшін арнайы үйретілген құлдар мен тұтқындар. Олар арнайы алаңдарда немесе амфитеатрда өзге гладиаторлармен айқасатын болған. Гладиаторлар арнайы мектептерде оқытылған. Олар бастапқыда дербес болса, империя кезінде мемлекеттік меншікке айналды. Қылыштармен, қалқандар және үш ашалы аса таяқпен қаруланған гладиаторлар жұптасып күресетін. Гладиаторлар кейде қос дөңгелекті арбалардың үстінде жүріп шайқасқан. Жеңілген гладиаторларды өлім құшатын, бірақ қауымның талап етуімен аман қалуы да мүмкін еді. Кейде гладиаторларды жабайы аңдармен де күресуге мәжбүрлеген. Жеңімпаздар ақшалай сыйлық алып немесе кейінгі айқастардан босатылған. Бұндай қоян-қолтық айқастар Римде және басқа да аймақтарда танымал болды. Олар бірнеше мың адам сиятын амфитеатрларда өткізілді. Христиандық шіркеу бұл ойын-сауықтың түріне қарсы шықты. Сөйтіп б.з. V ғасырда гладиаторлық шайқастарға тыйым салынды.
11 слайд
11 слайд
12 слайд
12 слайд
13 слайд
Үйге тапсырма § 29 оқып, мазмұндау, төмендегі жаңа сөздердің
мағынасын дәптерге жазу 107 беттегі глоссарийді пайдаланып
Патрицийлер
плебейлер
термдер
акведук
13 слайд
Үйге тапсырма § 29 оқып, мазмұндау, төмендегі жаңа сөздердің мағынасын дәптерге жазу 107 беттегі глоссарийді пайдаланып Патрицийлер плебейлер термдер акведук