Материалдар / Сәндік - қолданбалы өнер арқылы оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сәндік - қолданбалы өнер арқылы оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Сәндік-қолданбалы өнер оқушылардың эстетикалық және еңбектегі рухани дамуында ерекше рөл атқарады. Қолданбалы өнермен айналысу халықтық өнер туындылармен таныстырып, оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастырып қана қоймай, оларға қажетті техникалық білім беріп, еңбек, білік дағдыларын жетілдіреді, яғни еңбекке, мамандық таңдауға психологиялық және практикалық дайындық жасайды.Оқушыларды көркемөнерге бейімділігін дұрыс пайдалана білуге үйретіп, үнемі сәндік- қолданбалы өнер туындылырының эстетикалық маңыздылығын ашып отыру бағытында технология, сурет пәні мұғалімдері жұмыс істейді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
913
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі
1) •Кіріспе. Еңбек тәрбиесі – барлық тәрбиенің қайнар көзі. 2) •Негізгі бөлім. Сәндік – қолданбалы өнер – өнерді

1 слайд
1) •Кіріспе. Еңбек тәрбиесі – барлық тәрбиенің қайнар көзі. 2) •Негізгі бөлім. Сәндік – қолданбалы өнер – өнердің ең көне және кең таралған түрі 3) •Қорытынды. • Шығармашылық ізденіс нәтижесі. ЖОСПАРЫ: Сәндік - қолданбалы өнер арқылы оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру

Еңбек тәрбиесі – барлық тәрбиенің қайнар көзі. Еңбек тәрбиесі арқылы киімді пішу, тігу қолөнер шеберлігін меңгерт

2 слайд
Еңбек тәрбиесі – барлық тәрбиенің қайнар көзі. Еңбек тәрбиесі арқылы киімді пішу, тігу қолөнер шеберлігін меңгерту арқылы ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелей аламыз. Өйткені, оқушы алған теориялық білімін іс жүзінде қолдана отырып, оны өмірімен, өзінің іс-әрекетімен байланыстыра білгенде ғана, өзіне де пайдасын тигізе алады. Технология сабағы арқылы оқушыны іскерлікке, ұқыптылыққа, әдемілікті сезініп, қабылдауға үйретеміз. Біздің негізгі ұстанымыз: «Сөзден - іске көшу». Еңбек тәрбиесі арқылы киімді пішіп тігу, көркемдеу қол өнер шеберлігін меңгеру арқылы жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеуді басшылыққа ала отырып жұмысты жүргіземіз. Оқушылар әр түрлі тігілген бұйымдарды зерттей отырып, баға берумен келешек кәсіби ісіне қажетті эстетикалық, ұлттық, этикалық және т. б. бағалы қасиеттерін өз бойларына қалыптастырады.

Балаларды еңбекке тәрбиелеу - қол еңбегі сабағынан басталады. Адам баласы туа сала емес, көре-көре, жүре-жүре жетілед

3 слайд
Балаларды еңбекке тәрбиелеу - қол еңбегі сабағынан басталады. Адам баласы туа сала емес, көре-көре, жүре-жүре жетіледі. Бір адам еңбекке өте қабілетті болып өссе, енді бірі керісінше болады. Баланың жас шағында еңбек тәрбиесін дұрыс алуы немесе одан шет қалуы оның келешек өміріне үлкен әсер етеді. Баланың еңбек тәрбиесін меңгеруі, қоғам үшін ғана емес, оның жеке басы, өз тіршілігі үшін де қажет. Еңбекке сүйетін адамның өмірінде реніш болмайды. Отбасына еңбек тәрбиесін жүргізгенде, баланы белгілі бір мамандыққа бейімдей даярлауды ескерген жөн . Мысалы, өте күрделі жобаны оқушының өзі ғана орындауы шарт емес. Сондықтан жобаның кейбір бөлігі дайын күйде берілсе, кейбір бөлімін оқушы мұғалімнің, ата-ананың көмегімен орындай алады. Егер бір күрделі жобаны бірнеше оқушы бірлес іп орындаса, әр оқушының үлесі алдын ала анықталуы қажет. Ол оқу жылының соңында өзінің орындаған шығармашылық жобасын оқушылардың және мұғалімнің алдында қорғайды . Жобаны қорғау барысында қолданатын бұйымның ішінен қандай затты таңдап алу, ол бұйым қоғамға, өзіне достарына және ата-анасына қандай пайда келтіретіне ескеріледі. Шығармашылық жоба - әр оқушының жыл сайын мұғалімнің көмегімен орындайтын өзіндік жұмысы, басқаша айтқанда, технология пәні бойынша жүргізілген шығармашылық жұмыс.

Оқушыларға қойылатын талап: • Алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылу; • Қорытынды жасап отыру.

4 слайд
Оқушыларға қойылатын талап: • Алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылу; • Қорытынды жасап отыру. • Қосымша материалдар табу, іздену. • Өзін - өзі талдауды, өзін - өзі бағалай білуді меңгеру Шығармашылық жұмысын жүргізу барысында оқушылар төмендегідей іс- әрекеттерді жасауға мүмкіндік туғызады : - өзін қызықтырған сұрақтарға жауап іздеу; - іздену барысында түрлі тәсілдер қолдану; - өз пікірін, ойын ашық айту; - өз бетімен қорытынды жасау; - өзі үшін жаңалық ашу. - қызығушылығын қанағаттандыру. Демек,оқушы өз бетінше жұмыс жасауды үйреніп,зерттеушілік,шығармашылық қабілеттерін дамыта түседі.

Негізгі бөлім. Сәндік – қолданбалы өнер – өнердің ең көне және кең таралған түрі Білім саласындағы кез келген пәннің жеке тұл

5 слайд
Негізгі бөлім. Сәндік – қолданбалы өнер – өнердің ең көне және кең таралған түрі Білім саласындағы кез келген пәннің жеке тұлғаны қалыптастыруға өзіндік үлес қосары анық. Мектептегі технология пәні басқа пәндерге ұқсамайтын, өзіндік атқаратын қызметі мен тәлім – тәрбиелік мүмкіндігі зор пән. Қазақ халқының сәндік – қолданбалы өнері ғасырлар бойы еліміздің тарихымен бірге дамып келе жатан асыл мұра. Сәндік – қолданбалы өнерді зерттеуге Қ.А.Ақышев, М.Қ.Қадірбаев, В.П. Ағапов, М.С.Мұқанов, .Тәжімұратов секілді археологтар мен тарихшылардың, ғалым – этногораф пен суретшілердің қосқан үлесі мол. Қазіргі қоғамымызда рухани бай, терең білімді, сәндік – қолдабалы өнердің туындыларын баалап, зерттей білетін, әлем мәдениеті деңгейіне көтеретін, танымдық белсенділігі жоғары балаларды тәрбиелеп шығару мектептің міндеті.

Сәндік – қолданбалы өнер – өнердің ең көне және кең таралған түрі. Мектепте технология сабақтарында оқушылардың шығармашылық

6 слайд
Сәндік – қолданбалы өнер – өнердің ең көне және кең таралған түрі. Мектепте технология сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында құрақ құрау, кесте тоқу, бисермен тоқу, ілмек бізбен тоқу сияқты сәндік – қолданбалы өнер түрлері үйретіледі. Құрақ дегеніміз қалдық материалдардан жасалған бйымдар. Құрақты әр түрлі геометриялық пішіндер арқылы құраған. Құрақтың «жұлдызша», «тұмарша», «жапырақ» түрлері бар. Құрақ көрпешеде, ойыншықтарда, аяқ – киімдерде, ұлттық бұйымдарда қолданады. Кесте тоқу – ерте кезден бастап қолданып келе жатқан қолөнер түрі. Кестені әрлеуге алуан түсті жіптер, орташа ине, қарапайым дөңгелек кергіш, қайшы, оймақ, түйреуіштер, өлшеуіш қажет. Кесте санап тігілетін және еркін кестелеу деп бөлінеді. Бисер тоқу өнері ертеде кеңінен тарап, танылып келе жатқан халық шығармашылығының және әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі-түсті жұмыстар жасауға (тоқуға), алқа, тұмарша, шаш буғыш, сырға, білезік, белдік, сөмкелерді де әшекейлеп тоқуға болады, сонымен қатар ойыншақтар да тоқуға болады. Бисер тоқу өнері өте нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты және фантазия мен шеберлікті талап етеді. Әр адам бисер тоқумен айналысуына болады.

Ілмек бізбен тоқу - қолмен тоқыма тоқу өнерінің бір түрі. Ілмекпен тоқу үшін кез келген жіпті пайдалануға болады: мақтадан,

7 слайд
Ілмек бізбен тоқу - қолмен тоқыма тоқу өнерінің бір түрі. Ілмекпен тоқу үшін кез келген жіпті пайдалануға болады: мақтадан, иірілген немесе жібек жіптер. Ілмекті бібен тоқылған бұйымдар беріктілігімен, әсемдігімен ерекшеленеді. Ілмекті біз материалдары – сүйек, металл, ағаш

Құрақ дегеніміз не? Біздің қазақ тілінде құрақ сөзінің екі мағынасы бар.  Біріншісі, көлдің жағасында өсетін өсімдікті қ

8 слайд
Құрақ дегеніміз не? Біздің қазақ тілінде құрақ сөзінің екі мағынасы бар.  Біріншісі, көлдің жағасында өсетін өсімдікті құрақ десек,  Екіншіден, мата қиындысынан жасалатын бұйымды құрақ дейді. Яғни, құрақ дегеніміз шығынсыз өнім жасаудың бір түрі. Негізінен құрақтың 200-ден аса түрі бар. ә) Құрақ түрлері:

9 слайд

9 слайд

АҚШ ,Германия, Швеция сияқты елдердің мұражайларында құрақ техникасы сәнімен орындалған бұйымдардың коллекциялары бар. Мұн

10 слайд
АҚШ ,Германия, Швеция сияқты елдердің мұражайларында құрақ техникасы сәнімен орындалған бұйымдардың коллекциялары бар. Мұндай қазақ халқының тұрмыс тіршілігінен хабар беретін бірқатар бұйымдар Қастеев мұражайына да қойылған.

Құрақ құрау технологиясы тұрмыс бұйымдарын дайындауда қолданылады. б) Қолданылуы: ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ а ) композициялық орналасуы,

11 слайд
Құрақ құрау технологиясы тұрмыс бұйымдарын дайындауда қолданылады. б) Қолданылуы: ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ а ) композициялық орналасуы, симметрия сақтауы; ә ) түстерінің үйлесуі, жарасымды болуы; б ) қағазға геометриялық элементтерін түсіру, дұрыс және бірдей орналасуын қадағалау.

III. Сарамандық жұмыс. (Құрау технологиясы) 1.Қандай өрнекті құрасақ та сол өрнектің сызбасын қағаз бетіне түсіріп аламыз. 

12 слайд
III. Сарамандық жұмыс. (Құрау технологиясы) 1.Қандай өрнекті құрасақ та сол өрнектің сызбасын қағаз бетіне түсіріп аламыз. 2. Матаның түр түсінің үйлесімділігін анықтау үшін оны түс таңдай отырып, бояп аламыз. 3. Геометриялық пішінде үлгі қағаз даярлап аламыз да, сол қағазды үлгі етіп, пайдалану арқылы, матаны қағаз мөлшерімен қиып аламыз. 4. Қиылған матаны өрнек бойынша рет-ретімен: - әулі ортаңғы бөлік, содан кейін шеткі бөліктерді тігіп аламыз. Біз алдымен бұйымды жасау үшін алғаш жобасын сызамыз. Ал, енді жоба бойынша геометриялық пішіндерді түрлі-түсті қағаздан қиып алып, оларды көрпеше тәрізді қатырма қағаз бетіне дұрыс орналастырып, желімдейміз. Нәтижесінде түрлі-түсті әсем құрақтар пайда болады.

Тоқу өнері - Қазақ халқының ежелден қолданылып келе жатқан дәстүрі. Бұл өнер қазіргі талап тілектер тұрғысынан шығармашылықп

13 слайд
Тоқу өнері - Қазақ халқының ежелден қолданылып келе жатқан дәстүрі. Бұл өнер қазіргі талап тілектер тұрғысынан шығармашылықпен байытылып тұрмыспен бірге ұласа дамып келеді. Сондықтан да әр адам киген киімінің қазіргі сән үлгісіне сәйкес бола отырып, өзінің талғампаздығын, қайталанбас даралығын танытуға тырысады. Міне осыған орай бізге көмекке келген өнердің бір түрі – тоқу. Тоқумен айналысқанда адам жеке басына аса қажет нәрсені жасау үшін ғана тоқымайды, сонымен бірге осы тоқу үстінде түрлі-түсті бояулар әлемінің үйлесімділігі, түрлі фасондар, түрлі тоқу әдістері, оның талғамын, шеберлігін, ой-өрісін жетілдіріп көркемдікті сезіну қабілетін дамытады. Соған орай тоқу ісі де басқа істер сияқты үйренуді, ізденуді талап етеді.

Қолданбалы қолөнер кілем алаша жаға,жең Тоқылатын бұйымдар тұтқыш кеудеше шұлық, қолғап

14 слайд

Тоқыма әліппесі Жіпті шумақтап сол алақанға аласыз Жіпті бас бармақтан сағат тіліне қарсы айналдырып шығасыз Сосын бүгілген

15 слайд
Тоқыма әліппесі Жіпті шумақтап сол алақанға аласыз Жіпті бас бармақтан сағат тіліне қарсы айналдырып шығасыз Сосын бүгілген сұқ саусаққа орай алып, оны сол алақаныңызға жіптің ұшымен қосып қысыңыз Енді екі сымды біріктіріп, басбармақтың ішкі жағындағы жіпке кіргізіңіз Сымдарды оңға бұрып, саусақтағы жіпті іліп алыңыз Оны үлкен саусақтағы шалудан өткізіңіз

Шалудың түрлері Осыдан кейін оны бас бармақтағы шалудан өткізіңіз,одан соң бас бармақтағы шалуды түсіре сала оны жіптің астына

16 слайд
Шалудың түрлері Осыдан кейін оны бас бармақтағы шалудан өткізіңіз,одан соң бас бармақтағы шалуды түсіре сала оны жіптің астына келтіресіз де, бас бармақпен сұқ саусақты қарама-қарсы жылжытып, сымдардағы жіпті қатты тартасыз Енді жіптерді саусақтардан шығармай тұрып, сол қолдың бас бармағын солға қарай жылжыта қойсаңыз, сонда шалу пайда болады Оңға шалу. Оң қолдағы сымның ұшын сол жақ сымға, өзінен әрі қарай, солдан оңға өткізеді де, онымен сұқ саусақта жатқан жіпті іліп алып, жаңа шалу тартып шығарады Теріс шалу. Оң сымның ұшын сол қолдағы шалудан оңнан солға, яғни, өзіне қарай өткізеді де, сол жақ сымдағы шалу, оның алдындағы жіпті іліп алып, жаңа шалу тартып шығарады

Ілмек бізбен тоқу технологиясы Негізгі шалу: тізбек бірнеше үлпілдек шалудан жасалған тізбектер алғашқы немесе тоқылуға тиіс

17 слайд
Ілмек бізбен тоқу технологиясы Негізгі шалу: тізбек бірнеше үлпілдек шалудан жасалған тізбектер алғашқы немесе тоқылуға тиіс бар бұйымның бастапқы негізі болып табылады. Ілмектің ұшына бір шалу жасайды да жіпті ілмекке орап, алғашқы шалудың ортасынан өткізіп алады,осылайша қайталана береді. Қысқа шалу. Ілмекті тізбектегі 3 шалудың алдынан артына қарай өткізеді. Содан соң ілмекке жіпті орап, оны ілмектегі екі шалудан өткізіп алады Жай шалу. Ілмекті тізбектегі 3 шалудың алдынан кері қарай өткізеді. Ілмекке жіпті орап, шалып алады да, сонан соң жіпті тағы орап, оны ілмектегі екі шалудан өткізіп алады.

Өрнектер түрлері Ағылшын резинасы “Тор көз” өрнегі “Шахмат” өрнегі “Букле” өрнегі Ілмек арқылы тоқылатын өрнектер

18 слайд

“Бақытты сәт”ойыны (оқыта үйрету ойындары)(модульдік технология бойынша) Құрал жабдығы: Шарл

19 слайд
“Бақытты сәт”ойыны (оқыта үйрету ойындары)(модульдік технология бойынша) Құрал жабдығы: Шарлар салынған қапшық немесе кішкене бөшке. Секундомер (сағат) Ортақ бағалау парағы ( қосымша) Фишкалар Үй тапсырмасы ( әр команда екі сұрақтан) Конкурс тапсырмалары Жауап үлгілері Ойынның жүру барысы. Сынып 2 не 3 командаға бөлінеді, әр команданың өз капитаны және атауы болады.

Қорытынды. Шығармашылық ізденіс нәтижесі. Үнемі өзгеріп отыратын әлем адамнан да қабілет пен толассыз дамытуды талап етеді

20 слайд
Қорытынды. Шығармашылық ізденіс нәтижесі. Үнемі өзгеріп отыратын әлем адамнан да қабілет пен толассыз дамытуды талап етеді. Осы тұрғыдан сәндік – қолданбалы өнерді жан – жақты игеру, оны түсіну жаңа педагогикалық технология бойынша оқушылардың білім мен сапасын арттыруға, ой – санасының дамуына мүмкіндік жасайды. Бүгінгі егемен еліміздің іргетасын нығайтып, келер ғасырға жалғастыратын, көкірегі ояу, саналы, арманшыл жастар екені даусыз. Тарихтың асыл қазынасын оқып – үйренуде, халықтың мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жаластыра білуде дана халқымыздың қолөнерін үйренуде шығармашылық қабілетін дамыту қажет. Шығармашылық қабілеті дамығын, өнер тілін түсінген, өмірде бір мақсатқа қол жеткізіп үйренген оқушы кез келген істе осы қабілеттерін қолданатын болады. Мұғалімдерден қоғамның талап етіп отырған азаматтары осындай қабілетті, жан – жақты, ұлтының тарихын білетін, озық ойлы болуы қажет деп ойлаймын.

Пайдаланған әдебиеттер: 1) «Мектептегі технология» журналы №4 2010 жыл 2) «Мектептегі технология»журналы №6 2012 жыл 3) «Ме

21 слайд
Пайдаланған әдебиеттер: 1) «Мектептегі технология» журналы №4 2010 жыл 2) «Мектептегі технология»журналы №6 2012 жыл 3) «Мектептегі технология» журналы №7 2007 жыл 4) Д.Тәжімұратов «Шебердің қолы ортақ» 5) Е.В.Еилмилова, И.А.Товченик «Технология» (қыз балаларға арналған) Әдістемелік құрал