Шеберлік сабақ "Сабақты жоспарлау сапалы білім алудың негізгі кепілі"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Сабақты жоспарлау
сапалы білім алудың
негізгі кепілі
Шеберлік сыныбы
Директордың оқу-ісі жөніндегі
орынбасары: А.С.Токсейтова
Алматы облысы Жамбыл ауданы “Ақтерек ауылындағы орта мектеп
МДШО және Жаманты бм” КММ
1 слайд
Сабақты жоспарлау сапалы білім алудың негізгі кепілі Шеберлік сыныбы Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары: А.С.Токсейтова Алматы облысы Жамбыл ауданы “Ақтерек ауылындағы орта мектеп МДШО және Жаманты бм” КММ
2 слайд
Тәжірибе көрсеткендей, мұғалімнің оқу мақсатын анықтап,
бағалау үдерісін жобалауы, қарастыруы, содан соң ғана
жоспарлауы арқылы оқушыларға сабақ өткізу әрекеті әлдеқайда
тиімдірек екені байқалды.
Кері байланыс технологиясы аясында білім беру үдерісін
жоспарлауда үш кезеңді жүзеге асыру қарастырылады
1-кезең – Мақсаттар мен қалаулы нәтижелерді анықтау, яғни
«Оқушылар нені білуі, түсінуі және істеуі тиіс? » деген сұраққа
жауап;
2-кезең – Қолайлы дәлелдерді анықтау, яғни «Оқушылардың
қалаулы нәтижелерге жетуі мен олардың стандарттарға сай
болуына не дәлел болады? » деген сұраққа жауап;
3-кезең - Оқуды және оқушылардың нәтижелерге жету үдерісін
жоспарлау.
Мұғалім әрекетінің «оқу мақсаттары – сабақ – бағалау»
реттілігі классикалық түрге айналды.
2 слайд
Тәжірибе көрсеткендей, мұғалімнің оқу мақсатын анықтап, бағалау үдерісін жобалауы, қарастыруы, содан соң ғана жоспарлауы арқылы оқушыларға сабақ өткізу әрекеті әлдеқайда тиімдірек екені байқалды. Кері байланыс технологиясы аясында білім беру үдерісін жоспарлауда үш кезеңді жүзеге асыру қарастырылады 1-кезең – Мақсаттар мен қалаулы нәтижелерді анықтау, яғни «Оқушылар нені білуі, түсінуі және істеуі тиіс? » деген сұраққа жауап; 2-кезең – Қолайлы дәлелдерді анықтау, яғни «Оқушылардың қалаулы нәтижелерге жетуі мен олардың стандарттарға сай болуына не дәлел болады? » деген сұраққа жауап; 3-кезең - Оқуды және оқушылардың нәтижелерге жету үдерісін жоспарлау. Мұғалім әрекетінің «оқу мақсаттары – сабақ – бағалау» реттілігі классикалық түрге айналды.
3 слайд
3 слайд
4 слайд
Жалпы алғанда рефлексия зерттеу секілді: адам мұнда өзінің
ішкі дүниесін жан-жақты қарастырады, яғни өзін-өзі реттейді.
Осы тұрғыдан алғанда рефлексия адамның өзінің ішкі ахуалы
мен өзгерістерін тануы іспеттес: адам жасап жатқан әрекеттерін
бір сәтке доғарып, өзінің ішкі жан дүниесіне үңіледі, өзімен өзі
әңгімелеседі, сырласады, әрекеттерін талдап, оларға баға
береді, өзіне “сырт көзбен” қарайды. Осыдан кейін әрекеттеріне
өзгерістер енгізеді, кемшіліктерін түзейді, оларды
болдырмаудың жолдарын қарастырады, болашақта қандай істер
жасайтындығын жоспарлайды.
1.Аялдама жасау (тоқтау);
2.Артқа қарау: түсіну, талдау, бағалау;
3. Өзгерістер енгізу;
4. Болашақты жоспарлау.
“Рефлексия” сөзі латын тіліндегі “reflexio”-
“артқа қарау” деген ұғымынан туындайды.
4 слайд
Жалпы алғанда рефлексия зерттеу секілді: адам мұнда өзінің ішкі дүниесін жан-жақты қарастырады, яғни өзін-өзі реттейді. Осы тұрғыдан алғанда рефлексия адамның өзінің ішкі ахуалы мен өзгерістерін тануы іспеттес: адам жасап жатқан әрекеттерін бір сәтке доғарып, өзінің ішкі жан дүниесіне үңіледі, өзімен өзі әңгімелеседі, сырласады, әрекеттерін талдап, оларға баға береді, өзіне “сырт көзбен” қарайды. Осыдан кейін әрекеттеріне өзгерістер енгізеді, кемшіліктерін түзейді, оларды болдырмаудың жолдарын қарастырады, болашақта қандай істер жасайтындығын жоспарлайды. 1.Аялдама жасау (тоқтау); 2.Артқа қарау: түсіну, талдау, бағалау; 3. Өзгерістер енгізу; 4. Болашақты жоспарлау. “Рефлексия” сөзі латын тіліндегі “reflexio”- “артқа қарау” деген ұғымынан туындайды.
5 слайд
Сабақты өткізуім өзіме ұнады ма?
Мен сабақта нақты мақсат қойдым ба?
Мен мақсатыма жеттім бе? Оның дәлелдері қандай болды?
Таңдап алған тәсілдер тақырыпты тереңінен ашуға көмектесті ме?
Талқылауды жандандыратын ашық сұрақтарды қойып отырдым ба?
Барлық оқушылар сабаққа белсенді түрде қатысты ма?
Өзіне өзі сенбейтін оқушыларды қолдап отырдым ба?
Мен әрбір әрекеттен кейін оқушылардан кері байланыс алып отырдым
ба?
Менің ең сәтті шыққан әрекетім қандай болды?
Менің ең сәтсіз шыққан әрекетім қандай болды?
Бұл сабақ бұдан да мәнді болу үшін оған қандай өзгерістер енгізе
аламын?
Сабақтан кейін өзіңізге мынандай сұрақтар
қойып, оларға жауап іздеуге болады:
5 слайд
Сабақты өткізуім өзіме ұнады ма? Мен сабақта нақты мақсат қойдым ба? Мен мақсатыма жеттім бе? Оның дәлелдері қандай болды? Таңдап алған тәсілдер тақырыпты тереңінен ашуға көмектесті ме? Талқылауды жандандыратын ашық сұрақтарды қойып отырдым ба? Барлық оқушылар сабаққа белсенді түрде қатысты ма? Өзіне өзі сенбейтін оқушыларды қолдап отырдым ба? Мен әрбір әрекеттен кейін оқушылардан кері байланыс алып отырдым ба? Менің ең сәтті шыққан әрекетім қандай болды? Менің ең сәтсіз шыққан әрекетім қандай болды? Бұл сабақ бұдан да мәнді болу үшін оған қандай өзгерістер енгізе аламын? Сабақтан кейін өзіңізге мынандай сұрақтар қойып, оларға жауап іздеуге болады:
6 слайд
1.Әрекет рефлексиясы: өз әрекеттеріне баға беру (“жасадым-
жасамадым”, “үлгердім-үлгермедім”), оқу материалын игеру
тәсілдері мен құралдарын сараптау, ең тиімді шешімдерді іздестіру.
Әрекет рефлексиясын сабақ соңында қолдану әр оқушының
белсенділік деңгейін көрсетеді. Тәсілдері: “Табыс баспалдағы”,
“Блоб ағашы”, “Блоб көпірі” т.б.
2.Сенсорлық/сезімдік рефлексия: көңіл-күй мен эмоциялық
бағалауды білдіру (“ұнады-ұнамады”, “қажет-қажет емес”).
Сабақтан кейінгі көңіл-күй мен эмоциялық ахуалды смайликтер,
бас бармақты жоғары не төмен көрсету, Күн немесе бұлт суреттерін
салу т.б. арқылы көрсету.
3.Зияткерлік рефлексия: танымдық ұғымдар тұрғысынан сабаққа
немесе өз түсінігіне баға беру (“білдім-білмедім”, “түсіндім-
түсінбедім”, “оңай болды-қиындық туғызды”).
4.Ішкі әлем рефлексиясы: рухани мәселелер ауқымында өзін
бағалау (“өзгердім-өзгермедім”, “мен үшін құнды
болды/болмады”).
Қызмет тұрғысынан келтірілетін рефлексия түрлері
6 слайд
1.Әрекет рефлексиясы: өз әрекеттеріне баға беру (“жасадым- жасамадым”, “үлгердім-үлгермедім”), оқу материалын игеру тәсілдері мен құралдарын сараптау, ең тиімді шешімдерді іздестіру. Әрекет рефлексиясын сабақ соңында қолдану әр оқушының белсенділік деңгейін көрсетеді. Тәсілдері: “Табыс баспалдағы”, “Блоб ағашы”, “Блоб көпірі” т.б. 2.Сенсорлық/сезімдік рефлексия: көңіл-күй мен эмоциялық бағалауды білдіру (“ұнады-ұнамады”, “қажет-қажет емес”). Сабақтан кейінгі көңіл-күй мен эмоциялық ахуалды смайликтер, бас бармақты жоғары не төмен көрсету, Күн немесе бұлт суреттерін салу т.б. арқылы көрсету. 3.Зияткерлік рефлексия: танымдық ұғымдар тұрғысынан сабаққа немесе өз түсінігіне баға беру (“білдім-білмедім”, “түсіндім- түсінбедім”, “оңай болды-қиындық туғызды”). 4.Ішкі әлем рефлексиясы: рухани мәселелер ауқымында өзін бағалау (“өзгердім-өзгермедім”, “мен үшін құнды болды/болмады”). Қызмет тұрғысынан келтірілетін рефлексия түрлері
7 слайд
Оқушы үшін
Рефлексия – оқушыны өз – өзіне есеп беруге баулиды;
Оқушының қажеттілігін біле аламыз;
Оқушының өзіндік көзқарасы қалыптасады
Білім беру барысының сапасын жақсартуға болады
Рефлексияның нәтижесінде сыни көзқарас қалыптасады
Өз – өзіне баға бере алады
Білім алуға деген қызығушылық жоғарылайды;
Мұғалім үшін:
Ақпаратпен күнделікті жұмыс;
Шығармашылыққа деген ынта-жігері ;
Әрбір оқушының пікіріне құлақ түру;
Пәндік білім сапасының артуы;
Өзіндік сынның қалыптасуы;
Сыни ойлауға жетелеу;
Рефлексияның тиімділігін атап көрсетер болсақ
7 слайд
Оқушы үшін Рефлексия – оқушыны өз – өзіне есеп беруге баулиды; Оқушының қажеттілігін біле аламыз; Оқушының өзіндік көзқарасы қалыптасады Білім беру барысының сапасын жақсартуға болады Рефлексияның нәтижесінде сыни көзқарас қалыптасады Өз – өзіне баға бере алады Білім алуға деген қызығушылық жоғарылайды; Мұғалім үшін: Ақпаратпен күнделікті жұмыс; Шығармашылыққа деген ынта-жігері ; Әрбір оқушының пікіріне құлақ түру; Пәндік білім сапасының артуы; Өзіндік сынның қалыптасуы; Сыни ойлауға жетелеу; Рефлексияның тиімділігін атап көрсетер болсақ
8 слайд
Мысалдар келтіре кетсек: бастауыш сынып оқушылары өзі жасаған
әрекеттеріне ауызша баға беру, суреттер салу түрінде, кестелер,
диаграммалар, сауалнамалар толтыру, эссе жазу сияқты рефлексивті
жұмыс түрлерімен айналыса алады. Онда оқушылар алған
білімдеріне, тапсырмаларына қорытынды жасап, пікір айтуға
дағдыланады, ойын ортаға салды. Нәтижесінде оқушылар өз -өздерін
реттейді. Жүйелі сөйлеуге, ойын ашық жеткізе білуге, талдау жасауға
үйренеді. Сабақтың жақсы не жаман, мағыналы не мағынасыз, көңілді
не көңілсіз өтуіне байланысты оқушылар эмоцияларын білдіріп
отырды. Осыдан мұғалім өзіне қорытынды жасауына, өзіне баға
беруіне болады.
Рефлексияны әр түрлі жүзеге асыруға болады, сабақтың соңында әр
тақырыптың соңында, сабақ этаптарының арасында, тарау соңында.
Ол ақырындап оқушының ішкі рефлексиясына ұласуы керек.
8 слайд
Мысалдар келтіре кетсек: бастауыш сынып оқушылары өзі жасаған әрекеттеріне ауызша баға беру, суреттер салу түрінде, кестелер, диаграммалар, сауалнамалар толтыру, эссе жазу сияқты рефлексивті жұмыс түрлерімен айналыса алады. Онда оқушылар алған білімдеріне, тапсырмаларына қорытынды жасап, пікір айтуға дағдыланады, ойын ортаға салды. Нәтижесінде оқушылар өз -өздерін реттейді. Жүйелі сөйлеуге, ойын ашық жеткізе білуге, талдау жасауға үйренеді. Сабақтың жақсы не жаман, мағыналы не мағынасыз, көңілді не көңілсіз өтуіне байланысты оқушылар эмоцияларын білдіріп отырды. Осыдан мұғалім өзіне қорытынды жасауына, өзіне баға беруіне болады. Рефлексияны әр түрлі жүзеге асыруға болады, сабақтың соңында әр тақырыптың соңында, сабақ этаптарының арасында, тарау соңында. Ол ақырындап оқушының ішкі рефлексиясына ұласуы керек.
9 слайд
Рефлексиялық мәдениеті қалыптасқан адам өзінің тұлғалық және
кәсіби стереотиптерін шығармашылықпен өзгерте алады. Бұл - өзіндік
сана, өзі-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі талдау, өзін-өзі іске қосу, өзін-өзі
бағалау сияқты кәсіби мәнді сапалармен сипатталады.
Рефлексиялық қабілеті дамыған ұстаз өз оқушыларында осы сапаны
дамытуды, дарытуды әсте есінен шығармайды. Қазіргі білімдік
мақсаттарға сай білім алушыны рефлексия жасауға дағдыландыру
мұғалімнің басты міндеттерінің бірі болғандықтан, ол-сабақтың да
негізгі компоненттерінің бірі болуы тиіс. Сабақ барысында мұғалім
де оқушылар да рефлексия жасауды үйренеді. Рефлексия деген өз
жұмысына талдау жасау.
Осы жерде ұлы данышпан Абай қарасөздерімен үндестікті көре
аламыз. "Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде
бір мәрте, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен
өзің есеп ал! " деген, біз өзімізге есеп бере отырып, іштей
кемшілігімізді мойындаймыз, ол кемшіліктің кету себебін бірге
іздейміз.
9 слайд
Рефлексиялық мәдениеті қалыптасқан адам өзінің тұлғалық және кәсіби стереотиптерін шығармашылықпен өзгерте алады. Бұл - өзіндік сана, өзі-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі талдау, өзін-өзі іске қосу, өзін-өзі бағалау сияқты кәсіби мәнді сапалармен сипатталады. Рефлексиялық қабілеті дамыған ұстаз өз оқушыларында осы сапаны дамытуды, дарытуды әсте есінен шығармайды. Қазіргі білімдік мақсаттарға сай білім алушыны рефлексия жасауға дағдыландыру мұғалімнің басты міндеттерінің бірі болғандықтан, ол-сабақтың да негізгі компоненттерінің бірі болуы тиіс. Сабақ барысында мұғалім де оқушылар да рефлексия жасауды үйренеді. Рефлексия деген өз жұмысына талдау жасау. Осы жерде ұлы данышпан Абай қарасөздерімен үндестікті көре аламыз. "Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәрте, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! " деген, біз өзімізге есеп бере отырып, іштей кемшілігімізді мойындаймыз, ол кемшіліктің кету себебін бірге іздейміз.
10 слайд
Кері
байланыс
Мақсатқа жетелейтін нақты әрекет,
ситуация, талас тудыратын сұрақтар
мен мәселелер бойынша түсінік алу
және түсінік беру үдерісі. Тиімді кері
байланысты ұйымдастыру сапалы
оқытудың негізі болып табылады.
Оқу үдерісінің барысы туралы түсінік
қалыптастырудың бірден бір құралы,
оқу міндеттері мен мақсатына жету
деңгейін анықтауға мүмкіндік
береді, мұғалімді оқушының
жетістіктері мен қиындықтары
туралы хабардар етеді.
10 слайд
Кері байланыс Мақсатқа жетелейтін нақты әрекет, ситуация, талас тудыратын сұрақтар мен мәселелер бойынша түсінік алу және түсінік беру үдерісі. Тиімді кері байланысты ұйымдастыру сапалы оқытудың негізі болып табылады. Оқу үдерісінің барысы туралы түсінік қалыптастырудың бірден бір құралы, оқу міндеттері мен мақсатына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді, мұғалімді оқушының жетістіктері мен қиындықтары туралы хабардар етеді.
11 слайд
Кері байланыс қандай мақсатта
жүргізіледі?
Үдерісті басқару –үдеріс субъектілерінің көшбасшылық
дағдыларын дамыту, үдерісті табысты басқаруға жағдай
жасау.
Дер кезінде түзетулер жасау, қателерді, кемшіліктерді
жою.
Мақсатқа жетуді қамтамасыз ету.
Үдеріс субъектілерін дұрыс шешім қабылдауға
бағыттау.
Оқушылардың өзіндік бағалауын қалыптастыру.
Оқушының әлеуметтенуін қамтамасыз ету.
Рефлексия жасауға ықпал ету, көмектесу.
Оқушыларды табысқа ұмтылу сезімдерін туындату.
11 слайд
Кері байланыс қандай мақсатта жүргізіледі? Үдерісті басқару –үдеріс субъектілерінің көшбасшылық дағдыларын дамыту, үдерісті табысты басқаруға жағдай жасау. Дер кезінде түзетулер жасау, қателерді, кемшіліктерді жою. Мақсатқа жетуді қамтамасыз ету. Үдеріс субъектілерін дұрыс шешім қабылдауға бағыттау. Оқушылардың өзіндік бағалауын қалыптастыру. Оқушының әлеуметтенуін қамтамасыз ету. Рефлексия жасауға ықпал ету, көмектесу. Оқушыларды табысқа ұмтылу сезімдерін туындату.
12 слайд
Кері байланысты жазуға арналған ұсыныстар
Үнемі тиімді
кері байланыс
жасаңыз және
оқушыларды
өз жұмысын
және
басқалардың
жұмысын
бағалауға
үйретіңіз.
•Түсіндірмес
із
айтылатын
«дұрыс
емес»,
«өтірік»,
«кім жауап
береді?»дег
ен
сөздерден
аулақ
болыңыз.
Ненің
дұрыс емес
екенін, оны
түзету үшін
не істеуге
болатынын
ұсыныңыз.
Қателігін
емес, дұрыс
орындалғаны
н айтыңыз.
Кемшіліктерді
болдырмаудың
жолдары
немесе
жауаптарын
қалай
жақсартуға
болатыны
жөнінде
ұсыныстар
беріңіз.
•Қателіктері
туралы
төмендегіде
й пункттер
бойынша
ақпарат
бере
аласыз:
•орналасуы;
•қателерінің
түрі;
•қателерді
жөндеу
үшін
жасалатын
әрекеттер.
Оқушының
жауабына
берілетін кері
байланысыңыз
да
мысқылдайтын
, сынайтын
тұрғыдағы
«орынсыз
жауап», «бұлай
ойлауға қандай
қақың бар»
және т.б.
жағымсыз
сөздерді, сөз
тіркестерін
қолданудан
сақтаныңыз.
Мұндай сөз
тіркестері
оқушының
намысына
тиеді.
12 слайд
Кері байланысты жазуға арналған ұсыныстар Үнемі тиімді кері байланыс жасаңыз және оқушыларды өз жұмысын және басқалардың жұмысын бағалауға үйретіңіз. •Түсіндірмес із айтылатын «дұрыс емес», «өтірік», «кім жауап береді?»дег ен сөздерден аулақ болыңыз. Ненің дұрыс емес екенін, оны түзету үшін не істеуге болатынын ұсыныңыз. Қателігін емес, дұрыс орындалғаны н айтыңыз. Кемшіліктерді болдырмаудың жолдары немесе жауаптарын қалай жақсартуға болатыны жөнінде ұсыныстар беріңіз. •Қателіктері туралы төмендегіде й пункттер бойынша ақпарат бере аласыз: •орналасуы; •қателерінің түрі; •қателерді жөндеу үшін жасалатын әрекеттер. Оқушының жауабына берілетін кері байланысыңыз да мысқылдайтын , сынайтын тұрғыдағы «орынсыз жауап», «бұлай ойлауға қандай қақың бар» және т.б. жағымсыз сөздерді, сөз тіркестерін қолданудан сақтаныңыз. Мұндай сөз тіркестері оқушының намысына тиеді.
13 слайд
Кері байланысты ұсынғанда мынандай ережелерді ұстанған дұрыс:
Позитивті болу.
Талданып жатқан әрекеттің жағымды, ұтымды жақтарын көруді ұмтылу қажет. Тіпті адамның
мақтайтындай қасиеті болмаса, онда оның ниеті мен ынтасын жағымды деп тану керек. Ұсыныс
жасағанда жұмысты жақсартатын мәселелерге тоқтаған дұрыс. Әңгімені өзгені жақтыру және
сыйлау тұрғысынан жүргізу керек.
Бағалаушы болмау.
“Адамның басқа адамдардан айырмашылығы-олардың ұқсамайтындығында” деген қағиданы
ұстанған орынды, яғни біз басқалардан артық та, кем де емеспіз, тек өзгешеміз. Кері байланыста
сол себепті өзімізді жоғары да, төмен де қоймау керек, тек өз ойымызбен түсінгенімізді келтіру
қажет.
Кеңес бермеу, үйретпеу, тек ұсыныс жасау.
Кері байланыс берушінің сөйлеу интонациясы сұраулы, ал ең жиі қайталайтын сөзі “Мүмкін”
болуы керек болар, яғни ол ылғи да кері байланыс алушының пікірін сұрап, онымен ақылдасып
тұрғандай болады: “Мүмкін былай жасау керек шығар?”
Ынталандыруға ұмтылу.
Сыпайы болу.
Адамды жекімей, ұрыспай, дөрекі сөйлемей, ренжітпеуге тырысу керек, өйтпеген жағдайда
оның кері байланысты ризашылықпен қабылдап, өз әрекеттеріне соны өзгерістер енгізетіндігі
екіталай.
Көмектесу, жәрдем беру.
Тең ұстау.
Біреудің екіншіден жоғары тұруы кері байланыстың нәтижелі болатындығына нұқсан болады.
Сәттілікке бағыттау.
13 слайд
Кері байланысты ұсынғанда мынандай ережелерді ұстанған дұрыс: Позитивті болу. Талданып жатқан әрекеттің жағымды, ұтымды жақтарын көруді ұмтылу қажет. Тіпті адамның мақтайтындай қасиеті болмаса, онда оның ниеті мен ынтасын жағымды деп тану керек. Ұсыныс жасағанда жұмысты жақсартатын мәселелерге тоқтаған дұрыс. Әңгімені өзгені жақтыру және сыйлау тұрғысынан жүргізу керек. Бағалаушы болмау. “Адамның басқа адамдардан айырмашылығы-олардың ұқсамайтындығында” деген қағиданы ұстанған орынды, яғни біз басқалардан артық та, кем де емеспіз, тек өзгешеміз. Кері байланыста сол себепті өзімізді жоғары да, төмен де қоймау керек, тек өз ойымызбен түсінгенімізді келтіру қажет. Кеңес бермеу, үйретпеу, тек ұсыныс жасау. Кері байланыс берушінің сөйлеу интонациясы сұраулы, ал ең жиі қайталайтын сөзі “Мүмкін” болуы керек болар, яғни ол ылғи да кері байланыс алушының пікірін сұрап, онымен ақылдасып тұрғандай болады: “Мүмкін былай жасау керек шығар?” Ынталандыруға ұмтылу. Сыпайы болу. Адамды жекімей, ұрыспай, дөрекі сөйлемей, ренжітпеуге тырысу керек, өйтпеген жағдайда оның кері байланысты ризашылықпен қабылдап, өз әрекеттеріне соны өзгерістер енгізетіндігі екіталай. Көмектесу, жәрдем беру. Тең ұстау. Біреудің екіншіден жоғары тұруы кері байланыстың нәтижелі болатындығына нұқсан болады. Сәттілікке бағыттау.
14 слайд
Кері байланыс арқылы
Оқушы өзінің оқудағы кемшіліктерін түсінуге
көмектесетін мәліметтер мен алға жылжуға нақты
нұсқаулар алады.
Мұғалім оқытудағы жіберілген олқылықтар және
өзінің әрекетіне, қызметіне (жаңа әдіс-тәсілдер,
оқыту техникалары, сабақта уақытты тиімді
пайдалану т.б.) өзгерістер енгізуге көмектесетін
мәліметтер алады.
Оқушыларға жиі және маңызды кері байланыс
ұсынылған жағдайда оқыту тиімді болады.
14 слайд
Кері байланыс арқылы Оқушы өзінің оқудағы кемшіліктерін түсінуге көмектесетін мәліметтер мен алға жылжуға нақты нұсқаулар алады. Мұғалім оқытудағы жіберілген олқылықтар және өзінің әрекетіне, қызметіне (жаңа әдіс-тәсілдер, оқыту техникалары, сабақта уақытты тиімді пайдалану т.б.) өзгерістер енгізуге көмектесетін мәліметтер алады. Оқушыларға жиі және маңызды кері байланыс ұсынылған жағдайда оқыту тиімді болады.
15 слайд
Кері байланыстың түрлері, формалары
мен әдістері
Кері байланыс ауызша немесе жазбаша түрде
жүргізіледі
КБ түрлері: жағымды және жағымсыз
КБ формалары мен әдістері өте көп: ауызша талдау,
талқылау, жазбаша сауалнамалар алу, графикалық
суреттер, смайликтер, оқушының бойында, ішкі
дүниесінде болып жатқан өзгерістерді рөлдік
ойындар арқылу сезінуі (жаңа білім алу, өзін-өзі
таныту, көңіл-күйі, белсенділік немесе селқостық
таныту деңгейі)
15 слайд
Кері байланыстың түрлері, формалары мен әдістері Кері байланыс ауызша немесе жазбаша түрде жүргізіледі КБ түрлері: жағымды және жағымсыз КБ формалары мен әдістері өте көп: ауызша талдау, талқылау, жазбаша сауалнамалар алу, графикалық суреттер, смайликтер, оқушының бойында, ішкі дүниесінде болып жатқан өзгерістерді рөлдік ойындар арқылу сезінуі (жаңа білім алу, өзін-өзі таныту, көңіл-күйі, белсенділік немесе селқостық таныту деңгейі)
16 слайд
Жақсы кері байланыс
Оқу мақсаттарына бағытталады
Оқушылар дұрыс бағытта екенін біледі
Оқушыларды қателерді түзеп, өз жұмыстарын
жақсартуға ынталандырады
Оқушыларға өз бетінше ойлануына, жауап беруге
мүмкіндік береді
Бірнеше қадамнан кейінгі ілгерілеу туралы
хабардар етеді
Басқа оқушылармен салыстыруды болдырмайды
16 слайд
Жақсы кері байланыс Оқу мақсаттарына бағытталады Оқушылар дұрыс бағытта екенін біледі Оқушыларды қателерді түзеп, өз жұмыстарын жақсартуға ынталандырады Оқушыларға өз бетінше ойлануына, жауап беруге мүмкіндік береді Бірнеше қадамнан кейінгі ілгерілеу туралы хабардар етеді Басқа оқушылармен салыстыруды болдырмайды
17 слайд
Сабақ аяқталған соң (мақсатыңа жеткен,
жетпегеніңді кері байланыс арқылы білесің)
Кері байланыс: Рефлексия арқылы тақырыпты әр
баланың қаншалықты түсінгенін білесің.
Сабақты талдау жүзеге асады.
Не сәтті өтті? Неліктен?
Не сәтсіз өтті? Неліктен?
Сабақта кездескен қиындықтарды жеңу үшін не
істеймін?
Сол талдау арқылы қайтадан кері мақсат
құрылады
17 слайд
Сабақ аяқталған соң (мақсатыңа жеткен, жетпегеніңді кері байланыс арқылы білесің) Кері байланыс: Рефлексия арқылы тақырыпты әр баланың қаншалықты түсінгенін білесің. Сабақты талдау жүзеге асады. Не сәтті өтті? Неліктен? Не сәтсіз өтті? Неліктен? Сабақта кездескен қиындықтарды жеңу үшін не істеймін? Сол талдау арқылы қайтадан кері мақсат құрылады
18 слайд
Кері байланыс техникалары:
Жазбаша түсінік беру
Бақылау
Сұрақ-жауап /Блиц-сұрақтар/
Жаппай /фронтальді сұрау/
Сұрақтар
Кері байланыс күнделігі
Өзін-өзі бақлау дәптері
Бір минуттық эссе
Мини-тест
Екі жұлдыз бір тілек
Қалыптастырушы тест т.б.
18 слайд
Кері байланыс техникалары: Жазбаша түсінік беру Бақылау Сұрақ-жауап /Блиц-сұрақтар/ Жаппай /фронтальді сұрау/ Сұрақтар Кері байланыс күнделігі Өзін-өзі бақлау дәптері Бір минуттық эссе Мини-тест Екі жұлдыз бір тілек Қалыптастырушы тест т.б.
19 слайд
“Кері байланыс күнделігі”
Сабақтың соңында мұғалім оқушылардан төмендегі
екі сұраққа жауап берулерін ұсынады:
1. Мен сабақтың тақырыбын _________түсіндім, оны
________орындай аламын.
2. Мен______________ түсінбедім, маған ең қиыны
_____________болды.
19 слайд
“Кері байланыс күнделігі” Сабақтың соңында мұғалім оқушылардан төмендегі екі сұраққа жауап берулерін ұсынады: 1. Мен сабақтың тақырыбын _________түсіндім, оны ________орындай аламын. 2. Мен______________ түсінбедім, маған ең қиыны _____________болды.
20 слайд
Өзін-өзі бағалау
Бағдаршам:
Мен тақырыпты /сабақты/ түсінбедім, сондықтан
сұрақтарға жауап бере алмадым.
Мен тақырыпты /сабақты/ толық түсіне алмадым,
сұрақтарға жауап беру үшін мен қайта оқып
шығуым керек.
Мен бәрін түсіндім, сондықтан барлық сұрақтарға
дұрыс жауап бердім.
20 слайд
Өзін-өзі бағалау Бағдаршам: Мен тақырыпты /сабақты/ түсінбедім, сондықтан сұрақтарға жауап бере алмадым. Мен тақырыпты /сабақты/ толық түсіне алмадым, сұрақтарға жауап беру үшін мен қайта оқып шығуым керек. Мен бәрін түсіндім, сондықтан барлық сұрақтарға дұрыс жауап бердім.
21 слайд
“Бестік” кері байланыс
Қағаздың бетіне өз қолыңыздың саусақтарын
айналдыра сызасыздар.
Әр саусақтың –өзінің орны /позициясы/ бар, солар
бойынша өз ойларыңызды айтасыздар.
Бас бақмақ-мен үшін тақырып маңызды және қызық
болды.
Сұқ саусақ-маған қиын болды.
Ортаншы саусақ- маған жеткілікті болмады.
Төртінші саусақ- менің көңіл күйім.
Бесінші саусақ- менің ұсынысым.
21 слайд
“Бестік” кері байланыс Қағаздың бетіне өз қолыңыздың саусақтарын айналдыра сызасыздар. Әр саусақтың –өзінің орны /позициясы/ бар, солар бойынша өз ойларыңызды айтасыздар. Бас бақмақ-мен үшін тақырып маңызды және қызық болды. Сұқ саусақ-маған қиын болды. Ортаншы саусақ- маған жеткілікті болмады. Төртінші саусақ- менің көңіл күйім. Бесінші саусақ- менің ұсынысым.
22 слайд
22 слайд
23 слайд
Бас бармақ – Білетінім
Сұқ саусақ – Білгенім
Ортаңғы саусақ– Әлі де білгім
келеді
Аты жоқ – Мен үшін жаңа
ақпарат
Шынашақ – Мені таңқалдырды
«БЕС САУСАҚ»
23 слайд
Бас бармақ – Білетінім Сұқ саусақ – Білгенім Ортаңғы саусақ– Әлі де білгім келеді Аты жоқ – Мен үшін жаңа ақпарат Шынашақ – Мені таңқалдырды «БЕС САУСАҚ»
24 слайд
24 слайд
25 слайд
25 слайд
26 слайд
«ҚОСУ, АЛУ , ҚЫЗЫҚТЫ»
«ҚОСУ - ОҢ ӘСЕР ЕТКЕН ФАКТІЛЕРДІ,
АЛҒАН, БІЛІМДЕРІ ЖАЙЛЫ ЖАЗАДЫ.
«АЛУ» - “ҚОЛЫМНАН КЕЛМЕЙ ЖАТЫР”
НЕМЕСЕ “ ТҮСІНІКСІЗ БОЛЫП ТҰР ” ДЕГЕН
ОЙЛАРЫН ЖАЗАДЫ.
«ҚЫЗЫҚТЫ »- ДЕГЕН БАҒАНҒА ӨЗДЕРІНЕ НЕ
ҚЫЗЫҚТЫ БОЛДЫ СОНЫ ЖАЗАДЫ, НЕМЕСЕ
НЕ ЖАЙЫНДА КӨБІРЕК БІЛГІСІ КЕЛЕДІ,
СОНЫ ЖАЗАДЫ.
26 слайд
«ҚОСУ, АЛУ , ҚЫЗЫҚТЫ» «ҚОСУ - ОҢ ӘСЕР ЕТКЕН ФАКТІЛЕРДІ, АЛҒАН, БІЛІМДЕРІ ЖАЙЛЫ ЖАЗАДЫ. «АЛУ» - “ҚОЛЫМНАН КЕЛМЕЙ ЖАТЫР” НЕМЕСЕ “ ТҮСІНІКСІЗ БОЛЫП ТҰР ” ДЕГЕН ОЙЛАРЫН ЖАЗАДЫ. «ҚЫЗЫҚТЫ »- ДЕГЕН БАҒАНҒА ӨЗДЕРІНЕ НЕ ҚЫЗЫҚТЫ БОЛДЫ СОНЫ ЖАЗАДЫ, НЕМЕСЕ НЕ ЖАЙЫНДА КӨБІРЕК БІЛГІСІ КЕЛЕДІ, СОНЫ ЖАЗАДЫ.
27 слайд
“АЯҚТ...
27 слайд
“АЯҚТ...