Сөз тіркесі сөздердің байланысу тәсілдері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Орындаған:Адилханова Г.Қ.
Тақырыбы:Сөз тіркесі, сөздердің байланысу
тәсілдері мен формалары
1 слайд
Орындаған:Адилханова Г.Қ. Тақырыбы:Сөз тіркесі, сөздердің байланысу тәсілдері мен формалары
2 слайд
Жоспар
1.Грамматикалық құрылыстың өзінше
дербестігі, ерекшеліктері
2. Сөз тіркесі дегеніміз не?
3. Сөз бен сөзді байланыстыруға дәнекер
болатын негізгі тәсілдер
4.Сөздің байланысу формалар
2 слайд
Жоспар 1.Грамматикалық құрылыстың өзінше дербестігі, ерекшеліктері 2. Сөз тіркесі дегеніміз не? 3. Сөз бен сөзді байланыстыруға дәнекер болатын негізгі тәсілдер 4.Сөздің байланысу формалар
3 слайд
Грамматикалық құрылыстың өзінше дербестігі, ерекшеліктері бар
топтарын -грамматикалық единицалар – тұтастықтар дейміз. Солардың басты
топтары – сөз тіркесі, сөйлем. Бұлардың әрқайсысы әр алуан бөлшек-
бөлімдерден құралғанмен, бәріне тән, бәріне ортақ белгілеріне қарап, оларды
тұтасқан, тұтасып ұласқан бөлшектер тобы деп танимыз. Мысалы, сөздің
дыбыс құрылысы, лексикалық, грамматикалық мағыналары болады, сөз
тіркесінің құрамына еніп адамның ойын, сана-сезімін білдірудің бөлшектері
қызметін атқарады.
Осындай қарым-қатынасының нәтижесінде әрбір граммтикалық единицалар
тілдің қарым-қатынас жасау қызметіне ортақтасады. Сол үшін сөз сөз
тіркесінің құрамына, сөз тіркестері сөйлемнің құрамына еніп, ой, пікір
тұтастығын құрастыруға қатысады.
3 слайд
Грамматикалық құрылыстың өзінше дербестігі, ерекшеліктері бар топтарын -грамматикалық единицалар – тұтастықтар дейміз. Солардың басты топтары – сөз тіркесі, сөйлем. Бұлардың әрқайсысы әр алуан бөлшек- бөлімдерден құралғанмен, бәріне тән, бәріне ортақ белгілеріне қарап, оларды тұтасқан, тұтасып ұласқан бөлшектер тобы деп танимыз. Мысалы, сөздің дыбыс құрылысы, лексикалық, грамматикалық мағыналары болады, сөз тіркесінің құрамына еніп адамның ойын, сана-сезімін білдірудің бөлшектері қызметін атқарады. Осындай қарым-қатынасының нәтижесінде әрбір граммтикалық единицалар тілдің қарым-қатынас жасау қызметіне ортақтасады. Сол үшін сөз сөз тіркесінің құрамына, сөз тіркестері сөйлемнің құрамына еніп, ой, пікір тұтастығын құрастыруға қатысады.
4 слайд
Сөйтіп, сөз тіркесі дегеніміз сөз бен сөйлемнің арақатынасынан шығатын басты
синтаксистік единицаның бірі деп есептеледі.
Сөз тіркесі жөнінде пікірлердің қалыптасып дамығанына көп болған жоқ. Қазан
төңкерісіне дейінгі еңбектерде тек сөйлем мүшелерін, олардың байланысын, орын
тәртібін көбірек сөз қылады да, ал сөз тіркесіне байланысты мәселелер көп
қозғалмайды.
Орыс тілінде сөз тіркестерін (СТ) тұңғыш қолға алған
В.В.Виноградов СТ түрлері, байланысу формалары және
олардың құрылысы Тіл білімінің ең басты бөлімі екенін
айтады. Көптеген ғалымдар, В.В.Виноградов бас болып,
СТ номинативті, сөйлемді предикативті деп танитын
болды. Осылай СТ «номинатив» деп тану оны «сөз»
дегенмен бірдей деп санауға саятындықтан, оған
басқаша анықтама, сипаттама берушілер болды.
В.В.Виноградов
4 слайд
Сөйтіп, сөз тіркесі дегеніміз сөз бен сөйлемнің арақатынасынан шығатын басты синтаксистік единицаның бірі деп есептеледі. Сөз тіркесі жөнінде пікірлердің қалыптасып дамығанына көп болған жоқ. Қазан төңкерісіне дейінгі еңбектерде тек сөйлем мүшелерін, олардың байланысын, орын тәртібін көбірек сөз қылады да, ал сөз тіркесіне байланысты мәселелер көп қозғалмайды. Орыс тілінде сөз тіркестерін (СТ) тұңғыш қолға алған В.В.Виноградов СТ түрлері, байланысу формалары және олардың құрылысы Тіл білімінің ең басты бөлімі екенін айтады. Көптеген ғалымдар, В.В.Виноградов бас болып, СТ номинативті, сөйлемді предикативті деп танитын болды. Осылай СТ «номинатив» деп тану оны «сөз» дегенмен бірдей деп санауға саятындықтан, оған басқаша анықтама, сипаттама берушілер болды. В.В.Виноградов
5 слайд
Н.А.Баскаков екі синтаксистік
единицаларды (сөйлем мен сөз
тіркесін) қарама-қарсы екі түрлі
ойлау процесінің тілдегі көрінісі
деп табады: абстракциялау,
конкреттеу. Солардың бәрі өзара
тығыз байланыста, бірінсіз-бірі
бола бермейтін екі түрлі
синтаксистік тұтастықты екі бөліп
оқшаулауға лайықтанған
сипаттамалар.
Н.А.Баскаков
5 слайд
Н.А.Баскаков екі синтаксистік единицаларды (сөйлем мен сөз тіркесін) қарама-қарсы екі түрлі ойлау процесінің тілдегі көрінісі деп табады: абстракциялау, конкреттеу. Солардың бәрі өзара тығыз байланыста, бірінсіз-бірі бола бермейтін екі түрлі синтаксистік тұтастықты екі бөліп оқшаулауға лайықтанған сипаттамалар. Н.А.Баскаков
6 слайд
Сөз тіркестерін түгелдей номинативті деп
қарау дұрыс емес. Ондай сөз тіркестері тек
олардың жұмсалу орайында атқаратын
қызметі тұрғысынан номинативті (атауыш) деп
тануға болатындары бар. Мысалы, сөз
тіркестері құрылымында пайда болған
терминдік тұрақты атаулар (қант қызылшасы,
қызыл бұрыш, мал дәрігері т.б.).Осындай ауыс
мағыналы сөз тіркестерінен біріккен, кіріккен
күрделі сөздердің жасалуы олардың екінші рет
атауыш (вторичная номинация) дәрежесіне
көтерілуі болмақ (қолөнер, ашудас, кәсіподақ).
6 слайд
Сөз тіркестерін түгелдей номинативті деп қарау дұрыс емес. Ондай сөз тіркестері тек олардың жұмсалу орайында атқаратын қызметі тұрғысынан номинативті (атауыш) деп тануға болатындары бар. Мысалы, сөз тіркестері құрылымында пайда болған терминдік тұрақты атаулар (қант қызылшасы, қызыл бұрыш, мал дәрігері т.б.).Осындай ауыс мағыналы сөз тіркестерінен біріккен, кіріккен күрделі сөздердің жасалуы олардың екінші рет атауыш (вторичная номинация) дәрежесіне көтерілуі болмақ (қолөнер, ашудас, кәсіподақ).
7 слайд
Кейбір зерттеушілер есімдер тобын сөз тіркесі
деп танығанымен, олардың басты ерекшелігі
бір тұтастығы деп есептеді. Мысалы, француз
түркітанушысы Ж.Денидің ізімен
А.П.Поцелуевский былай дейді: «логикалық
және тұлғалық жақтан бір бүтін болып
есептелетін екі немесе одан да көп сөздер сөз
тіркесі деп аталады». Осылай сөз тіркесін жеке
сөзге балап бір бүтін дейтін себебі –тіркескен
сөздердің соңғылары септеледі де,
бағыныңқылары орыс тіліндегідей септелмейді.
Егер олай болса, лексикалық тіркестерді ғана
сөз тіркесі деп тануға болатын тәрізді. Бірақ
оның келтірген мысалдарында, сөз тіркестерін
топтастыруында ол байқалмайды.
А.П.Поцелуевский
7 слайд
Кейбір зерттеушілер есімдер тобын сөз тіркесі деп танығанымен, олардың басты ерекшелігі бір тұтастығы деп есептеді. Мысалы, француз түркітанушысы Ж.Денидің ізімен А.П.Поцелуевский былай дейді: «логикалық және тұлғалық жақтан бір бүтін болып есептелетін екі немесе одан да көп сөздер сөз тіркесі деп аталады». Осылай сөз тіркесін жеке сөзге балап бір бүтін дейтін себебі –тіркескен сөздердің соңғылары септеледі де, бағыныңқылары орыс тіліндегідей септелмейді. Егер олай болса, лексикалық тіркестерді ғана сөз тіркесі деп тануға болатын тәрізді. Бірақ оның келтірген мысалдарында, сөз тіркестерін топтастыруында ол байқалмайды. А.П.Поцелуевский
8 слайд
А.П.Поцелуевский сөз тіркестерін төмендегідей төрт
топқа бөлген
1) детерминативті;
2) салалас;
3)сабақтас;
4)сөйлем.
Бұл бөлістің қандай принципке негізделгенін түсіну қиын. Алайда
оның сөз тіркесі аясына әр алуан сөздер тобын тарту керек деген ойын
аңғаруға болады.
8 слайд
А.П.Поцелуевский сөз тіркестерін төмендегідей төрт топқа бөлген 1) детерминативті; 2) салалас; 3)сабақтас; 4)сөйлем. Бұл бөлістің қандай принципке негізделгенін түсіну қиын. Алайда оның сөз тіркесі аясына әр алуан сөздер тобын тарту керек деген ойын аңғаруға болады.
9 слайд
Н.К.Дмитриев сөз тіркесін сөйлемнен
айырып тану керектігіне ерекше көңіл
бөледі: «Сөз тіркесі де, сөйлем де бірнеше
сөздер тобынан тұрады. Алайда екеуін
біріктіретін принциптер мүлдем басқа.
Бастауыш пен баяндауыштық қатынаста
тұрмаған сөздер тобының бәрі сөз тіркесі
болып табылады». Соңғы пікірі біраз
дәлелдеуді қажет еткенмен, ғалымның сөз
тіркесін сөйлемнен айыру керек екенін
айтқанының үлкен мәні бар. Ол сөйлем
мен сөз тіркесін олардың білдіретін
мағыналарына қарап айыру керек екенін
уағыздайды.
Сөйлем байымдауды (суждение) білдіреді,
сөз тіркесі оны білдірмейді дейді.
9 слайд
Н.К.Дмитриев сөз тіркесін сөйлемнен айырып тану керектігіне ерекше көңіл бөледі: «Сөз тіркесі де, сөйлем де бірнеше сөздер тобынан тұрады. Алайда екеуін біріктіретін принциптер мүлдем басқа. Бастауыш пен баяндауыштық қатынаста тұрмаған сөздер тобының бәрі сөз тіркесі болып табылады». Соңғы пікірі біраз дәлелдеуді қажет еткенмен, ғалымның сөз тіркесін сөйлемнен айыру керек екенін айтқанының үлкен мәні бар. Ол сөйлем мен сөз тіркесін олардың білдіретін мағыналарына қарап айыру керек екенін уағыздайды. Сөйлем байымдауды (суждение) білдіреді, сөз тіркесі оны білдірмейді дейді.
10 слайд
Мұндай пікір Н.А.Баскаков
мақалаларында да бар. Бұл пікірді
құптауға болмайды, өйткені
байымдау, біріншіден, грамматикалық
категорияларға тән ұғым емес, логика
ғылымына тән. Екіншіден, сөз тіркесі
болып есептелетін синтаксистік
топтар сөйлем сияқты кісінің ойын
білдірудің, қарым-қатынас жасаудың
да формасы болуы мүмкін екенін
жоққа шығаруға болмайды.
Сөз тіркестері мен сөйлемнің бір емес
екенін мағыналарына қарап та,
әлгіндей тұлғалық дәйекші қою
арқылы да айыру мүмкін емес. Сөздер
тобын сөз тіркесі деп те, сөйлем деп
те тануға болатын орайы бар.
Н.К.Дмитриев те, Н.А.Баскаков та
«атрибуттық» топтарды ғана (жазық
дала) сөз тіркесі деп қарастырады.
Н.А.Баскаков «атрибуттық» сөз тіркесі
дегенді кең түрде түсінеді. Сонда
анықтауыштық, пысықтауыштық,
толықтауыштық қатынастағы сөздер
тобы байымдауды білдірмесе, сөз
тіркесі деп таниды да, білдірсе, сөйлем
деп таниды.
10 слайд
Мұндай пікір Н.А.Баскаков мақалаларында да бар. Бұл пікірді құптауға болмайды, өйткені байымдау, біріншіден, грамматикалық категорияларға тән ұғым емес, логика ғылымына тән. Екіншіден, сөз тіркесі болып есептелетін синтаксистік топтар сөйлем сияқты кісінің ойын білдірудің, қарым-қатынас жасаудың да формасы болуы мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды. Сөз тіркестері мен сөйлемнің бір емес екенін мағыналарына қарап та, әлгіндей тұлғалық дәйекші қою арқылы да айыру мүмкін емес. Сөздер тобын сөз тіркесі деп те, сөйлем деп те тануға болатын орайы бар. Н.К.Дмитриев те, Н.А.Баскаков та «атрибуттық» топтарды ғана (жазық дала) сөз тіркесі деп қарастырады. Н.А.Баскаков «атрибуттық» сөз тіркесі дегенді кең түрде түсінеді. Сонда анықтауыштық, пысықтауыштық, толықтауыштық қатынастағы сөздер тобы байымдауды білдірмесе, сөз тіркесі деп таниды да, білдірсе, сөйлем деп таниды.
11 слайд
Түркі тілдерін зерттеушілердің ішінде сөз
тіркесін жан-жақты зерттеудің объектісі еткен кісінің
бірі –Е.И.Убрятова. Ол «Исследования по
синтаксису якутского языка» деген еңбегінде сөз
тіркестерінің түрлерін синтаксистік байланыс
формаларының ізімен қарастырады: сөйте тұрып, сөз
тіркесін «бір бүтін мағыналық единица» деп танып,
екінші жағынан сөз тіркестерін «предикативті»,
«предикативті емес» деген тұрғыдан да қарастырады.
Е.И. Убрятова да сөз тіркестерін сөйлем мүшелері мен сөз
таптарының басын біріктіріп жан-жақты қарастыруды көздеген.
Сондықтан оның зерттеуінде сөз тіркесіне бай материалдар
негізінде жасалған дұрыс қортындыларымен қатар лексикаға және
сөйлем синтаксисіне тән мәселелерді олармен араластырып алған
жайлары да бар.
11 слайд
Түркі тілдерін зерттеушілердің ішінде сөз тіркесін жан-жақты зерттеудің объектісі еткен кісінің бірі –Е.И.Убрятова. Ол «Исследования по синтаксису якутского языка» деген еңбегінде сөз тіркестерінің түрлерін синтаксистік байланыс формаларының ізімен қарастырады: сөйте тұрып, сөз тіркесін «бір бүтін мағыналық единица» деп танып, екінші жағынан сөз тіркестерін «предикативті», «предикативті емес» деген тұрғыдан да қарастырады. Е.И. Убрятова да сөз тіркестерін сөйлем мүшелері мен сөз таптарының басын біріктіріп жан-жақты қарастыруды көздеген. Сондықтан оның зерттеуінде сөз тіркесіне бай материалдар негізінде жасалған дұрыс қортындыларымен қатар лексикаға және сөйлем синтаксисіне тән мәселелерді олармен араластырып алған жайлары да бар.
12 слайд
Сөз тіркесіне, сөйлемге материалдық негіз болатын –сөз. Сөз тіл
білімінде лексикология мен семасиологияның зерттеу объектісі болумен
қатар, грамматикада да әр түрлі ыңғайда қарастырылады. Сөздердің
құрамы, тұлғасы, жасалу жолдары, олардың грамматикалық мағыналы
топтары морфологияда қаралады.
Сөз, негізінде, дараланған ұғымды, лексика-грамматикалық мағынаны
білдіреді. Олар мағыналық үйлесімділігіне қарай тілдің синтаксистік
ережелері негізінде әр алуан лексикалық және синтаксистік топ құрау
арқылы сөйлем ішінде айтылады. Қарым-қатынас жасау үшін ойды
айтудың негізгі формасы сөйлем болса, сөзді сөйлем құраудың
материалы деп білеміз. Сондықтан сөз –ой құраудың арқауы. Сөздер
қажеттіктен өзара тіркеседі, тіркесу арқылы сөйлемге енеді. Осыдан
келіп сөздердің өзара тіркесе алу қабілеттілігі олардың ең басты
грамматикалық қасиетінің бірі болып есептеледі.
12 слайд
Сөз тіркесіне, сөйлемге материалдық негіз болатын –сөз. Сөз тіл білімінде лексикология мен семасиологияның зерттеу объектісі болумен қатар, грамматикада да әр түрлі ыңғайда қарастырылады. Сөздердің құрамы, тұлғасы, жасалу жолдары, олардың грамматикалық мағыналы топтары морфологияда қаралады. Сөз, негізінде, дараланған ұғымды, лексика-грамматикалық мағынаны білдіреді. Олар мағыналық үйлесімділігіне қарай тілдің синтаксистік ережелері негізінде әр алуан лексикалық және синтаксистік топ құрау арқылы сөйлем ішінде айтылады. Қарым-қатынас жасау үшін ойды айтудың негізгі формасы сөйлем болса, сөзді сөйлем құраудың материалы деп білеміз. Сондықтан сөз –ой құраудың арқауы. Сөздер қажеттіктен өзара тіркеседі, тіркесу арқылы сөйлемге енеді. Осыдан келіп сөздердің өзара тіркесе алу қабілеттілігі олардың ең басты грамматикалық қасиетінің бірі болып есептеледі.
13 слайд
Сөз тіркесіне тән белгілер:
Сөз тіркесінің құрамында кемінде толық мағыналы екі сөз
болады;
Ол сөздердің бірі екіншісімен сабақтаса, мағыналық және
синтаксистік байланыста айтылады. Олар салаласа
байланыспайды,. тек сабақтаса байланысады.
Тіркескен сөздер анықтауыштық, толықтауыштық,
пысықтауыштық қатынаста жұмсалады.
Сөйтіп, синтаксистік қарым-қатынасты білдіру үшін кемінде толық
мағыналы екі сөздің сабақтаса байланысқан тобын сөз тіркесі
дейміз.
13 слайд
Сөз тіркесіне тән белгілер: Сөз тіркесінің құрамында кемінде толық мағыналы екі сөз болады; Ол сөздердің бірі екіншісімен сабақтаса, мағыналық және синтаксистік байланыста айтылады. Олар салаласа байланыспайды,. тек сабақтаса байланысады. Тіркескен сөздер анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық қатынаста жұмсалады. Сөйтіп, синтаксистік қарым-қатынасты білдіру үшін кемінде толық мағыналы екі сөздің сабақтаса байланысқан тобын сөз тіркесі дейміз.
14 слайд
2.Сөз бен сөзді байланыстыруға дәнекер болатын
негізгі тәсілдер:
1)Жалғаулар (септік, тәуелдік, көптік, жіктік):
кітаптың беті, қаладан келді т.б.
3)Сөздердің орын тәртібі: биік үй, қалың орман т.б.
2) Шылаулар(демеуліктер, жалғаулықтар): адам үшін,
көрген сайын т.б.
4)Интонация: Бұл –кітап, Асан –студент т.б.
14 слайд
2.Сөз бен сөзді байланыстыруға дәнекер болатын негізгі тәсілдер: 1)Жалғаулар (септік, тәуелдік, көптік, жіктік): кітаптың беті, қаладан келді т.б. 3)Сөздердің орын тәртібі: биік үй, қалың орман т.б. 2) Шылаулар(демеуліктер, жалғаулықтар): адам үшін, көрген сайын т.б. 4)Интонация: Бұл –кітап, Асан –студент т.б.
15 слайд
СТ сөздердің қосымшалар арқылы
байланысуы –синтетикалық
байланыс, қосымшаларсыз орын
тәртібі, интонация, шылаулар арқылы
байланысуы аналитикалық байланыс
болады.
15 слайд
СТ сөздердің қосымшалар арқылы байланысуы –синтетикалық байланыс, қосымшаларсыз орын тәртібі, интонация, шылаулар арқылы байланысуы аналитикалық байланыс болады.
16 слайд
Сөздердің өзара байланысу тәсілдері негізінде қалыптасқан
синтаксистік байланыс жүйесін сөздердің байланысу
формалары дейміз. Қазақ тіліндегі сөздердің байланысу
формалары:
Қиысу –бастауыш пен баяндауыштың грамматикалық
тұлғасына не грамматикалық мағынасына қарай тұлғалануы: мен
келдім, сен айттың т.б.
Матасу –бағыныңқы мен басыңқының бірі ілік жалғауында,
бірі тәуелдік формасында тұрып байланысуы: менің анам,
ағаштың жапырағы т.б.
Меңгеру –бағыныңқы сөздің басыңқымен мағыналық үйлесімі
негізінде іліктен басқа септік жалғауларының бірінде тұрып
байланысуы: есікті ашты, маған келді т.б.
Қабысу –бағыныңқының басыңқымен жалғаусыз, қатар тұру
арқылы байланысуы, ал енді бір қабыса байланысатын сөздер
сөйлемдегі орнын өзгертіп, өздері бағындыратын сөздерінен
қашықтап тұрады. Бұл жанасуға жатады.
16 слайд
Сөздердің өзара байланысу тәсілдері негізінде қалыптасқан синтаксистік байланыс жүйесін сөздердің байланысу формалары дейміз. Қазақ тіліндегі сөздердің байланысу формалары: Қиысу –бастауыш пен баяндауыштың грамматикалық тұлғасына не грамматикалық мағынасына қарай тұлғалануы: мен келдім, сен айттың т.б. Матасу –бағыныңқы мен басыңқының бірі ілік жалғауында, бірі тәуелдік формасында тұрып байланысуы: менің анам, ағаштың жапырағы т.б. Меңгеру –бағыныңқы сөздің басыңқымен мағыналық үйлесімі негізінде іліктен басқа септік жалғауларының бірінде тұрып байланысуы: есікті ашты, маған келді т.б. Қабысу –бағыныңқының басыңқымен жалғаусыз, қатар тұру арқылы байланысуы, ал енді бір қабыса байланысатын сөздер сөйлемдегі орнын өзгертіп, өздері бағындыратын сөздерінен қашықтап тұрады. Бұл жанасуға жатады.
17 слайд
3. Сөздер синтаксистік топ құрап сөз тіркесі болғанда, олардың
құрамына әр алуан сөздер енеді. Олар түрлі морфологиялық тұлғаларда
айтылады. Сөздердің ол тұлғалары, лексика-грамматикалық мағыналары
тіркескен сөздердің қарым-қатынасына үйлесімді айтылады.
Өзара мағыналық байланыста айтыла алатын сөздер ғана синтаксистік
байланыста, белгілі сөз тіркесінің құрамында айтылады. Олай болмаған
жағдайда стильдік қате болып есептеледі.
Көркем әдебиетте бір
затқа тән қасиетті
басқа затқа телу
арқылы сөз кестелерін
әшекейлеуге болады:
Асау терек долданып,
буырқанып... (Абай).
Мұндай тіркестер
метафоралық
тіркестер деп
аталады.
Енді бір тіркестер
құрамы
мызғымайтын
берік болады:
жүрегі шайылу,
көз қырын салу
т.б. Мұндай
тіркестерді
тұрақты
тіркестер дейміз.
Сөз тіркесінің
құрамы көбінесе
еркін болады:
жақсы кісі, жақсы
ат, жақсы кітап
т.б. Осылардай
құрамын өзгертіп
айтуға болатын
тіркестерді еркін
тіркестер
дейміз.
17 слайд
3. Сөздер синтаксистік топ құрап сөз тіркесі болғанда, олардың құрамына әр алуан сөздер енеді. Олар түрлі морфологиялық тұлғаларда айтылады. Сөздердің ол тұлғалары, лексика-грамматикалық мағыналары тіркескен сөздердің қарым-қатынасына үйлесімді айтылады. Өзара мағыналық байланыста айтыла алатын сөздер ғана синтаксистік байланыста, белгілі сөз тіркесінің құрамында айтылады. Олай болмаған жағдайда стильдік қате болып есептеледі. Көркем әдебиетте бір затқа тән қасиетті басқа затқа телу арқылы сөз кестелерін әшекейлеуге болады: Асау терек долданып, буырқанып... (Абай). Мұндай тіркестер метафоралық тіркестер деп аталады. Енді бір тіркестер құрамы мызғымайтын берік болады: жүрегі шайылу, көз қырын салу т.б. Мұндай тіркестерді тұрақты тіркестер дейміз. Сөз тіркесінің құрамы көбінесе еркін болады: жақсы кісі, жақсы ат, жақсы кітап т.б. Осылардай құрамын өзгертіп айтуға болатын тіркестерді еркін тіркестер дейміз.
18 слайд
Өзара тіркескен сөздің бірі екіншісін өзіне бағындырып тұрады.
Сондықтан сөз тіркестері сабақтаса байланысқан екі сыңардан тұрады:
бірі сөз тіркесінің ұйытқы бөлігі, сөз тіркесінің грамматикалық діңгегі –
оның басыңқы сыңары, екіншісі –оған қатысты және тәуелді бөлігі –
бағыныңқы сыңары. Мысалы: жаздың (бағыныңқы) көркі (басыңқы).
Сөз тіркесі толық мағыналы екі сөзден құралған жай болады немесе
оның бір сыңары кейде екеуі де сөз тіркесінің құрамында күрделі
сөздер және басқа түйдекті тіркестер болады. Түйдекті тіркестер
дегеніміз - өзара байланыста тұрып, тобымен сөз тіркесінің құрамына
енетін, яғни лексика-грамматикалық топ болып, сөз тіркесінің бір
сыңары қызметінде жұмсалатын тіркестер. Оларға күрделі
етістіктер тобы (жүріп келе жатыр), есім мен көмекші етістіктер
тобы ( жол жүру, қол қою), қосарлы есімдер тобы (жылдан-жылға,
ыдыс-аяқ), күрделі есімдер тобы (арбаның қасы), тұрақты тіркестер
тобы (үрейі ұшу, есі тану) кіреді.
18 слайд
Өзара тіркескен сөздің бірі екіншісін өзіне бағындырып тұрады. Сондықтан сөз тіркестері сабақтаса байланысқан екі сыңардан тұрады: бірі сөз тіркесінің ұйытқы бөлігі, сөз тіркесінің грамматикалық діңгегі – оның басыңқы сыңары, екіншісі –оған қатысты және тәуелді бөлігі – бағыныңқы сыңары. Мысалы: жаздың (бағыныңқы) көркі (басыңқы). Сөз тіркесі толық мағыналы екі сөзден құралған жай болады немесе оның бір сыңары кейде екеуі де сөз тіркесінің құрамында күрделі сөздер және басқа түйдекті тіркестер болады. Түйдекті тіркестер дегеніміз - өзара байланыста тұрып, тобымен сөз тіркесінің құрамына енетін, яғни лексика-грамматикалық топ болып, сөз тіркесінің бір сыңары қызметінде жұмсалатын тіркестер. Оларға күрделі етістіктер тобы (жүріп келе жатыр), есім мен көмекші етістіктер тобы ( жол жүру, қол қою), қосарлы есімдер тобы (жылдан-жылға, ыдыс-аяқ), күрделі есімдер тобы (арбаның қасы), тұрақты тіркестер тобы (үрейі ұшу, есі тану) кіреді.
19 слайд
1)СТ тізбектеліп, ондағы сөздер біріне-бірі сатылана
байланысады: Азамат кең бөлменің ортасында отыр екен
дегенде, кең сөзі бөлме сөзіне бағынып, бір тіркес, бөлменің
сөзі ортасы дегенмен байланысып, екінші тіркес, ал
ортасында сөзі отыр екен етістігімен тіркескен.
2) Кейде СТ құрамындағы бірнеше бағыныңқылар бір
басыңқыға ортақтасып тұрады. Кеше мектепте
ұстазыммен кездестім деген сөйлемде мынадай тіркестер
бар: кеше кездестім, мектепте кездестім, ұстазыммен
кездестім.
Сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары қара сөзден құралған
сөйлемдерде басыңқыдан бұрын тұрады, өлеңде керісінше
орналасуы мүмкін.
Сөйлем ішінде СТ екі түрлі ыңғайда
құралады:
19 слайд
1)СТ тізбектеліп, ондағы сөздер біріне-бірі сатылана байланысады: Азамат кең бөлменің ортасында отыр екен дегенде, кең сөзі бөлме сөзіне бағынып, бір тіркес, бөлменің сөзі ортасы дегенмен байланысып, екінші тіркес, ал ортасында сөзі отыр екен етістігімен тіркескен. 2) Кейде СТ құрамындағы бірнеше бағыныңқылар бір басыңқыға ортақтасып тұрады. Кеше мектепте ұстазыммен кездестім деген сөйлемде мынадай тіркестер бар: кеше кездестім, мектепте кездестім, ұстазыммен кездестім. Сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары қара сөзден құралған сөйлемдерде басыңқыдан бұрын тұрады, өлеңде керісінше орналасуы мүмкін. Сөйлем ішінде СТ екі түрлі ыңғайда құралады: