Материалдар / Тіл кемістігінің түрлері және түзету жолдары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тіл кемістігінің түрлері және түзету жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіл кемістгі бар балаларға арналған түзету жұмыстары туралы баяндама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Сәуір 2019
590
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Жалпы тіл кемістігі Жалпы тіл кемістігі – есту қабілеті мен ой – өрісі әдеттегідей дамыған балалардың дыбыс

1 слайд
Жалпы тіл кемістігі Жалпы тіл кемістігі – есту қабілеті мен ой – өрісі әдеттегідей дамыған балалардың дыбыстық,мағыналық жағына қатысты сөйлеу тілі құрамының компоненттерінің бұзылуынан болатын әртүрлі күрделі тіл кемістіктері. Дыбыстарды бұзып айтуын, фонематикалық есту қабілетінің дамымауы, сөздік қоры мен грамматикалық сөйлем құрылысының артта қалуы жалпы тілі дамымаған балалардың барлығына тән кемшілік.

І-деңгей Сөйлеу тілі дамуының бірінші деңгейінде тілдің мүлде қалыптаспауы жатады. Ондайларды мақау балалар дейді. Бұл деңгейде

2 слайд
І-деңгей Сөйлеу тілі дамуының бірінші деңгейінде тілдің мүлде қалыптаспауы жатады. Ондайларды мақау балалар дейді. Бұл деңгейдегі балалардың кісімен тілдескенде анық байқалатын тіл кемістіктері мынандай болып келеді: былдырлап сөйлеседі, жеке дыбыстарға еліктейді, жекелеген зат есімдік сөздермен күнделікті тұрмыста айтылып жүрген етістік сөздерді пайдаланады, сөйлемді былдырлап мүлде түсініксіз етіп үзіп-үзіп айтады, сөйлемде дыбыстар анықталмайды, әрі тұрақсыз, құбылмалы келеді. Олар айтайын деген ойын қолдарын ербеңдету арқылы бет аузын қисаңдатып, ымдап түсіндіруге тырасады. Сөздік қоры шамадан тыс шектелген бұндай балалар заттардың және қимыл-іс әрекеттердің сыртқы түрлеріне немесе олардан шығатын дыбыстардың ұқсастығына қарап өздерінің былдырлаған тілімен барлығына бір сөзбен ат қойып алып түсіндіреді. Мыс: «дөдөт»- машина, «әу-әу»-күшік,ит. Сөйлеу мүмкіндігі төмен баланың өмірден алған тәжірибесі аз және айналасындағы өмір тіршілігі туралы мағлұматы жеткіліксіз болып келеді. Дыбыстардың қолданылуы тұрақсыз, құбылмалы келеді. Мыс: жұмыртқа -ұтқа, домбыра-дома. Бұл деңгейдегі балалар дыбыстың талдау жолын түсінбейді. Сөйтіп, жалпы тіл кемістігінің бірінші деңгейін былай қорытындылауға болады: 1. Сөздік қоры жоқтың қасы. Ол былдырлап түсініксіз айтылған сөздерден, басқа дауысқа еліктеген дыбыстардан күнделікті қолданылатын кейбір оңай сөздерден тұрады. 2. Сөз түсінігі тым таяз. Мыс: «Қолыңды қалтаңа сал» деген бұйрықты бала дұрыс орындауы мүмкін, «қалтаңды көрсет» дегенде ол көрсете алмайды. Өйткені ол қалта деген сөздің мағынасын түсінбейді. Байланыстырып сөйлеу қабілеті мүлдем дамымаған. 3. Сөздің, дыбыстың, буынның құрамын сақтап қайталау қабілеті дамымаған.

ІІ-деңгей Сөйлеу тілі дамуының екінші деңгейіне ауысудың белгісі сол, онда ымдау мен былдыр сөздерден басқа бұрмаларған бол да

3 слайд
ІІ-деңгей Сөйлеу тілі дамуының екінші деңгейіне ауысудың белгісі сол, онда ымдау мен былдыр сөздерден басқа бұрмаларған бол да айтарлықтай тиянақты жалпы қолданылатын сөздер пайда болады. Мыс: Қыс. Балалар шана теуіп жүр-Қыт. Батя тан тер жүр. Сөзді көп білмейтіндіктен баланың тілі кедей,ол өзі білетін заттардың аттарын атаумен және қимыл іс әрекеттерін айтып берумен ғана шектеледі. Бірінші деңгейдегі балаларға қарағанда суретке қарап және сұрақ бойынша әңгімелеуі қарапайым, әрі қысқа болғанымен грамматикалық құрылысы мен сөз тізбегі біршама дұрыс. Мұндай балалар септік жалғаулар мен көпшіл түрін білдіретін жалғаулардың мағынасын жете түсінбейді. Жұрнақ жалғауларды пайдаланып сөз өзгерту жағдайында әртүрлі қателіктерді көп жібереді. Сөзді тар мағынада жиі қолданады, ауызша талдап қорыту дәрежесі өте қиын,ұқсас бірнеше заттарды бір сөзбен атауы мүмкін. Мыс: шыбынды, араны, қоңызды, масаны, көбелекті, қоңызды – осылардың барлығын тек біреуінің атымен атайды. –заттардың атын, түсін, тұлғасын, белгісін білдіретін сөзді орнымен дұрыс қолдануды әр уақытта толық біле бермейтіндігі байқалады. Қолданудағы қимыл іс әрекетті әр-түрлі,тұлға ұқсастығы жақын атау сөздерді шатастырып орын ауыстыруы жиі көрініп қалады. 1. Септік жалғауларын алмастырып қолданады. Мыс: дүкеннен бардым – дүкенге бардым. 2. Сөздің жекеше, көпше тұлғаларын және етістіктің түрлерін қолдануда қателер жібереді. Мыс: сиырлар- сиырдар. Жалпы тіл кемістігінің екінші деңгейін былай қорытындылауға болады. 1. Балалардың белсенді сөздігі зат есім, етістік, сын есім, үстеу сөздерімен толықтырылады. 2. Сәтсіз болса да бұл деңгейдегі балалар септік жалғаулары мен жұрнақтарын пайдаланады. 3. Бұл деңгейдегі балалар сөзді байланыстырып сөйлей бастайды. 4. Көп дыбыстарды және кейбір сөздерді дұрыс айта алмайды. Дыбыстық талдау, жинақтау әдістерін игеруде дайын еместігі байқалады.

ІІІ-деңгей Сөйлеу тілі дамуының үшінші деңгейінде сөйлем құрылысында лексико -грамматикалық және фонетико – фонематикалық элеме

4 слайд
ІІІ-деңгей Сөйлеу тілі дамуының үшінші деңгейінде сөйлем құрылысында лексико -грамматикалық және фонетико – фонематикалық элементтердің жетілмегендігін сипаттайды. Бала ауызекі сөйлегенде өзінің тілі келмейтін қиын сөзді,нақышты сөз тіркесін айтпауға тырысады. Егер сондай балалардың алдына шарт қойса, сөйлеу тілінің дамуындағы кемшіліктер айтарлықтай анық көрінеді. Бала сөзді емін еркін қолданып сөйлегенімен, сөйлеу тілі дұрыс дамымаған қатарластарына қарағанда, өздігінше сөйлем құрастыру кезінде үлкен қиындық көреді. Құрмалас сөйлемді жалғаулығымен және жалғаулықты сөзімен құрастырған кезде қателер жібереді. Сөздік қорының едәуір өскеніне қарамастан, лексикалық мағынасын толық білмейді. Мыс: шынтақ, білек, алақан, жұдырық, өзен, көл, бұлақ, теңіз деген сөздерді дәл түсінбейді және дәл қолданбайды. Бала жаңа сөздерді сөйлеп дағдыланбағандықтан іс жүзінде көп қолданбай сөздік қоры тоқырап,кедейленіп қалудың әсерінен оған сөздің морфологиялық элементтерін айыруға мүмкіншілік бермейді. Көп балалар жаңа сөздерді қолданған кезде қателерді жиі-жиі жібереді. Сөздегі дыбыстардың түсіп қалатын тұрақты қателері, ең қиын сөздердегі буындардың бұзылуы байқалады. Мыс: велосипед-сипед, қарлығаш-қағаш, милиционер-мисонел. Фонематикалық есту және түйсіну қабілетінің нашар дауының салдарынан баланың сөзді дыбыстарға талдау және топтау дайындығы өз бетінше қалыптаспаған. Сонымен сөйлеу тілі дауының үшінші деңгейі мынандай кемшіліктермен сипатталады: 1. Бала ауыз екі сөзді байланыстырып сөйлегенде кейбір сөздерді білмейтіндігі және дұрыс қолдана алмайтындығы байқалады. Сөздік қорына көбінесе зат есім, етістік көп кездеседі е сын есім, үстеу таптары аз кздеседі. 2. Тілдің грамматикалық жағының дамымағаны байқалады. Балалар септік жалғауларды, жұрнақтарды қолдануда қате жібереді. Сөз өзгерту қабілеті мүлдем дамымаған. 3. Сөйлегенде көбінесе тек жәй сөйлемдерді қолданады, құрамалас сөйлемдер сирек кездеседі. 4. Бұл деңгейдегі көптеген балаларда сөздің буындарын дұрыс айтпау кемшіліктері сақталады да,дыбыстық талдау, жинақтау әдісін меңгеруде қиындық туғызады.

Жалпы тіл кемістігі І – деңгей ІІІ – деңгей ІІ – деңгей Тілдің мүлде қалыптаспауы жатады. - Былдырлап сөйлейді, жеке д

5 слайд
Жалпы тіл кемістігі І – деңгей ІІІ – деңгей ІІ – деңгей Тілдің мүлде қалыптаспауы жатады. - Былдырлап сөйлейді, жеке дыбыстарға еліктейді. - Сөйлемді түсініксіз етіп үзіп-үзіп айтады. - Сөйлемде дыбыстар анықталмайды, әрі тұрақсыз, құбылмалы келеді. - Сөздің, дыбыстың, буынның құрамын сақтап қайталау қабілеті дамымаған. Мыс: Шәй ішу - тәту Қарындаш – адас Машина – дөдө - Сөзді көп білмейтіндіктен баланың кедей, ол өзі білетін заттардың аттарын атаумен және қимыл – іс әрекеттерін айтып берумен шектеледі. - Көп дыбыстарды және кейбір сөздерді дұрыс айта алмайды. - Септік жалғаулары мен жұрнақтарды, сөздің жекеше, көпше тұлғаларын және етістіктің түрлерін қолдануда қателер жібереді. Мыс: Дүкеннен бардым-Дүкенге бардым. Сиырлар - сиырдар - Сөйлеу тілі дұрыс дамымаған, өзінше сөйлем құрастыру кезінде грамматикалық тұлғаларды әр түрлі жағдайда дұрыс та, бұрыс та қолданады. - Сөйлегенде көбінесе тек жай сөйлемдерді қолданады, құрмалас сөйлемдер сирек кездеседі. - Ең қиын сөздердегі буындарды бұзып айтады.. Мыс: Велосипед-сипед Милиционер-мисонел Жапалақ – жапағақ.

Жалпы тіл кемістігін түзету жұмысының басты бағыты Сөйлеу тілі дамуы әртүрлі дәрежедегі балалармен түзету -тәрбие жұмысы сөйлеу

6 слайд
Жалпы тіл кемістігін түзету жұмысының басты бағыты Сөйлеу тілі дамуы әртүрлі дәрежедегі балалармен түзету -тәрбие жұмысы сөйлеу тілі жалпы дамымаған балалардың арнайы топтарында жүргізіледі. Сөйлеу тілі бұзылған балаларға арналған мекеменің үлгі дәрежесіне сәйкес бұл топтардың есебіне алынатындар: А) Сөйлеу тілі дамуының І-деңгейіндегі балаларды 3 жасынан бастап 3-4жылдық мерзімге оқыту; Б) Сөйлеу тілі дамуының ІІ-деңгейіндегі балалардың 4 жасынан бастап 3 жылдық мерзімге оқыту; В) Сөйлеу тілі дамуының ІІІ-деңгейіндегі балаларды 4-5 жасынан бастап 2 жылдық мерзімге оқытылады. Логопедиялық жұмыстың мақсаты мн мазмұны сөйлеу тілі бұзылуының құрылысын, сонымен қатар әртүрлі үлгідегі сөйлемдерді құрастыруға үйрету баланың ауызекі тілін қалыптастыруға негіз болады. Сөйлеу тілі дамуының І -деңгейіндегі балалармен жұмыс істеудің ең басты міндеті мынадай: 1. Сөйлеу тілінің түсінуін дамыту. 2. Кез- келген дыбыстар тіркесінің айтылуында еліктегіштік қабілетін белсенді дамыту. 3. Ықыласын және есте сақтау қабілетін дамыту. Ең алдымен баланың ықыласының белсенділігін арттыруға,өзіне айтылған сөзді тыңдай білуіне, ауызша сөздің құрылысының негізінде берілген тапсырманы орындауына бағытталған әр түрлі жаттығуларды қолданады. Логопед немесе тәрбиеші әр түрлі логопедиялық тәсілдерді қолдана отырып: бір нәрсені беру, алу, қою, тапсыру сияқты амал-тәсілдерді орындату керек.

Сөйлеу тілі дамуының ІІ-деңгейіндегі балалармен жұмыс істеудің ең басты міндеті мынадай: Сөйлеу тілі жалпы толық дамымаған бал

7 слайд
Сөйлеу тілі дамуының ІІ-деңгейіндегі балалармен жұмыс істеудің ең басты міндеті мынадай: Сөйлеу тілі жалпы толық дамымаған балалар өлеңді жадында ұзақ ұстап тұра алмайды, сондықтан логопедия сабағына өлең сөздерін, жаттауды көп кіргізу керек. Алдымен екі шумақты өлең берілу керек. Мыс: Бай-бай-бай, Әлияның даусын-ай, Май-май-май, нанның майға піскені-ай. Балалар бұл шумақтарды әртүрлі дауыс ырғағына салып айту керек. Бұдан кейін балаларды сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйрете бастайды. Балалардың әңгімелеуіне жеңіл,әрі іс-әрекеттері мен қимылдары қарапайым, анық көрсетілген суреттер іріктеп алынады. Логопед балаларды сурет бойынша сұрақтарға жауап беруге үйретеді. Логопед алдымен қысқа әңгіменің үлгісін береді. Бала бұл әңгімені қайталайды. Сосын бала логопедтің көмегімен суретке қарап әңгіме құрастырады. ІІІ-деңгейдегі балалардың сөйлеу тілі дамуындағы кемшіліктерді түзету сабағы мыналарды амтиды: А) Сөйлеу тілін жүйелендіру және одан әрі жетілдіру. Б) Дұрыс сөйлеуді қалыптастыру. В) Оқып жазуды үйретуге дайындық және оқып жазудың элементтерін меңгерту. Жай сөйлемдерді құрастыру жаттығуларынан кейін салалас құрмалас сөйлемдерді оқытып іс жүзінде қолдануды бастайды. Балалар оқиғаның желісін анықтап дұрыс баяндай білуді меңгертуі тиіс. Әңгімелеп баяндауын одан әрі жетілдіру үшін суреттер бойынша, сұрақтар бойынша, берілген тақырыпқа және өз сөзімен әртүрлі әңгімелерді құрастыру пайдаланылады. Логопед сөйлем құрылысының грамматикалық жағын, дұрыстығын қадағалайды. Бұндай жұмыс баланың сөйлеу тілі қатынасын толық жетілуін қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымн бірге жалпы білім беретін және арнайы мектептерге оқуға дайындауға да жәрдем береді.

8 слайд

Тыныс алу жаттығулары

9 слайд
Тыныс алу жаттығулары

Артикуляциялық жаттығулар

10 слайд
Артикуляциялық жаттығулар

Саусақ қимыл жаттығулары

11 слайд
Саусақ қимыл жаттығулары