Материалдар / Түркістан облысының туристтік маршруты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Түркістан облысының туристтік маршруты

Материал туралы қысқаша түсінік
Түркістан облысының туристтік маршруты туралы презинтация
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2023
333
0 рет жүктелген
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі

1 слайд

1 слайд

2 слайд

2 слайд

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК МАРШРУТЫ

3 слайд
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК МАРШРУТЫ

3 слайд

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК МАРШРУТЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМНІҢ ОРДАСЫ  Қазақстандағы ішкі туризмнің бір бағыты - Қазақстан оңтүстік өңірі, яғни біздің

4 слайд
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМНІҢ ОРДАСЫ  Қазақстандағы ішкі туризмнің бір бағыты - Қазақстан оңтүстік өңірі, яғни біздің Түркістан облысы. Жұрт киелі орындарға зиярат етсе, сирек келетін шетелдіктер көне қалаларды қызықтайды. Жалпы Отырар ауданында 100-ден аса, Түркістан төңірегінде 40-тан аса ескі қалалардың орны бар. Біз оңтүстік қазақстандықтар көне Отырар, Сауран, Түркістан қалаларын айтып, мақтанамыз.

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІ. Түркістан қаласындағы Ахмет Ясауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрне

5 слайд
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІ. Түркістан қаласындағы Ахмет Ясауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Кесене XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Ясауидің (Яссы-дан шыққан деген мағ) бейітінің басына орнатылған. Ахмет Ясауи кесенесі – Орта Азия мен Қазақстандағы біздің заманымызға дейін сақталған ең зәулім күмбезді, қыштан соғылған ғимарат. Сыртқы көрінісі симметриялы жинақы келген бұл құрылысқа үлкенді-кішілі 35 залдар мен бөлмелер сыйып тұр. Олардың барлығы бір-бірімен қос қабатты 8 дәлізбен және әр түрлі өтпелі баспалдақтармен жалғасып жатады. Кесене бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген.

6 слайд

6 слайд

АРЫСТАНБАБ КЕСЕНЕСІ Отырар ауданы, Қоғам ауылынан 3 шақырым солтүстік-батысында орналасқан. Кесене Қ.А.Яссауи

7 слайд
АРЫСТАНБАБ КЕСЕНЕСІ   Отырар ауданы, Қоғам ауылынан 3 шақырым солтүстік-батысында орналасқан. Кесене Қ.А.Яссауидің рухани ұстазы болған діни қайраткер Арыстан бабтың зиратына салынған. Кесененің алғашқы құрылысы XIV- XV ғасырларға жатады. Ол құрылыстан ойылған ағаш бағандар сақталған. Х V ІІІ ғасырда жер сілкінісі нәтижесінде кесене қирап, 1909 жылы қайта салынған. 1971 жылы жерасты суларының әсерінен кесене жарамсыз болып бұзылып, жергілікті тұрғындардың қаржысына қайтадан салынған. Өңіріміздегі туристік маңызы зор орын. Шырақшы, арнайы зиярат ету, түнеу, құрбан шалу бөлмелері ойластырылған. Зиярат етушілер жыл бойына келетін орын.

8 слайд

8 слайд

АППАҚ ИШАН МЕШІТІ Алғашқы кезде көптің көмегімен асарлатып осы мешіттің орнына қам кірпіштен шағын ғана меші

9 слайд
АППАҚ ИШАН МЕШІТІ   Алғашқы кезде көптің көмегімен  асарлатып осы мешіттің орнына қам кірпіштен шағын ғана мешіт тұрғызылған. Аппақ Ишан медресесі (П) әрпі тәрізді орналасқан. Медресе 32 бөлмеден: 4 оқу бөлмесі, 3 дәліз, 25 құжырадан (бөлме) тұрады. Медресе бір қабатты, жалпы көлемі 50х50 м, бөлмелердің көлемі 3х6 м. Әрбір бөлменің кіре берісі арка болып соғылған. Бөлмелердің есіктері ағаштан, есіктердің үстінде кішкентай терезелері бар. Сәулеттік ескерткіш ретінде туристердің қызығушылығын тудырады. Бәйдібек ауданы Шаян ауылында орналасқан.

10 слайд

10 слайд

БӘЙДІБЕК БИ КЕСЕНЕСІ МЕН ДОМАЛАҚ АНА КЕСЕНЕСІ  Бәйдібек би кесенесі Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Бәйдібек ата ауы

11 слайд
БӘЙДІБЕК БИ КЕСЕНЕСІ МЕН ДОМАЛАҚ  АНА КЕСЕНЕСІ  Бәйдібек би кесенесі Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Бәйдібек ата ауылының аймағында орналасқан. 1966 жылы Бәйдібек Қарашаұлының  Қарахан дәуірі үлгісіндегі Балабөген өзенінің биік жағалауында ежелден сақталған көне мазар күмбезінің орнына, жаңа үлгіде қайта салынды. Бәйдібек ата кесенесін салуға Самарқанд, Ташкент, Сайрам, Шымкент шеберлері қатысқан. Бәйдібек кесенесінің күмбезбен көмкерілген ғибадат бөлмесіне Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұлы баба рухына арнап, салмағы 6 тонна бесік мүсінді ақ мәрмәр құлпытас қойған.  Домалақ ана кесенесі бірнеше рет бұзылып, қайта өңделген. Бірінші рет, немересі Дулат Бұқарадан Абдулла Шери ұстаны алдырып 1456 жылы кесене там тұрғызған. 1957 жылы жаңартылған кесене де көп уақыт сақталмаған. 1996-1997 жылдары жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен белгілі сәулетші Сайын Назарбекұлының жобасы негізінде тұрғызылған. Жаңа кесененің  салынуымен, кесене алғашқы көрінісінен түгел өзгеріске ұшыраған. Маңғыстаудан арнайы әкелінген ақ таспен жаңадан 12 метр биіктікте сегіз жапырақты етіп өріліп, негізгі бөлігінің үстіне күмбез орнатылған.

12 слайд

12 слайд

ИШАН БАЗАР МЕШІТІ МЕН ЫСҚАҚ БАБ КЕСЕНЕСІ. Ордабасы ауданы, Аққойлы ауылында орналасқан. Мешітті ХІХ ғасырдың соңы

13 слайд
ИШАН БАЗАР МЕШІТІ МЕН ЫСҚАҚ БАБ КЕСЕНЕСІ.   Ордабасы ауданы, Аққойлы ауылында орналасқан. Мешітті ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Бұхара қаласында 30 жылдан аса діни сабақ алып, ишан деген құрметті атты иеленген Егемберді салдырған. Мұнда алғашқы кезден-ақ заманына лайық діни, қоғамдық, мәдени іс шаралар ұйымдастырылған. Апта сайын жұрт базарға жиналған. Мерекелерде күрес, бәйге сияқты ұлттық ойындар тамашаланған. Ескерткіштің «Ишанбазар мешіті» аталуының себебі осында. Кейінірек жергілікті рудың атымен «Аққойлы медресесі» делінді. Ишан- базар мешіті күйген лай қыштан қаланған, төбесіндегі күмбездері, қабырғалары да сол кездегі сәндік типте жасалынған. Мешіт кіре берісіндегі үлкен залдан және кіші 13 бөлмеден тұрады. Қазіргі уақытта сәулет ескерткіші ғылыми- реставрация жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Сәулет ескерткіші ретінде туристердің қызығушылығын тудырады. Ысқақ баб кесенесі. Ескерткіш Созақ ауданы, Баба ата ауылының солтүстік шетінде, мазарат ішінде орналасқан. Баба Ата (Ысқақ баб) Түркістан өлкесіндегі беделді дін иелерінің бірі болған. Оның қабірінің басындағы құлаған көне мазарының орнына ХІХ ғасырда жаңа кесене салынған. Жалпы көлемі – 21х13 метр. Төбесі екі күмбезді кірпіштен өріліп жабылған. Ішкі бөлмелері гипспен сыланып,  қабырғасы михрабпен безендірілген. Отырар қалашығы.  Отырар ауданы, Талапты ауылының оңтүстік шетінде, Арыс өзенінің Сырдарияға құяр тұсына жақын орналасқан. Қалашықтың келбеті Қазақстан мен Орта Азияның ортағасырлық ескерткіштерінің көпшілігіне тән. Цитадель мен шахристан биіктігі 18 м келетін бес бұрышты төбе түрінде. Төбенің аумағы – 20 га. Айналдыра қабырғамен қоршалған. Оның кей тұстары қазірдің өзінде 75-80 0  тік. Қабырғада мұнаралар болған, олар қабырғаның сыртына шығып тұрған дөңгелекше келген төбешіктер түрінде сақталған. Қабырғаның сыртында жайпақ сай түріндегі ор көрінеді, оның тереңдігі 2-3 м, ені 10-15 м. Қалаға үш қақпа арқылы кіретін болған. Екеуі бір-біріне қарама-қарсы, оңтүстік және солтүстік-шығыс қабырғада, үшіншісі батыс қабырғаның ортасында орналасқан.

14 слайд

14 слайд

ҰЗЫН АТА КЕСЕНЕСІ  Ұзын Ата. Шардара ауданы, Ұзын ата ауылдық округінде орналасқан. Әмір Темірдің әмірімен XIV – ғасырдың

15 слайд
ҰЗЫН АТА КЕСЕНЕСІ  Ұзын Ата.  Шардара ауданы, Ұзын ата ауылдық округінде орналасқан. Әмір Темірдің әмірімен XIV – ғасырдың соңында тұрғызылған. Кесене толықтай күйдірілген кірпіштен тұрғызылған. Бойы ұзын болғандықтан халық арасында «Ұзын ата» аталып кеткен, ал шын аты Асан ата. Аңыз бойынша Асан ата біздің өңірімізге алғашқы  ислам дінін таратушы діндар адам. Ақсақ Темірдің бас кеңесшіліерінің бірі ретінде қасында еріп жүрген. Сыр бойы халықтарының ықыласына бөленіп, ел абызы, әлеумет қамқоршысы, әулие кісі атанған.

16 слайд

16 слайд

ЕРДӘУІТ АТА ӘУЛИЕ ЖӘНЕ АҚМЕШІТ ӘУЛИЕ  Ердәуіт ата Әулие. Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылынан 36 шақырымдай жерде Шаймерден (Ш

17 слайд
ЕРДӘУІТ АТА ӘУЛИЕ ЖӘНЕ АҚМЕШІТ ӘУЛИЕ  Ердәуіт ата Әулие.  Сарыағаш ауданы  Дарбаза ауылынан 36 шақырымдай жерде  Шаймерден (Шахимардан) кесенесі маңында қазылған шұңқыр үңгір үйлер ғана бар. Кезінде сол жерлерде өмір сүрген, ұрпақ өсірген қасиетті адамдар болған. “Ер Дәуіт” Дарбаза елді мекенінен 9 шақырым болса,  “Шәймерден әулие” содан кейін 2 шақырым жерде. Келушілер алдымен “Ер Дәуіт әулиеге” мінажат етіп, содан кейін “Шәймерден әулиенің” басына барып, құрбандық шалады. Екі әулие аралығына және “Көзбұлақ”, “Дәретбұлақ” сынды бұлақтар бар.  Ақмешіт Әулие.  Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Ақмешіт ауылында  орналасқан.  Әктасты  жыныстар қабатында пайда болған ойық жарқабақ үңгірдің ұзындығы 254, ені 65, биіктігі 25 м. Жарқабақ саңылауларынан мезгіл- мезгіл су тамып тұрады. Ішінен қарағанда ернеуі  киіз үйдің  шаңырағы секілді көрінеді. Ел арасында бір кездері онда бір  әулие  әулетімен киіз үй тігіп, сатымен шығып-түсіп жүрген деген де аңыз айтылады.  Үңгірге   перзент  көрмеген кейбір ерлі-зайыптылар, ауру адамдар әлі күнге дейін түнеп, мінәжат етеді.

18 слайд

18 слайд

ҚАРАШАШ АНА МЕН ИБРАҺИМ АТА КЕСЕНЕЛЕРІ  Қарашаш ана кесенесі. Шымкент қаласы, Сайрам тұрғын-үй алабының орталық бөлігінде ор

19 слайд
ҚАРАШАШ АНА МЕН ИБРАҺИМ АТА КЕСЕНЕЛЕРІ  Қарашаш ана кесенесі.  Шымкент қаласы, Сайрам тұрғын-үй алабының орталық бөлігінде орналасқан Қарашаш ана кесенесі – порталды-күмбезді құрылыс. Құрылыстың бұндай түрі кейінгі ортағасыр дәуірінде Оңтүстік Қазақстан аумағында кең таралған. Бастапқыда ХІІІ ғасырда салынып, кейіннен уақыт және табиғи жағдайлардың ықпалымен әлденеше рет қирап, қайтадан тұрғызылды. Қазіргі кесене ХІХ ғасырдың ортасында салынды. Қарашаш ананың шын есімі- Айша бибі, сайрамдық атақты Мұса шейхтың қызы болған. Айша бибі өмір сүрген XI ғасырда өлкемізде ғылым мен өнердің, мәдениеттің дамыған кезі еді. Ұлы ғұлама Қожа Ахметтің анасы өз дәуірінің көзі ашық, әдепті, білімді әйелдерінің бірі болды. Қарашаш ананы бүкіл түркі әлемі ардақ тұтады. Ол пәк аналықтың символы  іспеттес. Аңыздар бойынша Қарашаш сырқатты емдеп, түс жори алатын. Осының арқасында ол өңірдегі тұрғындар арасында кең танымалдыққа ие болды. Қарашаш ана бала тәрбиесіне көп көңіл бөлді. Ислам дінінің негіздерін, Құранды жатқа біліп, оны жұрт арасында тарата білген. Айшаның мінез- құлқына байланысты жұрт құрметтеп «Қарашаш ана» деп атап кеткен.  Ибраһим ата кесенесі.  Шымкент қаласы, Сайрам тұрғын-үй алабының солтүстік- шығыс бөлігінде орналасқан. Ибраһим ата кесенесі – әйгілі уағызшы мазарына қойылған сәулет ескерткіші. Ақсу ауылы жолында биік төбеде орналасқан Кесене бір камералы, шаршы түріндегі құрылыс. Ибраһим ата кесенесінің алаңы 7,2х7,2 м, ал ұзындығы – 8,25 м. Оңтүстік жағында кіреберіс, батыс жағында ағаш жақтаулы терезе орналасқан. Алғашында кесене XVI – XVII ғасырларда салынған, табиғи әсер мен басқыншылық соғыстар кезінде қираған, кейіннен  XIX ғасырда қайта салынды. Ибраһим ата – атақты сопы Қожа Ахмет Яссауидің әкесі, діни көсем, әрі осы өңірлерге танымал уағызшы болған. Ибраһим ата текті отбасынан шыққан, табысты жер өңдеуші болды. Халық арасында оның әулиелігі мен уағызшы қабілеті жайлы аңыздар тараған. Ибраһим ата мұқтаж адамдарға көмектесіп, тақуалық өмір сүрді және мыңдаған ізбасарларға ислам дінін уағыздады.

20 слайд

20 слайд

21 слайд

21 слайд