Тұрмыстық қалдықтамен күресу
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Ақжайық ауданы
Тайпақ ауылы
Краснояр орта жалпы білім беретін мектебі
Тақырыбы: «Полиэтилен қалдықтарының табиғатқа келтірер залалы және
оның шешу жолдары »
Орындаған: Мұратов Әсет Смағұлұлы
10 – сынып оқушысы
Тексерген: Тапаев Даурен Алпысбаевич
Экология үйірме жетекшісі,
ІІ – санатты
2017 жыл
Номинациясы: «Қалдықты пайдаға айналдыру
1 слайд
Ақжайық ауданы Тайпақ ауылы Краснояр орта жалпы білім беретін мектебі Тақырыбы: «Полиэтилен қалдықтарының табиғатқа келтірер залалы және оның шешу жолдары » Орындаған: Мұратов Әсет Смағұлұлы 10 – сынып оқушысы Тексерген: Тапаев Даурен Алпысбаевич Экология үйірме жетекшісі, ІІ – санатты 2017 жыл Номинациясы: «Қалдықты пайдаға айналдыру
2 слайд
Мақсаты : Қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол
бермеу; жастардың бойында экологиялық мәдениет дағдысын
қалыптастыру; қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі арқылы
табиғатты қорғау, күту және жақсарту; экологиялық білімді
насихаттау.
Міндеттері:1. Мектепте экологиялық білім және тәрбие құрамын
ұйымдастыру ;
2.Табиғатқа деген жауапкершілік қатынасты қамтамасыз
ету.
3. Өмірде және нақты іс- әрекетінде экологиялық білімді
қолдана білу, іскерлікке төселу;
4. Табиғатты қорғау және өзгертуге байланысты
оқушыларды жаппай қоғамдық пайдалы еңбекке қосу;
2 слайд
Мақсаты : Қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу; жастардың бойында экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру; қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі арқылы табиғатты қорғау, күту және жақсарту; экологиялық білімді насихаттау. Міндеттері:1. Мектепте экологиялық білім және тәрбие құрамын ұйымдастыру ; 2.Табиғатқа деген жауапкершілік қатынасты қамтамасыз ету. 3. Өмірде және нақты іс- әрекетінде экологиялық білімді қолдана білу, іскерлікке төселу; 4. Табиғатты қорғау және өзгертуге байланысты оқушыларды жаппай қоғамдық пайдалы еңбекке қосу;
3 слайд
Мазмұны
І. Кіріспе
1.1 Тұрмыстық қалдықтарға сипаттама.
1.2 Полиэтиленнің табиғатқа келтіретін залалы .
ІІ. Негізі бөлім
2.1 Қоршаған ортаны қорғаудың «қызық» тәсілі
2.2 Қосымша
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.
3 слайд
Мазмұны І. Кіріспе 1.1 Тұрмыстық қалдықтарға сипаттама. 1.2 Полиэтиленнің табиғатқа келтіретін залалы . ІІ. Негізі бөлім 2.1 Қоршаған ортаны қорғаудың «қызық» тәсілі 2.2 Қосымша ІІІ. Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер.
4 слайд
Кіріспе
ТҚ негізінен тұрғындардың өмірінде үлкен проблема болып табылады. Олар тұрмыста
одан әрі пайдалануға келмейтін тарылар деп есептелінеді. Бұл қалдықтар тұрғын
үйлерде, мекемелерде, орман, тоғайларда жалпы пайдаланудағы кәсіпорындарда
жинақталады.
Көп жылдар бойы жинақталған тау үйінділері, күл үйінділері, қоймалар басқа да
өнеркәсіп қалдықтарын сақтау және көму орындары маңызды экологиялық проблема -
топырақтың, су мен ауаның ластану көздеріне айналды.
Ауылдардың өсуіне, ауыл халқының тез ұлғаюына және тауарлардың көп
тұтынылуына байланысты ауылымыздың қатты тұрмыстық қалдықтар көлемі орасан зор
өсуде. Қазақстанның экономиканың ресурстық ауқымдылық көрсеткіштері бойынша
әлемнің жетекші елдерін басып озуының себебі өндірістік базаның даму деңгейінің
барынша төмендігі мен технологияның артта қалуы, өнеркәсіптік құрылымның
жетілдірілмеуі болып табылады. Экология проблемасы маңызды бола түсуде. Қоршаған
ортаны сақтаумен қатар біздер кем дегенде оған зиян келтірмеуіміз қажет. Табиғатты
адам қызметінің зиянды әсері салдарынан қорғау тәсілдерінің бірі – бұл тұрмыстық көң-
қоқыс пен тұрмыстық қалдықтарын қайта өңдеу. Тұрмыстық қоқыс тез жиналады және
үйлердің маңы мен өнеркәсіптер аумақтарында қолайсыз көрініс жасайды, тіпті ол
қалдықтар кеміргіштердің пайда болуына және әртүрлі аурулардың туындауына себеп
болады.
4 слайд
Кіріспе ТҚ негізінен тұрғындардың өмірінде үлкен проблема болып табылады. Олар тұрмыста одан әрі пайдалануға келмейтін тарылар деп есептелінеді. Бұл қалдықтар тұрғын үйлерде, мекемелерде, орман, тоғайларда жалпы пайдаланудағы кәсіпорындарда жинақталады. Көп жылдар бойы жинақталған тау үйінділері, күл үйінділері, қоймалар басқа да өнеркәсіп қалдықтарын сақтау және көму орындары маңызды экологиялық проблема - топырақтың, су мен ауаның ластану көздеріне айналды. Ауылдардың өсуіне, ауыл халқының тез ұлғаюына және тауарлардың көп тұтынылуына байланысты ауылымыздың қатты тұрмыстық қалдықтар көлемі орасан зор өсуде. Қазақстанның экономиканың ресурстық ауқымдылық көрсеткіштері бойынша әлемнің жетекші елдерін басып озуының себебі өндірістік базаның даму деңгейінің барынша төмендігі мен технологияның артта қалуы, өнеркәсіптік құрылымның жетілдірілмеуі болып табылады. Экология проблемасы маңызды бола түсуде. Қоршаған ортаны сақтаумен қатар біздер кем дегенде оған зиян келтірмеуіміз қажет. Табиғатты адам қызметінің зиянды әсері салдарынан қорғау тәсілдерінің бірі – бұл тұрмыстық көң- қоқыс пен тұрмыстық қалдықтарын қайта өңдеу. Тұрмыстық қоқыс тез жиналады және үйлердің маңы мен өнеркәсіптер аумақтарында қолайсыз көрініс жасайды, тіпті ол қалдықтар кеміргіштердің пайда болуына және әртүрлі аурулардың туындауына себеп болады.
5 слайд
1.1 Тұрмыстық қалдықтарға сипаттама
Еліміздің экономикасы қарыштап дамып, халқымыздың әл-ауқаты артып, тұрмысы
жақсарған сайын алыс-жақын шетелдерге демалушылар қатары көбейіп келеді. Барып
келгендердің әңгімесін тыңдасаң, әсіресе, ол елдердің тазалығы мен тәртібіне таңқаласың.
Біздің елімізде шетелдіктерге көрсететін табиғаты таңғажайып жерлер мен тарихи
ескерткіштер жоқ емес. Әйтсе де, барымызды ұқсата алмай жүргенімізді ойлағанда жігерің
құм болады. Кейінгі кезде жылына бір барып демалатын шипажайлар да ластанып, бұрынғы
ажарынан айырылып барады. Көрікті жерлеріндегі ағаштардың түбінде үйіліп жатқан бос
шөлмектер және пластикалық құтылардан көз сүрінеді.
Қазір қалада да, далада да, тіпті, қайда барсаң да бей-берекет шашылып, қирап жатқан
шөлмектерден көз сүрінеді. Арнайы қоқыс тастайтын алаңдағы қалдықтың төрттен бірін бос
ыдыстар құрайды. Олар басқа заттар сияқты шіріп те кетпейді. Ұзақ жылдар бойы қоршаған
ортаны ластап жата береді. Қысқасы, сынған шыны мен пластикалық бөтелкелер
көшелерімізді ғана емес, қоршаған ортаның да сәнін кетіріп барады. Әлбетте, оны өндіру
үшін материалдық ресурстар мен шығын аз жұмсалмайды. Кеңестік кезеңде бос шөлмектер
дүкенге қайта қабылданып, қайтадан қажеттілікке жаратылатын. Дүкенге немесе оны
қабылдайтын орындарға 4-5 бүтін бос ыдыс өткізгендер олардың құнына бір зат сатып
алатын. Сондықтан да шиша деген ол кезде бей-берекет шашылып жатпайтын. Мұның өзі
табиғи ресурстарды үнемдеумен қатар, қоршаған ортаның тазалығына ықпалы зор болатын.
5 слайд
1.1 Тұрмыстық қалдықтарға сипаттама Еліміздің экономикасы қарыштап дамып, халқымыздың әл-ауқаты артып, тұрмысы жақсарған сайын алыс-жақын шетелдерге демалушылар қатары көбейіп келеді. Барып келгендердің әңгімесін тыңдасаң, әсіресе, ол елдердің тазалығы мен тәртібіне таңқаласың. Біздің елімізде шетелдіктерге көрсететін табиғаты таңғажайып жерлер мен тарихи ескерткіштер жоқ емес. Әйтсе де, барымызды ұқсата алмай жүргенімізді ойлағанда жігерің құм болады. Кейінгі кезде жылына бір барып демалатын шипажайлар да ластанып, бұрынғы ажарынан айырылып барады. Көрікті жерлеріндегі ағаштардың түбінде үйіліп жатқан бос шөлмектер және пластикалық құтылардан көз сүрінеді. Қазір қалада да, далада да, тіпті, қайда барсаң да бей-берекет шашылып, қирап жатқан шөлмектерден көз сүрінеді. Арнайы қоқыс тастайтын алаңдағы қалдықтың төрттен бірін бос ыдыстар құрайды. Олар басқа заттар сияқты шіріп те кетпейді. Ұзақ жылдар бойы қоршаған ортаны ластап жата береді. Қысқасы, сынған шыны мен пластикалық бөтелкелер көшелерімізді ғана емес, қоршаған ортаның да сәнін кетіріп барады. Әлбетте, оны өндіру үшін материалдық ресурстар мен шығын аз жұмсалмайды. Кеңестік кезеңде бос шөлмектер дүкенге қайта қабылданып, қайтадан қажеттілікке жаратылатын. Дүкенге немесе оны қабылдайтын орындарға 4-5 бүтін бос ыдыс өткізгендер олардың құнына бір зат сатып алатын. Сондықтан да шиша деген ол кезде бей-берекет шашылып жатпайтын. Мұның өзі табиғи ресурстарды үнемдеумен қатар, қоршаған ортаның тазалығына ықпалы зор болатын.
6 слайд
Тоғайдың ішіндегі тұрмыстық қалдықтар
6 слайд
Тоғайдың ішіндегі тұрмыстық қалдықтар
7 слайд
Экология
үйірме мүшелерінің тұрмыстық қалдықтарды жинау үстінде
7 слайд
Экология үйірме мүшелерінің тұрмыстық қалдықтарды жинау үстінде
8 слайд
1.2 Полиэтиленнің табиғатқа келтіретін залалы
Қоршаған ортаған тасталған полиэтилен қалдықтары – табиғи жағдайда ыдырай алмай
көптеген жылдар бойы сақталып, қоршаған ортаға залалын тигізіп отыра береді. Мысал келтіре
кетсек, Табиғат аясында демалушылар көбіне көп полиэтиленді өртейді немесе жерге көміп
кетеді, көмілген полиэтиленді ішіндегі тамақтың иісіне жануарлар қазып алып, немесе тасталған
пакеттермен бірге жұтып қояды. Полиэтиленді пакеттерді жануарлар жұтқан кезінде ішек-ас
жолын бітеп тастайды да, олардың аштықтан өлуіне тура келеді немесе олардың асқазандары
толып тұрғандай түйсік пайда болады.Дүние жүзінде дәл осындай жайттар аз кездесіп жатырған
жоқ. Яғни бір реттік дорбалар төрт ғасыр бойы жер қойнын ластап, жегі құртша топырақ
құнарын жейді. Көзін құртпасаң – түскен жеріне зиянын тигізеді, өртесең – жану кезінде ауаға
аса улы органикалық қосындылар бөліп шығарады. Ал күлінде ауыр металдар бар. Әуелі шөпке,
шөптен – малға, малдан – адам ағзасына түскен ауыр металл қатерлі ісікке себепкер деседі.
Мамандардың айтуынша, әлемдегі әрбір құстың жемсауында пластикалық қалдық бар. Бір жылда
бір миллионға жуық құс полиэтилен қалдығын жеп өледі екен. Осындай қалдықтар оны қорекке
ұқсатып қылғыта беретін қаншама жан-жануардың түбіне жететінін қаперге алмайтынымыз
өкінішті. Адамдарға полиэтиленнің түтінінің әсері: жағу немесе шіру кезіндегі улы газдар.
Нәтижесі: Аллергия, қышу, бас айналу, улану, ойлау қабілетін нашарлатады.
Полиэтиленнің өсімдікке қалай әсер ететінін анықтау үшін мынадай тәжірибе жүргізіледі:
Колпактың астына «Хлорофитиум» гүлін салып полиэтиленді пакетті жағамыз (20 х 30см) .
Нәтижесі: Гүл бірден тіршілігін жойды.
Нақты қорытынды жасау үшін осы тәжірибені «Қазтамақ» гүлімен қайталап жасаймыз.
Нәтижесі: Гүл бірден тіршілігін жойды.
Қорытынды: Полиэтилен жанған кезде көмірқышқыл газынан басқа улы газдар бөлетіні
айқын
8 слайд
1.2 Полиэтиленнің табиғатқа келтіретін залалы Қоршаған ортаған тасталған полиэтилен қалдықтары – табиғи жағдайда ыдырай алмай көптеген жылдар бойы сақталып, қоршаған ортаға залалын тигізіп отыра береді. Мысал келтіре кетсек, Табиғат аясында демалушылар көбіне көп полиэтиленді өртейді немесе жерге көміп кетеді, көмілген полиэтиленді ішіндегі тамақтың иісіне жануарлар қазып алып, немесе тасталған пакеттермен бірге жұтып қояды. Полиэтиленді пакеттерді жануарлар жұтқан кезінде ішек-ас жолын бітеп тастайды да, олардың аштықтан өлуіне тура келеді немесе олардың асқазандары толып тұрғандай түйсік пайда болады.Дүние жүзінде дәл осындай жайттар аз кездесіп жатырған жоқ. Яғни бір реттік дорбалар төрт ғасыр бойы жер қойнын ластап, жегі құртша топырақ құнарын жейді. Көзін құртпасаң – түскен жеріне зиянын тигізеді, өртесең – жану кезінде ауаға аса улы органикалық қосындылар бөліп шығарады. Ал күлінде ауыр металдар бар. Әуелі шөпке, шөптен – малға, малдан – адам ағзасына түскен ауыр металл қатерлі ісікке себепкер деседі. Мамандардың айтуынша, әлемдегі әрбір құстың жемсауында пластикалық қалдық бар. Бір жылда бір миллионға жуық құс полиэтилен қалдығын жеп өледі екен. Осындай қалдықтар оны қорекке ұқсатып қылғыта беретін қаншама жан-жануардың түбіне жететінін қаперге алмайтынымыз өкінішті. Адамдарға полиэтиленнің түтінінің әсері: жағу немесе шіру кезіндегі улы газдар. Нәтижесі: Аллергия, қышу, бас айналу, улану, ойлау қабілетін нашарлатады. Полиэтиленнің өсімдікке қалай әсер ететінін анықтау үшін мынадай тәжірибе жүргізіледі: Колпактың астына «Хлорофитиум» гүлін салып полиэтиленді пакетті жағамыз (20 х 30см) . Нәтижесі: Гүл бірден тіршілігін жойды. Нақты қорытынды жасау үшін осы тәжірибені «Қазтамақ» гүлімен қайталап жасаймыз. Нәтижесі: Гүл бірден тіршілігін жойды. Қорытынды: Полиэтилен жанған кезде көмірқышқыл газынан басқа улы газдар бөлетіні айқын
9 слайд
Полиэтилен
қалдықтарының жан-жануарларға тигізген әсері
9 слайд
Полиэтилен қалдықтарының жан-жануарларға тигізген әсері
10 слайд
Бұл жолы тағы да пластик туралы, нақтырақ айтқанда полиэтилен жөнінде айтпақпын.
Химиялық және биологиялық төзімді материал саналатын полиэтилен өте жағымсыз
ерекшелігі бар екен. Қоқыс ретінде оны мәңгі жасайды деуге болады. Ол шірімейді,
таттанбайды, ауада тотықпайды. Өте уытты заттектер түзіп жанады. Оны екінші қайтара
пайдалану қиын. Оны өңдеу жабдықтары қымбат тұрады, қоқыстарды да сұрыптау қажет.
Дегенмен, қолыма алған ісімнің орайы келді. Түтіндетіп, алаулатып, табиғат аясында оған
еш зиян келтірместен тәжірибемізді жасап шықтық . Алайда қаламаған нәрсеңді жасау оңай
емес. Ең қиыны - әлденені істеуге кежегеңнің кейін тартуы екен. Осы тәжірибем туралы
айтқан кезде, кейбіреуі «сол бөтелкелеріңді қоқысқа лақтыршы, ойыңнан шығарып таста»
деп, қолдарын сілтеген болатын. Ал біз лақтырмай, оларды бейтараптандырдық. Үстімізден
кәуап қақтағандай түтін сасыса да, жанымыз жай тапты. Есесіне алуан пішіндегі 100 шақты
баклажка мен 500 дей полиэтилен пакеттің көз алдымызда кішкене көлеміндегі құймақ
секілді жайылып қалды.
Бар болғаны:
1.Шағын ғана цилиндр ыдыс, әсіресе стандартты баклажкаларды балқыту үшін сүт бидоны
жақсы .Тот басқан шелек те барады, тіпті болмаса, компоттың қаңылтыр банкасы болса да
жетіп жатыр;
2.1 Қоршаған ортаны қорғаудың «қызық» тәсілі
10 слайд
Бұл жолы тағы да пластик туралы, нақтырақ айтқанда полиэтилен жөнінде айтпақпын. Химиялық және биологиялық төзімді материал саналатын полиэтилен өте жағымсыз ерекшелігі бар екен. Қоқыс ретінде оны мәңгі жасайды деуге болады. Ол шірімейді, таттанбайды, ауада тотықпайды. Өте уытты заттектер түзіп жанады. Оны екінші қайтара пайдалану қиын. Оны өңдеу жабдықтары қымбат тұрады, қоқыстарды да сұрыптау қажет. Дегенмен, қолыма алған ісімнің орайы келді. Түтіндетіп, алаулатып, табиғат аясында оған еш зиян келтірместен тәжірибемізді жасап шықтық . Алайда қаламаған нәрсеңді жасау оңай емес. Ең қиыны - әлденені істеуге кежегеңнің кейін тартуы екен. Осы тәжірибем туралы айтқан кезде, кейбіреуі «сол бөтелкелеріңді қоқысқа лақтыршы, ойыңнан шығарып таста» деп, қолдарын сілтеген болатын. Ал біз лақтырмай, оларды бейтараптандырдық. Үстімізден кәуап қақтағандай түтін сасыса да, жанымыз жай тапты. Есесіне алуан пішіндегі 100 шақты баклажка мен 500 дей полиэтилен пакеттің көз алдымызда кішкене көлеміндегі құймақ секілді жайылып қалды. Бар болғаны: 1.Шағын ғана цилиндр ыдыс, әсіресе стандартты баклажкаларды балқыту үшін сүт бидоны жақсы .Тот басқан шелек те барады, тіпті болмаса, компоттың қаңылтыр банкасы болса да жетіп жатыр; 2.1 Қоршаған ортаны қорғаудың «қызық» тәсілі
11 слайд
Ең қиыны – сабырлылық танытып, алғашқы бөтелкені асықпай балқыту. Ол жабысқақ қоймалжыңға
айналып, бүкіл ыдыстың түбіне жайылып, қайнағанша күту керек. Балқытудың өртеуден
айырмашылығы – ешқандай өзгеше иіс болмайды. Қоймалжың қайнаған кезде ондағы бөтелке жылы
алақандағы қар түйіршіктері секілденіп еріп кетеді екен. Бес литрлік баклажка бір минут ішінде
балқып кетті. Ал бір жарым литрлік баклажкаға 20 секунд та жеткілікті болды. Қыздыру
температурасы біркелкі болуы үшін түзілген массаны үнемі араластырып тұрған жөн. Бұл идея
новосібірлік эколог, химик-практик Сергей ПАЩЕНКОНЫҢ еншісінде. Ғаламтордағы
форумдардың біріне ол «Жағажайларда, қоқыс орындарында, ормандарда, тұрғын үй массивтеріндегі
пластмасса бөтелкелерді пайдаға жарату» деп аталатын жарияланымын орналастырған.
идея авторының жылдамдығы (1 бөтелке/10 секунд) мен ептілікке қол жеткізуіміз қиынға түспес деп
ойлаймын. Орташа алғанда Пащенко сағатына 300-ден аса бөтелке балқытады екен. Егер көп қоқыс
балқытылатын болса, әлсін-әлі ыдысты босатып отыру керек. Ол тез суып кетеді. Немесе оны
балқытылған ыдыстың өзінде қалдыруға болады. Ол толықтай суыған соң жеңіл алынады. Қалдық
көлемі азайып, кеңістік үнемделеді. Балқытылғаннан кейін ыдыстың көлемі жүз есе болмаса, 50 есе
кішірейеді. Яғни, екі үлкен қалтаға сыймайтын бөтелке массасын суығаннан кейін орташа алманың
мөлшеріндей етіп алақанға жұмарлауға болады. «Осы құрылғы арқылы пластик бөтелкелерді
қоршаған ортаға зиян келтірместен пайдаға асыруға болады. Енді оларды өртеу емес, балқыту керек.
Сонда пластиктен қауіпті органикалық қоспа бензапирен бөлінбейді, - деп жазады . Пащенконың
тұжырымы бойынша, пластикті 210-нан 250 градус Цельсийге дейін балқыту қоршаған орта үшін
зиянсыз екен.
Экологиялық жағынан алғанда, бұл өте инертті, ылғал жұтпайтын, биологиялық қауіпсіз массаға
кішірейеді. Пащенконың растауынша, біз үшін ең бастысы – қайта балқытылған пластик жанбайды:
«Қоқыс орындарында енді өрт болмайды, өйткені бұл массаны өртеу мүмкін емес».
11 слайд
Ең қиыны – сабырлылық танытып, алғашқы бөтелкені асықпай балқыту. Ол жабысқақ қоймалжыңға айналып, бүкіл ыдыстың түбіне жайылып, қайнағанша күту керек. Балқытудың өртеуден айырмашылығы – ешқандай өзгеше иіс болмайды. Қоймалжың қайнаған кезде ондағы бөтелке жылы алақандағы қар түйіршіктері секілденіп еріп кетеді екен. Бес литрлік баклажка бір минут ішінде балқып кетті. Ал бір жарым литрлік баклажкаға 20 секунд та жеткілікті болды. Қыздыру температурасы біркелкі болуы үшін түзілген массаны үнемі араластырып тұрған жөн. Бұл идея новосібірлік эколог, химик-практик Сергей ПАЩЕНКОНЫҢ еншісінде. Ғаламтордағы форумдардың біріне ол «Жағажайларда, қоқыс орындарында, ормандарда, тұрғын үй массивтеріндегі пластмасса бөтелкелерді пайдаға жарату» деп аталатын жарияланымын орналастырған. идея авторының жылдамдығы (1 бөтелке/10 секунд) мен ептілікке қол жеткізуіміз қиынға түспес деп ойлаймын. Орташа алғанда Пащенко сағатына 300-ден аса бөтелке балқытады екен. Егер көп қоқыс балқытылатын болса, әлсін-әлі ыдысты босатып отыру керек. Ол тез суып кетеді. Немесе оны балқытылған ыдыстың өзінде қалдыруға болады. Ол толықтай суыған соң жеңіл алынады. Қалдық көлемі азайып, кеңістік үнемделеді. Балқытылғаннан кейін ыдыстың көлемі жүз есе болмаса, 50 есе кішірейеді. Яғни, екі үлкен қалтаға сыймайтын бөтелке массасын суығаннан кейін орташа алманың мөлшеріндей етіп алақанға жұмарлауға болады. «Осы құрылғы арқылы пластик бөтелкелерді қоршаған ортаға зиян келтірместен пайдаға асыруға болады. Енді оларды өртеу емес, балқыту керек. Сонда пластиктен қауіпті органикалық қоспа бензапирен бөлінбейді, - деп жазады . Пащенконың тұжырымы бойынша, пластикті 210-нан 250 градус Цельсийге дейін балқыту қоршаған орта үшін зиянсыз екен. Экологиялық жағынан алғанда, бұл өте инертті, ылғал жұтпайтын, биологиялық қауіпсіз массаға кішірейеді. Пащенконың растауынша, біз үшін ең бастысы – қайта балқытылған пластик жанбайды: «Қоқыс орындарында енді өрт болмайды, өйткені бұл массаны өртеу мүмкін емес».
12 слайд
12 слайд
13 слайд
Қосымша
13 слайд
Қосымша
14 слайд
14 слайд
15 слайд
15 слайд
16 слайд
16 слайд
17 слайд
1.Қорытынды
Полиэтиленді далаға тастауға болмайды, себебі табиғат мұндай заттармен өздігінен күресе
алмайды. Бұл ауру жұқтыратын бактериялардың жиналуына әкеліп соғады және қоршаған
ортаны уландыра түседі. Полиэтиленді пакетпен өсімдікке тәжірибе жасай отырып, оның
улы газдар бөлетініне көз жеткіздім.
Табиғат олармен өздігінен күресе алмағандықтан оларды жою үшін көп бөлігін жағады,
көмеді және тек қана аз бөлігі қайта өңделеді. Полиэтиленді пакеттер көптеген
жануарлардың өліміне әкеліп соғады. Жыл сайын миллиондаған құстар және 100 мыңға
жуық теңіз жануарлары полиэтиленді пакеттерді қорегімен шатастырып, өмірлері қайғылы
жағдаймен аяқталады. Полиэтиленді пакеттердің қоршаған ортаға әсерін зерттей отырып,
оның пайдасынан зияны артық екені анық болды.
Қасиетті қазақ даласы күл-қоқыс қойма
сына айналмауы керек! -дей келе бұл
жобамның маған «Бұл өте қиын әрі көп тер төгуді қажет ететін жұмыс оңай тимейтін
білемін, бірақ тәуекелге бел буамын». Яғни, менің бұл жобаммен айтқым келгені, қазіргі
таңда тұрмыстық қалдықтар соның ішінде пластикалық бөтелкелер мен полиэтилен
пакеттердің экологиялық проблема болып жатыр. Біз сол пластикалық бөтелкелер мен
полиэтилен пакеттерді балқыту арқылы тұрмысқа қажетті құрлыс материалдарына
айналдыру, немесе одан басқа жасалатын әр - түрлі тұрмысқа қажетті өнер туындыларын
жасауды болашақта қолға алғымыз келеді. Ауылымыздың экологиясын сақтап сонымен
қатар тұрғындарға да пайдалы нәрсе ойлап тауып іске асырамын деп ойлаймын.
17 слайд
1.Қорытынды Полиэтиленді далаға тастауға болмайды, себебі табиғат мұндай заттармен өздігінен күресе алмайды. Бұл ауру жұқтыратын бактериялардың жиналуына әкеліп соғады және қоршаған ортаны уландыра түседі. Полиэтиленді пакетпен өсімдікке тәжірибе жасай отырып, оның улы газдар бөлетініне көз жеткіздім. Табиғат олармен өздігінен күресе алмағандықтан оларды жою үшін көп бөлігін жағады, көмеді және тек қана аз бөлігі қайта өңделеді. Полиэтиленді пакеттер көптеген жануарлардың өліміне әкеліп соғады. Жыл сайын миллиондаған құстар және 100 мыңға жуық теңіз жануарлары полиэтиленді пакеттерді қорегімен шатастырып, өмірлері қайғылы жағдаймен аяқталады. Полиэтиленді пакеттердің қоршаған ортаға әсерін зерттей отырып, оның пайдасынан зияны артық екені анық болды. Қасиетті қазақ даласы күл-қоқыс қойма сына айналмауы керек! -дей келе бұл жобамның маған «Бұл өте қиын әрі көп тер төгуді қажет ететін жұмыс оңай тимейтін білемін, бірақ тәуекелге бел буамын». Яғни, менің бұл жобаммен айтқым келгені, қазіргі таңда тұрмыстық қалдықтар соның ішінде пластикалық бөтелкелер мен полиэтилен пакеттердің экологиялық проблема болып жатыр. Біз сол пластикалық бөтелкелер мен полиэтилен пакеттерді балқыту арқылы тұрмысқа қажетті құрлыс материалдарына айналдыру, немесе одан басқа жасалатын әр - түрлі тұрмысқа қажетті өнер туындыларын жасауды болашақта қолға алғымыз келеді. Ауылымыздың экологиясын сақтап сонымен қатар тұрғындарға да пайдалы нәрсе ойлап тауып іске асырамын деп ойлаймын.
18 слайд
6. Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Алишева К.А. Экология. – Алматы: HAS, 2006. - 304 с.
2. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология. Оқулық.Алматы: Экономика,2002.-405бет.
3.Жилин Д.М. Современные проблемы утилизации мусора //Химия в школе 1998
№1
4.Миркин Б. М., Наумова Л. Г. «Экология – наука XX века». Москва, 1999.
5.Пакет из полиэтилена – удобство или вред .htm.
6.Полиэтиленовый пакет - верный друг или расчетливый поработитель _files.
7.Радченко Н.В. «Бытовой мусор – это серьёзно».
8.Рюмин В.В. «Занимательная химия». Москва, 2011.
9.Социальный проект о загрязнении окружающей среды - эко-упаковка, био-пакеты,
биоупаковка, биоразлагаемые пакеты,производство полиэтиленовых пакетов - сделайте
правильный выбор!_files
10.Чем опасны полиэтиленовые пакеты -_files
11.Юфит С.С. «Яды вокруг нас». Москва, 2002.
18 слайд
6. Қолданылған әдебиеттер тізімі: 1. Алишева К.А. Экология. – Алматы: HAS, 2006. - 304 с. 2. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология. Оқулық.Алматы: Экономика,2002.-405бет. 3.Жилин Д.М. Современные проблемы утилизации мусора //Химия в школе 1998 №1 4.Миркин Б. М., Наумова Л. Г. «Экология – наука XX века». Москва, 1999. 5.Пакет из полиэтилена – удобство или вред .htm. 6.Полиэтиленовый пакет - верный друг или расчетливый поработитель _files. 7.Радченко Н.В. «Бытовой мусор – это серьёзно». 8.Рюмин В.В. «Занимательная химия». Москва, 2011. 9.Социальный проект о загрязнении окружающей среды - эко-упаковка, био-пакеты, биоупаковка, биоразлагаемые пакеты,производство полиэтиленовых пакетов - сделайте правильный выбор!_files 10.Чем опасны полиэтиленовые пакеты -_files 11.Юфит С.С. «Яды вокруг нас». Москва, 2002.
19 слайд
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ
19 слайд
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ