Вебинар тақырыбы : Бағалау жұмыстарын құрастыру және өткізу ережесі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Мұғалім - өзінің білімін
үздіксіз көтеріп отырғанда
ғана мұғалім, ал оқуды,
ізденуді тоқтатқанмен оның
мұғалімдігі де жойылады.
Константин Ушинский
1 слайд
Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады. Константин Ушинский
2 слайд
Бағалау жұмыстарын
құрастыру және өткізу
ережесі Тақырыбы:
2 слайд
Бағалау жұмыстарын құрастыру және өткізу ережесі Тақырыбы:
3 слайд
Мақсаты :
Мұғалімдерге жаңартылған білім
бағдарламасы бойынша бағалау
тапсырмаларын дайындау жолдары
туралы түсінік қалыптастыру
3 слайд
Мақсаты : Мұғалімдерге жаңартылған білім бағдарламасы бойынша бағалау тапсырмаларын дайындау жолдары туралы түсінік қалыптастыру
4 слайд
Нәтижелері:
- критериалды бағалау құралдарын құрастырудың негізгі
тәсілдері туралы білімі мен түсінігін кеңейтеді;
-
критериалды бағалау процесінде қолданылатын
тапсырмалардың түрлері мен олардың сипаты туралы
білімі мен түсінігін кеңейтеді;
-
бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын
әзірлеу және дескрипторлар құрастыру тәжірибесін
жетілдіреді;
-
тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу
және балл қою кестесін құрастыру дағдыларын
жетілдіреді;
4 слайд
Нәтижелері: - критериалды бағалау құралдарын құрастырудың негізгі тәсілдері туралы білімі мен түсінігін кеңейтеді; - критериалды бағалау процесінде қолданылатын тапсырмалардың түрлері мен олардың сипаты туралы білімі мен түсінігін кеңейтеді; - бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу және дескрипторлар құрастыру тәжірибесін жетілдіреді; - тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу және балл қою кестесін құрастыру дағдыларын жетілдіреді;
5 слайд
Білім алушылардың оқу жетістіктерін
бағалаудың шынайы және сенімді жүйесі
білім беру мазмұнының ажырамас бөлігі
болып табылады.
Бағалау - оқытудың ағымдағы және
қорытынды кезеңдеріндегі
оқушылардың үлгерімі туралы
ақпаратты жинау мен талдауды
білдіретін білім беру процесінің
маңызды құрамдас бөлігі.
5 слайд
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың шынайы және сенімді жүйесі білім беру мазмұнының ажырамас бөлігі болып табылады. Бағалау - оқытудың ағымдағы және қорытынды кезеңдеріндегі оқушылардың үлгерімі туралы ақпаратты жинау мен талдауды білдіретін білім беру процесінің маңызды құрамдас бөлігі.
6 слайд
1. Критериалды бағалау дегеніміз не?
2. Қалыптастырушы бағалау дегеніміз
не?
3. Бөлім бойынша жиынтық бағалау
дегеніміз не?
4. Тоқсан бойынша жиынтық бағалау
дегеніміз не?
6 слайд
1. Критериалды бағалау дегеніміз не? 2. Қалыптастырушы бағалау дегеніміз не? 3. Бөлім бойынша жиынтық бағалау дегеніміз не? 4. Тоқсан бойынша жиынтық бағалау дегеніміз не?
7 слайд
Критериалды бағалау –
белгіленген критерийлер
негізінде білім алушылардың
нақты қол жеткізген
нәтижелерін оқытудың күтілетін
нәтижелерімен сәйкестендіру
процесі.
7 слайд
Критериалды бағалау – белгіленген критерийлер негізінде білім алушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін нәтижелерімен сәйкестендіру процесі.
8 слайд
Қалыптастырушы бағалау
оқу процесінің ажырамас бөлігі
болып табылады және ол
оқу процесі бар ы сында мұғалім
тарапынан жүйелі түрде
жүргізіледі.
8 слайд
Қалыптастырушы бағалау оқу процесінің ажырамас бөлігі болып табылады және ол оқу процесі бар ы сында мұғалім тарапынан жүйелі түрде жүргізіледі.
9 слайд
Жиынтық бағалау мұғалімдерге,
білім алушылар мен ата-аналарға
ұсыну үшін балл,баға қою арқылы
оқу бағдарламасындағы
бөлім/ортақ тақырыптар, белгілі
бір оқу кезеңі
(мысалы, оқу тоқсаны, триместр,
оқу жылы, орта білім беру деңгейі)
аяқталғанда өткізіледі.
9 слайд
Жиынтық бағалау мұғалімдерге, білім алушылар мен ата-аналарға ұсыну үшін балл,баға қою арқылы оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар, белгілі бір оқу кезеңі (мысалы, оқу тоқсаны, триместр, оқу жылы, орта білім беру деңгейі) аяқталғанда өткізіледі.
10 слайд
Егер қалыптастырушы бағалау білім алушыға нақты
тапсырманы немесе сабақтағы іс-әрекетті орындау
кезінде берілетін кері байланысқа негізделсе, ал бөлім
бойынша жиынтық бағалау процесі білім алушының
белгілі бір бөлімді аяқтауы бойынша жинақтаған білімі
мен дағдыларының деңгейін анықтауға мүмкіндік
береді.
Тоқсандық жиынтық бағалау мен білім берудің
белгілі бір деңгейіндегі жиынтық бағалау
оқушылардың оқу бағдарламасын меңгеру деңгейін
анықтау үшін жүргізіледі.
10 слайд
Егер қалыптастырушы бағалау білім алушыға нақты тапсырманы немесе сабақтағы іс-әрекетті орындау кезінде берілетін кері байланысқа негізделсе, ал бөлім бойынша жиынтық бағалау процесі білім алушының белгілі бір бөлімді аяқтауы бойынша жинақтаған білімі мен дағдыларының деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Тоқсандық жиынтық бағалау мен білім берудің белгілі бір деңгейіндегі жиынтық бағалау оқушылардың оқу бағдарламасын меңгеру деңгейін анықтау үшін жүргізіледі.
11 слайд
Бағалаудың мақсат-міндеттері,
нысандары, қағидаттары, әдіс-тәсілдері
мен формалары, бағалау құралдары
білім беру процесінің барлық
қатысушыларына (оқушылар,
мұғалімдер, ата-аналар мен мектеп
әкімшілігі) түсінікті болуы тиіс.
11 слайд
Бағалаудың мақсат-міндеттері, нысандары, қағидаттары, әдіс-тәсілдері мен формалары, бағалау құралдары білім беру процесінің барлық қатысушыларына (оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар мен мектеп әкімшілігі) түсінікті болуы тиіс.
12 слайд
Тапсырма әзірлеу барысында неге назар
аудару керек?
Жоспарлау Бағалауға арналған
тапсырманы әзірлеу мақсаты мен
міндеттерін айқындау, қажетті құжаттарды
анықтау.
Құрастыру Оқу бағдарламасын,
спецификацияны қолдану, бағалау
критерийлерін белгілеу, тапсырма
құрастыру
Сараптама жасау Тапсырманың сапасын
талдау, материалды қайта қарау, өзгерту
енгізу
Қолдану Тапсырманы белгіленген уақыт
пен жағдайға сәйкес қолдану
Талдау Нәтижеге шолу жасау, кері
байланысты ескеру, өзгеріс енгізу
12 слайд
Тапсырма әзірлеу барысында неге назар аудару керек? Жоспарлау Бағалауға арналған тапсырманы әзірлеу мақсаты мен міндеттерін айқындау, қажетті құжаттарды анықтау. Құрастыру Оқу бағдарламасын, спецификацияны қолдану, бағалау критерийлерін белгілеу, тапсырма құрастыру Сараптама жасау Тапсырманың сапасын талдау, материалды қайта қарау, өзгерту енгізу Қолдану Тапсырманы белгіленген уақыт пен жағдайға сәйкес қолдану Талдау Нәтижеге шолу жасау, кері байланысты ескеру, өзгеріс енгізу
13 слайд
Тапсырма түрлері
Жабық тапсырмаларды құрастыру оңай
және олар оқушылардың түсінуіне жеңіл
болады.
Практикада жабық тапсырмалардың
бірнеше түрі кеңінен қолданылады:
• Жауабында көп таңдауы бар тапсырмалар: бір
дұрыс жауабын таңдау немесе
бірнеше дұрыс жауабын таңдау тапсырмалары;
• сәйкестендіруге арналған тапсырмалар;
• реттілікті анықтау тапсырмалары;
• тұжырымның шындық немесе жалған екенін
анықтауға арналған тапсырмалар
(Ақиқат немесе жалған тапсырмалары)
13 слайд
Тапсырма түрлері Жабық тапсырмаларды құрастыру оңай және олар оқушылардың түсінуіне жеңіл болады. Практикада жабық тапсырмалардың бірнеше түрі кеңінен қолданылады: • Жауабында көп таңдауы бар тапсырмалар: бір дұрыс жауабын таңдау немесе бірнеше дұрыс жауабын таңдау тапсырмалары; • сәйкестендіруге арналған тапсырмалар; • реттілікті анықтау тапсырмалары; • тұжырымның шындық немесе жалған екенін анықтауға арналған тапсырмалар (Ақиқат немесе жалған тапсырмалары)
14 слайд
Ашық тапсырмалар жоғары деңгейлі
танымдық дағдыларды тексеруге,
дәлелдер
келтіре алуға, жеке көзқарасын білдіруге,
сыни ойлай алуға және т.б. арналған.
Қысқа жауапты қажет ететін
тапсырмаларда оқушылар бірнеше сөздерді,
бір сөйлемді, қарапайым сызбаны немесе
формуланы қолдана отырып, сұрақтарға
қысқа нақты жауап беруі қажет.
Толық жауапты қажет ететін
тапсырмаларды бірнеше кезеңден тұратын
түрлі сөйлемдерді, түсініктемелерді,
сызбаларды немесе дәлелдерді қолдана
отырып орындау қажет.
Толық жауапты қажет ететін тапсырма
нұсқаларының бірі эссе болып табылады.
14 слайд
Ашық тапсырмалар жоғары деңгейлі танымдық дағдыларды тексеруге, дәлелдер келтіре алуға, жеке көзқарасын білдіруге, сыни ойлай алуға және т.б. арналған. Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда оқушылар бірнеше сөздерді, бір сөйлемді, қарапайым сызбаны немесе формуланы қолдана отырып, сұрақтарға қысқа нақты жауап беруі қажет. Толық жауапты қажет ететін тапсырмаларды бірнеше кезеңден тұратын түрлі сөйлемдерді, түсініктемелерді, сызбаларды немесе дәлелдерді қолдана отырып орындау қажет. Толық жауапты қажет ететін тапсырма нұсқаларының бірі эссе болып табылады.
15 слайд
Дескриптор – тапсырмаларды орындау
кезіндегі әрекетті көрсететін сипаттама.
Дескрипторлар қалыптастырушы бағалау
мен бөлім бойынша жиынтық бағалауды
өткізу кезінде қолданылады.
Тапсырмаларды тексеру процесінде бөлім
бойынша жиынтық
бағалауда қолданылатын әр дескриптор 1
балмен бағаланады.
15 слайд
Дескриптор – тапсырмаларды орындау кезіндегі әрекетті көрсететін сипаттама. Дескрипторлар қалыптастырушы бағалау мен бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізу кезінде қолданылады. Тапсырмаларды тексеру процесінде бөлім бойынша жиынтық бағалауда қолданылатын әр дескриптор 1 балмен бағаланады.
16 слайд
Балл қою кестесі – тоқсандық жиынтық бағалау
тапсырмаларына балл қою бойынша бірыңғай
норманы белгілеу үшін мұғалімдер қолданатын кесте.
Балл қою кестесінде көп таңдауды қажет ететін тапсырмалар
үшін дұрыс жауабы (кілті) көрсетіледі.
Ашық тапсырмалардың дұрыс (болжамды) жауаптарының
үлгілерін құрастыру кезінде балл қою кестесінде бағалаудың үш
аспектісі сипатталады: таңдалған жауап (мысалы,ізденімпаз,
шыдамды, тілалғыш, тәрбиелі); ықтимал жауаптар немесе оқушы
жауабы ескеріледі .
Бұдан әрі тапсырмаларды орындаудың әр кезеңінің балдары
көрсетіледі.
16 слайд
Балл қою кестесі – тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына балл қою бойынша бірыңғай норманы белгілеу үшін мұғалімдер қолданатын кесте. Балл қою кестесінде көп таңдауды қажет ететін тапсырмалар үшін дұрыс жауабы (кілті) көрсетіледі. Ашық тапсырмалардың дұрыс (болжамды) жауаптарының үлгілерін құрастыру кезінде балл қою кестесінде бағалаудың үш аспектісі сипатталады: таңдалған жауап (мысалы,ізденімпаз, шыдамды, тілалғыш, тәрбиелі); ықтимал жауаптар немесе оқушы жауабы ескеріледі . Бұдан әрі тапсырмаларды орындаудың әр кезеңінің балдары көрсетіледі.
17 слайд
Тапсырмаларда ресурстық
материалдарды қолдануға қатысты
ұсыныстар
Тапсырмада мәтін, график, диаграмма,
сызба, бейне, аудио жазбалар, карталар,
иллюстрациялар және т.б. түріндегі түрлі
ресурстық материалдарды қолдануға
болады.
Ресурстық материалдар оқушыға қосымша
көмек көрсету мақсатында немесе
дереккөздері ретінде қолданылады.
17 слайд
Тапсырмаларда ресурстық материалдарды қолдануға қатысты ұсыныстар Тапсырмада мәтін, график, диаграмма, сызба, бейне, аудио жазбалар, карталар, иллюстрациялар және т.б. түріндегі түрлі ресурстық материалдарды қолдануға болады. Ресурстық материалдар оқушыға қосымша көмек көрсету мақсатында немесе дереккөздері ретінде қолданылады.
18 слайд
Ресурстық материалдардың мазмұнына қойылатын
талаптар:
✓ Ресурстық материалдарды іріктеу мен құрастыру
барысында тақырыпты, оқу мақсаттарын, бағалау
критерийлерін ескеру қажет.
✓ Ресурстық материалдарды оқулықтардан, оқу
құралдарынан немесе мектепте қолданылып жүрген
дереккөздерден қолданбаған дұрыс. Жауаптары
берілуі мүмкін,мысалы, тапсырмада және ресурстық
материалда бірдей сөздерді қолданудан аулақ болған
дұрыс.
✓ Ресурстық материалдарда ескірген ақпарат, сондай-
ақ оқушының денсаулығына және дамуына кері әсер
ететін ақпарат болмағаны жөн.
18 слайд
Ресурстық материалдардың мазмұнына қойылатын талаптар: ✓ Ресурстық материалдарды іріктеу мен құрастыру барысында тақырыпты, оқу мақсаттарын, бағалау критерийлерін ескеру қажет. ✓ Ресурстық материалдарды оқулықтардан, оқу құралдарынан немесе мектепте қолданылып жүрген дереккөздерден қолданбаған дұрыс. Жауаптары берілуі мүмкін,мысалы, тапсырмада және ресурстық материалда бірдей сөздерді қолданудан аулақ болған дұрыс. ✓ Ресурстық материалдарда ескірген ақпарат, сондай- ақ оқушының денсаулығына және дамуына кері әсер ететін ақпарат болмағаны жөн.
19 слайд
19 слайд
20 слайд
Б өлім бойынша
бағалаудың
ерекшеліктері
мақм ас ас Тоқсандық бөлім
бойынша бағалаудың
ерекшеліктері
1.Мақсатын өзг.бол.
2.15-20 мин. берл.
3.Дескриптор бол.
4.Рубрика бол.
5.7-15 дейін балл саны
бол.
6. Екі дағды +т.б. бол.
7. 1бжб
тың+жазл+т.б.
2бжб
оқыл+жазл+т.б.
8. 2-3 тапсырма б\к 1.Мақсатын өзг.болм.
2.40 мин. берл.
3. Балл қою кестесі бол.
4.Балл саны өзгерм.
5.Төрт дағды бірдей қамт. Ұқсастығы:
1.Өтілген
бөлімді
қамтиды
2.Жасерекшел
ікке сай құрл.
3.Ашық және
жабық
тапс.б\к
4.Мәтіннің
сөз саны
және
ссылкасы б\к
5.Тапс.орынд.
уақытын к\к
6. Жазылым
+т.б. бірге
жүреді
7.Айтылым
+т.б. б\ж
20 слайд
Б өлім бойынша бағалаудың ерекшеліктері мақм ас ас Тоқсандық бөлім бойынша бағалаудың ерекшеліктері 1.Мақсатын өзг.бол. 2.15-20 мин. берл. 3.Дескриптор бол. 4.Рубрика бол. 5.7-15 дейін балл саны бол. 6. Екі дағды +т.б. бол. 7. 1бжб тың+жазл+т.б. 2бжб оқыл+жазл+т.б. 8. 2-3 тапсырма б\к 1.Мақсатын өзг.болм. 2.40 мин. берл. 3. Балл қою кестесі бол. 4.Балл саны өзгерм. 5.Төрт дағды бірдей қамт. Ұқсастығы: 1.Өтілген бөлімді қамтиды 2.Жасерекшел ікке сай құрл. 3.Ашық және жабық тапс.б\к 4.Мәтіннің сөз саны және ссылкасы б\к 5.Тапс.орынд. уақытын к\к 6. Жазылым +т.б. бірге жүреді 7.Айтылым +т.б. б\ж
21 слайд
bghhДескриптор Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
Тапсырмалар
Нәтиже
21 слайд
bghhДескриптор Оқу мақсаты Бағалау критерийі Тапсырмалар Нәтиже
22 слайд
Профессор Дайана Хесстің
«Өзің үйретпеген нәрсені
бағалау – әділетсіздік»
деген сөзінің маңыздылығын
атап көрсетуге болады.
22 слайд
Профессор Дайана Хесстің «Өзің үйретпеген нәрсені бағалау – әділетсіздік» деген сөзінің маңыздылығын атап көрсетуге болады.
23 слайд
23 слайд