Материалдар / XX ғасырдағы Қазақстан экономикасының дамуы 11-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

XX ғасырдағы Қазақстан экономикасының дамуы 11-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
XX ғасырдағы Қазақстан экономикасының дамуы тақырыбына қатысты барлық мәліметтер қамтылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қырқүйек 2024
1296
14 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі
XX ғасырдағы Қазақстан экономикасының дамуы  Оқу мақсаты:  11.1.3.1 Қазақстанның экономикалық даму ерекшеліктер

1 слайд
XX ғасырдағы Қазақстан экономикасының дамуы  Оқу мақсаты:  11.1.3.1 Қазақстанның экономикалық даму ерекшеліктерін талдау үшін «экономикалық жүйе», «дәстүрлі(аграрлы) экономика», «жоспарлы(социалистік) экономика» ұғымдарын пайдалану;  11.1.3.2 ХХ ғасырда Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық даму бағыттарын анықтаған факторларды талдау

Алаш қайраткері С.Сәдуақасов: «Қазақстан отар болып келді және солай болып қалады» ХХ ғасырдың басында қазақ дал

2 слайд
Алаш қайраткері С.Сәдуақасов: «Қазақстан отар болып келді және солай болып қалады» ХХ ғасырдың басында қазақ даласында өмір сүру жағдайы айтарлықтай күрделене түсті. Қазақстан Ресей экономикасы үшін шикізат базасы мен өнімін өткізу нарығы және отаршылдық саясат жүргізу аймағына айналды. Қазақстан экономикасы бастапқыда Ресей империясының, одан кейін кеңестік биліктің мүддесіне сай құрылды.

Орал облысының депутаты Б. Қаратаев: «Қырғыздарды (қазақтарды) өздері мекендеген жақсы жерлерінен ғана емес, тұрғ

3 слайд
Орал облысының депутаты Б. Қаратаев: «Қырғыздарды (қазақтарды) өздері мекендеген жақсы жерлерінен ғана емес, тұрғын үйлерінен, жылы ұяларынан қуып жатыр». Ол кезеңде Қазақстан Ресей империясының негізгі малшаруашылық аймағының бірі болды. Отаршылдық биліктің жүгенсіздігі салдарынан жергілікті тұрғындардың шұрайлы жерлері тартып алынып, туған жерлерінен қуылды. Олардың қыстақтары мен шаруашылық құрылыстарын да иемденді. Жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі қатты сезілді. 1917 жылы далалықтар 45 млн десятина шұрайлы жерлерінен айырылды.

1917 жылғы 5-13 шілде аралығында Орынборда өткен І жалпықазақ съезінде талқыланған мәселелер: Қазақ а

4 слайд
1917 жылғы 5-13 шілде аралығында Орынборда өткен І жалпықазақ съезінде талқыланған мәселелер: Қазақ ауылының экономикалық жағдайына қатысты жинақталған мәселелерді талқылады. Съездің қаулысында «Қазақ халқы өзіне қарасты жерге орналасып болғанша олардың жері ешкімге берілмесін» деген талап көрсетілді.  Бұрын қазақтардың пайдасынан алынып қойған жерлерді, яғни дворяндық, монастырлық, гарнизондық, демалыс орындары т.б. кері қайтару талап етілді. 

1917 жылғы қарашадағы «Қазақ» газетінде жарияланған мақаладағы негізгі ой: «Жер үлесі алдымен жергілікті халыққа

5 слайд
1917 жылғы қарашадағы «Қазақ» газетінде жарияланған мақаладағы негізгі ой: «Жер үлесі алдымен жергілікті халыққа бөлінетін болады; қырғыздар (қазақтар) тұрғылықты орнынан жер үлесін алып, жайғаспайынша, қоныс аударушы шаруалар көшіп келмеуі тиіс». Жерді сатып алу-сату шарасының жүргізілуі барысында қазақтардың өз жерінен айырылыпқалу қаупі туындағандықтан, «Алаш» партиясының бағдарламасында жердің сатылуына қатаң түрде тыйым салу мәселесі көтерілді.

Қазақ зиялысы Ахмет Байтұрсынұлы: «Қазақ ұлты өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» Қазақ халқының сол кезеңдегі

6 слайд
Қазақ зиялысы Ахмет Байтұрсынұлы: «Қазақ ұлты өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» Қазақ халқының сол кезеңдегі шаруашылық отарлануының салдары мен қазақ ауылдары қасіретінің ауқымын сипаттады. Ресей империясы қазақ жеріндегі тау- кен орындарын зерттеп, игеру үшін тәжірибесі болмағандықтан қосымша шетелдік кәсіпкерлерді Қазақстанға тарта бастады. Нәтижесінде шетелдік кәсіпкерлер Қазақстанның барлық пайдалы қазбаларын зерттеп, шетел асыра бастады.

Қазақ даласындағы табиғи қазба байлықтарды шетелдіктердің зерртеу нәтижесінде 1904 жылы Лондонда құрылған «Спасс

7 слайд
Қазақ даласындағы табиғи қазба байлықтарды шетелдіктердің зерртеу нәтижесінде 1904 жылы Лондонда құрылған «Спасск мыс кен орындары» акционерлік қоғамы кен орындарын сатып алуға белсенді кірісті.  Спасск-Воскресенск, Успенск мыс кеніштері, Спасск мыс қорыту зауыты, Саран және Қарағанды көмір шахталары сатылды. Жезқазған мыс кеніштерін, Байқоңыр әк карьерлері мен темір кен орындарын «Атбасар мыс кен орындары» акционерлік қоғамы иеленді.  1904 жылы Риддер мен Зырян түсті металл кен орындарын австриялықтар сатып алды. Мұнай өндіру шетелдік кәсіпкерлердің, ең алдымен ағылшындардың қолына өтті. 1911 жылы Доссор кәсіпшілігінде мұнай өндіру басталды.

Тұз өндіру кәсібі Қазақстанның солтүстік-батыс және батыс аудандарында тұз өндіру маңызды салаға айналды.  Тұз

8 слайд
Тұз өндіру кәсібі Қазақстанның солтүстік-батыс және батыс аудандарында тұз өндіру маңызды салаға айналды.  Тұз Басқұншақ, Елтон, Елек және Коряков кәсіпшілігінде өндірілді. 1909 жылы Коряков кәсіпшілігінің өзінде ғана 4 миллион пұт тұз өндірілді. Бұл жерде 10 мыңнан астам жұмысшы болды. Өндірілген тұз Батыс және Шығыс Сібірге, Обь өзені бойындағы балық кәсіпшілеріне жөнелтілді.

Балық кәсіпшілігі Қазақстанда балық аулаудың дәстүрлі орталықтары Арал және Каспий теңіздері, Зайсан және Балқа

9 слайд
Балық кәсіпшілігі Қазақстанда балық аулаудың дәстүрлі орталықтары Арал және Каспий теңіздері, Зайсан және Балқаш көлдері, Орал, Ембі, Ертіс, Іле, Шу, Сырдария өзендері еді. Балық аулаудың қарқынды дамуына Орынбор-Ташкент теміржолының салынуы елеулі ықпал етті.

Қазақстанда ауылшаруашылық шикізатын өңдейтін шағын кәсіпорындардың бой көтеруі Қазақстанда тері өңдейтін, сабын

10 слайд
Қазақстанда ауылшаруашылық шикізатын өңдейтін шағын кәсіпорындардың бой көтеруі Қазақстанда тері өңдейтін, сабын қайнататын, май қорытатын, спирт-арақ, сыра ашытатын, жүн түтетін зауыттар жұмыс істеді. Зауыттар мен фабрикалардағы жергілікті жұмысшылар қатары азшылықты құрады, техникалық жабдықталу деңгейі тым төмен еді. Қазақтар ең ауыр жұмыстарға жегіліп, оларға жалақының ең төменгі мөлшері белгіленді.

Қазақстандағы химия өнеркәсібінің алғашқы кәсіпорны – Шымкент дермене (сантонин) зауыты Шымкент дермене (сантон

11 слайд
Қазақстандағы химия өнеркәсібінің алғашқы кәсіпорны – Шымкент дермене (сантонин) зауыты Шымкент дермене (сантонин) зауытының өнімі Англия, Америка, Германия, Үндістан, Жапония елдеріне шығарылды. Мақта тазалайтын зауыттар Шымкент және Түркістан қалаларында орналасты.  Верный қаласында темекі фабрикасы жұмыс істеді.

Қазақстанда құрылған жәрмеңкелер Жәрмеңкелік сауда жалпыресейлік маңызға ие болды. Ең ірі жәрмеңкелер Қарқаралы

12 слайд
Қазақстанда құрылған жәрмеңкелер Жәрмеңкелік сауда жалпыресейлік маңызға ие болды. Ең ірі жәрмеңкелер Қарқаралы уезіндегі Қоянды-Ботов, Петропавл уезіндегі Тайыншакөл, Ақмола уезіндегі Константинов, Атбасар уезіндегі Петров, Верный уезіндегі Қарқара жәрмеңкелері болды.  Олардағы сауда айналымы жылына 2–3 миллионға дейін жеткен. Қоянды-Ботов жәрмеңкесі 1924 жылға дейін өткізілді.

Кеңес үкіметі орнауының бастапқы кезеңіндегі Қазақстанда экономиканың дамуы 1917 жылы Қазақстан екі революцияны б

13 слайд
Кеңес үкіметі орнауының бастапқы кезеңіндегі Қазақстанда экономиканың дамуы 1917 жылы Қазақстан екі революцияны бастан кешірді /ақпан, қазан революциясы/ Ақпан революциясынан кейін патша ұкіметі құлап, орнына уақытша үкімет пен жұмысшы, шаруа және солдат депуттарының кеңстері орнады. Қазан революциясынан кейін Қазақстанда Кеңес үкіметі орнады. 1919 жылы Кеңес үкімет әскери коммунизм саясатын қабылдап, азық-түлік салғыртын енгізді. 1921 жылы большевиктер партиясының Х съезінде ЖЭС қабылданды. 1925 жылы большевиктер партиясының XIV съезінде елде индустрияландыруды бастау шешімін қабылдады.

Қазақстандағы индустрияландыру Съезде ауыр өнеркәсіпті дамыту, КСРО-ны машина жасайтын және оны сыртқа шығараты

14 слайд
Қазақстандағы индустрияландыру Съезде ауыр өнеркәсіпті дамыту, КСРО-ны машина жасайтын және оны сыртқа шығаратын елге айналдыру міндеттері белгіленді. Өнеркәсіп экономиканың жетекші саласына айналды.  Қазақстан қорғасын өндіруден бірінші орын, түсті металдар өндіруден екінші орын, көмір және мұнай өндіруден үшінші орынды иеленді.

Индустрияландыру нәтижесінде Балқаш мыс балқыту, Шымкент қорғасын, Мерке, Жамбыл қант зауыттары, Алматы еткомбина

15 слайд
Индустрияландыру нәтижесінде Балқаш мыс балқыту, Шымкент қорғасын, Мерке, Жамбыл қант зауыттары, Алматы еткомбинаты т.б. Іске қосылды. Зырянов, Риддер полиметалл, Балқаш комбинаттары салынды. Индустрияландыру барысындағы ең ірі жоба – Түркістан– Сібір теміржол торабын салу болды. Теміржол 1927–1930 жылдары салынып, Сібір, Орта Азия және Оңтүстік Қазақстан аймақтарын байланыстырды. 1927 жылы Петропавл–Көкшетау теміржолы салынып, 1931 жылы Ақмолаға дейін жалғасты. 1939 жылы Қазақстаннан шикізат тасымалдау үшін Ақмола–Қарағанды, Елек–Орал, Рубцовск–Риддер, ал 1940 жылы Қарағанды–Жезқазған теміржолы іске қосылды.  КСРО бойынша теміржолдардың 30%-ы Қазақстанға тиесілі болды.  Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында елімізде 700-ге жуық кәсіпорын салынып, пайдалануға берілді.

Қазақстандағы ұжымдастыру Ауылда байлардың мүлкін тәркілеу. 1929 жыл.  БК(б)П ХV съезі (1927) ауылшаруашылығын ұ

16 слайд
Қазақстандағы ұжымдастыру Ауылда байлардың мүлкін тәркілеу. 1929 жыл.  БК(б)П ХV съезі (1927) ауылшаруашылығын ұжымдастыруға бағыт алуды жариялады.  Мыңдаған жылдар бойы көшпелі және жартылай көшпелі малшаруашылығымен айналысқан қазақтар бір күннің ішінде отырықшы шаруаға айналуға тиіс болды.  1928 жылы әкімшіл-әміршіл үкімет ірі бай шаруашылығын тәркілеу туралы Декрет қабылдады.  Заң жобасы бойынша 700 бай қожалық тәркіленуге тиіс болды, алайда қазақ өлкесінде бұл уақытта ірі байлар осыншама көп емес еді. Сондықтан жүктелген міндетті орындау үшін жергілікті органдар орта шаруаларды да тәркілеуге кірісті.

Қазақстандағы ұжымдастыруғы қарсы толқулар Қазақстанда өкімет орындарының саясатына наразылықтар елде жаппай шаруа

17 слайд
Қазақстандағы ұжымдастыруғы қарсы толқулар Қазақстанда өкімет орындарының саясатына наразылықтар елде жаппай шаруалар көтерілістеріне ұласты. 1929 жылы Сырдария, Қостанай округтерінде көтеріліс бұрқ ете түсті. Қазақстанның оңтүстігіндегі Созақ ауданында шаруалардың ірі бой көрсетуі болып өттіКөтеріліске 5 мыңдай адам қатысты. Сол уақытта осындай көтерілістер Жетісудағы Ақсу және Балқаш аудандарында да болды.  1930 жылы наурызда 200 көтерілісші Қапал станциясын басып алды. ОГПУ (Біріккен Мемлекеттік Саяси басқарма) отрядымен шайқас 28 наурыз күні өтті. Шайқаста 15 адам өліп, 76 көтерілісші тұтқынға түсті. ОГПУ-дің деректері бойынша 1929 жылы Қазақстанда жалпы саны 350 адамнан тұратын 31 көтерілісшілер отряды болды. 1930–1932 жылдары көтерілісшілер 2 мыңға, 1932–1933 жылдары 3,2 мың адамға жеткен. Республикада 80 мыңдай адам қатысқан шаруалардың 372 бой көрсетуі болып өтті. 5 мыңнан астам көтерілісші Кеңес өкіметіне қарсы шыққаны үшін қатаң жазаланып, сотталды, ГУЛАГ лагерьлеріне қамалды, олардың мыңға жуығы атылды.

ҚазақстанҰлы Отан соғысы жылдарында Ұлы Отан соғысы жылдары еліміздің экономикасы соғыс жағдайына көшіріліп, май

18 слайд
ҚазақстанҰлы Отан соғысы жылдарында Ұлы Отан соғысы жылдары еліміздің экономикасы соғыс жағдайына көшіріліп, майданды қару-жарақ, мал және мал өнімдері, азық-түлікпен қамтамасыз етті. Қазақстан КСРО-ның негізгі әскери өнеркәсіп базасы ретінде 5830 тонна астық, 745 тонна ет, қорғасынның 85%- ын, полиметалдың 70%-ын берді. 1941–1945 жылдары республикада 460 зауыт, фабрика, кеніштер мен шахталар салынды. Қазақстан аумағына елдің батыс бөлігінен 220 зауыт пен фабрика көшірілді.

Қазақстан «Хрущев жылымығы» кезеңінде  1953–1964 жылдар тарихта шартты түрде «Хрущев жылымығы» деп аталады. 

19 слайд
Қазақстан «Хрущев жылымығы» кезеңінде  1953–1964 жылдар тарихта шартты түрде «Хрущев жылымығы»  деп аталады.  Соғыстан кейінгі астық жетіспеушілігін жою үшін 1954 жылы наурыз айында КОКП ОК Пленумында тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім қабылданды.  Астық өндіруді арттыру мақсатында 25 млн гектар жер жыртылды, оның 9 млн-ы эрозияға ұшырап, жарамсыз болып қалды. Тың игеру жылдары республикаға КСРО-ның еуропалық бөлігінен «қажетті мамандар» 2 млн адам жаппай қоныс аударды.

Қазақстан тоқырау жылдарында 1965–1985 жылдар «тоқырау жылдары» деп аталады. 1964-1982 жж Брежнев басқарды. 1

20 слайд
Қазақстан тоқырау жылдарында 1965–1985 жылдар «тоқырау жылдары» деп аталады. 1964-1982 жж Брежнев басқарды. 1965 жылы жаңа экономикалық реформа бойынша аймақтық халықшаруашылық кеңестер таратылып, өнеркәсіптер салалық одақтық-республикалық министрліктер арқылы басқаруға көшірілді. 70-жылдардың ортасына қарай кеңестік экономика жүйесінде дағдарыс белгілері айқын көрінді.

Қазақстан «Қайта құру» жылдарында Михаил Сергеевич Горбачёв 1985-1991 жж. КОКП ОК-нің Бас хатшысы болды. 1985

21 слайд
Қазақстан «Қайта құру» жылдарында Михаил Сергеевич Горбачёв 1985-1991 жж. КОКП ОК-нің Бас хатшысы болды. 1985 жылдан экономиканың бірқатар салаларын қамтыған «қайта құру» реформасы басталды. Кәсіпорындарға дербестік беріліп, шаруашылық есеп жүйесі енгізілді, кооперативтер ашылды.

22 слайд

22 слайд

1-тапсырма. Не себепті А.Байтүрсынов «Қазақ ұлты өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» деп айтты? /өз ойыңызды 2

23 слайд
1-тапсырма. Не себепті А.Байтүрсынов «Қазақ ұлты өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» деп айтты? /өз ойыңызды 2 фактімен дәлелдеңіз!/ 2-тапсырма. Қазақстанда жүргізілген индустрияландырудың тиімді және тиімсіз жақтарын бөліп жазыңыз! 3-тапсырма. Қазақстанның Ұлы Отан соғысы жылдарында КСРО-ға экономикалық тұрғыда көмектескендігін талдаңыз!

Үйжұмысы. Картаны пайдаланып, шартты белгілерге жауап жазыңыз!

24 слайд