Материалдар / XX ғасырдағы саяси қуғын-сүргін
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

XX ғасырдағы саяси қуғын-сүргін

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарихқа көз жүгіртетін болсақ Қазақстанда XX ғасыр ірі тарихи оқиғалармен ерекшеленеді. Өткен ғасырдың алғашқы жартысы — қазақ халқының өмірінде бетбұрысты кезең
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Мамыр 2020
706
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі
XX ғасырдағы саяси қуғын-сүргін

1 слайд
XX ғасырдағы саяси қуғын-сүргін

1 слайд

XX ғасырдағы саяси қуғын-сүргін

Батыстық немесе ресейлік ғалымдар ашаршылықтың болу себебі ауа райының қолайсыздығынан, құрғақшылық болып егіннің шықпай қа

2 слайд
Батыстық немесе ресейлік ғалымдар ашаршылықтың болу себебі ауа райының қолайсыздығынан, құрғақшылық болып егіннің шықпай қалғанынан немесе жұқпалы аурулардың таралуынан деген сияқты асыра сілтеулерден іздейді. Ашаршылық кезінде қаншама қазақ қыршынынан қиылды. Оған дәлел мұрағат қойнауында сақталған көптеген ресми құжаттар. Ұлт зиялысы М. Тынышбаевтың есебі бойынша «Қазақстанда 1917 жылы 2 910 000 қазақ өмір сүрген болса, ал М.Г. Сириустың 1924 жылғы жүргізген санағы бойынша қазақтар саны 1965 443 әрең жетіп жығылған» — деген мәліметтер көрсетілген [1, 260 б.]. Ал, белгілі демограф—ғалым М. Тәтімовтің есептеуінше "1931– 1933 жж. ашаршылық Қазақстанда өмір сүрген 2,5 млн адамның, соның ішінде 2,3 млн қазақтардың және 200 мың келімсектердің қайтыс болғаны анықталды.

Отырықшы келімсектер арасында аштықтан өлгендер 10%—ға жетсе, көшпенді қазақтар арасында бұл көрсеткіш 52—53%—тен асып кетк

3 слайд
Отырықшы келімсектер арасында аштықтан өлгендер 10%—ға жетсе, көшпенді қазақтар арасында бұл көрсеткіш 52—53%—тен асып кеткен. Осыдан 17–18% жергілікті тұрғындардың Қазақстаннан біржола көшіп кеткен"—деген мәліметтерді есепке алсақ, қазақ халқының саны өз жерінде осы кезеңде 70% дейін кемігені көрінеді [2, 17 б.] Бұл деректер осыған дейін жарияланған мәліметтердің орташа есебімен сәйкес келеді. Тағы бір естелігінде ағамыз М. Тәтімов: «1879, 1926, 1939 жылдардағы халық санағының нәтижелері жөніндегі мәліметтерді қолға түсіріргенмін. Көзімнің жеткені — 1939 жылғы санақта қазақ халқының санын айтарлықтай асырып жазғандығын аңғардым. Сонда, озбыр саясат «орыс емес» ұлттарды аяусыз қырып— жойғандығын жасырып қалғысы келген«,— деп пайымдаған болатын.

ХХ ғасырдың 30—жылдар басында өткерген сол бір нәубет ашаршылықты жасаған, жаппай ұжымдастыру идеологиясының негізін салуш

4 слайд
ХХ ғасырдың 30—жылдар басында өткерген сол бір нәубет ашаршылықты жасаған, жаппай ұжымдастыру идеологиясының негізін салушы, сонымен қатар Қазақстандағы «Кіші Қазан» төңкерісінің негіздеушісі, Сталиннің ұртоқпағы — Ф. Голощекин болатын. Голощекиннің келе сала қолға алған ісі — жаппай кеңестендіру жүйесін енгізіп, қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі шаруашылығын өзгертуге бағытталған идеясы.

Күштеп ұжымдастыру тәсілдері астық, ет дайындау науқанын көп мөлшерде орындау қажеттігіне қарамастан, қазақ көшпелі өмір

5 слайд
Күштеп ұжымдастыру тәсілдері астық, ет дайындау науқанын көп мөлшерде орындау қажеттігіне қарамастан, қазақ көшпелі өмір салтын отырықшыға айналдыру стратегиясы 1929 жылдан бастап Қоныстандыру басқармасының әзірлеген шаралары негізінде жүзеге асырыла бастады. Ауылшаруашылық өнімдерін күштеп дайындау жоспарына қазақ қоғамы кеңестендіру саясатына мойынсұна қоймады, себебі ғасырлар бойы қалыптасқан көшпелі халықтың ұлттық дәстүрлі шаруашылығы жаңа таптық жүйені жылдам қабылдауға дайын емес еді.

Большевиктік партияның жүргізген ұжымдастыру саясаты салдарынан қазақ жерінің көптеген аудандарында аштық жайлады. Ашыққан

6 слайд
Большевиктік партияның жүргізген ұжымдастыру саясаты салдарынан қазақ жерінің көптеген аудандарында аштық жайлады. Ашыққан шаруалардың басым бөлігі туған жерін тастап қалаларға шоғырланды, шекара асып басқа елдерге қоныс аудара бастады. 1930–1933 жылдардағы жаппай кеңестендіру саясаты жергілікті халықтың наразылығын тудырып, алғашқы бастамасы күшпен ұжымдастыру аштық пен халықтың үдере көшуіне әкеліп соқты. Қазақ халқының үдере көшу көлемі туралы қазақтың белгілі ұлы тұлғасы Тұрар Рысқұловтың И. Сталинге, В. Молотовқа жазған (1933 ж. 9 наурыз) хатында: «...Қонысын тастап, Қазақстанмен көршілес өлкелерге көшкен қазақтардың мекен—жайларынан келіп түскен, шамамен алынған соңғы деректерге қарағанда: қазір Орта Еділде — 40 мың, Қырғызстанда — 100 мың, Батыс Сібірде — 50 мың, Қарақалпақстанда — 20 мың, Орта Азияда — 30 мың қазақ бар. Қонысынан ауғандар қалмақ жеріне, Тәжікстанға, Солтүстік өлкеге және басқа да осы сияқты шалғай жерлерге де көшіп кетті. Байлар бастаған бір қауым Батыс Қытайға ауды... Бұл қазақтардың көші қоны емес, басы ауған жаққа кетуі.» — деген мәліметтерді көрсетеді

Сонымен қатар, аштық кесірінен елде әр түрлі жұқпалы аурулар етек жайып, өлім—жітім саны ұлғая түсті. Шаруалардың наразылығ

7 слайд
Сонымен қатар, аштық кесірінен елде әр түрлі жұқпалы аурулар етек жайып, өлім—жітім саны ұлғая түсті. Шаруалардың наразылығы халықтың басым бөлігін көтеріліске итермеледі. Қазақстандағы ОГПУ саяси құпия бөлімінің 1931 жылдың 1—желтоқсанындағы мәліметтеріне назар аударсақ, 1929–1931 жылдар аралығында халық наразылықтары аса белсенді көрініс берген кезең екен. Ресми деректерге сүйенсек, осы жылдары «Қазақстанда 372 рет шаруалардың бұқаралық бас көтерулеріге, 80 мыңға жуық адам қатысты» . «Жылдарға шаққанда олардың 54—і 1929 жылы, 241—і 1930 жылы, 77—сі 1931 жылы орын алды. Көтерілісшілер санын есепке алуы бойынша 1929 жылы Қазақстанда көтерілісшілердің 31 тобы әрекет етіп, оларға 351 адам қатысса, 1930 жылы 85 топ, 1925 адам, ал 1931 жылы 80 топ, 3192 адам. Яғни көрсетілген мерзімде көтерілісшілердің барлығы 196 тобы бас көтеріп, оларға 5468 адам қатысқан»

Ұлттар мен ұлтшыл-уклонистер туралы айқай-шуды ушықтыруға және жергілікті зиялыларды қудалауда өлкелік партия комитеті ұйым

8 слайд
Ұлттар мен ұлтшыл-уклонистер туралы айқай-шуды ушықтыруға және жергілікті зиялыларды қудалауда өлкелік партия комитеті ұйымдастыру-нұсқаушылық бөлімінің меңгерушісі Н. И. Ежов зор «үлес» қосты. 1937–1938 жылдары лаңкестік жаппай сипат алды. Ұлт зиялылары «халық жаулары» деп айыпталып, сталиндік жендеттердің қолынан қаза тапты. Қазақ әдебиетінің негізін салушылар – С. Сейфуллин (1894–1938 жж.), Б. Майлин (1894–1938 жж.), І. Жансүгіров (1894–1938 жж.), М. Жұмабаев (1893–1938 жж.), М. Дулатов жазаға ұшырап өлтірілді. Жазалау шараларының құрбандары: Қазақ тілі ғылымының негізін салушы А. Байтұрсынов; Тілші ғалым, профессор – Қ. Жұбанов, Қазақтың тарих мектебінің негізін салушы – С. Асфендияров, КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалы басшыларының бірі – М. Төлепов т. б.

Социалистік құрылысты бұрмалаған жеке адамға табыну идеологисясының зардаптары: Сталинизмнің идеологиялық аппараты халықтард

9 слайд
Социалистік құрылысты бұрмалаған жеке адамға табыну идеологисясының зардаптары: Сталинизмнің идеологиялық аппараты халықтардың тарихи зердесін жоюға бағытталды Ұлттық зиялылардың көрнекті өкілдерін қырып-жойды 101 мың қазақстандық ГУЛАГ-қа жабылып, 27 мыңы атылды. «Халық жауларының» 40 мыңы ақталды. Сталиншілдіктің басты қылмысы: Әміршіл-әкімшіл жүйені қолдану. Лагерьлер жүйесін құру. Халықтарды күштеп көшіру. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзу.

Кеңестік билік жергілікті тұрғындардың ұлттық ерекшеліктері мен мүдделерін қорғаушыларға, ұлттық автономия құру идеясын қолд

10 слайд
Кеңестік билік жергілікті тұрғындардың ұлттық ерекшеліктері мен мүдделерін қорғаушыларға, ұлттық автономия құру идеясын қолдаушыларға «тап жаулары», «ұлтшылдар», «жат пікірдегілер», «әлеуметтік қауіпті элементтер» деген жала жауып, халықтың да оларға деген теріс көзқарастарын қалыптастыруға жағдай жасады. Халықтың қамын жеген ұлт қайраткерлерінен сескенген тоталитарлық билік өкілдері тығырықтан шығар жолды іздеді. 1925 жылы қыркүйекте Қазақстанға басшылық қызметке Ф.И.Голощекиннің келуі елде орын алып отырған жағдайды одан бетер ушықтырды. Ол Қазақстанды кеңестік өзгерістерден тыс қалған деп санап, онда «Кіші Қазан» төңкерісін жүргізу саясатын ұстанды. Оның жүргізген саясаты ұлт зиялыларын жаппай қуғындауға ұласты. Голощекин өзіне қарсы шыққандарды қызметтерінен алып, республикадан қуды, олардың көзін жоюды қолға алды. Саяси қуғын-сүргін Қазақстанда 1928 жылдың ортасынан Алаш қозғалысына қатысқан қайраткерлерді тұтқындаудан басталды. Оларға «буржуазияшыл- ұлтшыл» деген айып тағылды. Олар әртүрлі мерзімге түрмеге қамалды, ату жазасына кесілді, еріксіз жер аударылды. Ұлт қайраткерлеріне негізінен КСРО- ны құлату үшін жасырын контрреволюциялық ұйымдар құрды деген заңсыз жала жабылды. Сонымен қатар молдалар мен діндарларды «басқаша, бөтен ойлайтындар» деп айыптады.

Зиялы қауым партия қайраткерлерінің қателігі мен асыра сілтеуін қатты сынға алды. Кеңес билігі азаматтық соғыс жылдарындағы

11 слайд
Зиялы қауым партия қайраткерлерінің қателігі мен асыра сілтеуін қатты сынға алды. Кеңес билігі азаматтық соғыс жылдарындағы ұлт тәуелсіздігіне белсене қатысқан "Алаш Орда" қозғалысының көптеген қайраткерін тізімге алып отырды. 1928 жылы Ахмет Байтұрсынов, Міржақыпов Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Халел Ғаббасов сынды 44 "буржуаз ұлтшыл" қамауға алынды. 1930 жылдың қыркүйегінде Мұхамеджан Тынышпаев, Халел Досмұхамедов, Жақып Ақбаев сынды бірқатар қазақтың қаймағы тағы қамауға алынды (барлығы - 40 адам). Олардың бір бөлігі Ресей территориясына ит жеккенге айдалды. 1937-38 жылдары қазақтың көрнекті қайраткерлерінің барлығы репрессияланды. Сондай-ақ респрессия құрбандары ішінде Тұрар Рысқұлов, Нығмет Нұрмақов, Сұлтанбек Қожанов, Ұзақбай Құлымбетов, Ораз Жандосов, Әбілхайыр Досов, Смағұл Сәдуақасов, Темірбек Жүргенов, Әлихан Бөкейханов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Құдайберген Жұбанов, Санжар Асфендияров та бар. Бүгінгі таңда Қазақстанның орталық көшелеріне, мемлекеттік мекемелеріне осы қоғам қайраткерлері мен қазақтың көрнекті азаматтарының аты берілген. Олардың еңбектерін оқушылар, студенттер оқып, ғалымдар зерттейді. Олардың құрметіне мемлекетте мемориалдық кешендер орнатылып, ескерткіштер ашылған.

Тарихшылардың мәліметі бойынша, 1937-38 жылдары советтік Қазақстанда 118 мың адам сотталған. Олардың 25 мыңына ату жазасы к

12 слайд
Тарихшылардың мәліметі бойынша, 1937-38 жылдары советтік Қазақстанда 118 мың адам сотталған. Олардың 25 мыңына ату жазасы кесілген. Сотталғандар арасында совет саясатына қарсылық білдірген ұлт оппозициясының көшбасшылары да болды. Мамандардың пікірінше, сол кезеңдегі тарихи мәліметтердің ақтаңдақ тұстары әлі де көп. Кеңес заманында Қазақстан территориясында ірі еңбекпен түзеу лагері - Карлаг жұмыс істеп тұрды. Онда қамалғандар ауылшаруашылығы, индустриальдық өндірістегі ауыр жұмыстарға жегілді. Карлагта бір миллионнан астам тұтқын болған. Сондай-ақ елімізде саяси маңыздағы АЛЖИР - отанын сатқандардың әйелдері тоғытылған Ақмола лагері болды. Ондағылар жан жолдасының саяси қылмысы үшін жазасын өтеді.

1993 жылы Қазақстанда "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы" заң қабылданды. Оның мақсаты - әділдікті орнату

13 слайд
1993 жылы Қазақстанда "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы" заң қабылданды. Оның мақсаты - әділдікті орнату және зардап шеккендердің шығынын өтеу. Қазақстан астанасында 2012 жылы саяси қуғын-сүргін құрбандары құрметіне ескерткіш орнатылды. Монумент ауыр жылдардағы халықтың шеккен зардабы мен қайғысын еске салады. Жанында әйелдер мен балалардың мүсіндері бар, киіз үйдің бір бөлшегі "Кереге" сипатындағы кешен "Аза тұту қабырғасын" танытады. "Ұжымдастыру аяусыз сынақ болды, ол ауыл өмірінің ғасырлық болмысын қиратты, жеріміздегі мыңдаған жылдар бойғы көшпелі өркениеттен қол үзгізді. Мұның барлығы миллиондаған адамның көз жасына әкеп соқты. Ашаршылық және оның қайғы-қасіретке толы салдары кеңес кезеңіндегі ең ірі гуманитарлық апат боп саналады" деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев осы ескерткіштің ашылуы рәсімінде. Ақмола облысында қазір мемориалдық кешен жұмыс істеп тұр. Оған барғандар осы лагерде көз жұмған мыңдаған тұтқынның тарихымен таныса алады.

Назарларыңызға рақмет

14 слайд
Назарларыңызға рақмет

14 слайд

Назарларыңызға рақмет