Материалдар / ЮНЕСКО –ның адамзаттың тарихи-мәдени мұрасын сақтау жөніндегі қызметі.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ЮНЕСКО –ның адамзаттың тарихи-мәдени мұрасын сақтау жөніндегі қызметі.

Материал туралы қысқаша түсінік
1 курс студенттеріне,қосымша материалдар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Ақпан 2021
1483
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
13 Сабақ: ЮНЕСКО –ның адамзаттың тарихи-мәдени мұрасын сақтау жөніндегі қызметі. Орал «Сервис» технологиялық коллед жі Пән: «

1 слайд
13 Сабақ: ЮНЕСКО –ның адамзаттың тарихи-мәдени мұрасын сақтау жөніндегі қызметі. Орал «Сервис» технологиялық коллед жі Пән: «Дүниежүзі тарихы» Кидришева Айнагуль Уразаевна Қоғамдық пәндер бірлестігінің оқытушысы е -mail: ainagyl_kidrisheva @mail.ru

Жоспар: 1. Әлемдегі мәдени саналуандылықты қолдау. 2. Дүниежүзілік мұраны қорғау. 3. ЮНЕСКО-ның мәдени және табиғи

2 слайд
Жоспар: 1. Әлемдегі мәдени саналуандылықты қолдау. 2. Дүниежүзілік мұраны қорғау. 3. ЮНЕСКО-ның мәдени және табиғи нысандар тізіміне енгізуге қойылатын талаптар. 4. 4.ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра нысандарын қорғау жөніндегі қызметі.

Сіздің меңгеретініңіз: Тарихи – мәдени мұраны сақтаудың маңыздылығы; ЮНЕСКО – ның мәдени мұраны сақтау жөніндегі қызметі туралы

3 слайд
Сіздің меңгеретініңіз: Тарихи – мәдени мұраны сақтаудың маңыздылығы; ЮНЕСКО – ның мәдени мұраны сақтау жөніндегі қызметі туралы; Сабақтың мақсаты: Кілт сөздер: ЮНЕСКО,жарғы, бүкіл дүниежүзілік мұра,мәдениет және табиғат ескерткіштері,конвенция

Кіріспе сұрақтар (өз ойларыңызды жазуға болады)  ЮНЕСКО ….  Мәдени мұра…  Табиғи мұра ….  Нысан ….  Мұражай ….  Өлке

4 слайд
Кіріспе сұрақтар (өз ойларыңызды жазуға болады)  ЮНЕСКО ….  Мәдени мұра…  Табиғи мұра ….  Нысан ….  Мұражай ….  Өлкетану мұражайлары....  Салалық мұражайлар….  Тарихи мұражайлар…..  Этнографиялық мұражайлар  Көркемсурет мұражайлары

ЮНЕСКО ( U nited N ations E ducational, S cientific and C ultural O rganization — UNESCO ) — Біріккен Ұлттар Білім

5 слайд
ЮНЕСКО  ( U nited  N ations  E ducational,  S cientific and  C ultural  O rganization —  UNESCO ) —  Біріккен Ұлттар   Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымы. Ұйым  1945  жылы 16 қарашада құрылды, штаб-пәтері Францияның  Париж  қаласында орналасқан. Ұйым құрамына әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан 67 бюро мен бөлімшелер кіреді. ЮНЕСКО қаулысы  Лондон   конференциясында 1945 жыл қарашасында қабылданып  1946  жыл 4-ші қарашасында, қабылдауы туралы қол қойған 20 мемлекет актілерін сақтауға өткізгеннен кейін күшіне енеді. Бүгінгі күні Ұйымға 193 мемлекет мүше.  1972  жылы ЮНЕСКО  1975  жылы күшіне енген  Әлемдік мәдени және табиғи мұраларды қорғау конвенциясын   қабылдайды, дәл қазір 184 елде бекітілген ( КСРО  —  1988  жылы).  1999  жылдан бастап ЮНЕСКО-ның бас директоры —  Коитиро Мацура 2005 жылы ол 4-жылдық мерзімге қайта сайланды. XX ғ. ЮНЕСКО-ның аса мәнді жобалары мыналар: II дүниежүзілік соғыс жылдарында әскери әрекеттерден зардап шеккен кітапхана және мұражай қорларын қалпына келтіру; Азияда, Африкада, Латын Америкасында бастауыш білім беру жүйелерін дамыту; құнды еңбектерді аудару, тікелей байланыстар орнату арқылы Батыс пен Шығыстың арасында мәдени алмасуды дамыту; дамушы елдердегі сауатсыздықты жойып, "негізгі білім беру" жүйесін қалыптастыру (оқу орталықтары Камбоджада, Үндістанда, Таиландта, Оңтүстік Кореяда, Либерияда, Түркияда, сондай-ақ бірқатар, Латын американдық елдерде, Таяу Шығыс елдерінде); өркениет ескерткіштерін сақтау. 1959 ж. ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен Мәдени құндылықтарды сақтау және қалпына келтіру бойынша Халықаралық комитет жұмыс істей бастады.

ЮНЕСКО негізгі мақсаты — бейбітшілік пен қауіпсіздікті елдердің білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтаст

6 слайд
ЮНЕСКО негізгі мақсаты — бейбітшілік пен қауіпсіздікті елдердің білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастығын  БҰҰ  Қаулысында айтылғандай жалпыға бірдей құрметпен қарап, әділеттілік пен заңдардың орындалуын, адам құқығы, әрі негізгі бостандықтар негізінде барлық елге, түрі-түсіне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан қамтамасыз ету арқылы нығайту. Мақсатына жету үшін ЮНЕСКО бес негізгі функцияларды жүзеге асырады:  болашағы бар, келешекте адамзатқа керек білім, ғылым, мәдениет пен байланыс формаларын зерттеу;  білімді ғылыми зерттеудің нәтижесіне сүйене отырып таныту, алмасу, таратумен айналысу;  заңнамалық іскерлікпен: ұсыныстарды іске асыруға міндет болатын халықаралық актілерді дайындау және қабылдау;  мүше-мемлекеттерге «техникалық ынтымақтастық» түрінде жобалар жасау мен дамыту салаларындағы саясатын анықтауда эксперттерінің қызметтерін ұсынады;  арнайы ақпаратпен алмасуды жүзеге асырады.

Әлемдік мұра ( ағылш. World Heritage , фр. Patrimoine Mondial , ис. Patrimonio Mundial ) — ЮНЕСКО тарапынан бекітілет

7 слайд
Әлемдік мұра  ( ағылш.   World Heritage ,  фр.   Patrimoine Mondial ,  ис.   Patrimonio Mundial ) —  ЮНЕСКО  тарапынан бекітілетін, адамзат үшін ерекше  мәдени ,  тарихи  немесе  экологиялық  маңызы бар деп танылатын  табиғи  немесе  адам  қолымен жасалған нысандар. 2012 жылғы жағдайына сәйкес сәйкес Әлемдік мұра тізімінде — 962 нысан. Соның ішінде 745 мәдени, 188  — табиғи және 29 — аралас нысан бар. 1972 жылы  БҰҰ Білім, Ғылым және Мәдениет Ұйымы  (ЮНЕСКО) дүниежүзіндегі мәдени және табиғи мұраларын қорғау туралы қарар қабылдады (  1975  ж. Күшіне енген). КСРО бұл Қарарды 1988 жылы наурыздың 9 ратификациалады.  2010  жылы сәуірде қарарды 187  БҰҰ-ға мүше елдер ратификациалаған, соның ішінде  Қазақстанда  бар. Жыл сайын дерлік  Әлемдік мұра комитеті  сессиясы өтіп, онда «Әлемдік мұра мәртебесін беру» сұрақтары талқыланады (мысалы 2008 жылы  Квебекте  өткен 32- ші сессиясында 19 мәдени және 8 табиғи нысандар тізімге қосылды. Сол сәтке сәйкес тізімде 145 елдің 878 нысандары болған: 679 — мәдени ескерткіштер, 174 — табиғи және 25 — аралас типті.) «Әлемдік мұра мәртебесінің» келесі артықшылықтары бар (табиғи ескерткіштер үшін):

Ерекше табиғи кешенге қосымша оның бірегей кешен болып сақталып тұруына кепілдік береді.Ескерткіш орналасқан аймақ

8 слайд
Ерекше табиғи кешенге қосымша оның бірегей кешен болып сақталып тұруына кепілдік береді.Ескерткіш орналасқан аймақ пен оның иелерінің абыройын арттырады.Сол тізімге енген нысандарды дәріптеу және соның салдарынан баламалы табиғатты пайдалану үрдістерін қадыптастыруға (әсіресе,  экологиялық туризмді ) септігін тигізеді.Ескерткіштерді қаржыландыру маңыздылығын орнатып, Әлемдік мұра қорынан қаражат бөлуді қамтамасыз ету. Табиғи ескерткіштерді бірыңғай бақылап, тексеріп отыруды ұйымдастыруға ықпал етеді.Ескерткіш орналасқан мемлекеттер сол ескерткіштерді сақтау міндеттемесін алады.Негізгі тізім аясында Әлемдік мұра жоғалу қаупіндегі ескерткіштер ішкі тізімі бар. Бұл тізімге әр түрлі табиғи немесе адамдардың себебінен қауіп төніп тұрған ескерткіштер уақытша кіреді: қарулы қақтығыстар мен соғыстар, жер сілкініс пен табиғи апаттар, ластану, браконьерлік пен тәртіпсіз құрылыс салдары сияқты. Тізімге кірді деген сөз оларға ерекше назар аударып, шұғыл шаралар істеу керектігін айтады. 2007 жылы Омандағы Аравия ориксы қорығы (ақ орикске үзіліссіз аңшылық пен қорық аймағының тарылуынан) және 2009 жылы Германия Дрездендегі Елбі алабы (мәдени ландшафттағы аймақтағы толассыз салынып жатқан жол құрылысынан) ЮНЕСКО тізімінне алынып тасталды.  

Шарттары Әлемдік мұраның негізгі мақсаты — өз санатындағы ерекше болы табылатын ескерткіштерді дәріптеу және қорғау.

9 слайд
Шарттары Әлемдік мұраның негізгі мақсаты — өз санатындағы ерекше болы табылатын ескерткіштерді дәріптеу және қорғау. Осы мақсатта объективті болу үшін бағалак критерийлері енгізілді. Басында (1978 жылдан бері) Мәдени мұра секерткіштері  үшін критерий болған — бұл тізімде алты шарт болған. Содан әр құрлық арасында баланс орнату үшін табиғи объектілерді де қосып, оларға төрт шарт енгізілді. Ақыры, 2005 жылы барлық критерийлер біріктірілді, енді Әлемдік мұраның әр объектісі кем дегенде бір шартты қанағаттандырады

Мәдени өлшем шарттар I. Нысан адамзаттық данышпанның біртума шығармашылығы болып табылады. II. Нысан адамзат құндылықтары

10 слайд
Мәдени өлшем шарттар I.   Нысан адамзаттық данышпанның біртума шығармашылығы болып табылады. II.   Нысан адамзат құндылықтарының сол замандағы немесе белгілі бір мәдени кеңістікте, сәулетте немесе технологияда, терең монументтік өнерде, қала жобалары немесе ландшафт үлгілеріндегі өзара зор әсерінің куәгері болып табылады. III.   Нысан әлі өмір сүретін немесе жойылып кеткен мәдени дәстүр немесе өркениет үшін ерекше маңызға ие. IV.   Нысан адамзат тарихының маңызды дәуірінің айрықша құрылымдық, сәулеттік немесе технологиялық ансамблінің немесе ландшафттық үлгісі болып табылады. V.   Нысан адамзаттың дәстүрлі құрылысының, жерді немесе теңізді дәстүрлі пайдалану үрдісінің айрықша керемет үлгісі, оның үстіне мәдениеттік үлгі немесе адамзаттың қоршаған ортамен қатынасының үлгісі (әсіресе бұл қоршаған орта кері қайтпайтын процестер себебінен өте әлсіреп тұрса) болып табылады. VI.   Нысан тікелей немесе жанама түрде оқиғамен немесе бар дәстүрлермен, идеялармен, сенімдермен, көркем немесе әдеби шығармалар байланысты, әрі айрықша әлемдік маңызға ие. (ЮНЕСКО комитеті ойынша бұл шарттың тағы бір немесе бірнеше шарттармен бірге орындалғаны жөн ).

VI I. Нысан табиғи феномен немесе ерекше табиғи әдемілік пен эстетикалық маңызға ие кеңістік болып табылады. VIII. Нысан же

11 слайд
VI I.   Нысан табиғи феномен немесе ерекше табиғи әдемілік пен эстетикалық маңызға ие кеңістік болып табылады. VIII.   Нысан жер тарихының негізгі кезеңдерінің айрықша үлгісі, сонымен қатар өткен шақтың ескерткіші, болып жатқан жер бедері дамуындағы геологиялық процестердің немесе геоморфтық немесе физиографиялық ерекшеліктердің нышаны болып табылады. IX.   Нысан құрлықтық, тұщы су, жағалық және теңіздік экожүйелер мен жануарлар қоғамдастықтары эволюциясы мен дамуындағы болып жатқан экологиялық немесе биологиялық процестердің айрықша үлгісі болып табылады. X.   Нысан биологиялық әр-алуандылық, соның ішінде ғылым мен табиғатты қорғау жағынан алғанда әлемдік маңызы зор, жоғалып бара жатқан түрлердің ең маңызды немесе ең негізгі табиғи өмір сүру ортасын қамтиды .

Бұл кесене - UNESCO- ның бүкіләлемдік материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне енген Қазақстандағы тұңғыш нысан. Кесене Пари

12 слайд
Бұл кесене - UNESCO- ның бүкіләлемдік материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне енген Қазақстандағы тұңғыш нысан. Кесене Париж қаласында 2003 жылы 23 маусымда өткен UNESCO- ның 27- сессиясында дүние жүзіндегі "Мәдени мұра" тізіміне енген.

Сарыарқа - Солтүстік Қазақстан даласы мен көлдері - Қазақстандағы және Орта Азиядағы Әлемдік мұра тізіміне бірінші

13 слайд
Сарыарқа - Солтүстік Қазақстан даласы мен көлдері - Қазақстандағы және Орта Азиядағы Әлемдік мұра тізіміне бірінші болып енген табиғи нысан. Бұл шешім 2008 жылдың 7 шілдесінде Квебекте (Канада) өткен Әлемдік Мұра Комитетінің 32- сессиясында қабылданған болатын.

2016 жылдың 2 желтоқсанында қазақтың ұлттық күресі UNESCO- ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енді. Бұл шешімді Эфио

14 слайд
2016 жылдың 2 желтоқсанында қазақтың ұлттық күресі UNESCO- ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енді. Бұл шешімді Эфиопияда Материалдық емес мәдени мұраларды қорғау жөніндегі комитет қабылдаған.

2014 жылдың 27 қарашасында UNESCO- ның ресми айты Адамзаттың материалдық емес мұрасының репрезентативтік тізіміне қазақтың дәс

15 слайд
2014 жылдың 27 қарашасында UNESCO- ның ресми айты Адамзаттың материалдық емес мұрасының репрезентативтік тізіміне қазақтың дәстүрлі домбырамен орындалатын күйлерін орындау өнері енді.

Материалдық емес мәдени мұраны (МЕММ) қорғау жөніндегі Үкіметаралық комитет аталған қазақстандық ұсыныстарды өзінің 2018 жылғы

16 слайд
Материалдық емес мәдени мұраны (МЕММ) қорғау жөніндегі Үкіметаралық комитет аталған қазақстандық ұсыныстарды өзінің 2018 жылғы 26 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Маврикий Республикасының астанасы Порт-Луи қаласында өткен 13- сессиясы аясында мақұлдап, қазақ атбегілерінің көктемгі жоралғылары Адамзаттың материалдық емес мәдени мұраларының тізіміне енгізілді . «Қазақ жылқышыларының дәстүрлі көктемгі әдет-ғұрыптары» халқымыздың «қымызмұрындық», «бие байлау" және «айғыр қосу» деген жоралғыларын қамтиды.

2016 жылдың желтоқсанында UNESCO- ның адамзаттың мәдени материалдық емес құндылықтардың көрнекілік тізіміне жаңа эле

17 слайд
2016 жылдың желтоқсанында UNESCO- ның адамзаттың мәдени материалдық емес құндылықтардың көрнекілік тізіміне жаңа элемент енді, ол - Қазақстанға тән саятшылық. Бұл - жыртқыш құстарды аңға салу, қазақ халқындағы өте ерте замандардан келе жатқан спорттық өнер. Археологиялық қазба жұмыстары Ежелгі Тұранды мекендеген тайпалар құс салуды тіпті қола дәуірі кезінде-ақ меңгергендігін көрсетеді. Тарих пен мәдениет тұрғысынан қарағанда саятшылықтың дамуы өте қызғылықты. Қазақ саятшылары бүркіт, бидайық, сұңқар, қаршыға, бөктергі, ителгі, лашын тағы с.с. көптеген алушы құстарды баптап өздері алатын құстарға түсуді үйреткен. Мұндай өнер қырғыз, араб ішінара түркімендердің арасында да дамыған. өнер. Крестшілер жорығынан кейін араб мәдениетімен танысқан еуропалықтар сұңқар салуды үйренген.Саятшылықтың бұл түрі әсіресе XII-XIII ғасырда Еуропа елдерінде кең тараған. Қазақ халқы саятшылықты тұрмыстық пайдасы бар өнер ретінде де, көңіл көтеретін табиғатпен етене араласатын спорт ретінде де қараған.

2015 жылдың желтоқсанында UNESCO айтысты адамзаттың мәдени мұрасы қатарына қосты. Мұндай шешім Материалдық емес мәд

18 слайд
2015 жылдың желтоқсанында UNESCO айтысты адамзаттың мәдени мұрасы қатарына қосты. Мұндай шешім Материалдық емес мәдени мұраны сақтау комитетінің Намибияда өткен оныншы сессиясында қабылданды. Айтыс ерекше суырып-салма өнері ретінде Қазақстан мен Қырғызстан атынан тізімге енгізілді. Бұл суырып-салма ақындық өнері бар екі адамның арасында болатын жарыс, өлең оқылады немесе қазақтың домбырасы сынды ұлттық музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен шырқалады. Тақырыпты тыңдармандар таңдайды, ал музыкалық өнерін, ырғақты сезінуін, ерекшелігі мен ұшқыр ойын жеткізе білген қатысушы жеңіске жетеді.

2014 жылдың қарашасында UNESCO қазақтың күйі мен киіз үйін адамзаттың мәдени мұрасы қатарына қосты. "Материалдық

19 слайд
2014 жылдың қарашасында UNESCO қазақтың күйі мен киіз үйін адамзаттың мәдени мұрасы қатарына қосты. "Материалдық емес мәдени мұраны сақтау комитеті адамзаттың материалдық емес мәдени мұраларының қайта таныстыру тізіміне жаңа он элемент енгізді, олардың қатарында "Вырумаа үйезіндегі дәстүрлі монша (Эстония)", "Қазақтың домбырамен дәстүрлі күй орындау өнері (Қазақстан), "Қырғыз бен қазақтың киіз үй тігу тәсілдері (көшпелі түркі халқы)" (Қазақстан, Қырғызстан) бар", - делінген UNESCO хабарламасында

2009 жылдың 30 қыркүйегінде UNESCO Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізді. Қазақ

20 слайд
2009 жылдың 30 қыркүйегінде UNESCO Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізді. Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында тойланады. Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде және Әзірбайжанда, мемлекеттік мереке ретінде Тәжікстанда және Қазақстанда - 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні атап өтіледі. Ал 2016 жылдың 1 желтоқсанында қатырма нан әзірлеу дәстүрі UNESCO- ның бейматериалдық мәдени мұрасының репрезентативті...