Бидай дақылының түрлері мен сорттары
770 ₸
Бөлекбаева Нуржанат Құрбанбайқызы
770 ₸
Бидайдың ботаникалық 22 түрі белгілі, соның ішінде біздің елімізде кең тараған түрлері - жұмсақ және қатты бидай. Жұмсақ немесе қарапайым бидай біздің елімізде кең тараған. Бұлардың ішінде күздік, жартылай күздік және жаздық түрі кездеседі. Жұмсақ бидайдан тартылған ұнды негізінен нан пісіруге қолданады. Нан пісіруге қажетті жақсы ұнның мынадай қасиеттері болуы тиіс: суды жақсы сіңіруі, біршама тез иленуі, орташа тотықтануы, қамыры өңдеуге қолайлы және ұсақ кебекті, біркелкі құрылымды, жұмсағы көп жақсы көтерілген нан піседі және реңді, татымды, хош иісті болуы тиіс.