Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
Аты-жөні енгізілмеген
Жеке ақпарат жазылмаған
Ватсапта бөлісу
Телеграммда бөлісу
Фейсбукта бөлісу
Сілтемені көшіру
Барлығы: 3 материал
Біз әлемді өзгерте аламыз!
770 ₸
770 ₸
01 Сәуір 2022
1096
0
Адам баласы осынау жарық дүниеге шыр етіп келіп, көзін ашқаннан соң - ақ «өмір» атты алып әлемнің титтей бір бөлшегі болып саналады.
Алғаш тәй - тәй басқан бүлдіршін уақыт өте келе мектеп табалдырығын аттайды, ұстаздары мен аяулы мектебінен ізгілік пен жақсылықтың алғашқы әліпбиін үйренеді.
Есейе келе үлкен өмірге араласып, оңы мен солын айыруға талаптанады. Осы уақыттар ішінде көкірек көзі бар адамның «Мен кіммін?» деген сауал қоятыны анық.
Бізді қоршаған әлем біздің өзімізден, өмірге деген көзқарасымыздан басталады деп ойлаймын.
Әлем дегеніміз не?
Әлемді өзгерту дегенді қалай түсінуге болады?
Мен әлемді өзгерте аламын ба?
Менің өз ойымша, әр адамның өзінің ішкі әлемі болады. Ішкі әлем дегеніміз - ішкі жан дүниең, ішкі пайымдауың, ішкі өзіндік көзқарасың.
Ақ пен қараның, күн мен түннің қарама - қарсылығы сияқты адамның ішкі дүниесінде де нәпсі мен қанағат, адалдық пен арамдық, жақсылық пен жамандықтың күресі, тайталасы жүріп тұратын сияқты.
Оқу ісінің меңгерушісі
Мақала
11 сынып
Адамгершілік адал қасиет
770 ₸
770 ₸
29 Наурыз 2022
401
0
Адамгершілік - адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. "Кісілік", иізгілік", "имандылық" тәрізді ұғымдармен мәндес. Адамгершілік - адамшылық, каталдықпен салыстырғанда жаксылық тілеу қарым-қатынастары.Халықтық дүниетанымда мінез-кұлықтың әр түрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таратылады. Мінез құлық пен іс-әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей Адамгершілік белгілерін атап өтуге болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рахымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылдық, т.б.Адамгершілік принциптері әлеум.-мәдени дамудың жемісі. Адам тумысында жақсылыққа да, зұлымдыққа да үйір емес.
Оқу ісінің меңгерушісі
Эссе, шығарма, мазмұндама
11 сынып
Қазақстандағы спортшылар
770 ₸
770 ₸
28 Наурыз 2022
420
0
Лондон олимпиадасынан бері үш жыл өтсе де сол кездегі Қазақстан спортшыларының жарқын жеңісі әлі көз алдымызда. Тарихымызда бұрын соңды болмаған жетістікке жеткен еліміздің спортшылары 200 мемлекеттің арасында 12-орын алғанда бөркін аспанға атпаған жанкүйер жоқ шығар, сірә?! Содан бері біраз уақыт өтті. Лондонда бүкіл әлемді таң қалдырған спортшыларымызға жаңа тапсырма жүктелді. Енді сол Тұманды Альбионда жеткен жетістігімізден төмендемей, келесі жылы өтетін Рио олимпиадасында табысымызды еселей түсу қажет.
Оқу ісінің меңгерушісі
Мақала
11 сынып