Шәкірт тәрбиелеуге менің қосқан үлесім Кекілбаева Айдын Қазыбекқызы
Мен бүгінгі таңда білім беру саласында 11 жылдай еңбек етіп келемін. Алға үмітпен талпынған олардың алдында менің де ұстаз ретінде үлкен жауапкершілігім бар екенін білемін.Сондықтан да менің өзіме қоятын талабым, алдыма қойған мақсатым жоғары деңгейде болуы тиіс, себебі сол жарқыраған шамшырақты жаға білу – менің ұстаздық міндетім.Сыныптағы оқушылардың барлығы бірдей емес екені белгілі. Бірі зерек, бірі ойы озық ,бірі алғыр, бірі енжар, бірі баяу, ал енді бірі тым пысық. Менің бәріне беретін білім мазмұны мен қоятын талабым бірдей де, олардың қабылдауы әр түрлі болып келеді.
Бастауыш сынып
Мақала
4 сынып