Аты-жөні енгізілмеген
Жеке ақпарат жазылмаған
Ватсапта бөлісу
Телеграммда бөлісу
Фейсбукта бөлісу
Сілтемені көшіру
Барлығы: 1 материал
Әдеби талдау заманауи форматта подкаст пен эссе
Балтабаева Айгерим Каликановна
02 Маусым 2025
154
"Әдеби талдау заманауи форматта: подкаст пен эссе" элективті курсы 11 сынып оқушыларына арналған және 34 сағатқа жоспарланған. Курс оқушылардың әдеби шығармаларды терең талдап, оларды заманауи форматта – подкаст және эссе арқылы шығармашылық тұрғыда жеткізе білуіне мүмкіндік береді. Курстың басты мақсаты – әдебиетке деген қызығушылықты арттыру, аналитикалық және шығармашылық қабілеттерді дамыту, заманауи технологияларды қолдана отырып, өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру. Курс мазмұнында әдеби шығармаларды талдау әдістері, подкаст жасау мен эссе жазудың құрылымдық ерекшеліктері қамтылған. Оқушылар сын тұрғысынан ойлау, зерттеу, ақпаратты талдау және аудиториямен байланыс орнату сияқты дағдыларды меңгереді. Бұл курс ұлттық құндылықтарды құрметтеу, мәдениет пен тілге деген сүйіспеншілікті арттыру арқылы оқушылардың рухани-эстетикалық танымын кеңейтеді және заманауи ақпараттық қоғамның талаптарына сай білімді, шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді.
Қазақ әдебиеті
Авторлық бағдарлама
Барлық сыныптар