Нармаганбетова Жазира Нуртаевна
Жеке ақпарат жазылмаған
Ватсапта бөлісу
Телеграммда бөлісу
Фейсбукта бөлісу
Сілтемені көшіру
Барлығы: 1 материал
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
Нармаганбетова Жазира Нуртаевна
31 Қаңтар 2026
0
Менің де әдіскер ретінде алға қойған мақсатым – балаларға ұлттық педагогикалық тәрбие мен білім берумен қатар, олардың шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру. Сол себепті ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін идеялық жағынан ғылыми негізде өмірмен байланысты ұйымдастырып, баланың қызығуын, құштарлығын танытуға бағыттаймын. Соңғы кездері өз тәжірибемде дамыта оқыту технологиясының элементтерін қоданып келемін. Әр ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде дамыта оқыту технологиясының стратегиялары балаларды ойлануға, өздігінен ізденіс жасауға, ойнай отырып, сөздік қорын молайтуға мүмкіндік береді. Жаңашыл тәрбиеші ретінде әр ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде тәрбиеленушілердің қызығушылық-тарын тудыратын әдіс-тәсілдерді саралап, топтағы әр баланың деңгейін ескеріп, өзіндік пікір, идеялар, өз бетінше орындауға мүмкіндік беретін тапсырмалады дайындап келемін.
Балабақша
Конспект
Мектепке дейінгі балалар