Қауіпсіз қоғам Бекназарова Саида Сейтбаевна
16 Ақпан 2026
0
«Қауіпсіз қоғам» тақырыбы 7-сынып оқушыларына қоғамдағы қауіпсіздік ұғымын түсіндіруге арналған. Сабақтың негізгі мақсаты – қауіпсіз қоғамның маңызын ашу, оның негізгі элементтерін анықтау және оқушылардың қауіпсіздікке қатысты дұрыс шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру.
Негізгі бағыттары:
Көшедегі қауіпсіздік
Жолда жүру ережелері
Интернеттегі қауіпсіздік
Мектептегі қауіпсіздік
Төтенше жағдайлар кезіндегі әрекет
Өрт қауіпсіздігі
Сабақ барысында оқушылар түрлі жағдаяттарды талдайды (мысалы, жолдан дұрыс өту, бейтаныс адамдардан келген сілтемелерге сақ болу), топтық және жұптық жұмыстар орындайды, постер жасап, өз пікірлерін білдіреді.
Қорытындысында оқушылар қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңызын түсініп, «Қауіпсіз қоғам – біздің қолымызда» деген ойды меңгереді.
Сынып жетекші
Презентация
7 сынып