Кері байланыс беру әдістері және олардың оқушылардың оқу нәтижесіне әсері Аскарова Данель Медетовна
Білім беру – бұл тек ақпарат беру процесі ғана емес, сонымен қатар оқушы мен мұғалім арасындағы күрделі қарым-қатынас. Қазіргі заманғы педагогикада оқушылардың оқу жетістіктерін арттырудың ең тиімді құралдарының бірі – кері байланыс. Әсіресе, бұл әдістің маңыздылығы білім алушының жеке қабілеттерін ескеруде және оны одан әрі жетілдіруде айқын көрінеді.
Кері байланыс дегеніміз не? Жай ғана «жақсы» немесе «дұрыс емес» деген сөздер емес, ол – оқушыға оның білім деңгейін, күшті және әлсіз жақтарын көрсетіп, әрі қарай даму жолдарын ұсыну. Бұл процесс тек бағалау үшін емес, сонымен бірге қолдау көрсету үшін қажет.
Кері байланыс беру тәсілдері әртүрлі, ал олардың тиімділігі көбінесе мұғалімнің оларды қалай қолданатынына байланысты.
1. “Жақсы сөз – жан азығы”
Ауызша кері байланыс – ең қарапайым әрі тиімді әдістердің бірі. Оқушының дұрыс жауабын мақтап, қателігін жұмсақ түрде түсіндіру, оны ынталандырып қана қоймай, оның сенімін нығайтады. Мысалы: «Бұл тапсырмада жақсы ойланғансың,
Қазақ әдебиеті
Мақала
Барлық сыныптар