
Аты-жөні енгізілмеген
Жеке ақпарат жазылмаған
Ватсапта бөлісу
Телеграммда бөлісу
Фейсбукта бөлісуБарлығы: 6 материал
Бұл сабақта Bilim Lend сайтынан Ai Mektepке кіріп сондағы күрделі сөздерге арналған видео материалдарды жаңа сабақты білу,түсіну,қолдану,талдау, жинақтау, яғни Блум таксономиясын пайдалануға мүмкіндігім мол болды.Оның үстіне бұл материалдар балалар тілінде өте түсінікті және қызықты дайындалған.Видео арқылы берілген түсініктер ойындар арқылы бірнеше рет қайталану арқылы баланың қабылдауын пысықтай түседі.Басқада жас маман болсын,басқа да әріптестерге осы сайттағы материалдарды өз сабақтарында қолдануға ұсыныс жасаймын.Сәттілік!
Қазақ тілі
Ашық сабақ
4 сынып
Сабақта көптеген жаңа әдіс- тәсілдер іздену жұмыстары көп қолданылды.Шығармашылықпен жұмыс жасауға назар аудардым.Математика, дүниетану сабақтарымен байланыстырдым.Диалогқа түсу,рольге бөліп оқу арқылы оқушылардың дарындылығы көзге түсті.Жеке оқушылармен жұмыста жасалды.Сабақта слайдтар көп қолданылды.Сабақтың құрылымы басқа жас мамандарға қызықты болар деп ойлаймын
Бастауыш сынып
Ашық сабақ
2 сынып
Бұл ашық сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін тапсырмаларды ұлттық ойындардың атаулары арқылы беріп отырдым.Өткен жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына байланысты оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру мақсатында әдебиеттік оқу және дене шынықтыру сабақтарымен байланыстырып ,жас мамандарға арнап өткізілген сабақ еді. Бұл сабақта оқушылар көбіне логикалық тапсырмаларды орындауға қызығушылықтарын таныттты және топ басшылары өз топтарын бағалап отырды.
Бастауыш сынып
Ашық сабақ
3 сынып
Сабақты жаңа технология әдіс тәсілдерін сабақта қолдануды жаңадан үйреніп жүрген кезде өткізген едім.Стратегиялар, топтастыру, жұппен жұмыс,ойлану,талқылау,өз ойларын еркін жеткізуді бірінші сынып балаларына үйрету мақсатым болды.Оқушылар жаңадан топта ,жұпта жұмыс жасап үйренген еді.Бұл сабағым жаңадан ұстаздық жолға түскен жас мамандарға бір көмек болар деген оймен ұсынып отырмын.
Бастауыш сынып
Ашық сабақ
1 сынып
Оқушыларды салт-дәстүрді сақтау мақсатында өткізілген сабақ.қазіргі кезде бесік жырын айтатын аналар аз.Сондықтан балаларға бұрыннан келе жатқан өз ұлтымыздың бала тәрбиелеуі бесіктен басталып,анасы баласының болашақта жақсы азамат,ел тірегі,арқа сүйер ер жігіт болуын,елінің қамын жейтін білімді адам болуын қалағандығын түсіндіру болды.Оқушылар сабақта бағалау тәсілдері бас бармақпен бір-бірін қолдап,критерийалды бағалауды сабақта оқып,түсініктерін айтып, мәнерлеп айтуды қадағалау арқылы оқушыларға бағаларын қойды.Сабақ соңында кері байланыс жасалды.
Бастауыш сынып
Ашық сабақ
2 сынып
Математикадан ауызша есептеу тәсілдеріне арналған сабақ деп есептеймін.Сабақ мазмұны жаңа технологиялық әдіс тәсілдерге сүйеніп жасалған.Оқушылардың сыни көзқарастарын білдіретін, талантты және дарынды балаларды анықтауға көмегі тиетін әдіс тәсілдер қолданып,олардың есептеу дағдыларын қалыптастыруда жылдам есептеуге қажетті ойындар таңдап алынды .Бұл сабақта оқушылар өздерін бағалау,досын бағалау сияқты ұғымдарды меңгерді .Топ ережесін сақтауға тырысты.
Бастауыш сынып
Ашық сабақ
2 сынып