Эссе: Ұлттық құндылықтар-тәрбиенің түп қазығы
450 ₸
Қоңқыш Айгерім Амангелдіқызы
450 ₸
Ұлттық болмыс, оны дәріптеу отбасынан, ошақ қасынан басталады. Отбасы – тәрбиенің тамаша мектебі. Үлкенді сыйлауға, ана тілін ардақтауға, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиеленсек, ұшқанда да соны іліп, жүрген жерімізде сол құндылықтарды дәріптейміз. Әкесі мен баласы, қызы мен анасы арасындағы жарасты қарым-қатынас отбасындағы ұлттық дәстүрді берік ұстанудың бір жолы. Халқымыз ұлын-нарға, қызын арға балап, татулықты абысындар арасынан тапқан, жігіттің бойынан елге қорған боларлық батырлық қасиетті іздеген. Осындай тәрбие арқылы құндылықтарды қалыптастырған.
Мектепалды даярлық
Эссе, шығарма, мазмұндама
Мектепке дейінгі балалар