Аты-жөні енгізілмеген
Жеке ақпарат жазылмаған
Ватсапта бөлісу
Телеграммда бөлісу
Фейсбукта бөлісу
Сілтемені көшіру
Барлығы: 1 материал
ОТБАСЫ МЕН БАЛАБАҚШАНЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ
Қасқырбаева Ақгүл Нұрбекқызы
02 Сәуір 2024
247
Еліміздің болашағы-жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік-отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік –білім беру мекемесі. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Заман талабына лайық тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдықты қажет етеді. Жас ұрпаққа білім беруді жетілдіру мәселесі толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық. Балабақшада берілетін тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы, әрі жан – жақты тәрбие мен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып олардың өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне балабақша ошағының тигізер әсерінің маңызы зор.
Балабақша
Мақала
Мектепке дейінгі балалар