Некеге мәжбүрлеу және сталкинг: психологиялық салдары мен алдын алу жолдары. Садвакасова Гульназ Омирбаевна
10 Наурыз 2026
0
Некеге мәжбүрлеу және сталкинг туралы қысқаша түсінік
Некеге мәжбүрлеу – адамның өз еркіне қарсы, қысым көрсету арқылы неке қиюға мәжбүрленуі. Бұл әрекет адамның жеке таңдау құқығын шектейді және оның психологиялық жағдайына кері әсер етуі мүмкін. Мұндай жағдайда адамда қорқыныш, күйзеліс, сенімсіздік сияқты сезімдер пайда болады.
Сталкинг – белгілі бір адамды үнемі қудалау, мазалау немесе оның жеке өміріне рұқсатсыз араласу әрекеті. Ол телефон арқылы жиі хабарласу, әлеуметтік желілерде бақылау, адамның жүрген жерін аңду сияқты әрекеттер арқылы көрінуі мүмкін. Сталкинг адамның психологиялық қауіпсіздігіне зиян келтіріп, мазасыздық пен қорқыныш сезімін туғызады.
Бұл мәселелердің алдын алу үшін жастарға жеке шекара, өз құқығын білу және қауіпсіз қарым-қатынас мәдениеті туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды.
Психология
Мақала
Барлық сыныптар